Международные отношения

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 10:01, лекция

Краткое описание

Қай тілдің де сөздік қорындағы дипломатиялық терминдердің даму жолы өзінше қалыптасады, яғни лексика-грамматикалық ерекшелігі болады.Дипломатиялық терминдердiң негiзгi лексика-грамматикалық ерекшелiктерiн былай жинақтауға болады: дипломатиялық терминдердiң жалпыхалықтық лексикадан алатын орны, осы негiзде мағыналық жағынан кеңеюі немесе тарылуы; дипломатиялық ұғымды бiлдiретiн сөздердiң басқа салалық терминдермен байланысы (ұқсастығы мен ерекшелiгi); синонимдiк, омонимдiк, антонимдiк қасиеттері, лексикалық мағыналардың дипломатиялық ұғымды бiлдiруге қатысы т.б.

Прикрепленные файлы: 1 файл

бугин.docx

— 26.48 Кб (Скачать документ)

Қай тілдің де сөздік қорындағы дипломатиялық терминдердің даму жолы өзінше қалыптасады, яғни лексика-грамматикалық ерекшелігі болады.Дипломатиялық терминдердiң негiзгi лексика-грамматикалық ерекшелiктерiн былай жинақтауға болады: дипломатиялық терминдердiң жалпыхалықтық лексикадан алатын орны, осы негiзде мағыналық жағынан кеңеюі немесе тарылуы; дипломатиялық ұғымды бiлдiретiн сөздердiң басқа салалық терминдермен байланысы (ұқсастығы мен ерекшелiгi); синонимдiк, омонимдiк, антонимдiк қасиеттері, лексикалық мағыналардың дипломатиялық ұғымды бiлдiруге қатысы т.б.

Жалпы дипломатиялық терминдердің қолданылатын салалары:

1. Саясаттану:

а) дипломатия: бас консул (сonsul general), дипломатиялық  артықшылықтар мен иммунитеттер (diplomatic privilege and immunities), дипломатиялық корпус   (diplomatic corps), консулдық агент (consular agent), достыққа ұмтылатын дипломатия  (peace-making diplomacy),  ерекше тапсырма жүктелген елші (ambassador-at large),  көптарапты дипломатия (multilateral diplomacy) т.б.;

ә) сыртқы және ішкі саясат: “мейірімді көрші” саясаты (“good neighbour” policy), саяси болжам   (political prescience),   саяси бостандық  (political liberties), саяси шантаж (political blackmail), тәуелсіз саясат  (policy of go-it-alone) т.б.;

б) халықаралық  саяси қозғалыстар: дағдарысқа қарсы саясат (anti-recessionary policy),  радикалды қозғалыс (radical movement), саяси кеңесші (political consultant), соғысқа қарсы қозғалыс (anti-war movement), халықаралық жұмысшы табының қозғалысы (international working-class), ядролық энергетиканы дамытуға қарсы митинг (anti-nuke rally)  т.б.;

в) парламент қызметі: бірде-бір партияның қауым палатасынан (палата общин) көбірек орынға ие болмауы (hung parliament),  парламент мәжілісі (meeting of parliament); парламентке сайлау (parliamentary election), парламенттің тәуелсіз мүшесі (cross-bencher) т.б.;    

г) партия “тынысы”: демократиялық партия (Democratic Party) (Ұлыбритания), консервативті партия (Conservative Party) (АҚШ), оппозициялық партия (opposition party), партия көсемі (party leader) т.б.;

д) әскери іс-шаралар: әскери кеңесші (military adviser), “Әскери Крест” ордені (War Cross) (Ұлыбритания), әскери күштер (military forces), соғыс қаупі (menace of war), соғыс тұтқыны (war prisoner), тұрақты әскер (regular troops),  ядролық қарусыздану (nuclear disarmament) т.б.

