Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2012 в 12:39, реферат
Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.
Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды
Қазақстандағы ақша массасы
Ақша айналысының негізгі сандық көрсеткіштерінің біріне ақша массасы мен ақша базасы жатады.
Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.
Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.
Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында төмендегідей ақша агрегаттары қолданылады:
Ml агрегаты- яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды камтиды;
М2 агрегаты- ол Ml агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;
МЗ агрегаты- ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақсалымдарын кұрайды;
M4 агрегаты- ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.
АҚШ-та, ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын, Жапония мен Германияда — үш, Англия мен Францияда — екеу, Ресейде — үш ақша агрегаттары пайдаланылады.
Қазақстанда ақша массасына Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізіңде анықталады және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент занды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады.
Қазақстан Республикасында Ұлттық Банктің 12.01.1995 жылы Директорлар кеңесінің № 2 хаттамасымен бекітілген «Ақша массасын, ақша базасын анықтау әдісі және ішкі және сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне» сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі.
Аталған ережеге сәйкес, ақша базасы (MB) — бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді.
ҚҰБ-нің соңғы жылдардағы есептеулеріне байланысты, ақша базасы (резервтік ақша) мыналардан тұрады:
1)ҚҰБ-нің айналымға шығарған қолма-қол ақшаларынан (ҚҰБ- нің кассасындағы қолма-қол ақшаларды коспағандағы немесе Ұлттық Банктен тыс қолмақол ақшалардан);
2)ЕДБ-дің аудармалы және басқа депозиттерінен; банктік емес қаржылық ұйымдардың аудармалы депозиттерінен;
3)ҚҰБ-гі мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдардың теңгедегі ағымдағы шоттарынан.
Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша несие статистикасын жасау және таддауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгіленуі МЗ — ақша массасы жатады. Ақша массасы құрылымына мынадай ақша агрегаттары жатады:
М0 (айналыстағы қолма-қол ақша, немесе банк жүйесінен тыс ақша);
Ml = М0 + банктік емес занды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері;
М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес занды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері;
МЗ (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері.
Аудармалы депозиттер:
1) әрқашан айып-пұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады;
2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің көмегімен еркін айналады;
3) төлемдер жүргізуде
кеңінен қолданылады.
Басқа депозиттер — негізінен ол, белгілі уақыт аралығынан кейін ғана алынатындығы немесе әртүрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда біраз қолайсыздық туғызатын және жинақ тетігіне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді депозиттер. Басқа депозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқа салымдар мен депозиттерді қамтиды.
Ақша базасының ақша массасына ықпал етуі ақша мультипликаторы көмегімен мынадай формула арқылы есептеледі:
Ам = МЗ (ақша массасы) / MB (ақша базасы)
Егер, мысалға ақша мультипликаторы 2,0-ге тең болса, онда ақша базасының әрбір теңгесі 2 теңге жасауға қабілеттігін көрсетеді. 2008 жылы ақша массасындағы депозиттердің өсуі, ақша мультипликаторының мәнін, өткен жылмен салыстырғанда 3,15-дан 4,36-ге дейін өсіріп отыр.
Ақша массаның жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) қатынасы арқылы экономиканың монетизациялану коэффициентін (Км) анықтауға болады.
Км = (МЗ (ақша массасы) / ЖІӨ) x 100[1]
Қандай да болмасын елдің ақша – несие саясатын сипаттайтын негізгі параметр болып ақша массасы саналады. Ақша массасын тауарлар мен көрсетілген қызметтерді төлеу үшін ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Ақша массасы экономикалық өсуге, бағалардың динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу – есеп айырысу жүйесінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне әсер етеді.
Ақша массасының жиынтығы ақшалардың барлық түрлерін құрайды (қолма-қол ақша,қолма-қолсыз ақша,несиелік).
Ақша массасы көлемі мен оның өсу қарқынының өзгеруі маңызды экономикалық өзгерістерге ,сондай-ақ ұлттық экономиканың дамуының негізгі мақсаттарына қол жеткізуге әсер етеді. Халықты еңбекпен қамтудың жоғарлылығы , бағаның тұрақтылығы,экономикалық өсу,төлем балансының теңгерілімдігі – бұл мәселелердің барлығы ақшаның жиынтық ұсынымы мен ақша массасының өсу қарқынының өзгеруімен тікелей немесе жанама түрда байланысты.
