Орталық Азиядағы иаспора

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 19:58, реферат

Краткое описание

Диаспора- грек тілінде белгілі бір халықтың (этникалық қауымның) біраз бөлігінің өз елінен тыс өңірге орын тебуін білдіретін ұғым. Диаспораның күштеп ығыстыру, жойылып кету қаупінің төңуіне байланысты да қалыптасуы ықтимал. Ал диаспорология болса, диаспораның қалыптасу және өзгеру тарихы мен динамикасын зерттейтін ғылым саласы. Біздің елімізде қазақ диаспорасының пайда болуы мен өзгеру мәселелерін арнайы қарастыратын ғылым саласы қалыптасты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диаспора.docx

— 47.11 Кб (Скачать документ)

Диаспора- грек тілінде белгілі бір халықтың (этникалық қауымның) біраз бөлігінің өз елінен тыс өңірге орын тебуін білдіретін ұғым. Диаспораның күштеп ығыстыру, жойылып кету қаупінің төңуіне байланысты да қалыптасуы ықтимал. Ал диаспорология болса, диаспораның қалыптасу және өзгеру тарихы мен динамикасын зерттейтін ғылым саласы. Біздің елімізде қазақ диаспорасының пайда болуы мен өзгеру мәселелерін арнайы қарастыратын ғылым саласы қалыптасты. Сондай-ак қазақ диаспорасын зерттеумен тарих ғылымы ғана емес, этнология,демография, ұлттық психология, т.б. ғылымдар айналысуда. Бұл ғылым салалары қазақ этносын өздеріне тән әдіс-тәсілдермен жан-жақты зерттеу үстінде. Диаспорология осы аталған ғылыми бағыттар жинаған деректерге талдау жасайды. Сөйтіп, белгілі бір бөлігі өзінің этностық отанынан тыс өмір сүріп жатқан этнос туралы тұтас білімдер жүйесін қалыптастырады. Басты мәліметтер ретінде диаспораның қалыптасу себептері мен кезеңдеріне қатысты тарихи дәйектер мен оқиғалар, диаспораның мәдениеті, дәстүрі, тұрмысы, саны жөнінде түрлі деректер, жас-жыныстық, кәсіби құрамы, т.б. деректер алынады. Қазақстаннан тыс жерде өмір сүріп жатқан қазақтардың басым бөлігін қазақ ирреденталарына жатқызуға болады. Қазақ диаспорасы қазақтардың Қытайға, Орталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан, Иранға, одан әрі Үндістан, Пәкетан, Түркияға қоныс аударуының нәтижесінде дүниеге келді. Қазақ диаспорасы біртекті емес, әр типті, өйткені ол ұзақ уақыт бойына, әр қилы жағдайларда қалыптасты. Қазақ диаспорасы басым түрде саяси күштеу шараларының салдарынан пайда болды. 1960 жылға дейін саяси қысым көрсетудің салдарынан болған мәжбүрлік көшіқон, 60-жылдардан кейін экономикалық себептерге, яғни неғұрлым жоғары өмір деңгейін іздеген еркін көші-конға ұласты. 1960 жылдарға дейін дүние жүзі бойынша қазақтардың көшіп- қонуы жаппай сипат алса, одан кейінгі кезеңде жекелеген адамдардың орын ауыстыруына ұласты. Сондықтан Батыс Еуропа, араб елдерінде және АҚШ-та қазақтар шашырап орналасқан. Бірак Түркия сияқты Азия елдерінде қазақ диаспорасының үлкен шоғырын да кездестіруге болады. Қазақ диаспорасын біріктіріп тұрған негізгі нәрсе-олардың өздерін қазақ этносына, оның құрамындағы белгілі бір руға тән екендігін мойындауы, этникалық тілі мен салт-дәстүрін жоғалтпауы. Қазақ диаспорасына тән сипат өзі өмір сүріп жатқан ортасында сандық тұрғыдан