XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы Латын және Солтүстік Америкадағы халықаралық қатынас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 16:51, реферат

Краткое описание

Америка континентіндегі гегемонияны алу үшін АҚШ сол кезде өте танылған панамериканизм козғалысын (ол американдық мемлекеттердің қызығушылығының бірлігін уағыздаған) кең көлемде пайдаланды. 1869-1890 жылдары АҚШ алғашқы американаралық конференцияны шақырды. Онда 1910 жылы "Панамерикандық одақ" деген атауға өзгертілген жанында тұрақты коммерциялық бюро құрылған өзара - экономикалық ақпаратты алмасу мақсатында американ мемлекеттерінің Халықаралық Одағы құрылды.

Содержание

1. АҚШ-тың сыртқы саясаты
2. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Латын Америка елдері және ондағы шиеленістер
3. Рузвельттің "Үлкен шоқпар" саясаты және АҚШ-тың Орталық Американың Кариб бассейніне қарулы интервенциясы. "Доллар дипломатиясы" және АҚШ -тың Латын Америкасы елдеріне экономикалық енуі
4. Халықаралық қақтығыстардың шиеленісуі

Прикрепленные файлы: 1 файл

4136_XIX___XX_______.doc

— 122.50 Кб (Скачать документ)

 

Интервенция қаупін жою үшін Никарагуа  президенті жұмыстан кетті. Оның орнына 1910 жылы Хосе Мадрис келді. Оның күштері  Блуфилдс қаласындағы қарсыластардың негізгі базасын қоршады. Сол  кезде жақын маңдағы американ кемелерінен десанттар келіп  түсті. Бұл жағдайда қалаға басып кіруді жалғастыру АҚШ-қа соғыс жариялау деген сөз еді.

 

Мадрис бұл жағдайдан шығу жолын  таба алмай биліктен кетіп, орнына конгресс мүшесі Хосе Долорес Эстрада келді. Эстрада бүлікшілердің жетекшілерінің бірінің ағасы болды және ол АҚШ-пен қақтығысқа баруды қаламады. Көп ұзамай бүлікшілер астананы алды. «Жеңімпаздар» арасында билік үшін күрес басталды. 1912 жылы тамызда АҚШ-тың теңіз әскері Никарагуа территориясына тәртіп орнату үшін келді. Жаңа президент Адольфо Диас Құбыр қүрылысына және американдықтарға сауда жеңілдіктерін беруге қатысты шарттарына көнгеннен кейін ғана, 1913 жылы қаңтар айында әскерлер территорияны босатты. Мұндай көнпіс басшыны қолдау үшін Никарагуаға қарыз берілді. Оның көлемінің көп болуы және пайыздық өсімінің соншалыты жоғары болуы Никарагуаны АҚШ-қа тәуелді етті.

 

Осы кезде 1914 жылы Панамада мұхитаралық  кұбырдың құрылысы аяқталды. Бұл канал  АҚШ үшін Орталық Америкаға экспансия  жүргізуге жаңа мүмкіндіктер ашты.

 

Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Латын Америкасына экспансия жөнінен АҚШ (1069 млн.долл) Англиядан (1148 млн.долл) қалып отырды.

 

1914 жылы басталған дүниежүзілік  соғыс Латын Америкасының Еуропамен  дәстүрлі байланыстарын үзді. Кофенің,  еттің, мыстың экспорт мөлшерінің  азаюы осы тауарларды сататын  елдердің экономикасын құлдыратты. Экспорттың, өндірістің мөлшері азайды, инфляция мен жұмыссыздық күннен күнге артты. Бұл екі жылға созылды. Соғыстың алғашқы жылдарында антиағылшындық және антиамерикандық ықпалдың әсерінен Латын Америкасы елдерінде прогермандык көңіл-күй қалыптасты. Алайда, немістер бастаған теңіз астындағы аяусыз соғыс бұл жағдайды өзгертті. Бұл соғыс Еуропа мен сауда коммуникациясын бұзды, АҚШ-пен экономикалық байланыстардың нығаюына сәйкесінше Латын Америкасы өміріндегі АҚШ рөлінің артуына әкелді. Сондықтан 1917 жылғы 6-сәуірде АҚШ Германияға соғыс жариялаған кезде Латын Америкасының көптеген елдері бұдан үлгі алды. Ең алдымен бұл АҚШ-қа неғүрлым тәуелді Орталық Америка мемлекеттері болды, олардың ішінде тек Сальвадор ғана Германияға соғыс жариялаудан бас тартты. Одақтастар жағына Куба мен Бразилия шықты. Перу, Боливия, Уругвай, Эквадор және Доминикан республикасы Германиямен дипломатиялық қатынастарды тоқтатты. Қалған мемлекеттер бейтараптылық сақтады.