Ақша айналымын ұйымдастыру ақша массасының бірлігі бір құрлымын ұсынады. Шаруашылық айналыстарға қызмет көрсететін қолма-қол ақша және қолма -қолсыз ақша қаражатын білдіретін ақша массасының элементтері арасындағы айырмашылықтар олардың дәрежесімен және сипатымен байланысты.
Қазақстанда ақша массасы қаңтар-қарашада 9,607 трлн теңгеге дейін 13,3%-ға өсті
Қазақстанда ақша массасы қаңтар-2011 жылдың қазан айында 9,607 трлн теңгеге дейін 13,3%-ға өсті , деп хабарлады Ұлттық банк.
Қарашада бұл көрсеткіш 2,2%-ға төмендеді.
Бұл ретте, Ұлттық банктің жарияланған ақпаратына көрсетілгендей ақша массасы (резервті ақша) 2,964 триллион теңгеге дейін 15,2%-ға артты. Қараша айында ақша массасы 3,3%-ға төмендеді.
Кез келген елдегі ақша айналысы экономикадағы барлық өндірістік үдерістерге үлкен әсер етеді. Сондықтан ақша саласындағы өлшемдерге саналы түрде ықпал ету инфляциямен күрес тұрғысынан ғана емес, тұтастай алғанда экономикаға әсер ету үшін де маңызды. Ақша нарығын реттеуді мемлекет елдің орталық банкі арқылы жүзеге асырады. Бұл ретте ақша-кредит саясатының құралдарын таңдау ұлттық қаржы жүйесінің ерекшеліктеріне және оның дамуының тиісті кезеңіне байланысты.
Ақша ұсынысын сипаттау үшін әдетте түрлі жинақтаушы көрсеткіштер немесе ақша агрегаттары пайдаланылады. Ақша ұсынысын талдаудың маңыздылығы осы агрегаттар мониторингінің қажеттілігімен байланысты, себебі, олар экономикадағы инфляциялық үдерістерге және өндірістің жиынтық көлеміне әсер етеді. Біз Ұлттық Банк реттейтін мынадай шамаларды қарастырамыз: айналыстағы ақша массасы, яғни елдегі осы кездегі айналыстағы төлем қаражатының жиынтығы; және ақша базасы немесе резервтік ақша
Экономикадағы инфляция монетарлық құбылыс болып табылатындығына не табылмайтындығына қарамастан, ақша нарығын мемлекеттік реттеу ақша массасының көлемі қосымша инфляциялық қысым жасамайтындай, яғни ақшаға деген сұранысқа барабар болуға ұмтылады. Соған байланысты қалыптасатын макроэкономикалық ахуалға қарай ақша-кредит саясатын таңдау мәселесі үлкен мәнге ие болады. Өтпелі экономикасы бар елдерге тән болып келетін макроэкономикалық қатарлардағы айтарлықтай құрылымдық айырмашылықтар ақша ұсынысы, экономикалық өсу және инфляция арасындағы нақты өзара байланысты зерттеуге біраз қиындық туғызып, осы көрсеткіштер бойынша болжамдардың тиімділігін төмендетуде. Алайда, ақша массасының көлемі мен жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі арасындағы өзара әсер ету туралы теориялық болжам осы екі көрсеткіш арасындағы тығыз оң байланысты көрсететін эмпирикалық деректермен расталып отыр . 2008 жылдың екінші жартысынан бастап 2009 жылдың соңына дейінгі дағдарыс кезеңі ғана ерекше болып отыр.
ЖІӨ-нің және ақша массасының түрлі бағыттағы динамикасы осы кезеңде Қазақстан экономикасы өсу қарқынының төмендеуі аясында мемлекет тарапынан банк өтімділігіне қолдау көрсетумен байланысты болды. Жоғарыда баяндалғандарға байланысты, экономикалық дамудың әрбір кезеңін жеке қараған жөн. Әрбір белгілі кезеңде Ұлттық Банк қалыптасқан ахуалға барабар өтімділікті реттеу жөнінде іс-қимылдар қабылдады, алайда, кейбір ерекшеліктер бар.