азшылык болуына қарамастан өз ерекшеліктерін құндылық ретінде сақтап қалуы. Көшпелі қоғам сыртқы және ішкі жағдайларға бейімделуге икемді ашық жүйе болып табылады. Қазақтар өзінің тектік, рулық бөлінісін қатаң сақтай отырып, дүниені танудың әралуандық сипатындағы өзге діндер мен өзге мәдениетті кеңінен қабылдай алатын ділі бар халық. Қазіргі диаспорология гуманитарлық ғылымның ең бір қызықты бағыты, өйткені қазақ диаспорасының қалыптасу және даму мәселесі олі толық зерттелген жоқ. Бүгінгі қазақ диаспорасы-сыртқы ықпалдарға байланысты ылғи да өзгерісте болатын организм. Қазіргі кезеңде барлық саяси, экономикалық және мәдени үдерістер жаһандық сипат алған жағдайда диаспораның рөлі мен мәніне де көзқарас өзгерген. Диаспора қазіргі жағдайда тарихи отанымен және езі өмір сүріп жатқан елдің өмірімен тығыз байланыста қарастырылады. Орналасу ауданына, шоғырлана өмір сүруіне, саны мен даму деңгейі (білім, мәдени, экономикалық) жағдайына қарай диаспора мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас, ынтымақтастықты күшейтуге әсер етуі мұмкін. Қазақ «ирредентасы» мен «диаспорасы» ұғымы. Бүгінде әр түрлі мемлекеттердің өзара қарым-қатынасындағы тұрақтылық қазіргі халықаралық құқықтар нормасын сақтауга негізделеді. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаты (постулаты) мемлекеттердің аумақтық тұтастығын сақтау. 1997жылы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңында: ...«диаспора-халықтың өзінің тарихи отанынан тыс жерде өмір сүретін бір бөлігі (этностық тобы)»,- деп көрсетілген. Ирредента дегеніміз-этностың өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақ түрлі себептермен өзге ел құрамына еніп, соған байланысты сонда қалып қойған этникалық азшылық. Қазақтардың Қазақстаннан тыс жерлерге орналасуы қазақ халқының өміріндегі бірқатар ірі тарихи оқиғаларға байланысты. Бұл үдеріс айтарлықтай көп уақытты XVII-XVIII ғасырлардан XX ғасырдың ортасына дейінгі кезеңді қамтиды. Осы кезең оқиғалары қазақ диаспорасын қалыптастыруға негіз болды. Қытайдағы қазақ ирредентасының қалыптасуы XVII ғасырда қазақ-жоңғар соғыстары кезінде басталып, XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей Қытай шекарасын белгілеу кезеңіне дейін жалғасқан. Ал Ресейдегі қазақ ирредентасы XVIII-XIX ғасырларда Ресей империясының қазақ жерін отарлауы кезінде қалыптасты. Батыс, Солтүстік және Шығыс Қазақстан шекарасындағы жерлердің 1921 жылгы әкімшілік шекара белгілеу кезінде РКФСР пайдасына бекітілуі Ресейдегі қазақ ирредентасының қалыптасуына негіз болды. Орталық Азиядағы қазақ ирредентасы 1918 жылы Түркістан АКСР-і және 1920 жылы Қазақ АКСР-і құрылуымен байланысты. Бұл бағыттағы келесі қадам 1924-1925 жылдары Орталық Азия мен Қазақстан аумактарын ұлттық-мемлекеттік межелеу болды.Қазақстан аумағынан тыс жерлерде шамамен 4,5 млн қазақ тұрып жатыр. Олардың 1.5 бөлігі ғана диаспораға жатса, қалған бөлігі қазақ ирредентасы. Мысалы, қазақ ирредентасы Қытайда ұлттық үш облыс, екі округ, бір уезді иеленіп отыр. Ал Монғолияда бір Баян Өлгий аймағында орналасқан.

