Халықаралық қатынастар ұғымы. Халықаралық қатынастардағы заңдылықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2015 в 18:35, реферат

Краткое описание

1. Халықаралық қатынастардың мәні мен табиғаты жөніндегі ғылыми көзқарастар.
2. Халықаралық катынастарды түсіну мен сараптауға мүмкіндік беретін заңдылықтардың сипаты, мәні.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Халықаралық қатынастар ұғымы.doc

— 52.00 Кб (Скачать документ)

Халықаралық қатынастар ұғымы. Халықаралық қатынастардағы заңдылықтар

1. Халықаралық қатынастардың  мәні мен табиғаты жөніндегі  ғылыми көзқарастар.

2. Халықаралық катынастарды  түсіну мен сараптауға мүмкіндік  беретін заңдылықтардың сипаты, мәні.

 

Жолашар терминдер мен ұғымдар: мемлекетаралық қатынастар, саяси қатынастар, халықаралық әлеуметтік қатынастар, халықаралық қатынастарға қатысушылар, заңдылықтар, обьективтілік, детерминизм, синергетика, кездейсоқтықтар, қайталанушылықтар.

Халықаралық қатынастар - мемлекеттер мен мемлекеттік жүйелер, халықаралық көлемде әрекет ететін ұйымдар мен қозғалыстар, әлеуметтік, экономикалық, саяси күштердің арасындағы дипломатиялық, саяси, құқықтық, идеологиялық, мәдени, шаруашылық т. б. байланыстардың жиынтығы. Бұл анықтама халықаралық қатынастар туралы ғылыми ойлар жүйесінде қалыптасып қалған, бірақ одан ауқымы өте кең және даулы мәселелер туындайды. Халықаралық құқық тұрғысынан ―халықаралық қатынастар – мемлекеттер, мемлекеттік емес ұйымдар, партиялар, компаниялар, жеке адамдар арасындағы қатынастар- деп анықтау мәселені нақтылағанмен, оның мәнін тек халықаралық қатынастарға қатысушылардың арасындағы қатынаспен ғана шектеп тастайды.

Халықаралық қатынастар - адамзат қауымдастығын қалыптастыратын дәнекерлеуші байланыстардың жиынтығы-деген анықтамада, керісінше, тек әрекет қана сипатталып, оны жүзеге асырушылар атаусыз қалған.

1. Әр түрлі мемлекеттердің  азаматтары арасындағы неке;

2. Шет елдерге саяхат  жасау;

3. Дүкенде шетелдік тауарларды  сатып алу;

4. Шетелдік авторлардың шығармаларын оқу немесе интернет арқылы шетелдік сайттардан мағлұмат алу;

5. Шетелдік азаматтармен  хат жазысу, достасу халықаралық  қатынастарға жата ма?

Ойлануға берілген осы сұрақтардың мәнін ескерсек және жоғарыда баяндалған анықтамаларды пайымдар болсақ, халықаралық қатынастарды ауқымы анықтау әлі толығымен анықталмаған, әлі де шешімін күтер ғылыми мәселе екенін көреміз.

Халықаралық қатынастар теориясында бұл мәселе әр түрлі теориялық мектептер мен бағыттар аясында әр түрлі қарастырылады. Әрине, бұл олардың танымдық, пайымдамалық негіздерінің ерекшеліктерінен туындайды. Теориялық мектептердің ішіндегі ең беделдісі саяси реализм халықаралық қатынастарды анықтауда ―халықаралық қатынастар реттелмеген және реттеуге көнбейтін табиғи құбылыс- деген көзқарасқа сүйенеді. Саяси реализмнің атасы, көрнекті америкалық саяси ойшыл Ганс Моргентау халықаралық қатынастардағы негізгі мәселелерді оның күшке ғана бағынатын анархиялық, тіпті жабайы қалпынан таратады.

