Трансұлттық корпорация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2014 в 15:34, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып әлемдік еңбек бөлісіне қатыса бастады. Бұл кезеңде елімізде бұрын-соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер байқалды. Осы жаңалықтардың негізіне материалдық өндірістің, бұрынғы экономикалық қатынастардың орнына жаңа қатынастардың пайда болуын, сондай-ақ социалистік деп аталған мемлекеттік және кооперативтік меншіктің орнына көп түрлі меншік формаларының келуі, оның ішінде жеке меншік түрлерінің пайда болуын айтуға болады.

Содержание

1 ТҰК: МӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
2 Трансұлттық корпорациялар жайында жалпы түсiнiк
3 ҒАЛАМДАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰК ОРНЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
4 Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясына сәйкес ТҰК-тің даму бағыттары
5 ТҰК «ТеңізШевройл»

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

ТНК.doc

— 241.00 Кб (Скачать документ)

Тақырыбы:Трансұлттық  корпорация

 

1 ТҰК: МӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ

2 Трансұлттық корпорациялар жайында жалпы түсiнiк

3 ҒАЛАМДАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ    ТҰК ОРНЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

4 Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясына сәйкес ТҰК-тің даму бағыттары

5 ТҰК «ТеңізШевройл»

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді  ел болып өз экономикасын дамытуға  мүмкіндік алып әлемдік еңбек  бөлісіне қатыса бастады. Бұл кезеңде елімізде бұрын-соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер байқалды. Осы жаңалықтардың негізіне материалдық өндірістің, бұрынғы экономикалық қатынастардың орнына жаңа қатынастардың пайда болуын, сондай-ақ социалистік деп аталған мемлекеттік және кооперативтік меншіктің орнына көп түрлі меншік формаларының келуі, оның ішінде жеке меншік түрлерінің пайда болуын айтуға болады. Меншіктің жекешелендіріліп, мемлекет иелігінен алынуы әкімшілік жүйенің құлауына жол ашты.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 2030 жылға арналған стратегиялық концепцияда және соңғы жылдары қабылданған өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды ілгері дамыту, импорт алмастыру, ұсақ және орта бизнес бойынша құжаттарда кәсіпкерлікті өркендету міндетін алға қойды. Осы ізгі міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруда кәсіпкерліктің түрлі формаларын пайдалану еліміз үшін, оның ішінде қазақ халқына тән кәсіпкерлікті кеңінен ұлғайтуда маңызы арта бермек.

Трансформациялық  жағдайда кәсіпкерліктің түрлері туралы мәселе ұдайы өндіріс тұрғысынан маңызды. Себебі, егеменді мемлекет болып даму үшін бизнестік құрылымдар әлемдік деңгейге көтерілуі тиіс. Сонда ғана ҚР-ң болашақта қарқынды дамып, әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылуына мүмкіндік туады.

ТҰК  қазіргі экономика дамуының негізі  болып табылатын елдер тәжірибесі  негізіндегі  кәсіпкерлік қызметтің  формасы ретінде оны ұлттық  экономика дамуының стратегиялық  факторы ретінде тануға болады. ҚР экономикасы дамуындағы ТҰК  алатын орны мен маңызын айқындадық және оның ел экономикасына сәйкес қолдануда ынталандырушы сипатын белгіледік.

    Постиндустриалды кезеңдегі фирманың  негізгі түрі ретіндегі корпорацияның  артықшылығы осы кезеңнің жандануына  алып келді. Кәсіпкерлік қызметтің  акционерлік формасы капитал ресурстарын жинақтауды жалдамдатады, басымды дамуын қажет ететін салалардың шоғырландыру мүмкіндігін ұлғайтады. Жалпы, кәсіпкерліктің жаңа формаларының дамуы концерндердің, холдингтердің, қаржы топтарының, траст компанияларының құрылуынан көрінеді.