Шетелдердегі қазақ ирредентасы мен диаспорасының пайда болуы [өңдеу]


XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ-жоңғар соғысы тұсында Қазақ мемлекетінің шекарасын анықтау аса зор кажеттілікке айналды. Бірнеше жыл қатарынан болған соғыс кезінде жоңғар жеріне шектес жатқан Жетісу аймағындағы жайылымдар үшін күрес қызу жүрді. Әсіресе «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталған қайғылы жылдарда қазақ халқы азып-тозып, бет-бетіне шашырап кетті. 1723-1725 жылдары, демограф М.Тәтімовтың есебінше, қазақ халқының шығыны 1 млн 100 мың адам болған екен. Қазақтар атамекенінен ауа көшіп, ұлы және Орта жүздің бірсыпыра рулары Орталық Азия мен Ресейге бағыт алды. Осы кеткен қазақтардың көпшілігі отанына қайтып оралған жоқ, өйткені 1758 жылға дейін Жетісудың бір бөлігі, Орталық Азияныңсолтүстік аудандары, Түркістан және Ташкент қалалары Жоңғарияның қол астында қала берді. Жоңғар хандығын Цин империясы жойып жібергеннен кейін қалмақтар басып алған қазақ жерлері де Қытай қарамағына өтіп кетті. Қазақтар дипломатиялық жолмен Тарбағатай төңірегіндегі жайылымдық жерді қайтарып алуға тырысты. 1763 жылы 5 қыркүйекте Қытай императоры Цяньлун Шыңжаң билеушілеріне арнаған арнаулы жарлығында қазақтар мен қырғыздардың Шу, Талас өзендеріаймағында және Іле өзенінен батысқа қарай, Аягөздің оңтүстік жағындағы жерлерде көшіп-қонуына тыйым салды. Тыйымға қарамастан, қазақтар Тарбағатай мен Жетісуға көшуін тоқтатпайды. Сөйтіп, бұл аумақтар екі жақтың арасында дау туғызды. Бұл кезеңде Ресейдің Орталык Азияға ықпалы артып, Цин империясының беделі бәсендей түсті. 1864 жылы 25 қыркүйекте орыс-қытай шекарасын межелеу туралы Шәуешек хаттамасына қол койылды. Бұл келісім бойынша Қытайдың Ресеймен батыс өлкесінің шекарасы анықталды. Шекара сызығын жүргізу кезінде Тарбағатайдағы қазақтардың жайылымы Цин империясына ауысып, жергілікті қазақ рулары Қытайдың боданына айналады. Ливади (1879 ж. 20 қыркүйек) және Петербург (1881 ж. ақпан) келісімшарттары бойынша Іле өлкесі Қытайға тиесілі жер болып бекітілді. Орта жүз бен ұлы жүздің біраз бөлігі, көбінесе найман,албан және керей рулары Батыс Қытайдың қол астында қалып қойды. Сөйтіп, халықтың негізгі құрамынан бөлініп қалған қазақ шоғырлары алғаш рет қазақ-қытай шекара сызығын белгілегенде пайда болды. Шет мемлекеттердегі қазақтардың тарихы мынадай жағдайда қалыптасты. Бірінші кезең-XIX ғасырда Қазақстан аумағын Ресей империясы мен Циндік Қытай мемлекеттерінің бөліске салуы нәтижесінде Алтай өңірі мен Жетісу қазақтары Монғолия мен Шығыс Түркістанда қалып қойды. 1883 жылы Шығыс Түркістан қазақтарына бір жылдың ішінде екі мемлекеттің біреуін таңдау міндеті қойылды. 1884 жылыМаньчжур Цин империясы Жоңғария жерлеріне Шыңжаң (Жаңа өлке) деген атау беріп, өзінің қол астына ресми түрде қосып алды. Алайда шекаралық аудандағы қазақтар шекараны әрі-бері кесіп өтіп көшуді көпке дейін жалғастыра берді. Осылайша Қазақстанмен шектесетін Шығыс және Оңтүстік-Шығыс өңірлерде ирридент қазақтар алғаш рет пайда болды. Бұл қазақтардың әр түрлі мемлекеттердің кұрамына бөлшектенуі ұлттың біртұтастығына зиянын тигізіп, ұлттың бір-бірінен ажырап, бір бөлігінің оқшаулануына әкелді. Дегенмен Қытайдың қол астындағы қазақтардың Ресейдің құрамындағы қалың қазақ еліне қосылуға деген табиғи ұмтылыстары сақталып қалды. Кейін оларға Ресейдің отаршылдық