Осы мәселеге қатысты айшықты ойлар айтқан екінші бір ойшыл - белгілі француз саясаттанушы Раймон Аронның: ―Халықаралық қатынастар - саяси бірліктер арасындағы қатынастар. Бұл жерде саяси бірлік дегенде грек полистерін, рим және египет империяларын, европалық монархиялар мен буржуазиялық республикалар немесе халық демократияларды бір қатарда атап отырмыз. Халықаралық қатынастардың мазмұны, ең алдымен, мемлекет аралық қатынастардан тұрады, өйткені халықаралық қатынастардың ешкім дау айта алмайтын мысалы ретінде мемлекет аралық келісімдерді келтіре аламыз- деген анықтамасы саяси реализмнің идеялық табиғатына жауап береді. Осылайша саяси реалистер:

1. Халықаралық қатынастар негізінен  саяси қатынастар деген тұжырымға  келеді. Дегенмен, Р. Арон халықаралық  қатынастарға жан бітіріп, әлеуметтендіруге  ұмтыла отырып, онда әрекет етуші екі тұлғаны, солдат пен дипломатты бөліп көрсетеді. Бірақ олар өздерінің мемлекеттерінің, яғни саяси бірліктердің атынан әрекет ететіндіктен, олардың мақсат мүддесі, іс- қимылы саяси қатынастардың аясынан шықпайды. Солдат пен дипломат халықаралық қатынастардың мәнін соғыс пен бейбітшілік жүйелерінің алмасып отыруына әкеп тірейді.

Р. Арон: ―Халықаралық қатынастарда екі тұлға: дипломат пен солдат әрекет етеді.

Дж. Розенау: ―Қазіргі заманда халықаралық құбылыстарда турист пен террорист тұлғалары ерекшеленіп отыр.

Жалпы алғанда, халықаралық қатынастарды анықтау екі мәселенің төңірігінде топталып отыр:

1. қатысушылар мен олардың ерекшеліктері;

2. халықаралық қатынастардың ерекше  табиғаты;

Қазіргі заманда халықаралық қатынастардың дамуындағы беталыстар, жалпы даму үрдісі бұл мәселенің қойылысын және шешілуін одан әрі күрделендіріп жіберді. Халықаралық қатынастардың ең жаңа анықтамаларының өздері де дәстүрлі болып қалған көзқарастарға әзірге көп өзгеріс енгізе алған жоқ. Солардың ішіндегі халықаралық өмірдегі соңғы

кездегі жаңа құбылыстарды барынша ескергені Джеймс Розенаудың аталып өткен ойы.

Халықаралық қатынастардың жіктемесі

Салалық принцип бойынша:

1. Экономикалық 

2. Саяси 

3. Әскери, стратегиялық 

4. Мәдени, идеологиялық 

Қатысушыларға қарай:

1. мемлекетаралық 

2. партиялар арасындағы 

3. топ аралық 

4. халықаралық ұйымдар  арасындағы 

5. трансұлттық корпорациялар  арсындағы 

6. жеке адамдар арасындағы 

Геосаяси критерийлер бойынша:

1. жаһандық (бүкіл планета  көлемінде)

2 аймақтық (мысалы, европалық, азиялық)

3. субаймақтық (мысалы, Каспий  бассейніндегі елдер)

Сонымен қатар, халықаралық қатынастардың күйіне байланысты:

- тұрақтылық немесе тұрақсыздық  күйі 

- өзара сенім немесе жаушылдық

- ынтымақтастық немесе  шиеленіс 

- бейбітшілік және соғыс  жағдайындағы халықаралық қатынастар  деп жіктеуге болады.

Халықаралық қатынастардың осы аталған жіктемелері оның қоғамдық қатынастардың ерекше бір түрі екендігіне нұсқайды. Яғни, халықаралық қатынастар қоғам ішіндегі қатынастар және территориялық бірлестіктер шеңберінен шығатын ерекше қатынастар.

Халықаралық қатынастар туралы ғылым тегі мен сипаты жағынан әлеуметтанушылық, салааралық болғандықтан, онда заңдар жоқ, тек заңдылықтар бар. Бұл заңдылықтар ―мүмкіндіктер мен қайталануларға сүйенеді, яғни халықаралық қатынастарда кез келген құбылыстың болуы мен қайталануын жорамалдағанда тірек болар заңдар жоқ болғандықтан, жалпы және үстіртін жасалатын заңдылықтарды басшылыққа алуға тура келеді.