 

Егер 1917 жылы сәуірде немістер Бразилияның үлкен кемесі «Парана» мен бірнеше кішкене кемелерін суға батырмаған жағдайда Бразилия да бейтараптылық сақтар еді. Бұған жауап ретінде маусым айында Бразилия порттарында 46 неміс кемелері қолға түсірілді. 26-қазанда соғыс жарияланды. Бразилия бұл соғысқа белсенді қатысқан жоқ. Айналып келгенде, олар тек одақтастарды кофемен, қантпен, етпен, каучукпен, пайдалы қазбалармен қамтамасыз етті, Оңтүстік Атлантикадағы Бразилия әскери флотының кемелерін жэне олардың ағылшындықтар жүргізген теңіз операцияларына қатысуын қадағалады.

 

Соғыс кезінде АҚШ Батыс жартышарды немістердің басып кіруінен қорғаймыз  деген сылтаумен Латын Америкасы  елдеріне бірқатар әскери интервенция  жүргізді.

 

1914 жылы Мексикаға бірінші интервенция  жасалған кезде АҚШ өзінің  теңіз әскерін Гаитиға жіберді. Олар өз қимылдарын қауіпсіздік қажеттілігі деп түсіндіріп, бұл операцияны онсыз да тәуелді жергілікті үкіметті өзіне бағындыру үшін пайдаланды. Алдымен олар американдықтарға Гаитиға қаржы экономикалық бақылауды орнатуды тапсырды. Себебі, Ақ үй бұл мемелекетті өзінің сауда міндеттерін орындамайды деп тапты. Шын мәнінде, олар Гаитидағы француз капиталын ығыстырмақ болды.

 

Екінші интервенция 1915 жылы шілдеде  Гаитида үкіметке қарсы бүлік  басталған кезде жүргізілді. Американ әскері елде «тәртіп орнату» үшін келді. Американ әскерлері бақылауды өз қолдарына алып, елдегі АҚШ-тың билік етуін созбақ болды. Бұл Гаитиды 1915 жылы қарашада күшпен қабылдатқан келісімшартта көрініс тапты. Мемлекеттің оккупациясы 1934 жылға дейін жалғасты.

 

Бұған ұқсас жағдай Доминикан Республикасында да болды. Ол тіпті 1905 жылы АҚШ интервециясына ұшыраған. 1907 жылы оның үкіметі елді протекторат жағдайына қалдыратын келісімшартқа отырды. 1916 жылы шетелдіктерге тәуелділіктің әсерінен бой алған кедейшілікке деген наразылық көтеріліске ұласты. Тағы да Гаитидегі жағдай сияқты АҚШ қорғаныс мақсаттарымен деп елге өз әскерін енгізді. Елдің үкіметі Американ офицерлерінен құралды. Оккупациялық режим 1924 жылға дейін жалғасты.

 

Соғыс Латын Америкасы елдерін  Еуропа нарығынан үзіп, осы елдегі жергілікті өнеркәсіптік өндірістің өсуіне себепкер болды. Мысалы, Бразилияда 1920 жылы өндіріс орындарының саны 13336-ға жетті, ал ондағы жұмыскерлер саны 275512-ге жетті. Өндірістің территориялық орналасуында айтарлықтай өзгерістер байқалды. Озық технологиялармен жабдықталған және жұмыскерлер саны көп ірі өнеркәсіп орындары пайда болды. Бұл орындарды бу мен ағын судың энергиясын электр энергиясы алмастырды.

