Ф.Оңғарсынова лирикасындағы метафоралық тіркестер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 00:22, творческая работа

Краткое описание

Жұмыстың міндеті:Күллі шығармашылық- өнерпаздық қабілет – талантымен әдебиет зерттеушілерінің назарын аударып, ойлы да сыншы, талғампаз оқырмандарының көңілінен шыққан Фариза ақындығынның арнайы да мақсатты, сондай-ақ міндетті зерттеу сөзіне айналып, обьекті өрісіне енуі - өмір талабының пәрменіне сай рухани қажеттілік. Өрт мінез ақынның «мінезді жырларындағы» әмірші өлшемдердің өнердегі өрісін кеңейтетін, өскелең жанрда қалай қызмет қалғанын, қандай өнеге қосқанын өрбіте-қорыту – біздің жұмысымыздың міндетін алады. Ақынның лирикалық кейіпкері кім және анық автормен байланысып көрсету және көркемдеу – шеберші өрнектері сөз болмақ.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Фариза Оңғарсынова лирикасындағы метафоралық тіркестер.ppt

— 1.29 Мб (Скачать документ)

Ф.Оңғарсынова  лирикасындағы метафоралық тіркестер

Аннатация 

 

 

  • Жұмыстың мақсаты: Өз кезінде осындай бағасын алған ақын Ф.Оңғарсынова лирикасы – қазақ әдебиеті майданындағы ұшан теңіз. Ақынның сан – салалы лирикалық шығармаларында сыры ашылмаған қаншама дүние жатқаны баршаға аян.

 

  • Жұмыстың міндеті:Күллі шығармашылық- өнерпаздық қабілет – талантымен әдебиет зерттеушілерінің назарын аударып, ойлы да сыншы, талғампаз оқырмандарының көңілінен шыққан Фариза ақындығынның арнайы да мақсатты, сондай-ақ міндетті зерттеу сөзіне айналып, обьекті өрісіне енуі - өмір талабының пәрменіне сай рухани қажеттілік. Өрт мінез ақынның «мінезді жырларындағы» әмірші өлшемдердің өнердегі өрісін кеңейтетін, өскелең жанрда қалай қызмет қалғанын, қандай өнеге қосқанын өрбіте-қорыту – біздің жұмысымыздың міндетін алады. Ақынның лирикалық кейіпкері кім және анық автормен байланысып көрсету және көркемдеу – шеберші өрнектері сөз болмақ. 
  • Жұмыстың өзектілігі:  Өнерпаздық тұлғасын дүйім жұрты танып – білген, елі мен халқына қадірі артқан, табиғат сыйлаған талантымен танылған поэзия тарланбоздарының шығармашылық өрнегінің өмірлік мұратқа айналып, зерттелуінің өзі – ғұмырлық рухани танымға ие заңды құбылыс.
  • 60 – жылдары әдебиет әлемінің айшықты жанры – поэзияда адуынды жырларымен көпшілікті елең еткізген ақынның бірі Фариза Оңғарсынова болатын.

 

  • Зерттелу деңгейі: Өткен жылдары ақын шығармашылығының толықтай талданған үлкен еңбекті өмірге әкелген ғалым З.Мүтиевтің диссертациясын айтқанымыз абзал. Ақын лирикасын топтастырып, жете зерттеген ғалым еңбегі лирик ақынның шеберлік сырларын толықтай ашады. Қазақ әдебиеттану ғылымында Ф.Оңғарсынова поэзиясының эстетикалық танымы мен ақын шығармашылығын байыптаған сыни еңбектердің қатарын академик С.Қирабаевтың, Р.Нұрғалиевтің , ақындар С.Сейітовтің , С.Мәуленовтың, әдеби сын мақалалары, зерттеулері де толықтыра түседі жатса керек. Ф. Оңғарсынова өлеңдерінің идеялық – тақырыптық, көркемдік қуатын айқындау, ұлттық тіл байлығын пайдалану мен ой еркіндігінің өмір шындығын жеткізудей өресін, болмысын байыптау осы жұмысымыздың аясына кіреді.  