езгісінен қашқан қазақтар қосылды. Ал қазақтардың бір тобы жаңа жер іздеп Ертіс бойымен XIX ғасырдың басында Алтай аймағына көшіп барады. Алтай тауының Өр және Теріскей бөлігі Шыңжаң әкімшілігіне қарады.1912 жылы құрылған Монғолия мемлекетінің құрамына Қобда қазақтары да енді. Екінші кезең-1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басып жанышталғаннан кейін қазақтардың жаппай ауа көшуі байқалды. Ресей әскері Шыңжаңға өтпекші болған қазақтарды зеңбірекпен атқылайды. Қазақтардың біразы қырылып, қалғаны Қытай шекарасына қарай қашады. 1916 жылы Қазақстаннан Қытайдағы Шығыс Түркістанның Іле, Шәуешек, Алтай аймақтарына кеткен босқын қазақтар мәселесін Шыңжаң үкіметі бейбіт түрде шешуге тырысып бақты. Шекараны бұзып барған қазақтарды бейбіт, мәмілегерлік тәсілдермен кейін қайтарып жіберуге бар күшін салды. Себебі, Тарбағатайдағы шағын қытай әскерінің саны көп босқындарды тоқтатуға әлі келмеді. Сонымен бірге босқындармен немесе орыс әскерлерімен қақтығыс Шыңжаң өлкесінде де дүрбелең туғызуы мұмкін еді. Қытайға қарай толассыз ағылған босқындар легін тоқтатуды талап етіп Іле өлкесінің бас бақылаушысы Ресей елшісіне наразылық нотасын да тапсырады. Қытай үкіметі босқын халықты өз еліне қайтару мақсатында әскер шығарады. Қытайдағы «босқын қазақтар» мәселесі Қытай үкіметін де біраз әуре-сарсаңға салды. Шыңжаңда оған дейін де 500 мыңдай тұрғылықты қазақтар болды. 1916 жылы Орталық Азия мен Қазақстаннан барған қазақтар Іле, Тарбағатай, Алтай, Ақсу, Қашқар аймақтарына қоныстанды. Әсіресе ауа көшу Жетісуды көбірек қамтыды. Ашыққан, күйзелген адамдар тобы Қытаймен шекараға жақын өңірлерге ығысты. Үрімші, Қүлжа, Ақсудағы босқындар лажсыздықтан тиын-тебен үшін бай қытайларга жалданды. 1917 жылы Іле бойына келгендердің көп бөлігі 200 мыңдай адам Қазақстанға кайтарылды. Алайда алғашқы қайтқан қазақтарды Қаракөл деген жерде оқтың астына алып, 700 адам қаза тапты. Бұл қыргынды естіген калған бөлігі Қытайдан кетуден бас тартады. Олар осындағы байырғы қазақтармен араласып кетеді. Қазақ ирредентасының одан әрі кең етек алуына Ресей отаршылдығы да тікелей ықпал етті. Өзбекстаңдағы қазақтар патшалык Ресейдің Орталық Азия мен Қазақстан жерін саяси-әкімшілік жағынан бөлуі барысында пайда болды. Бұл әкімшілік бөлініс халықтардың ұлттық мүддесі және этностық орналасу тәртібімен санаспай жүргізілді. 1867 жылы бұрынғы Қоқан хандығы иеліктері жерлерінде Түркістан генерал губернаторлығына енген Сырдария облысы Ташкент уезінің 28 болысының 17 болысында қазақтар тұрған. Ташкент уезініңШыршық, Қарасу (Тайтөбе) аудандарында қазақтар басым болды. Қарасу, Келес өңіріндегі халықтар түгелдей қазақтардан тұрды. Ал Ангрен тобының Осман болыстығында қазақтар жергілікті халықтың көпшілігін құрады. Жалпы, Ангрен өңірінде көбінесе құрама халықтар мекендеген. Олар әр түрлі ұлттардың қосындысынан туған халықтың бір тобы. Олардың ішінде өзбектеніл кеткен тәжіктер, қалмақтармен бірге қазақтар да болды. Шындығында, олардың тұрмыс-салты, тілі, түр- түлғасы қазақтарға ұқсас. Құрамалардың ішінде қазақ рулары кездеседі. Сонымен, XX ғасырдың басында Ташкент уезінің 64,1% халқын қазақтар мен құрамалар құрады. Ресей өкіметінің қазақтардың жерін тартып алып, орыс шаруаларын қоныстандыруынан Сырдария облысы Ташкент уезі қазақтарының көші-қон аумағы қысқарды. Олар көбінесе отырықшы елді мекендерге баруына тура келді. Өзбекстанның қәзіргі Ташкент облысы аумағындағы қазақтар саны кеми бастады. Олардың бір бөлігі Орталық Азияға ішкерілеп еніп, Бұхарға, Әндіжанға, Ферғанаға, Тәжікстанға, Түрікменстанға қоныс аударды. Мұнда ежелден тұрып келе жатқан қазақтардың орнын қоныс аударған орыс шаруалары басты. 