 

 

Халықаралық қақтығыстардың шиеленісуі

 

 

 

Еуропадағы соғысты Американ буржуазиясы  өз мүддесіне пайдаланды. 1914 жылдың аяғына таман АҚШ-тың өндірісінің көлемі артты. Өнеркәсіптік өнім ай сайын өсті. Әсіресе жарылыс заттарын шығаратын химия өнеркәсібі дамыды. 1915-1915 жылдары оқ-дәрі зауыттары айына 30 млн. фут (1913 жылы 500 мың фут) шығарды. Әскери жеткізілімдер американ капиталистеріне көп пайда әкелді. Біртіндеп алтын қоры Еуропадан Америкаға тасымалданды. Американдық капиталистері АҚШ-қа құйылған Еуропа банктеріне тиесілі бағалы қағаздардың көп мөлшерін сатып алды.Тіпті соғысушы жақтарға, ең алдымен, Антанта державаларына несиелер ұсынды. 1917жылы сәуірге дейін Антанта елдері АҚШ-тан 2 млрд, доллар, ал Германия - 20 млн. долларға жуық несие алған.

 

Қаржылық капиталдың беделді өкілдері Германия қуатының артуынан қауіптенді. АҚШ-та Германиямен еркін сауданы сактап қалуға тырысқан монополистік топтар болды. Олар президенттен Ағылшын блокадасына қарсы әрекет етуі талап етті, тіпті оны конгресте қаруға эмбарго жүргізумен қорқытты. Алайда Вильсон үкіметі Антантамен тығыз қатынастағы ірі Морган, Дюпон сияқты монополистердің компанияларымен байланысты болды.

 

1917 жылы Вильсон елдің экономикалық  жагдайын түзейтін шаралар жүргізді. Ірі монополиялар басқарған бірқатар  мекемелер құрылды. Бұл ұйым  ел экономикасын әскери жолға  ауыстырумен айналысты. «Экономикалық реттеу» АҚШ-тағы мемлекеттік-монополистік капитализмнің қалыптасып келе жатқанының айғағы болды.

 

Еуропалық соғысқа деген елдің  қатынасы елдегі ішкі қайшылықтарды  шиеленістірді. Соғысқа мүдделі  орта буржуазиялық баспаны, шіркеуді, университет кафедраларын кеңінен пайдаланып, милитаристік үгіттеу жүргізді. Пацифистік орта бейтараптылық сақтауға шақырды.

 

Еуропалық соғыстың әсерінен американдық  социалистерінің арасында сызат  пайда болды. Көшбасшысы Юджин Дебс болған коммунистік партияның сол  қанаты соғысты империалистік деп сынады. Дебс соғысқа қарсы үгіттеу жүргізді. Социалистік партияның сол қанаты 1915 жылы социалистік үгіттеу Лигасын құрды.

 

Социалистік партияның Хилквит, Бергер сияқты өкілдері пацифистік ұсыныс жасады. Бұл жағдай соғыстың сипаты мен  билеуші таптың саясатын дұрыс түсінуге жол бермеді. Басшысы Гомперс болып табылатын Американың еңбек федерациясы ғана үкімет саясатын колдады. 1917 жылы наурызда Американ еңбек федерациясының конференциясында Гомперс оң социалистермен бірлесіп соғыс басталған жағдайда үкіметті қолдау жайлы резолюция қабылдады.

 

1915 жылы әсіресе, 1916 жылы американ  өнеркәсіп орындарында наразылық  танытушылардың саны артты. Осы  екі жыл ішінде 2 млн. адам қатысқан 5000 бүлік тіркелген.

