Инновациялық менеджмент негізінде компаниядағы басқаруды жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 13:34, реферат

Краткое описание

Инновациялық менеджмент - дәстүрлі емес басқарушылық шешімдерді құрастыру және жүзеге асыру нәтижесінде өндірісте өнімнің әртүрлі қасиеттерінің (бағдарламалық-өнімдік, технологиялық, ақпараттық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және т.б.) жаңа оң сапасына қол жеткізуге бағытталған басқарушылық қызмет.
Инновациалық кәсіпкерлік - техника-технологиялық жаңалықтарды құру және коммерциялық пайдалану процесі.
Инновациялық жоба:
1. Қандай да бір мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қандай да бір әрекеттердің жиынтығын қарастыратын іс, іс-әрекет, шара;
2. Қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыруға қажетті

Содержание

1-ші Бөлім. Инновациалық менеджменттің теориялық негіздері және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу
1.1. Инновациалық менеджмент объектісі ретінде жаңалық енгізудің пайда болуының объективті қажеттілігі
1.2. Инновациалық жоба: түсінігі, түзу мен жүзеге асырудың негізгі кезеңдері
1.3. ҚР-да инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу

2-ші Бөлім. Инновациялық-инвестициялық жобаларды түзу және тиімділігін бағалау
2.1. Компания қызметінің қазіргі жағдайы және инновациялық ресурстары
2.2. Компанияның инновациялық қызметін талдау және оның қаржылық тұрақтылыққа әсері
2.3. Компания қызметінің қорытынды қаржылық коэффициенттерін талдау
3-ші Бөлім. Басқарудың инновациялық әдістері негізінде компания қызметін жетілдіру шаралары

3.1. Компанияның концептуалдық бейнесі және оның эталондық жағдайына жету жолдары
3.2. Компанияның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін инновациялық факторларды енгізу

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Инновациялық-менеджмент-негізінде-компанияны-басқаруды-жетілдіру.doc

— 1.18 Мб (Скачать документ)




 


 

 


 

 



 

 

2-ші сурет. Инновациялық әрекет сызбасы.

Суреттен инновациалық процесстердің сыныптамасын келесі критерийлер бойынша жүргізуге болатынын көруге болады:  мазмұны, жаңалық деңгейі, инновациялық потенциалы, бойынша; ұйымдастырушылық ерекшеліктері, жаңалық енгізудің өмірлік кезеңінің мерзімі және т.б. осыған сәйкес инновациялардың келесі түрлерін ажыратады:

1.Радикалдық (жаңалық) деңгейі бойынша:

  • базистік инновациялар, ірі жаңалықтарды жүзеге асырады және техниканың дамуының жаңа бағыттарын қалыптастыруға негіз болады;
  • жақсартатын инновациялар, әдетте ұсақ және орташа жаңалықтарды жүзеге асырады және ғылыми-техникалық кезеңнің таратылу және тұрақты даму кезеңдерінде басым болады;
  • псевдоинновациялар, ескірген техника мен технологияларды жартылай жақсартуға бағытталады.

2. Қолдану сипаты бойынша, яғни жаңашылдық потенциалы бойынша:

  • өнімдік инновациялар, жаңа өнімдерді өндіру мен пайдалануға бағытталған;
  • технологиялық инновациялар, жаңа технологияны құру және қолдануға бағытталған;
  • әлеуметтік, жаңа құрылымдарды құру мен жүзеге асыруға бағытталған;
  • кешендік, өзгерістердің бірнеше түрінен құралады;
  • нарықтық, жаңа нарықтарда өнімдерге, қызметтерге деген қажеттілікті өтеуге мүмкіндік береді.

3. Пайда болуының ынтасы (көзі) бойынша: ғылым мен техниканың  дамуынан туындаған инновациялар; өндірістің қажеттілігінен туындаған  инновациялар; нарық қажеттілігінен  туындаған инновациялар.

4. Ұдайы өндіру процесіндегі  ролі бойынша:

  • тұтынушы инновациялар;
  • инвестициалық инновациялар.

5. Көлемі бойынша:

  • күрделі инновациялар (синтетикалық);
  • қарапайым инновациялар.