2. Құқық:

а) азаматтық қылмыстық  құқық: заңды қасақана бұзу (intended breach of the law), қылмысты іс (criminal case), қылмыстық істер  (law proceedings),қылмыскерді беру туралы шарт (treaty of extradition), түзету енгізу тәртібі   (amendment procedure) т.б.;

ә) мемлекеттік құқық (право): азаматтықты алу жөніндегі заң (laws concerning acquisition of nationality), барлық жағдайда өтініш жасалынған мемлекеттің заңын басшылықта ұстау  (the law of the state requested shall apply in all cases), мемлекеттердің өзара тәуелділігі (interdependence of states) т.б;

б) халықаралық құқық: халықаралық құқық принциптері (principle of international law), халықаралық құқық бойынша міндеттерін жауапкершілікпен орындау (fulfilment in good faith of obligations under international law),  халықаралық құқықтың көпшілікке танымал нормалары (customary rules of international law) т.б;

в) қаржы құқығы: импорт тауарларына салық салу (to put a tax on imports), мемлекеттік акция (government bonds), салық төлеуден босату (remission of tax), экономикалық және қаржы мәселелері жөніндегі шарттар (treaties on economic and financial matters) т.б.

3. Экономика:

а) өнеркәсіп экономикасы: отандық өндіріс (home industry), өнеркәсіп дағдарысы (industrial crisis), өнеркәсіп төңкерісі (industrial revolution),өнеркәсіпті дамыту (industrial development) т.б.;

ә) ауыл шаруашылық экономикасы: ауыл шаруашылық саясаты (agricultural policy), ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық төңкеріс (technological revolution in agriculture), экстенсивті егін шаруашылығы (extensive agriculture) т.б.;

б) сыртқы және ішкі сауда  экономикасы: отандық нарық (domestic market), рынок жүйесі (market system), нарықтың тұрақтылығы (market stability), үш категорияға бөлу жолымен тауар қорына талдау жасау (ABC analysis), халықаралық сауда нарығы (international commodity markets), шетелдік нарық (foreign markets) т.б.;    

в) финанс экономикасы: income tax  (табыс салығы), source of incomes  (кіріс көзі), to be liable to tax ( салық салуға жату) т.б.

Дипломатиялық терминдердің жасалу жолдары мен тәсілдері,  бір жағынан, жалпыхалықтық лексика заңдылықтарымен, екінші жағынан, ұғым мағынасы мен терминдегі семалар құрамымен айқындалады.

Негiзгi ұғым мен терминдiк  ұғым белгiлерiнiң ұқсастығы  термин мен ана тіліндегі сөз мағыналарын құрайтын бірліктердiң ұқсастығы мен айырмашылығын айқындайды, сөздiң лексикалық және терминологиялық мағыналарының өзiндiк ерекшелiктерiн көрсетеді.

Жалпы қолданыстағы сөздерден  жасалған дипломатиялық терминдердiң  ерекшелiктерiнiң бiрi – олардың  терминдiк сипаты тiркесе келе танылады. Мәселен, “сенімді” сөзі дипломатия саласында тiркесу арқылы  терминдiк мәнге ие болады: “сенімді өкіл ”  (charge d`affaires,  поверенный в делах) т.б.

Дипломатиялық терминология саласында дара мағыналы терминдерге  көбінесе кірме терминдер жатады.

Дара мағыналы ағылшын  дипломатиялық терминдерінің жасалуы  байырғы сөздердің жасалуымен бірдей және мағыналары әртүрлі, алайда олардың  терминдік немесе терминдік емес мағынасы контекске байланысты айқындалады. Мәселен, қазақ тіліне ағылшын күрделі  дипломатиялық терминдері терминдік  тіркес түрінде беріледі.