№ |
Ақша агрегаттары (млн.тг) |
12. 2006 |
12. 2007 |
12. 2008 |
12. 2009 |
12. 2010 |
12. 2011 |
1. |
Ақша базасы(резервтік ақша) |
289203 |
674964 |
1694987 |
1754321 |
1574958 |
2650986 |
1.1 |
ҚР Ұлттық банктен тыс қолма-қол ақша |
207025 |
458518 |
685254 |
856932 |
1584325 |
1245686 |
1.2 |
ЕДБ-дің және басқа ұйымдардың ҰБ депозиттері |
47989 |
52135 |
204453 |
814072 |
484987 |
1403041 |
2. |
М0 (айналыстағы қолма-қол ақша) |
190039 |
411813 |
600832 |
739739 |
857442 |
943443 |
3. |
М1 |
362366 |
799401 |
1254879 |
1458823 |
1946604 |
2457677 |
3.1 |
Халықтың тг-дегі аудармалы депозиттері |
2361 |
57879 |
101242 |
135140 |
14879 |
169592 |
3.2 |
Банктік емес заңды тұлғалардыңтг-дегі аудармалы депозиттері |
149066 |
32913 |
579475 |
643335 |
439969 |
1374642 |
4. |
М2 |
620087 |
1515962 |
2814551 |
3358990 |
4169524 |
5335204 |
4.1 |
Халықтың тг-дегі басқа депозиттері және шетел валютасындағы аудармалы депозиттер |
83818 |
85193 |
277720 |
794115 |
719685 |
730160 |
4.2 |
Банктік емес жеке тұлғалардыңтг-дегі
басқа депозиттері және шетел
валютасындағы аудармалы |
173903 |
438841 |
919168 |
1226837 |
1993234 |
2147367 |
5 |
М3 |
892321 |
2065340 |
3677561 |
4629829 |
6266395 |
7487306 |
5.1 |
Халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері |
177870 |
251747 |
304628 |
503341 |
584497 |
993711 |
5.2 |
Банктік емес тұлғалардың шетел валютасындағы басқа да депозиттері |
94264 |
297631 |
558381 |
572846 |
1062374 |
1158391 |
6 |
М0-дің М3-тегі үлесі |
21,3 |
19,9 |
16,3 |
16,0 |
13,6 |
8,2 |
7
8
9 |
Ақша мультипликаторы (тг)
ЖІӨ (млрд тг)
Экономиканың монетизациалану деңгейі(М3-тің ЖІӨ қатынасы%) |
3,51
4612,0
19,3 |
3,11
7457,1
27,6 |
2,45
10214
35,3 |
3,15
12726
36,3 |
4,36
15907
39,4 |
3,05
15888
47,1 |
Қазіргі кездегі Қазақстандағы ақша базасы мынандай түрде.
1) Ақша базасы (резервтік ақша)
соның ішінде:
Ұлттық банктен тыс қолма-қол ақша
ЕДБ-дің және басқа ұйымдардың ұлттық Ұлттық банктегі депозиттері
1)316962
2)262093
3)54869
4)577841
5)410898
6)166943
7)662971
8)458518
9)204453
2) М0 (айналасындағы қолма-қол ақша) 238545 379273 411813
3 ) М1 оның ішінде:
3.1 халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері,
3.2 банктікемес заңды тұлғалардың
1)29840
2)143754 677438
3)44164
4)254002 799401
5)57875
6)329713
4) М2 оның ішінде:
4.1 Халықтың теңгедегі басқа да депозиттерді және шетел валютасындағы
4.2 банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі басқа да депозиттері
1)111214
2)170028 1164432
3)226189
4)260805 1515962
5)277720
6)438
5 М3 оның ішінде:
5.1 халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері;
5.2 банктік емес заңды
тұлғалардың шетел
1)194357
2)84011 1634681
3)170823
4)299426 2065340
5)251747
6)297631
Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша-несие статистикасы
М0 (айналыстағы қолма-қол ақша немесе банк жүйесінен тыс ақша);
М1 = М0 + банктік емес заңды тұлғалар мен мемлекеттік ұйымдар арасында
М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және несиелер арасында
М3 (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен мемлекет арасында
Ақша массасы ақша жиынтығының бірлігінде қарастыратын болсақ мына түрде болады:
Ақша жиынтығының құрамына алты элемент кіреді: