Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 09:26, реферат
Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі – ол антигитлерлік коалиция елдерінің фашистік гитлерлік мемлекеттерді жеңуі болды. Бірақ соғыс аяқталысымен, әлемдік сахнада екі ұлы державалардың қарсыласуы орын алды. Америка Құрама Штаттары соғыстан кейін өзінің ірі әскери-саяси және экономикалық потенциалына сүйене отырып, әлемде капиталистік жүйенің тұрақталуына және өз үстемдігін орнатуға ұмтылды. Бірақ Кеңес Одағы да соғыстан кейінгі әскери-саяси жағдайы тұрақталған, әрі күшейтілген еді, ол өзінің әлемдік жоспарын жүзеге асыруға ынталанды.
Кіріспе............................................................................................................3
І Герман Федеративті Республикасының алғаш канцлері Конрад Аденауэрдың саяси билікке жету жолы.........................................................................................................................4
1.1Болашақ канцлердің балалық шағы мен жастық кезеңі.......................4
1.2 Конрад Аденауэрдың обер-бургомистр лауазымына ие болуы;
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия...................................................................................................................5
ІІ Жаңа Германияның әкесі – Конрад Аденуаэр..................................................................................................................9
2.1 Германияны қалпына келтіру саясаты..................................................9
2.2 «Аденауэр дәуірінің» орнауы. Жаңа Еуропадағы Жаңа Германия.................................................................................................................10
Қорытынды................................................................................................15
Пайдаланылған әдебиеттер мен дереки көздер тізімі........................16
1920-шы жылдардың соңында өмір қалпына келе бастайды, бірақ 1929 жылы Ұлы дағдарыс басталады. Немістердің тұрмыстық жағдайы қайтадан алаңдатарлық жағдайға жетеді және әлеуметтік наразылықпен қатар, екі тоталитарлық партиялар – коммунистер және ұлтшылдар билік тізгінін қолдарына алуға ұмтылды. [1] Аденауэр екеуіне де теріс көзқараспен қарайтын. «Вестдойчер беобахтер» ұлтшылдары бургомистрға қарсы кең көлемді шабуылдарды бастайды. Аденауэрды шамадан тыс жалақыны алуы және өкілдіктік мақсаттарға жұмсалған ақша, Швейцариядағы демалыстары, еврей қоғамымен байланыстары үшін айыптайды. Ұлтшылдар «Аденауэр үшін оқ сатып ал» деген ұрандармен қаражат жинай бастайды. [2]
1933 жылы 17 ақпанда қайта тағайындалған рейхканцлер Адольф Гитлер Кельн қаласына келеді. Аденауэр қыр көрсетіп, Гитлерді қарсалу үшін аэропортқа өз көмекшісін жібереді, ұлтшылдық сипаттағы туларды ілуге тиым салады, ал ілінген екеуін алып тастауға бұйырады. Гитлердің ашуына шек болмай, ол Кельнда түнеуден бас тартады. 1 наурызда пруссиялық Мемлекеттік кеңестің төрағасы құзіретінде Аденауэр СС пен СА ұшақтарынан жасалған шабуылдарынан сайлау учаскілерін «қорғау» әрекеттеріне ресми қарсылығын жариялайды. Ал 10 наурызда Аденауэр өз әйелімен туған қаласынан қашуға мәжбүр болады, себебі ұлтшылдар оны қаржы пұрсатын теріс пайдаланғаны және сепаратизм әрекеттері үшін айыптап, оған қарсы сот ісін ашады (1919 жылдың «кінасы» үшін). [2]