Ағылшын тілінде дипломатиялық  терминдер арасында нақты емес немесе нақтылығы әлсіз терминдер кездеседі. Алайда бұл  бастапқы мағынасы мен терминдік мағынасы сәйкес келетін терминдер санын азайтады деген сөз емес. Термин – жалпы және жалқы диалектикалық бірлік.  Терминнің бастапқы мағынасы мен арнайы мағынасының бірігуінен семантикалық мағынасы қалыптасады. Мысалға “policy” және “power” терминдерін алайық.“Policy” терминінің лексикалық мағынасымен қатар толып жатқан арнайы салалық мағыналары бар: “Policy”: 1. Саясат; 2. Курс, стратегия бағыты; 3. Сақтандыру полисі; 4. Басқарушылық саясаты; 5. Саяси бағыт [1, 546 б.]. “Power”: 1. Күш, қуат; 2. Құқық, өкілеттік; 3. Держава; 4. Әскери күш; 5. Күш, қуат [1, 557 б.]. Көріп отырғанымыздай, “policy” және “power” терминдері барлық салада өзінің бастапқы мағынасын сақтайды. Ал терминнің мағыналарының сәйкес келуі оның терминологиялық шеңберде алатын орнын айқындауда негіз болады.

Бұрын жалпыхалықтық қолданыста белсенді жұмсалып, қазіргі кезде  дипломатиялық құжаттарда қолданылатын сөздер мен сөз тіркестеріне: герцог, хан, ханшайым, шах-иншах, эмир; лауазым атаулары:  Жоғары Мәртебелі, Мәртебелі Тақсыр, мырза, ханым және т.б. жатады. Мұндай тіркестер әртүрлі дипломатиялық құжаттардың басы мен әсіресе аяғында дипломатиялық сыпайылық ереже формалары сақталғандығын растайды.

Дипломатиялық тілде өзіндік  сипатқа ие сөздер де болады. Мұндай сөздердің жалпыхалықтық лексикада  синонимдері болмайды. Олар дипломатия мен халықаралық құқықта арнайы бір ұғымды емес, халықаралық сыпайылықты, “этикетті” білдіреді. “Халықаралық сыпайылыққа” үш томдық дипломатиялық сөздікте мынандай анықтама берілген: “Вежливость международная - акты добрососедства, дружелюбия, гостеприимства, подчеркнутого уважения, а также упразднение формальностей, предоставление льгот, привилегий и услуг иностр. Гос-вам и их гражданам не в силу требований международно-правовых норм, а по доброй воле гос-ва, осуществляющего такие акты” [2, Т.1, 177 б.].

Дипломатиялық қатынас түріне байланысты дипломатиялық сыпайылық  түрлері сан алуан және күрделі. Оған киім киісі, сенім грамотасын тапсыру  рәсімі, ресми сапарлар кезектілігі, әртүрлі қабылдаулардағы қонақтарды отырғызудың арнайы ережелері т.б. жатады. Дипломатиялық құжаттарда ресмилік пен маңыздылыққа қоса, мәнерлілік пен көркемдік элементтері де кездеседі. Халықаралық сыпайылықтың тілдік үлгілері (формалары) де әр алуан. Бұл элементтер жалпы ресми құжаттарға қойылатын талаптарға бағынады. Мысалы: My dear Ambassador (уважаемый Посол), My dear Madam Ambassador (уважаемая Госпожа Посол), My Lord (Милорд), My Lord  Marquis (Милорд Маркиз), Your Excellency (Ваше Превосходительство), Your Excellency’s obedient Servant (Вашего Превосходительства покорный слуга), Your Lordship (Ваша Светлость), Your Lordship’s obedient Servant (Вашей Милости покорный слуга) т.б.

С.И. Ожегов “О структуре  фразеологии” атты ғылыми мақаласында  тұрақты сөз тіркесінің өрісін дәуірден дәуірге жылжымалы деп көрсетсе, бұл дипломатиялық терминдерге  де тән құбылыс [3, 45-47 бб.].