1915 жылға дейін жалпы саны 200 мың қазақтар сыртқа кетуге мәжбүр болды. Орталық Азия мен Ресей Федерациясына іргелес жерлерде қазақтар ежелден-ақ қоныстанып келді. Оларға 1916-1921, 1931-1933 жылдардағы аштық пен голощекиндік геноцидтен қашқандар қосылды. Жалпы, Қаракалпақстаңдағы, Түрікменстаңдағы, Өзбекстаңдағы қазақ диаспорасы да осылай қалыптасты. Ал ат-көліғі барлар одан әрі Ауғанстан, Иран елдеріне асып кетті. Сондықтан Ауғанстан қазақтары, негізінен, Кеңес өкіметінің қысым көрсетуінен Сырдария бойынан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстаннан ауып барғандардан тұрды. 1978 жылы Ауғанстаңдағы төңкерістен кейін қазақтар Иранға өтіп кеткен. Маңғыстау өлкесін мекен еткен адай тайпаларының бір бөлігі көшпенділік салтымен қазіргі Түрікменстан аумағындағы Жаңғақ, Балқантауға дейін мекен етіп келген. Кеңес Одағы құрылғанға дейін қазақтар Жаңғақ, Бесқала маңын атамекені деп санаған. 1897 жылғы халық санағы бойынша.Закаспий облысына енген Красноводск, Ашхабад, Мерв, Тәжен уездеріндегі бүкіл халықтың бестен бір бөлігін (72 589 адам) қазақтар құраған. Демек, аталмыш өңірлердегілерді қазақтар ирредентасы деп толығымен айтуға болады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі кеңестік таптық реформаларға жұт пен аштық сияқты табиғи апаттар қосылып, халық күйзелген жылдары қазақтар Маңғыстау түбегінен Түрікменстанға, одан әрі Ауғанстан, Иран елдеріне кетуге мәжбүр болды. Түрікменстанның Шағадам, Байрамалы, Бесқалада қоныстанған қазақтар тұрмыс салттары, діні мен тілі туыстас түрікмен, өзбек халқымен тез тіл табысып кетеді. Туған жерінен қол үзіп келгендерге түрікмен халқы қонақжайлық көрсеткенін казіргі оралмандар ерекше ризашылық сезіммен атап өтеді. Иран еліндегі қазақ диаспорасы, негізінен, Бендер-Түрікмен, Гүрген, Күмістөбе кенттерінің төңірегінде орналаскан. Ирандағы қазақтар көбінесе Маңғыстау өңірінен кеткендерден тұрады. Иран еліндегі қазақтарды екі топқа жіктеуге болады. Олардың біріншісі Иранға 1930 жылдардың бас кезіндегі аштық жылдарында Маңғыстау өңірінен қоныс аударғандар, екінші тобы- Ауғанстаннан Иранға коныс аударып келгендер. Үшінші кезең-Азамат соғысы жылдардағы қазақтарды күштеп отырықшыландыру және ұжымдастыру жылдарында қазақтардың шетел асуы. Халықтың боскыншылыққа ұшырауының басты себебі-күштеп ұжымдастырудағы асыра сілтеулер, бұрмалаулар мен аштық еді. 1932-1933 жылдары жабық шекарадан өту көп шығынға ұшыратты. Шекара бойындағы ОГПУ қызметкерлері ауа көшкен әлсіз де аш қазақтарды шеп құрып, пулеметпен қарсы алды. Ауа көшу, негізінен, шекаралық аудандарды қамтыды. 1931-1932 жылдардағы аштық кезінде қазақтар Батыс Сібір мен Орта Еділ бойына босып кетті. Олар бұрыннан сол жақта тұрып жатқан қазақ ауылдарын паналады. Орта Еділ, Орынбор өңірінде, Самара төңірегіне Батыс Қазақстан жерінен келген 50 мыңдай адам қоныстанды. Ал Батыс Сібірдің 33 ауданында 1932 жылы 46,6 мыңдай қазақ босқындары тіркелген. 