Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 22:44, реферат
Мемлекеттегі басқару үрдісін ұйымдастыруға қатысты мәселелер оның территориялық құрылымымен тығыз байланысты, себебі билік органдарының қызмет етуі мемлекет территориясы бөлінетін территориялық бірліктер шегінде жүзеге асады.
Соңғы уақыттарда мемлекеттер жаңа қалыптасқан талаптарға сай территориялық басқарудың қағидаларын, орны мен мағынасын өзгертуде. Шет ел әдебиеттеріне сүйенетін болсақ, бұл құбылыс 70 жылдардың соңына қарай жақсы дами бастады. Жүргізілетін реформалардың мағынасы, мемлекеттік билікті қайта орталықтандырудың және территориялық басқару органдарының жауапкершілігін жоғарылатудың, сонымен қатар оларға тиісілі аймақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуының қоғамдық басқарылуының негізгі тенденцияларын көрсетеді.