Келтірілген инновациялардың  сыныптамасы жаңалық енгізу процесстері  өз сипаты бойынша көп түрлі және күрделі, яғни, оларды ұйымдастыру формалары, инновациялық әрекетке ықпал жасау көлемі мен амалдары да көп түрлі болуы керек деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Жаңалық енгізудің таза бәсекелестік нарығы. Таза бәсекелестік нарығы деп, бір де бір сатушы немесе сатып алушы ағымдағы бағаларға үлкен әсер етпейтін жағдайда, ұқсас тауарлармен мәмлелерді жүзеге асыратын сатушылар мен сатып алушылардың жиынтығын атайды. «Таза» бәсекелестік ұғымын пайдалану бізге шаруашылық субъектілері арасында тиімді капитал салу, өткізу нарығы, ресурстар көзі мен ғылыми-техникалық әрекет нәтижесі үшін бағалық, бағалық емес және басқа да жарыс және күрес мәселелерін қарастырмауға мүмкіндік береді. Ертеректе ғылыми және ғылыми-техникалық әрекет нәтижесі ретіндегі жаңалықтан, жаңа технологияларды, тауарларды, қызмет түрлерін, жаңа әдістерді және с.с. қоғамдық мойындау ретіндегі жаңалық енгізуге дейін уақыт және ресурстар шығындау процесі жүзеге асырылатыны туралы айтылған. Таза бәсекелестік нарығы бұл процессте екі тұрғыдан көрінеді, олар қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі түрінде болады. Ұйымның жаңалық нарығына қатысу формасының әртүрлілігіне қарамастан, анықтаушы шарт ретінде ғылыми және ғылыми-техникалық салаға да, жаңалықтарды инновациларға айналдыру процесіне де инвестиция салу болып табылады. Капитал (инвестиция) нарығы. Компаниялар мен кәсіпорындарға жаңа технологиялар, ішкі және сыртқы нарықтарды бәсекеге қабілетті өнімдер (қызметтер) сатып алу, өз тауарлары үшін жаңа нарықтар, жабдықтаушылар мен сатып алушыларды табу қажет. Мемлекетке қару-жарақтың жаңа түрлері, жаңа ақпараттық технологиялардың тиімді жүйесі, эенергияның экологиялық таза түрлері, ресурс үнемдеуші технологиялар және т.б. қажет. Бірақ, кез келген шаруашылық субъектісінің қажеттілігін қанағаттандырудағы негізгі шектеуші барлық түрлердегі капитал болып табылады (жарғылық, несиелік, айналымдық, акционерлік, венчурлық және т.б.). Капитал нарығының негізгі даму факторлары 4-ші суретте көрсетілген.

Келтірілген сызбадан капитал  нарығының негізгі факторлары макроэкономикалық ортаның жағдайы, заңнамалық негіздер, жекешелендіру, салық жүйесінің шарттары, қаржылық механизм мен ақпараттық технологиялардың даму деңгейі, сонымен қатар елде қолданылатын өндіріс және өнім стандарттары болып табылатынын байқауға болады. Капиталдың негізгі міндеті инновациялық салаға отандық және шетелдік қаржы ресурстарын тарту және тиімді орналастыру болып табылады.

 

Мазмұны бойынша

 

- Техникалық

- Ұйымдастырушылық

- Әлеуметтік

- Экономикалық

Иноовациялық процесстің ерекшелігі бойынша

 

- Ұйым ішіндік

- Ұйым аралық

 

Құрастыру және тарату деңгейі бойынша

 

- Мемлекеттік

- Республикалық

- Аймақтық

- Салалық

- Корпорациялық

- Фирмалық

 

Жаңалықтар мен инновациялық процесстің классификациялық сипаттары

Радикалдық-жаңалылық деңгейі бойынша

 

- Абсолюттік

- Салыстырмалы

- Шартты

- Жеке

 
 

Құрастыру және тарату салалары бойынша

 

- Өнеркәсіптік

- Қаржылық

- Қызметтер

- Сауда-делдалдық

- Ғылыми-педагогикалық

- Құқықтық

Технологияның, тауардың, ұйымның өмірлік кезеңі бойынша

 

Жаңашылдық потенциалы бойынша

 

- Радикалдық

- Аралас

- Модификациялық

Инновациялық процесстің кезеңдерінің мерзімі бойынша

 
 

 

3-ші сурет. Жаңалықтар мен инновациалық процесстердің сыныптамасы

 

Жоғарыда  айтылғандардың негізінде инновациялық менеджменттің негізгі ұғымдары мен мәніне анықтама берейік. Инновациялық менеджмент – бұл шығарылатын өнімдердің (тауарлардың, қызметтердің) номенклатурасын кеңейту және жаңарту, оларды өндіру технологияларын жетілдіру үшін жаңалықтарды, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін және құрастырылымдарды пайдалану және коммерцияландыруға бағытталған іс-әрекет.

  Инновация саласына капитал салуға  байланысты шаралардың жиынтығын инновациалық-инвестициалық әрекет деп атауға болады.

Инновациалық-инвестициалық  әрекеттің түрлері келесідей болуы мүмкін: а) өндірістік жабдық пен құралдарды сатып алуды, олардағы, сонымен қатар жаңа технологиялық процессті құруға қажетті өндіріс пен сапаны бақылаудағы әдістер мен стандарттардағы өзгерістерді қамтитын, өндірісті дайындау және ұйымдастыру; б) өнім мен технологиялық процессті жетілдіруді, жаңа технологиялар мен жабдықтарды қолдануға персоналды дайындауды қамтитын алдын-ала өндірістік құрастырылымдар; в) нарыққа жаңа өнім шығаруға байланысты әрекет түрлерін қарастыратын, жаңа өнім маркетингі; г) сырттан патент, лицензия, ноу-хау ашу, сауда маркалары, конструкциялар, модельдер және технологиялық мағынадағы қызметтер формасындағы заттық емес технологияларды сатып алу; д) заттық технологияларды сатып алу - өзінің технологиялық мазмұны бойынша инновациялық жобаларда өнімдік немесе процесстік инновацияларды енгізумен байланысты, машиналар мен жабдықтар; е) өндірістік процедураларды, техникалық арналымдарды анықтау үшін жоспарлар мен сызбаларды дайындауды қарастыратын, өндірістік жобалау.

Инновациалық-инвестициалық  әрекеттің объектілері - ұйымдастырушылық-құқықтық формасы мен меншік формасына қарамастан заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, шетелдік мекемелер мен азаматтар, сонымен қатар инновациялық әрекетке қатысушы азаматығы жоқ тұлғалар. Субъекттердің құқығына ҚР Конституциясы кепілдік береді. Инновациялық әрекет субъекттерін келесі топтарға бөлуге болады: жаңашылдар; ерте рецепиенттер; ерте көпшілік және артта қалушылыр. Біріншіден басқа топтардың барлығы имитаторларға жатады. Жаңашыл - инновацияның авторы.

Жаңалықтар нарығын, таза бәсекелестік нарығын және капитал (инвестициялар) нарығын қарастырғаннан кейін «инновациялық сала» ұғымына анықтама берейік. Ол, инноваторлар, инвесторлар, бәсекеге қабілетті тауар өндірушілер мен жалпы ұйымның өзара қатынастар жүйесі түріндегі, қоғамдық еңбек бөлінісінің формасы.

Сонымен, инновациялық менеджмент, жиынтығы инновацияларға әкеліп жеткізетін, ғылыми, технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық шаралардың кешенін қарастырады  деген қорытынды жасауға болады.

 

 


Каптиал нарығының даму факторлары

 

Макроэкономикалық

орта

 

Жекешелендіру

көлемі

 

Салықтық

саясат

 

Қаржылық саланың

дамуы

 

Нарықтық

баға түзу

 

Ақпараттық

технологиялар

 

Кәсіптік

стандарттар

 

Заң




 

    

     Капиталдың функциялары

 

 

  Капиталды жұмылдыру

 

   Капиталды орналастыру


 

Капиталды жұмылдыруда құнды қағаздар нарығының ролі

   

Қаржылық икемділік

 

 Қаржы саласындағы бәсекелестік

 

   

Жеке меншік саланың дамуы

 

Инвестицияларды тарту


         4-ші сурет. Инновация саласындағы капитал нарығы

 

1.2 Инновациялық  жоба: түсініктер, құру мен жүзеге  асырудың негізгі кезеңдері

 

Экономикада жаңалықтар, әдетте, тұтынушыда кездейсоқ жаңа қажеттіліктер туындағаннан және өндірісті  қайта бағыттағаннан кейін емес, маркетингтік зерттеулердің арқасында өндірістің өзі тұтынушыларды жаңа қажеттіліктерге үйреткеннен кейін ендіріледі.

Инновациялық жоба түсінігі екі мағынада қолданылады:

  1. Қандай да бір мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қандай да бір әрекеттердің жиынтығын қарастыратын іс, іс-әрекет, шара ретінде;
  2. Қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыруға қажетті ұйымдастырушылық-құқықтық, есеп-қаржылық құжаттар жүйесі ретінде.

Әр инновациялық жоба, күрделілігі  мен жұмыс көлеміне қарамастан, өзінің даму барысында қандай да бір жағдайлардан өтеді: «жоба әлі жоқ» жағдайдан, «жоба енді жоқ» жағдайға дейін. Қалыптасқан тәжрибеге сәйкес, жобалар өтетін жағдайлар кезең (фаза) деп аталады. Жобаны құру мен жүзеге асырудың әр кезеңінің өз мақсаттары мен міндеттері бар (1-ші кесте).

1-ші кестеден инновациялық  жобаның жалпы кезеңін инвестиция алдын кезеңі және инвестиция кезеіңіне бөлуге болатынын көруге болады. Инвестиция алдын кезеңінде зерттеу, жоспарлау, құжаттарды түзу және жобаны жүзеге асыруға дайындық жүргізіледі. Алғашқы ойды жүзеге асыру шарттарын талдау, жобаның негізгі концепцияларын құрастыру жүзеге асырылады, ТЭН беріледі және соңында инвестициялау туралы соңғы шешім қабылданады.

Инвестиция кезеңінде тендерлер  сен саудалар жүргізіледі және олардың  негізінде инвесторлармен келісімшарттар түзіледі, инновациялық жобаны жүзеге асыру және пайдалану жүзеге асырылады.

Инновациялық идеяны таңдау және қандай да бір инновациялық жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылдау кезінде  бірқатар жағдайларды анықтап алу  керек::

  • егер тауарлық инновация туралы сөз болса – ол тауар нарықта жақсы қабылдана ма;
  • егер кез келген инновацилық жоба туралы сөз болса – нақты табыс алу (жобадан келетін табыс, оған жұмсалған шығындардан елеулі жоғары болу керек) және нақты қатерді <span class="dash04

Информация о работе Инновациялық менеджмент негізінде компаниядағы басқаруды жоспарлау