Е.М. Иссерлиннің пікірінше, дипломатия саласындағы өзіндік  сипатқа ие сөздерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа халықаралық  тәжірибеде кең қолданылатын мемлекеттің  Сыртқы Істер Министрліктері мен  астана, ғимарат және көше аттарының  метонимиялық қолданыстары кіреді [4, 12 б.]. Мысалы: “Ақ Орда” сарайы - “Қазақстан өкіметі” мағынасында (Қазақстан президентінің резиденциясы); “Ақ Үй” (White House)  – “АҚШ өкіметі”мағынасында (Америка президентінің резиденциясы); “Елисей сарайы” (Elysee) – “Франция өкіметі” мағынасында (Франция президентінің резиденциясы); “Квиринал” (Quirinal) - “Италия өкіметі” мағынасында және т.б. Бұлар – фразеологиялық тіркестерге жатпайды, мағыналық және грамматикалық талдау жасауға келмейтін сөздер.

Екінші топқа  халықаралық саясаттың өзіндік  белгілері мен жеке саяси доктриналар  кіреді, кей жағдайда сөз ауыспалы, жаңа  мағынада қолданылады.Мысалы: “доллар дипломатиясы” (dollar diplomacy) (АҚШ-тың экспансионистік саясаты), бұл сөзді бірінші рет 1912 жылы АҚШ президенті Тафт қолданған, “мейірімді көрші” саясаты (“good neighbour” policy) (Латын Америка елдеріне қатысты АҚШ саясаты), “суық соғыс”  (франц. guerre froide, нем. Kalter Krieg, ағыл. cold war) тіркесінде “суық” жаңа, ауыспалы “агрессивті, дұшпандық” мағынасын білдіреді. 

Үшінші топқа кіретін  сөздер “халықаралық терминдерге” жатпайды және тұрақты емес. Оларды Е.М. Иссерлин бұрынғы кеңестік дипломатиялық  құжаттарға тән дей келе,  коммюнике, нота және үкімет мәлімдемесі сияқты ресми құжаттарда Ресей үкіметі қалыптасқан халықаралық жағдайды баяндап қана қоймай, оған өзіндік баға беретіндігін, өзінің көзқарасын мәлімдейтіндігін, мәлімдеу барысында мәнділік пен мәнерліктің жалпы тілдік тәсілдерін пайдаланатындығын атап көрсетеді [4, 13 б.].

Біздің пікірімізше, олар тек кеңестік дипломатиялық құжаттарға ғана емес, тіл-тілдегі дипломатиялық  құжаттардың барлығына тән. Мәселен,қарақшылық, араңдатушы,  жек көрушілік, алаңдатушылық т.б.  сияқты терминдер өзіндік баға беру мен көзқарасты білдіреді.

Жалпыхалықтық қолданыстағы сөздердің біразы халықаралық келісімшарт  мәтіндерінде лексикалық мағынасынан  алшақтап, терминдiк мәнде жұмсалады.  Бұл  - дипломатиялық құжатқа маңыздылық пен салтанатты түр берудің тағы бір жолы, оларға мысалы, маңызды қонақ, жұмыс сапарымен келу, зайыбымен келу т.б. жатады.

Дипломатиялық құжаттарда мәнділік пен көркемдік тәсілі ретінде  ауыс мағынадағы сөздер де қолданылады. Мысалы: алаауыздық, ауызбірлік, бұғау тастау, соғыс өртін (ошағын) тұтату (сөндіру)  т.б.

Әртүрлі сала терминдерінің  мағыналарына тіркесетін сөздердің  семантикасы негіз болуы да мүмкін. Оның себебі тіркесетін сөз әртүрлі  лексикалық және грамматикалық топқа  жатуынан туындайды. Қарама-қарсы қойылған жалпы және арнайы мағына айырмашылықтары  құрылымдық факторлар негізінде  жасалады, терминдік варианттың лексикалық үйлесімділігі шектеулі, ұғымның  тарылуымен тікелей байланысты болады.