Халықаралық қатынастар туралы дәстүрлі ой- пікірде заңдылықтарды анықтау детерминистік негізге сүйенеді. Детерминизм даму үрдісін қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай жүретін, басталуының белгілі бір себептері бар, басқа баламасы болуы мүмкін емес объективті құбылыс деп біледі. Детерминизм әлемінде себеп пен салдардың берік байланысы үстемдік етеді: cебепсіз ештеңе болмайды және ештеңе де

салдарсыз өтпейді, яғни, кездейсоқтыққа мүлде жол берілмейді. Жеке адамдар қанша талпынғанмен, дамудың объективті барысына әсер ете алмайды. Тарихтағы барлық оқиғаларға себеп- салдар тұрғысынан түсінік бере отырып, болашақты болжауға болады, өйткені бүгінгі өткенмен, болашақ өткенмен және бүгінмен анықталып қойған. Детерминизм принципі 20- ғасырдың 70 - 80 жж. дейін тарихи дамуды түсіндіруде табысты қызмет атқарып келді. Саяси идеалистар, саяси реалистер, түптеп келгенде, детерминизмге арқа сүйенеді, өйткені олар халықаралық қатынастар танып- білуге көнетін, болжауға болатын сала деп біледі. Қазіргі кезеңде де біраз нәрсені детерминизм негізінде сараптауға болады, мысалы, жаһандану қазіргі заманның басты даму беталысы мен үрдісі деп мойындау халықаралық қатынастардағы құбылыстардың себебін, мәнін, түсінуге мүмкін болатын салдарын болжауға жол ашады, яғни бүкіл әлем үшін ортақ даму жолы, үрдісі бар деу детерминизмнің әлі де танымдық пайымдамалық күші бар екендігін көрсетеді.

Дегенмен, соңғы ғылыми жетістіктер, олардың пайымдалуы, халықаралық өмірдегі әлі бойланбаған құбылыстар мен оқиғалар детерминизм сияқты пайдалануға өте ыңғайлы ғылыми методологияға орынбасар іздеуге мәжбүр етті. Синергетика (жоқтан бардың пайда болуы туралы ғылым), өзін- өзі ұйымдастыру туралы идеялар, кибернетикалық идеялар жолы әлемнің, соның ішінде, халықаралық қатынастар саласының мәнін түсіндіруде төңкеріс жасады. Соның нәтижесінде соңғы кезде мынандай ойлар өріс алып келеді:

1) Халықаралық қатынастардағы  құбылыстар жобалауға, болжам жасауға  көнбейтін, стохастикалық құбылыстар.

2) Халықаралық қатынастарда  кездейсоқтықтар көптеп кездеседі.

3) Халықаралық қатынастардың  дамуы дамудың объективті логикасына бағынбайды.

4) Ондағы даму үрдісі  тақтайдай түзу бір ғана жолмен  жүрмейді, оның бірнеше баламасы  болуы әбден мүмкін.

5) Халықаралық қатынастарда  жеке адамның, оның еркінің, іс- әрекетінің  орны үлкен.

6) Халықаралық қатынастарда  құбылыстар мен оқиғалардың қайталануы кездеседі. Осы ―қайталанулар‖ халықаралық қатынастардағы заңдылықтар деген ұғымға келіп саяды.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Международные отношения  как обьект изучения.- Под ред. Цыганкова П.А. – М., 1993.

2. Цыганков П.А. Теория международных отношений. – Учебное пособие. – М., 2003.

3. Введение в теорию  международных отношений и анализ  внешней политики. Ломагин Н. А., Кузнецов  В.Е., Лисовский А.Ю. – Учебное  пособие. – Санкт-Петербург, 2001.

4. Поздняков Э.А. Философия политики. – М., 1994.

5. Чешков М. Осмысление  мироцельности: новая оппозиция  идей или их сближение? // МЭ  и МО. 1995. № 2.

6. Кукулка Е. Проблемы  теории международных отношений. – Пер. с пол. М., 1980.



 


Информация о работе Халықаралық қатынастар ұғымы. Халықаралық қатынастардағы заңдылықтар