ІІ Жаңа Германияның әкесі – Конрад Аденуаэр
2.1 Германияны қалпына келтіру саясаты
57 жасында Аденауэр өзін үй-күйсіз, ақшасы жоқ (оның Кельндағы үйі тәркіленген еді), жұмыссыз, болашағы бұлыңғыр, дәрменсіз сезінеді, Аденауэр бірде Берлинда, бірде шет аймақтардағы католиктік монастырьларда жасырынады, ал ақшаны оған американдық азаматтығы бар, бірақ Брюссельде тұратын немістік еврей Данни Хейнеман атты досы жіберіп отырған. 1934 жылы жазда ұлтшыл сотқа дәлелдердің жеткілікті болмауы есебінен Аденауэрға қарсы істі жабуға тура келеді және оған бұрынғы бургомистр ретінде зейнетақы тағайындалады. Аденауэрлер отбасы Рейн жағалауындағы Бонн қаласынан онша алшақ емес Рендорф ауылында үй сатып алады. Осы үйде Аденауэр дүниеден өткен сәтіне дейін 35 жыл өмір сүреді. [2]
Аденауэр анабиоз жағдайына түскен сияқты болды. Ол жаңа режиммен де, антигитлерлік оппозициямен де ешқандай байланыс орнатпаған. Патриархалды мейірімді ата секілді бақшасында гүлдер өсіріп, ағаштар отырғызып, жаңа нәрселерді ойлап шығарумен айналысқан еді. «Жұлдызқұрттарды жоюға арналған электрлік тырнауыш-қылшағы», «Автокөліктер қалдыратын шаңды жою», «Пештің мұрасынан шығатын түтінді шатырға емес, канализацияға жіберу» - деген атаулар алған өзі ойлап тапқан құрылғыларды Аденауэр патенттеуге тырысқан. Алайда шындығына келгенде, осы ұзақ 12 жылдық ұлтшыл түндер Аденауэр үшін өз-өзімен қауырт күрес кезеңіне айналды. Конрад соғыстан кейінгі Германияның қоғамдық-саяси басқару құрылымының жаңа үлгісін құрастырды. Христиандық-әлеуметтік басқару құрылымы, Аденауэрдың ойынша, коммунистік-социалистік және ұлтшыл тоталитарлық жүйелермен қатар, Веймар республикасы кезіндегі жабайы капитализм жүйелеріне баламалы таңдау болып табылады. [3]
«Мыңжылдық рейхтың» күйреу кезеңі тақап келе жатты. 1944 жылдың басында Аденауэр өзінің өнертабыстарын мәңгі-бақи артта қалдырды.
1944 жылы 20 шілдеде
Гитлердің өміріне сәтсіз
4 қазанда танкі батльоны Аденауэрдың баласы Макс Аденауэрға үйінен қайғылы хабары бар хат келеді. Майданда қиын соғыстардың жүргізілуіне қарамастан, «отбасы жағдайларына» байланысты демалыс алады және 2 қараша күні Берлин қаласындағы басты гестапо басқармасында болады. «Мен және менің екі ағаларым Шығыс майданда танкі жасағында соғысып жүрміз, - деп Макс гестапо генералына мәлімдейді. – Егер де солдат соғысып жүрген алаңында тылдағы әкесін жайдан жай ұстап, түрмеге қамағанын естісе, ол өзін қалай сезінуі тиіс?» Осыған іспеттес әрекеттің орындалуына кеңестік орден иегері офицер ерік берсе, оның сүйектері Колымда шіріп жатар еді. Ал гестапошылар болса, бұл келеңсіз жағдайды реттеуге уәде береді де 1944 жылы 20 қарашада Аденауэр түрмеден босатылады. [2]
Күйеуі бостандыққа шығысымен, бірінші түнде Гусси өзіне қастандық жасайды, күре тамырын кесіп тастайды. Бірақ оны құтқарып үлгереді. Аденауэр үйіне қайтысымен, жұбайының дұрыс қадам жасағанына иландыруға барынша тырысады. Бірақ бірнеше айлардан кейін Гусси уланып қалады. Оны қайта емдейді, алайда бүкіл ағзаның улануы жүреді. Осы жағдайға дейін мүлдем ауырмайтын, сап-сау әйел мүгедек адамның халын кешеді, емделгісі келмеген соң 1948 жылы 3 наурызда дүниеден өтеді. [3]