1930 жылдан бастап қазақтардың Орталық Азия жеріне ауа көшуі кең ауқымда жүрді. Көрші республикалар-Өзбекстанға, Түрікменстанға, Тәжікстанға кетті. Қарақалпак жеріне Қазалы, Арал, Шалкар, Темір, Ақтөбе аудандарынан келгендер болды. Оңтүстік Қазақстаннан Орталық Азия республикалары аркылы Ауғанстан асқан қазақтар салыстырмалы түрде көп болған жоқ. Кейін қазақ босқындарын Қазақстанға қайтару жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыста С.Меңдешев көп еңбек сіңірді. Дегенмен босқындардың жартысына жуығы барған жерінде қалып қойды. Өзбекстанның Әндіжан, Хаваст, Самарқант, Қаттақорған, Ташкент ауданындағы босқын қазақтарды да елге қайтару ісі жүргізілді. Қазақстаңда Кеңес өкіметін орнату кезеңінде Кеңес автономиялық республикасын құру мақсатында өкімшілік шекараны анықтау шаралары жүзеге асырылды. Ақгвардияшылар мен интервенттерден босатылған Қазақстан мен Сібір аумақтарында Қырревком (қырғыз (қазақ) революдиялық комитеті) және Сибревком (Сібір революциялық комитеті) құрылды. Сібір жерлерінің азат етілуіне орай Сибревкомға Ақмола және Семей губерниялары бағындырылды. 1921 жылы сөуірде бұл екі губерния Қазақ АКСР-інің құрамына енгізілді. Алайда қазақтар мекендейтін бірқатар аудандар РКФСР-дің құрамында болды. 1926 жылғы 17 желтоқсандағы бүкілодақтық халық санағының деректері бойынша Сібір өлкесінде 48 392 қазақтар өмір сүрген. 1920 жылы тамыз айындағы Қазақ АКСР-і құрылуы кезеңінде батыс шекарадағы бірқатар аумақтар (Астрахан, Саратов облысының кейбір аудандары) республика құрамына кірмей қалды. 1925 жылы астана Орынбордан Қызылордаға ауысқаннан кейін Орынбор мен оның маңындағы жерлер РКФСР-ге берілді. РКФСР- дегі қазақ ирредентасы осылайша пайда болды. Сонымен, Өзбекстандағы, Түрікменстаңдағы, Ресейдегі қазақтардың бір бөлігі өз жерінде тарихи себептермен бөлініп қалғандар тобына жатады. Кейін оларды 1929-1930 жылдары келгендер толықтырды.

Қазақ диаспорасының қоныстану  аумағының кеңеюі [өңдеу]


Қазақ диаспорасының Үндістан, Пәкстан, Түркияға таралуы Қытайдағы оқиғаларға байланысты болды. XX ғасырдың 30-жылдарында Шыңжаңда Ханзу (Қытай) ұлтынан өзге халықтарды ұлттық және діни жағынан кемсіту күшейе түсті. Аз ұлт өкілдері, оның ішінде қазақтар да көтеріліске шықты. 18 мыңдай қазақтар Алтайдан Ганьсу мен Синхайға жер аударылды немесе өздері қашып барды. 4 мыңдай қазақтар оңтүстікке қарай жылжуды жалғастырып, тибеттіктермен соғыса жүріп, 1 жылдан аса көшкен ел 1941 жылы Гималай арқылы Үндістаннық Кашмир қаласына жетті, көп адамдар жолда мерт болды. Бұл босқындар Үндістаңдағы қазақтардың алғашқы ірі толқыны болатын. 1944 жылы Шыңжаңға Гоминьдан әскері енгізілді. Бұл жерде қалған қазақтар тағы да бас сауғалауға кірісті: Олардың бір бөлігі уақытша паналау үшін Шығыс Қазақстан облысының аумағына өтті.

  • жылы Қытайда билік басына коммунистік партия келеді. 1949 жылдардың күзі мен қысында қазақтар қытайлық коммунистермен келіссөз жүргізіп, діни бостандық, көшпелі өмір салтын сақтау және Шыңжаңда еркін көшіп-қонуға рұқсат ету кепілдіктері мәселесін талқылады. 1950 жылы 28 наурызда Баркөл ауданында қазақтардың құрылтайы өтіп, онда Шыңжаң қазақтарының бұдан былайғы тағдыры сөз болды. Туған жерді тастап, туыстарының өмірін сақтап қалу керек пе, әлде тең емес шайқаста айқасып өлу керек пе? Көпшілігі Үндістан бағытында жылжуды жалғастыру керек деп шешті. ОларТибет өлкесіндегі Гималай таулары арқылы 2 мың шақырым жерді жаяу азаппен жүріп өтті.