    Кәсіпкерліктің институционалды  формаларының ерекешелігін қарастыру  корпорация түрлерін талдаудан  басталды. Трансұлттық корпорациялар  қазіргі әлемдік қаржылық капиталдың  бүкіл қуатын қамтиды. Бұл корпорациялардың  ерекшелігі корпорациялар арасындағы қатынастарда орталықтандыру тенденцияларын күшейтеді. Трансұлттық корпорациялардың экономикалық формасы ретіндегі франчайзингті елімізде қолдану аясының мүмкіндігі де жоғары. ТҰК-ң институционалды формалары қаржы өнеркәсіптік топтардың ерекшелігі ірі өндірістік корпорациялар, банктік құрылымдар, қаржы-сауда капиталының шоғырлануы арқылы дамыған мемлекетімізде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ете алуы. Қаржы өнеркәсіптік топтардың аграрлық секторда құрылу мүмкіндігі, агробизнестің тиімділігін арттырудағы оның ролі мен осы саладағы ерекшелігін айқындайды.

    ТҰК құрылымның тиімділігі  – олардың аймақтық және институционалдық негіздерінде ұлғайтылатындығын білдіреді, сондай-ақ оларды пайдаланатын көрсеткіштер тобына тәуелді болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ТРАНСҰЛТТЫҚ КОРПОРАЦИЯ: МӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ

 

Корпорация фирманың ерекше  түрі ретінде индустриалды  дәуір жағдайында пайда болып, көлемін үлкейту жолымен бәсекелестікке бейімделуді өзіне мақсат етіп қойды. Корпорацияның бір түрі – акционерлік қоғам және оның түрлері.

Кәсіпкерлік түрлерінің одан  әрі дамуы шаруашылықтық қосу тенденциясын біріктіру ретімен қатар, бағалы қағаздар түріндегі жалған капиталды белсенді пайдалануды бірге жүргізетін кәсіпорындардың қызметінен көруге болады. Басқа фирмалардың бақылаушы акция пакеттеріне немесе пайларындағы үлеске иелік ету жолымен олардың қызметтерін бақылайтын және басқаратын және осы қызметтен пайда табатын холдингтік компаниялар немесе холдинг-фирмалар кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі. Бақыланатын кәсіпорындар холдингте өз дербестіктерін іс жүзінде сақтайды, алайда экономикалық жағынан ол тұтас бір кәсіпорын болып табылады.

Холдинг өзіне бағынышты кәсіпорындарды, олардың өндірісін, өнім өткізуін, қаржыландырылуын қамти отырып, тұтас бір кәсіпорын ретінде  басқарады. Бұл жағдайда толық бақылау жасау үшін тиісті ұйымдық құрылымдардың, соның ішінде еншілес кәсіпорындардың қаржысы есебінен, сондай-ақ артықшылығы бар акциялардың есебінен кейде капиталдың бірнеше пайызы жеткілікті болады. Биржада – қоғам өзінің кез келген кәсіпорнының акцияларын сатуға және басқаларын сатып алуға мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек, холдинг өзі бақылайтын кәсіпорындардың табысы мен зиянын қайта бөле отырып, баланстарын басқару мүмкіндігін береді.

    Бизнесті ұйымдастыру  жөнінде, экономикалық теорияда – холдингтермен қатар, траст компанияларын немесе траст-фирмаларды бөліп қарайды. Олар өз акцияларын беріп, орнына өзгенің меншігін басқаруға маманданған. Бизнестің бұл түрі трастілік (сенімді) қатынастар деген атауға ие болды. Өз меншігін трастының басқаруына сеніп берген мүлік иесі, трастқа салынған жалпы меншіктен түсетін пайданың белгілі бір бөлігін және ол таратылған жағдайда түсімнен үлес алуға мүмкіндік беретін траст акцияларының тең иесі болып саналады. Капиталды біріктірудің бұл түрін АҚШ-та синдикат құруға тыйым салған заң шықаннан кейін 1887 жылы мүнай синдикатының заңгері Дод жасаған. Бірақ 1890 жылы тиісті заң қабылданғаннан және 1893 жылы холдингтік компаниялар құруға рұқсат берілгеннен кейін ғана трасттілердің көпшілігі холдинг түріне көшті

Индустриалдандырудан кейінгі  жағдайда корпорация ірі масштабты  өндіріс пен бөлудің әр түрімен  көрінді. Технологиялық  тұрғыдан  қарағанда корпорацияның даму  тенденциясы көлбеу интеграциядан  тік интеграцияға өтуде. Өндірістік  түрде қазіргі корпорациялар  капиталды біріктірудің кең спектрімен көрінеді.