2.2 «Аденауэр дәуірінің» орнауы. Жаңа Еуропадағы Жаңа Германия
1949 жылы 15 қыркүйекте
қазір ғана құрылған Герман
Федеративті Республикасының
1945 жылы неміс
мемлекеті іс жүзінде
Кең масштабқа
созылған ірі бомбылаудан кейін
ел қираған үйіндіге ұқсады, аман қалған
зауыттардың құрылғылары
Аденауэр христиандық
баламалы таңдау ұсынады. Тарихта
алғаш рет екі басты конфессиял
1949 жылы бірінші
жалпыға бірдей сайлауда ХДС/ХС
1950-ші жылдар мен 1960 жылдардың басын канцлердің одақтастары да, қарсы пікір сөйлеушілер де бірауыздан «Аденауэр дәуірі» деп санайды. Батыс Германияда өзіндік сипат алған канцлердің «диктатурасы» орнаған еді, барлығы демократияға негізделген еді, бірақ Аденауэрдың беделі мен саяси салмағы зор болғаны соншалық, оның шешімдеріне ешкім – не оның партиясы, не сырттағы басқа ұйымдар қарсы шығып, наразылықтарын білдіре алмаған. Ресми саясатты басқарушы жоғарғы орган болып іс жүзінде парламент емес, федералды канцлер есептелді. Канцлердың мекемесі министрліктерге бақылау жүргізген, ал бундестагтағы ХДС/ХСС партияларының көпшілігі арқылы парламентке бақылау орнатылды. [2]
Аденауэр саясаты әлеуметтік нарықтық экономика мен «жаңа Еуропадағы жаңа Германия» атты екі ұстаным негізінде жүзеге асырылды.
Аденауэр және оның серіктестері 1949 жылы ХДС/ХСС-тың Дюссельдорф тезистарында әлеуметтік нарықтық экономиканың теория негіздерін жариялаған және сол уақыттан бері теория түпкілікті өзгерістерге ұшырамай, тек қана толықтырылып, дамып отырды. Баяндаманың басты мәнін Аденауэр: «Экономиканың капиталистік жүйесі немістер өмірлерінің саяси және әлеуметтік мүдделеріне сәйкес келмейді. Неміс экономикасының жаңа құрылымы шексіз үстем етуші капитализм жүйесінің уақыты біткенін білдіретін дәйекке негізделуі тиіс» - деп анықтайды. Әңгіме ең бастысы жұмысшылар мен жалдамалы еңбек атқарушы адамдар үлесін көбейтуінде, жалдамалы еңбеккерлердің қолындағы «дүние-мүлкін қалыптастыру» жолымен еңбек етушілердің «депролитаризациясы», сонымен қатар, жұмыссыздар мен еңбекке жарамсыз адамдардың өмір сүру деңгейлерінің лайықты болу мәселелерін қамтыды. [2]
Бұл мәселелерді шешудің алғашқы қадамы «әлеуметтік» үй құрылысы, соның ішінде қаражат есебінен жұмысшыларға арнап біршама арзан үйлер мен пәтерлер салудан басталды. Келесі қадам тек қана зейнеткерлік салым мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар ЖІӨ-нің пропорциялы түрде ұлғаюына орай өсуіне де байланысты болатын «ширақ» зейнетақы, ауруға байланысты сақтандыру және балаларға көмекпен қамтамасыз ету негізінде жасалынды. Жинақ кассасына ақша салып қоюшыларды салықтық жеңілдіктермен қамтамасыз етіп, ақшалай салымға пайыздық мөлшерлемені жоғарылатып және арнайы түрде мемлекеттік қаржы сақтандыру ақысынан жинақ ақшаға төлемдер орнатуды қолданған. Жеңілдік бағамы бойынша жалдамалы еңбек етуші жұмыскерлерге сатылатын «халықтық акциялардың» шығару жолдары бойынша акционерлік капиталдың «таратылуы» жүзеге асырылды. оны қамтамасыз ету үшін «Пройссаг», «Фольксваген» және ФЕА мемлекеттік концерндер жартылай жекешелендірілді. Жұмысшылардың өздері қызмет ететін кәсіпорындардың инвестициялық қорларына жалақының бір бөлігін жұмсау әрекеттері де ынталандырылды. [2]