  • жылы тамыз айында босқындар үш топ болып Үндістан шекарасына жетті. Бұл Кашмирге келген қазақтардың екінші толқыны болатын. Бір айға созылған келіссөзден кейін қазақтар Үндістанға енгізілді. Алайда көп ұзамай Үндістанның тәуелсіздік алуына байланысты қазақтар тағы да қиыншылыққа тап болды. Тілі мен діні басқа елде күн көру оңайға түспеді. Олар мұсылман болғандықтан, жаңа құрылған мұсылман мемлекеті Пәкстанға көшуге мәжбүр болды. Мұнда қазақтар қорғансыз кедейлік жағдайында өмір сүрді. Қытайға қайта оралар жолдары кесілген, Пәкстаңда тұрақтап тұра алмай, азаматтық алу қиындык тудырып, болашак күмәнді болғандықтан, қазақтар түпкілікті қоныс табу мәселесіне қайта оралды. 1951 жылы қазан айында Пешаварда «Қазақ босқындарының шығыстүркістандық қауымдастығы» құрылып, қазақтарды Түркияға көшіру мәселесімен айналыса бастады.
  • жылы 13 наурызда Түркияның министрлер кабинеті шығыстүркістандық қазақ босқындарының Үндістаннан, Пәкстаннан және Сауд Арабиясынан келуіне рұқсат етті. 1953 жылы қыркүйектен желтоқсан айына дейін Пәкстаннан Түркияға 1 379 қазақтар көшіп барды. Сөйтіп, 20 жылға созылған Қытай қазақтарының көші 1954 жылға қарай Түркияда аяқталды. Алайда Түркияға мұсылман босқындарының иммиграциясы Пәкстан мен Үндістаннан ғана болып қойған жоқ. Бүған дейін 1947 жылдың 1 шілдесінде-ақ БҮҮ жанындағы халықаралық босқындарды үйымдастыру (ХБҮ) дайындық комиссиясы Стамбұлда өз кеңсесін ашқан болатын. Осы үйым аркылы Түркия, Германия, Аустрия, Италия, Франция және Швейдария сияқты елдерден де мұсылман босқындарын көшіріп алып, орналастыруға қаражат бөлініп отырды.

Қазақтар Еуропа мен АҚШ елдерінде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана орналаса бастады. Олар, әдетте, Германиядағы бұрынғы әскери тұтқындар және Түркістан легионының мүшелері болды. Соғыстан кейін дүние жүзінде этностық азшылық, босқындар және басқа иммиграциялық тұрғындар өкілдеріне байланысты халықаралық конвенциялар мен келісімдер ерекше маңызды бола бастады. Еуропаның еңбек нарығы бұл кезеңде төмендегідей факторлармен сипатталады: экономикалық және демографиялық жағдайлар соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру үдерісімен байланысты болды. Демографиялык фактор Екінші дүниежүзілік соғыста өте көп адамдар шығынына байланысты күрделене түсті. XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап Түркиядан батысеуропалық елдерге жұмысшы күші ағыла бастады. Иммигранттарды-Түркиядан шыққан жұмысшы күшін ең көп тұтынушылардың бірі ГФР болды, онда иммигранттардың осы түріне арналған «гастерарбайтер»-сырттан келген жұмысшы деген термин қалыптасты. 1967 жылы наурыз айында Швеция Түркиядан жұмысшы жалдау бюросын ашты. Біртіндеп қазақтар эмиграциясы Бельгия, Франция, Аустрия, Норвегия, АҚШ сияқты мемлекеттерді де қамти бастады. Қазақ-гастерарбайтерлерінің басты мақсаты-мемлекеттен алған қарыздарын қайтару және өз отбасының өмір сүру жағдайын жақсарту, капитал қорын жасау үшін ақша табуға ұмтылуы.[1]


Информация о работе Орталық Азиядағы иаспора