 

 

Кіріспе 

 

  • Ф.Оңғарсынова поэзиясындағы  өзіндік метафоралық қолданыстың үлгілерін ашу арқылы ақынның поэзия мен әдеби тілді өрістетуге қосқан үлесін жаңа бір қырынан тану.
  •   Зерттеу жұмысының жаңалығы –Ф.Оңғарсынова өлеңдерінде  басқа ақындарда кездеспеген , өзіне ғана тән авторлық метафоралық тіркестер кездесетіндігі, өленнің  көркемдік мәселесіне ақынның айрықша мән бергендігі.
  • Жұмысты зерттеу барысында алынған нәтижелері ретінде Ф.Оңғарсынова өлеңдеріндегі метафоралық қолданыстың стильдік мәні ашылып, өзіндік авторлық метафоралы үлгілері  байқалды.
  • Жұмыстың нәтижесі : Фариза  өлеңдерін оқып танып білуде  оқырман өз қажетіне пайдалануға болады.

Ф.Оңғарсынова

 

  • Фариза Оңғарсынова - қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақыруларының депутаты (1996-2004).
  • Ф.Оңғарсынова Атырау облысында туған. Атырау мемлекеттік педагогика институтын бітірген. Еңбек жолын ауылдық мектептің мұғалімі қызметінен бастады. «Мелодия», Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова шығармашылығы қазақ әдебиетінде өзіндік үні мен орны бар тұғырлы дүние. Ф.Оңғарсынова поэзиясының табиғатын тану – алыптардан бастау алады.
  •   Отбасы

    Әкесі - Иманғалиев Оңғарсын. Анасы - Иманғалиева  Қалима. Ұлы - Оңғарсынов Әнуар (1966 ж  туған ). Немерелері - Анита (1987  ж  туған ), Алан (1996 ж туған ), Әнел (1999 ж  туған ).

Еңбектері

 

  • Өлеңдері

   

 

 

 

 

     "Үйім — менің Отаным",

     "Маңғыстау монологтары",

    "Революция  және мен"

 

 

Метафора туралы  ұғым 

 

  • Ауыстырудың ерекше бір түрі-Метафора.Метафоралық тәсілде бір-біріне ұқсас,жақын екі құбылыс бір-біріне бағаланады,өйткені метафоралық қолданыста ол ұғымдар бір-бірімен деңгейлес,тепе-теңдікте алынады. Мысалға
  • Фариза өлеңдерінде троптың түрлері де өте мол кездеседі.Олардың қолданылуы аясы да алуан штрихті ауыстырулармен шілтерленіп отырады.
  • Дос-топан су ағатын сайға тұрмай,
  • балаң-ойы далада бәйге атындай -деп келеді.
  •   . Ақын Ф.Оңғарсынова лирикасындағы осындай сөз қолданысын өңдендіріп,құбылтып айту ерекшеліктері біріне-бірі ұқсамайтын тіркестермен түрленіп отырады.Мысалы, «Алма-сезім,ал Сіз мені сүймейсіз», «Қызыл алма жүректегі қан сынды».Осындағы «алма» сөзі екі түрлі ұғым,екі түрлі түсінік,екі түрлі суретті танытады.Тек қана «қызыл»сөзінің құдіреті сын есімдік қызметімен-ақ сапалық сипатты иеленген.Мәселен, «қызыл алма-сезім» десек,ешқандай көркемдік әр көрмейміз,ал«жүректегі қанды» «қызыл алма» түрінде көрсету-шендестірудің бір түрі болып тұр.

 

Метафоралық  тіркестер

 

  •  Табиғат әлеміндегі әшекейлі бітім,әрекетті қимыл,қызықты құбылыс,әрлі бояу Оңғарсынова лирикасында сол қалпында көшіріле салмаған.Әр зат,әр дененің өз көрінісі  әдебиеттің әсем жанрында әдемі де әсерлі суретке айналады.Көңіл-күйдің кіршіксіз кінәратынан туындаған сезім сыры шынайы шындықпен суарылған ғана оймақтай ой арқалаған асыл сөздер өмірге келіп жатады.Әр сөздің өріміне ойлы қарайтын лирик ақын Фаризаның өмір туралы тұжырымдары тылсым сырларға толы.Сол тылсым тұңғиықтың тереніңе жасырынған суретті сөзден(образ)метафоралық тіркестер мен әдемі теңеулер туындап,өмірге келіп жатады:
  • Әуезі-ән,жаны-раушан,күй-жүрегі,

     Шел басқан сезімді де идіреді.