Аденауэрдың билік басындағы алғашқы бес жылдың өзінде ЖІӨ 48%-ға, ал нақты жалақы 80%-ға өсті. Бүкіл әлемде «неміс экономикасының кереметі» жайлы аңыздар ауыздан ауызға айтылып жүрді. Өсу қарқыны алдағы уақытта да тұрақты болып қала берді. 1950-ші жж. соңында Аденауэр құрған Германия Батыс Еуропадағы елдер арасында ең қуатты және ең ширақ экономикасымен белгілі болды. [4]
Аденауэр өзінің
француз әріптесі Шарль де Голль
секілді еуропалық
1951 жылы 3 желтоқсанда Лондон қаласында Аденауэрдың Дүниежүзілік еврей конгрессінің төрағасы Наум Голдманмен құпия кездесуі өтті. Кездесудің құпия түрде өтілуін Голдманның өзі қалады, себебі бұрында болған Холокостпен кездесу әлі де оның жадында еді және кез келген, тіпті ұлтшыл емес неміс саясаткермен кездесу Голдманның абыройына нұқсан келтіруі мүмкін еді. Голдман Германияның Екінші Дүниежүзілік соғыста жеңіп шыққан елдерге соғыс зиянын өтеу мақсатында төленетін репарациялармен қоса еврей ұлтына 1,5 миллиард доллар көлемінде ақша төлеу қажеттілігі жайлы өз қалауын білдіреді: бір миллиард долларды Израиль мемлекетіне және жарты миллиардын бүкіл дүниежүзіндегі еврей ұйымдарына төлеу міндеттелді. Қазірдің өзінде бұл қомақты ақшаны құраса, сол кезде соғыста қираған Германия үшін ақшаның бұл соммасы мүлдем есепсіз болды. Голдман Аденауэрдың аталған бағаға келісімін бермей, ашуға барады деп күткен еді, алайда Аденауэр бір ауыз сөз айтпай, мүлтіксіз келіседі. Аденауэр болар іс болып қойғаннан соң министрлер кабинетіне мәлімдейді, олар осындай көлемдегі ақшаны табу мүмкін емес екендігін айтып бағады, бірақ Аденауэр табандылық танытады. «Германияның жақсы атын жартылай болса да қайтару үшін аталған төлем өте төмен ақы» - деп Аденауэр бекем ой түйеді. Кейін ақша да табылады. [2]
Сонымен қатар, Аденауэр өз елі үшін коммунистік экспансияға қарсы батыстық демократиялық әлемнің қиын, әрі қауіпті алдыңғы бекінісі рөлін атқару мақсатын тағайындайды. Аденауэр Батыс пен Шығыстан бірдей қашықтықта орналасуды білдіретін елдің бейтараптық статусына айырбас ретінде Германияның бірігуі туралы сталиндік уәделерден бас тартқан. Ол бұл уәде берушілікті жай ғана сылтау, 1948 жылы Чехославакиямен болған жағдай секілді тікелей Мәскеу елінің жаулап алушылық саясаты деп таныды. «Құрамына азат Геманияны қосу арқылы ғана Еуропа қызыл топан суға қарсы бөгет сала алады», - деп өз ойын білдірген. Сонымен қоса, Аденауэр: «Біз Еуропадағы жаға шекараны бекітетін, не өзгертіп, жылжытатындармен салыстырғанда өзге көзқарас қажеттілігін біз қазір білеміз. Еуропа халықтарының бірлігіне негіз бола алатын шаруашылық аймақтарды қалыптастыру мақсатында шекараларды жоюымыз қажет» - деген қорытындыға келген. Сондықтан Аденауэрды уақыт өте келе Еуропалық одақ деген атаумен ұлы халықаралық ұйымға айналған Еуропадағы көмір және болат бірлестігінің, Еуроатом мен Еуропалық экономикалық қауымдастықтың негізін салушы тұлға ретінде тану әбден жөн. [2]