Интеллектуалдық меншік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2015 в 14:46, творческая работа

Краткое описание

1.Интеллектуалдық меншік
2.Интеллектуалдық меншік объектілері
3 Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтың пайда болу негіздері
4.Авторлық құқық

Прикрепленные файлы: 1 файл

Интеллектуалдық меншік.pptx

— 1.87 Мб (Скачать документ)

                   

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

 

Интеллектуалдық

        меншік

 

Орындаған: ОиНТ- 341 Тасболатова Ұлжан

 

Жоспар:

 

1.Интеллектуалдық  меншік

2.Интеллектуалдық  меншік объектілері

3 Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтың пайда болу негіздері

4.Авторлық құқық

   

 

Интеллектуалдық меншік

 

  
 
      Жалпылай жинақтық ұғым деп қарауға болады: заңды және жеке тұлғаның интеллектуалды қызметінің арқасындағы нәтижесі, орындауды қажет ететін жеке өнім. Интеллектуалдық меншікті материалдық емес игілік деп қарастыруға болады. Осындай материалдық емес игілік – заңды тұлғалар мен адамдардың интеллектуалды қызметінің нәтижесі. Алайда, интеллектуалды меншік бір жеке меншіктен екінші біреуіне құрылмай тұрып та ауысуы мүмкін. Қалай болғанмен интеллектуалды меншік – жеке құқық, мемлекеттік басқару, мемлекетаралық келісім әдісін, халықаралық құқықты да еңгізуге болады. Интеллектуалды меншік – бұл «меншік», бірақ әлемнің көпшілік жерлерінде жалпы жеке меншік заңдылығынан да тыс қаралады, авторлық құқық, патенттік және басқа да интеллектуалды меншік түрлеріне көп ден қойылады

Интеллектуалдық меншік объектілері

 

 

интеллектуалдық қызмет туындылары

 

ғылым,әдебиет,өнер туындылары

 

өнертабыс,үлгі, өндірістік үлгілер

 

фирмалық атаулар

 

тауарлық белгілері

    • Объектілерді интеллектуалдык шығармашылык қызметтің нәтижесі және азаматтық айналымға қатысушылардың даралану кұралы деп екіге бөліп карастырут болады.
    • Жоғарыда көрсетілген интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелері, біріншіден, адамның ой еңбегінің, қиялының, идеясының жетістігі, яғни шығарма- шылықтың нәтижесі. Сонымен қатар ол тек идея күйінде ғана емес, нақты өмірде материалдық сипатқа ие болуы керек. Мысалы, кітапта, киноөнерде, көркемсуретте және т. б. көрініс табуы қажет.
    • Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің екінші тобы азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру ұралдарының түрлері: фирмалық атаулар коммерциялық «сипаттағы заңды тұлғалардың ресми атаулары болып тибылады. Мысалы, «Эйр Казахстан» өуе компаниясы; Бахус» АҚ-ы; «Глотур» фирмасы, т.б., тауарлық белгілер пір шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен кызметтерін екіншілерінен ажырату үшін қолданылады.

 

            И.м. объектілеріне құқықтың пайда  болу негіздері               

 

Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне байланысты мүліктік емес (абыройын қорғау құқытғы, т.б.) және мүліктік (басу, жалға беру, т.б.) құқықтар болуы мүмкін. Бұл жерде интеллектуалдық меншік субъектісін екіге бөліп қарастыруға болады: автормен объектіге құқығы бар иеленуші. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерінің авторларына жеке мүліктік емес және мүліктік құқыктар да тиесілі болады. Мүліктік құқығын басқа адамдарға берген жағдайда да авторда жеке мүліктік емес құқықтар әр уақытта сақталады.

 

    • Тауарлық белгілердің иегерлеріне тек мүліктік кұқықтар ғана тиесілі.
    • Интеллектуалдық меншік объектілеріне қатысты күңделікіі қолданылып жүрген затқа, мүлікке, ментттік құқығьш қолдануға болмайды. Оған интеллектуалдық меншіктің өзіндік табиғатының ерекшелігі мүмкіндік бермейді. Сондықтан да қолданыста жүрген заңнамада интеллектуалдық меншік объектілерше айрықша құкықтар қолданылады.