Капиталды біріктірудің  неғұрлым кең тараған түрі  өнеркәсіп, көлік, сауда, несие және басқа да салалардың жеке кәсіпорындарын заңдылық және шаруашылық жағынан біріктіретін қаржылық топтар болып табылады. Қаржылық топтың концерннен айырмашылығы, оның басында топқа кіретін компаниялардың ақша капиталына билік жүргізетін бір немесе бірнеше банк тұрады, сондай-ақ олардың қызметтерінің барлық салаларын үйлестіреді. Бірлестіктердің басқа түрлерімен салыстырғанда қаржылық топ ұйымдық рәсімделудің қарапайымдылығымен ерекшеленеді. 

Қаржылық топқа кіретін  әрбір фирма өз бетімен халықаралық  сауда мәмілелерін жасай алады. Алайда, холдингтерде сияқты, қаржылық  топтың ядросы - бас компания, қалғандары шаруашылық дербестігіне  қатысты неғұрлым маңызды шешімдерді қабылдайтын орталыққа  айналады.

    Қаржылық топқа кіретін өнеркәсіптік кәсіпорындар рынокты өзара бөліседі, баға туралы келісіп, рыноктарға шығуларды үйлестіреді және картельдік келісімге ұқсас қызметпен айналысады. Сонымен қатар, мынадай айырмашылығын атап өту қажет: бұл жұмыс картельде екі немесе бірнеше фирма арасындағы жалған немесе астыртын келісім негізінде жасалса, қаржылық топта  күнделікті шаруашылық тәжірибе түрінде жүргізіледі.

Корпоротивтік  секторлар - рационалды түрде капитал жинақтау, инновацияларды қабылдау, корпорацияаралық үйлесімді байланыстар мен тікелей тиімді өндірістік нәтижелер. Қазіргі бизнес дамитын корпорацияның негізгі түрі, сондықтан да қазіргі кәсіпкерлікті талдау – корпорация түрлерін талдаудан басталады. Ал, корпорацияның қызметі, ең алдымен, ішкі қызмет тиімділігін және дамудың сыртқы факторларын анықтаумен байланысты.

    Корпоративтік кәсіпорынның құрылымдық элементтерінің параметрлері ерекше. Сонымен бірге, фирманың қазіргі теориясында корпоративті ұйымның екі түрін: қалыпты корпорацияны және корпоративтік мәдени кәсіпорнын бөліп қарауға болады.

    Қалыпты корпорация мына сипаттарымен ерекшеленеді:

а) өндірістің тік (вертикалды) интеграциясы арқылы;

б) өзін өзі инвестициялау қабілеттігімен;

в) фирмалардың өндірістік, инновациялық  және технологиялық мүдделерінің  бірігуімен сипатталады.

    Корпоративті  мәдени  кәсіпорнында экономикалық параметрмен  қатар  экономикадан тыс факторларға (корпоративтік пікірлестік және корпоративтік жауапкершілік, жеке меншік кәсіпорынға қарағанда оның қоғамдық пайдаға ұмтылуы) әсеріне көп үлес беріледі.

     Корпорация жалпы алғанда, заңды тұлғалар бизнесін ұйымдастырудың акционерлі негізделген түрі. Оның мақсаты - акция ұстаушылардың ресурстар сатып алу, активтерге иелік ету, өндіріс факторлары рыногында (әсіресе, тауар және қаржы рыногында) мәмілелер жүргізу мүмкіндігі болып табылады.

    Корпорацияның оң жақтары, оның мына сипаттарынан көрінеді:

  • біріншіден, оның жоғары тиімділігі ақша капиталын тарту саласында. Корпорацияға корпоративтік бағалы қағаздарды сатып алу және сату жолымен қаржыландыру және қаржы салу (инвестициялау) әдісі тән. Бұл қаржы ресурстары рыногында екі жақты нәтижеге жеткізеді: бір жағынан, оларды жинақтауға мүмкіндік береді, екінші жағынан,  банк кредитін қиындықсыз алуға жол ашады;
  • екіншіден, жауапкершілігі шектеулі қағидасымен арқылы негіз жасау. Корпорация иелері-акция ұстаушылары бағалы қағаз үшін төленген ақшаны ғана тәуекелге тігеді. Дәл осы принцип ақша капиталын қосымша тарту проблемаларын шешуді жеңілдетеді;
  • үшіншіден, корпорация заңды тұлға болғандықтан, оның иелеріне, осыған байланысты өзінің лауазымдық қызметкерлеріне тәуелді емес. Сонымен, корпорация, бизнестің басқа түрі жете бермейтін белгілі тұрақтылыққа ие. Бұл келешекке жоспар құруға және өсім жоспарлауға мүмкіндіктер ашады.