 

Американ - герман қатынастарындағы алғашқы дағдарыс 1915 жылы жазда герман су асты кемесі 128 американдық қаза тапқан жолаушы кемесін суға батырғаннан басталды. Президент Вильсон Берлинге өзінің қатты наразы болғанын жеткізді. «Луйзитиана» сияқты құрамында американ жолаушылары болған «Арабик», «Сассекс» параходтарының суға кетуі ауа райын одан ары бұзды. Вильсон әскер мен флотын кеңейту үшін қолайлы жағдай деп тапты.

 

1915 жылы желтоқсанның басында  Вильсон өзінің жаңа әскери  бағдарламасын ұсынды. «Қорғанысқа  дайындық» әрбір американ азаматының  парызы болып жарияланды. Бұрынғы президент Рузвельт жастарға арналған алғашқы әскери лагерьлер ұйымдастырды.

 

Империалистік соғыстан империалистік  бейбітке қарай бетбұрыспен байланысты 1916 жылғы халықаралық жағдайдағы өзгеріс АҚШ-тың әлемді қайта  бөлісуден құр алақан қаламын ба деген қаупін тудырды. Антантаның жеңісіне деген американ буржуазиясының экономикалық мүдделілігі АҚШ-тың соғысқа араласуға деген талпынысын тездетті. Алайда, Вильсон көптің көзіне соғысты қаламайтын адам болып көрінгісі келді. Германияның 1917 жылы 1 ақпанда теңіз астылық соғыс жариялауы Вильсонның жұмысын жеңілдетті. 2 ақпанда АҚШ үкіметі Германиямен дипломатиялық қатынастарды үзді. Герман дипломаттарының әрекеттері де Вильсонға пайдалы болды. 16 қаңтарда герман сыртқы істер министрі Циммерман Мексика үкіметіне АҚШ - қа қарсы шабуыл жасау үшін одақтасуды ұсынды. Ағылшын тыңшылары бұл жедел хатты оқып алды. Вашингтонда елде осы жедел хаттың басылымға шығуы елдегі соғыстық көңіл-күйді арттырды. Ресейдегі патшаның құлауы соңғы тамшы болды, себебі, АҚШ-тың жоғарғы топтары мұны Ресейдің соғыстан шығуы деп бағалады.

 

Нәтижесінде, 6-сәуірде Германияға соғыс жариялаған Вильсон үкіметі  бұл әрекетті көптің қалауы ретінде  көрсетті. Істің мән-жайын білмейтін  кейбір министрлер 1917 жылы көктемде былай деді: «егер президент шұғыл қадамдарға бармаған жағдайда, кабинеттің ресми ортасында қақтығыс болар еді». Іс-жүзінде бұның барлығы алдын-ала ойластырылған еді.

 

АҚШ-та пролетаризмнің қарқынды өсуіне байланысты ХІХ - ғасырдың соңғы ширегінде  пайда болған экономикалық және әлеуметтік мәселелер оның сыртқы саясатқа және халықаралык мәселелерге деген қатынасын өзгертті. Бұл кезеңде АҚШ-тың әлемдік өнеркәсіптік өндірістегі және әлемдік нарықтағы көшбасшылығы айқындала түсті. Нарықты қайта бөліске салудан қашып құтылу мүмкін емес болды.

 

Экспансиялық  жоспарларды жүзеге асыру үшін АҚШ-тың  әскері мен флоты жеткіліксіз  болды. Сонда милитаристік топтың алдындағы  негізгі мәселе әскери-теңіз флотының қарқынды өсу болды.

 

Америка құрлығында экономикалық және саяси гегемонияға ұмтылған АҚШ панамериканизм қозғалысын шебер пайдаланды. 1869-1890 жылдары АҚШ бірінші американаралық конференция шақырып, американ республикасының халықаралық одағын құру туралы шешім қабылдады. Бүл Одақтың максаты: өзара экономикалық ақпаратпен алмасу және өз ішінде тұрақты коммерциялық бюро ашу. Кейіннен, 1910 жылы, ол «Панамерикандық одақ» болатынын өзгертті.

 

 


Информация о работе XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы Латын және Солтүстік Америкадағы халықаралық қатынас