Мәнерлік пен мәнділік тәсілдері ретінде дипломатиялық  құжаттарда кейбір публицистика элементтерінің кездесуі, жеке функциональды стильдер арасында қатаң шектің жоқ екендігін  көрсетеді. Олар өзара бір-бірімен  тығыз байланысты, бір функционалды стиль элементтері басқа стильдерде қолданыла береді. Олардың өзіндік  ерекшеліктері  арнайы зерттеуді қажет етеді.

Дипломатия терминологиясында  басқа салалық терминдер жүйесі сияқты синонимия мен омонимия кездеседі.

Синонимия (грек. synonymia – ұқсас атау; ағыл. synonymy) – тілдік бірліктер мағыналарының өзара толық не жартылай сәйкес келуі, яғни бірнеше термин-таңба бір ұғымды білдіреді.  Синонимия тілдің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, сөзжасам жүйелеріне тән; омонимия (грек. homos –бірдей, біркелкі; onoma атау) – мағынасы жағынан әртүрлі екі немесе одан да көп тілдік бірліктердің дыбыстық жағынан сәйкес келуі [5, 254 б., 331б.].

Терминге өткен сөздің синонимдік қатар түзуі мүмкін, оған себеп терминденген сөз – бұған  дейін әдеби тілде болған сөз, оның синонимдік қатар түзуі сөзсіз құбылыс. Бұл құбылыс көп жағдайда кірме терминдер мен олардың  ана тіліміздегі баламасының  жарыса қолданылуынан туады. Мысалы:альтернат – альтернат, теңдестік; преамбула – кіріспе бөлім, преамбула т.б. Кей жағдайда ол кейбір терминдердің терминдік мағынасының толық орнықпауынан да болады. Мәселен: конституция – ата заң, негізгі заң. Бұл сөздердің екеуі де әдеби тілден алынған, бір-біріне синоним.Полисемантикалық сөздің терминдік мағынасы – дербес мағына, ол терминдік емес мағынаға қарама/қарсы, тура/ауыспалы немесе жалпы/арнайы болып келеді.Байырғы сөздерге терминдік мағына жүктеу арқылы пайда болған термин жалпыхалықтық лексикада көпмағыналық тудырса, тілде бар терминге үстеме терминдік мағына жүктеу арқылы жасалған термин де терминология саласында көпмағыналық туғызады.

Салалық терминдердi жасауда, ең алдымен, қазақтың өз ана тіліндегі  сөздерiн, бұрыннан бар лексикалық тiл  байлығын мүмкiндiгiнше пайдаланудың маңызы зор. Сондай-ақ қазіргі тілдердің бәріне ортақ халықаралық терминдер де, басқа тілдерден ана тіліміздің тілдік заңдылықтарына бағындыра немесе калька тәсілі арқылы енгізілген терминдер де тілдік қорды байытудың жолы ретінде саналады. Дипломатиялық терминдер жалпыхалықтық лексикадан алынғанда ана тіліндегі сөздер мағыналық жағынан кеңейеді немесе тарылады, омонимдiк, синонимдiк, антонимдiк қасиеттерге ие болады.Дипломатиялық терминдердің жасалу жолдары мен тәсілдері,  бір жағынан, жалпыхалықтық лексика заңдылықтарымен, екінші жағынан, ұғым мағынасы мен терминдегі семалар құрамымен айқындалады.Әдебиет:

1. Англо-русский дипломатический словарь. –Москва: Русский язык, 2001. –855 с.

2. Громыко А.А. Дипломатический словарь в трех томах. –Москва: Наука,  1985. –Т.1. -422 с.; –Москва: Наука,  1985. -Т.2. -499 с.; –Москва: Наука, 1986. –Т.3. – 750 с. 

3. Ожегов С. И. О структуре  фразеологии// Лексикографический сборник. Вып. ІІ. –Москва, 1957. –С.45-47. 

Информация о работе Международные отношения