  

2 Трансұлттық корпорациялар жайында жалпы түсiнiк

Трансұлттық корпорациялар – шет елдерде активтері бар ұлттық монополиялар. Олардың өндірістік және сауда-өткізу қызметтері бар мемлекеттің шеңберінен шығады.

    АҚШ-та корпорация деп акционерлік қоғамды атайды, ал қазіргі трансұлттық корпорациялардың көбісі халықаралық американдық компаниялар экспансиясының нәтижесінде пайда болғандықтан, бұл термин олардың анықтамасына енгізілді.

    Трансұлттық корпорациялардың құқықтық режимі әр түрлі мемлекеттерде филиалдар мен еншілес компаниялардың  құрылуы арқылы іске асырылады. Бұл компанияларда дербес өндіріс қызметі, дайын өнімді өткізу, ғылыми зерттеулерді әзірлеу, тұтынушыларға қызмет көрсету және т.б. қызмет түрлері атқарылады. Филиалдар мен еншілес компаниялар мемлекеттің қатысуының басымдылығымен аралас компаниялар болып есептеледі.

    Көпұлттық корпорациялар – бұл өндірістік және ғылыми-техникалық негіздегі бірнеше мемлекеттердің ұлттық компанияларын біріктіретін халықаралық ұжымдар. Мұндай компанияға 1907 жылдан бері жұмыс істеп жатқан ағылшын-голландиялық “Роял-Датч шелл” концерні мысал ретінде келтіріледі. Бұл компанияның қазіргі капиталы 60:40 қатынасында бөлінеді.

    Көпұлтты корпорациялар машина жасайтын, электронды инженерлік салада мамандандырылған Еуропадағы әйгілі швейцар-швед АВВ компаниясы. АВВ-ң ТМД мемлекеттерінде бірнеше бірлескен компаниялары бар. Көпұлтты корпорациялардың алғы тобына Еуропадағы ағылшын-голландияның химия-технологиялық “Юнилевер” концерні жатады.

    Халықаралық құқықтың тұрғысынан көпұлтты корпорациялардың айырмашылығы:

-көпұлтты акционерлік капиталдың  болуы;

-көпұлттық басқару орталығының  болуы;

-шетел филиалдарының әкімшіліктеріне  жергілікті жағдайды білетін кадрларды пайдалану.

 Трансұлттық корпорациялардың халықаралық рыноктарды жаулап алуының ең жаңа формаларының бірі - олардың шетелдерде арнайы инвестициялық компанияларды құруы. Бұл құрылымдардың міндеті - ТҰК-ның еншілес және серіктес компанияларына инвестициялар құю, олардың аумақтық рыноктарға өнімдерінің жылжуын ынталандыру болып табылады. Мұндай тәсілді негізінен алкогольсіз сусындарды сататын Африкадағы “Пепси-Кола” және “Кока-Кола” сияқты ірі халықаралық компаниялар қолданады.

    Алдағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттер үшін дәл осы шетелдік қызмет түрі олардың ТҰК-ның шетелдік қызметі сыртқы экономикалық байланыстарын анықтайды.

 

 

 

 

 

3 ҒАЛАМДАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰК ОРНЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

 

Трансұлттық және көпұлттық  корпорацияларға халықаралық компаниялардың ішінен бөлініп шыққан өркениетті корпорацияларды қосуға болады. Олар ХХ ғасырдың 80-ші жылдары дами бастады. Өркениетті корпорациялар қазіргі әлемдік қаржылық капиталдың бүкіл қуатын қамтиды. Химиялық, электро-техникалық, электронды, мұнайлы, көлікті, ақпаратты, банкті және т.б. кейбір салалар глобализацияның қарқынды дамуын білдіреді.

Информация о работе Трансұлттық корпорация