  

• Айрықша құқық меншік иесінің интеллектуалдық шығармашылықтың объектісін өз қалауы бойынша кез келген өдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады. Оны пайдалану тек құқық иесінің келісімі арқылы ғана жүзеге асады.

 

Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарапына (лицензиар) екінші тарал (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді.

Авторлық құқық  

 

    • Авторлық құқық шығармашылық қызметтің нәтижесі ретінде ғылым, әдебиет және өнер туындыларына оның мақсатына, мазмұнына және абыройына, сонымен бірге оны жеткізудің әдістеріне қарамастан тарайды.
    • Авторлық кұқық жарық көрген (жарияланған, шығырылған) және әлі жарық көрмеген (жазбаша немесе ауызшн таспаға басылған шығармалар, бейнежазбалар, мүсін өнері ғимарат, үлгі және т.б.) туындыларға беріледі.
    • Авторлық құқық өзіндік идеяларға, тұжырымдамаға қағидаларға, әдістерге, жүйелерге, үрдістерге, жаңалықтарға, айғақтарға тарамайды.
    • Авторлық кұқықтың объектілеріне мыналар жатады:
    • • әдеби шығармалар;
    • • драма және музыкалы драмалық шығармалар;
    • • мәтінмен және мәтінсіз музыкалық шығармалар;
    • • қолданбалы өнер шығармалары;
    • • фотографиялық шығармалар;
    • • сахналық туындылар;
    • • карталар, эскиздер, иллюстрациялар мен үш өлшемді шығармалар;
    • • энциклопедиялар, антологиялар, мәліметтер базасы;
    • • хореография және пантомимді шығармалар;
    • • кино, теле, бейне (видео) жәнө диафильмдер;

Автор өзінің шығармасын пайдаланғаны үшін оның авторлыған талап етуге құқылы. Сонымен бірге ол өзінің шығармасындамда бөтен немесе жалған есімді пайдалануға, оған өзгерістер мен қосымшалар енгізуге құқылы. Автор қайтыс болған соң, оның авторлық құқығын қорғау өсиетте тұлғаға, автордың мұрагерлеріне немесе мемлекетке жүктеледі.

Автор үшінші тұлғаларға өзінің шығармаларын шығаруға; тұпнұскаларды немесе көшірмелерді таратуға; сатуға, айырбастауға, жалға беруге; шығарманы көпшілікке көрсетуге; шығарманы аударуға және т.б. әрекеттерді жасауға рұқсат беруі немесе оған тыйым салуы мүмкін.

Авторлық құқық автордың көзі тірі кезінде және ол қайтыс болғаннан кейін елу жыл әрекет етеді. Авторлық құқықтың мерзімі біткен соң кітап қоғамның байлығына айналады.

Авторлық құқықты қорғау coт арқылы жүзеге асырылады

   

 

Қорытынды

 

  

 

    Сонымен, интеллектуалдық меншік дегеніміз — шығармашылық қызметтің нәтижесі. Интеллектуалдық меншіктің объектісі ретінде интеллектуалдық қызметтің нетижесі және азаматтық айналымның қатысушыларын дараландыратын тауарлар, жүмыстар және қызметтер жатады.

Интеллектуалдық меншікке қатысты заңдарда оны «айрықша құқық» деп түсінеді. Айрықша қуқық интеллектуалдық меншікті лицензиялық келісімшарт негізінде үшінші тұлғалардың уақытша пайдалануына мүмкіндік береді.

Авторлық құқық интеллектуалдық меншікке жатады және сотпен қорғалады. Интеллектуалдық меншік қуқығы бұзылғанда, оны қорғау сот арқылы жүзеге асырылады.

 

 


Информация о работе Интеллектуалдық меншік