      Асқардай алпыс жігіт ынтығатын

      Қазақтың бүгінгі Айша бибілері!

  • Арнау түрінде жазылған бұл өлеңдегі кейіпкер жанының сұлулығын суреткер мейлінше нәзіктікпен барынша әсерлі жеткізе алған.Алғашқы тармақтағы метафоралы әуенді ырғаққа екінші жолда мүлдем жаңа тіркес түзген.Шел басқан сезімді идіру-мейлінше,тың тіркес.Көзді шел басу,шел қабық деген сөздер сөйлеу қорымызда бұрыннан бар.Айталық «Мал шелді болмай,төлді болмас»деген мақал ауыз әдебиетінің мұрасы болса,Фариза оны жаңа қолданыста эпитетке айналдырған.

Метафоралық  тіркестер

 

  • Өлеңге ерекше екпін дарытар бірінші және екінші жақтағы жіктеу есімдігі  түрінде айтылатын  метафоралар шоғырын жинақтасақ-ондай сәулелі сөздер, ойлы  образдар Фаризада төгіліп тұр,түрлері де мол.Және кей жағдайда метафорамен қатар теңеу,эпитет иықтасып келіп отырады.

 Мысалы.

      1)Мен жез едім.

      Өмір өзі шыңдады алмас қылып,

      Отыра алмаймын қаперсіз малдас  құрып.

      2)Сен көктемдегі көк айдын  сағым ба едің,

      Селт еткіздің-ау даладай сабырлы  едім.

      Қасіретіңді де қасқайып қарсы  аламын,

      қайталанбайтын мазасыз шағым  менің!

     3)Екеу- ақпыз.Отырмыз тіл қатыспай.

     Сен-Күншығыс,мен бейне Күнбатыстай.

Өлең өріміне  аса сақ қарайтын және ерекше  мән беретін ақынның «Қоштасу»(Қыз  Жібектің соңғы сөзі) аталатын  туындысында бірте-бірте күшейіп,күрделеніп,ұлғайған  метафораның бірнеше нұсқасына  кездесеміз.

Қорытынды 

 

  • Бүгінгі поэзияның көркемдік құралдары,стильдік өрнектері,сөз байлығы,тіл кестесі адам жанының небір шетін де нәзік,қараңғы да үрейлі,қажырлы да қайсар рухын дәл,шебер суреттеп көрсетіп беруге мүмкіндік береді ғой.Өлең толқынының беткі қабатында жататын дидактикалық публистикалық,моральдік иірімдер көзге оңай шалынбақ;ал көңілге шоқ боп түсіп,ұзақ маздайтын,әр кезде жан жүйеңді қозғайтын бейнелі суретпен жасалған көркем-эстетикалық ой,сиқырлы,сырлы поэзия әлемі өз мазмұнымен адам ойын тереңге жетелейді.
  • Қазіргі адамның көңіл-күйі,сезім әлемі,ішкі дүниесі қат-қабат,шытырман да күрделі.Жүрек жылуы азайып,алыс-беріс,жүріс-тұрыс есепшотқа түскен кездерде жатсырау,суыну,тас бауырлық белең алмақ.Сағыныш,мұң молайып,көзге жас іркелетін,кешегі жастық,балалық аусар күндерді аңсайтын сәттерде оқығың келетін жырлар болады.Солардың бірі Ф.Оңғарсынова бір лирикалық туындыда осыншалықты ой-образды әсерлі де,әдемі ойнатқан ақын суреткерлігінің сымбатты жыр жиһазы қыздың жиған жүгіндей сұлулық өрнегін алдымызға жайып салған метафоралық тіркестерге толы екендігіне тағы бір көз жеткіздік.

Информация о работе Ф.Оңғарсынова лирикасындағы метафоралық тіркестер