Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 14:07, реферат
Барлық адамдар тумысынан азат жəне қадір-
қасиеті мен кұқықтары тең болып дүниеге ке-
леді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан бе-
рілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық,
бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс.
Адам құқықтарының жалпыға бiрдей
декларациясы ....................................................... 2
Экономикалық, əлеуметтiк жəне мəдени
құқықтар туралы халықаралық пакт ............... 10
Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы
халықаралық пакт ............................................. 23
Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы
халықаралық пактке қатысты факультативтi
хаттама ............................................................... 46
Өлiм жазасын жоюға бағытталған, азаматтық
жəне саяси құқықтар туралы халықаралық
пактке қатысты екiншi факультативтi
хаттама .............................................................. 51
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЛЛЬ
МАЗМУНЫ
Адам құқықтарының жалпыға бiрдей
декларациясы
..............................
Экономикалық, əлеуметтiк жəне мəдени
құқықтар туралы халықаралық пакт ............... 10
Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы
халықаралық
пакт ..............................
Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы
халықаралық пактке қатысты факультативтi
хаттама
..............................
Өлiм жазасын жоюға бағытталған, азаматтық
жəне саяси құқықтар туралы халықаралық
пактке қатысты екiншi факультативтi
хаттама
..............................
ПРЕАМБУЛА
Адам баласы үйелменінің барлық мүшелеріне
тəн қадір-қасиетін, құқықтарының теңдігі мен
тартып алынбайтындығын тану, бостандық пен
əділдіктің жəне жалпыға бірдей бейбітшіліктің
негізі болып табылатынына назар аудара от-
ырып,
адам құқықтарына деген елемеушілік, мен-
сінбеушілік адам баласы арының зығырданын
қайнататын тағылық жағдайға əкеліп соғатынына
жəне дүние жүзі адамдары сөз бен наным-се-
нім бостандықтарына ие болып, үрей мен
мұқтаждықтан ада бола алатын ортаны құру -
адам баласының жоғары мəртебелі ұмтылысы деп
жарияланғанына назар аудара отырып,
адам баласы зорлық-зомбылық пен қанауға
қарсы көтеріліске мəжбүр болатын жағдайды
тудырмау үшін, адам құқықтары заң билігімен
қорға-луы керек екеніне назар аудара отырып,
халықтар арасында достық қарым-қатынастың
да му ы на жəрдемдесу керек екеніне назар аудара
оты рып,
Біріккен Ұлттар елдері өз Жарғысында не-
гізгі адам құқықтарына, жеке адам басының
қадір-қасиеті мен құндылығына жəне ер аза-
маттар мен əйелдердің теңдігіне сенімдерін рас-
тап, əлеуметтік прогресс пен адамға лайық өмір
сүру деңгейін нақтыланған бостандықтардан
тыс, кең ауқымды бостандықтарда арттыруға
жəрдемдесу
керек деген шешімге
назар аудара отырып,
мүше-мемлекеттер Біріккен Ұлттар
Ұйымымен ын тымақтаса отырып, адам
құқықтары мен негіз гі бос тандықтары жалпыға
бірдей құрметтліп сақталу ына ықпал жасауға
міндеттенгендеріне назар аудара отырып,
осы міндеттемелерді толыққанды жүзеге асы-
ру жолында осы құқықтар мен бостандықтардың
мəн-мағынасы мен ерекшеліктерін ұғынып
түсінудің маңызы зор екендігіне назар аудара
отырып,
Бас ассамблея,
Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декла-
рациясын бүкіл халықтар мен мемлекеттердің
ұмты лыстары арқылы əр адаммен қатар,
қоғамның əр органы осы декларацияны үнемі жа-
дында тұтып, білім беру жəне ағарту жұмыстары
арқылы осы құқықтар мен бостандықтарды қадір
тұтуға ықпал жасап, ұлт тық халықаралық шара-
лар арқылы Ұйымның мүше-мемлекеттерінің
халықтарымен қоса, олардың юрисдикциясына
қарасты аумақтардың халықтары арасында да,
жалпыға бірдей тиімді түрде танылып, жүзеге
асырылуы үшін алға қойылған мақсат ретінде
жария етіп отыр.
1 БАП
Барлық адамдар тумысынан азат жəне қадір-
қасиеті мен кұқықтары тең болып дүниеге ке-
леді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан бе-
рілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық,
бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс.
2 БАП
Əр адам, нəсіліне, түр-түсіне, жынысына тілі-
не, ді ніне, саяси немесе басқа да наным-сенімде-
ріне, ұлт тық, немесе əлеуметтік тегіне, мүліктік,
тектік-топ тық, немесе басқа да жағдаяттарға
қарамастан осы Декларацияда жарияланған
барлық құқықтар мен бостандықтарға алалан-
бай, бірдей ие болуы тиіс. Сонымен қатар, ешкім
де өзі тұратын елінің, не болмаса аумақтың сая-
си, құқықтық немесе халық аралық мəртебесінің
негізі бойынша жəне де ол ау мақ тəуелсіз, əлде
біреудің қарамағында, əлде өзін-өзі басқарушы
емес, немесе оның егемендігі əртүрлі нысанда
шектеулі болған күннің өзінде де, алаланбауы
тиіс.
3 БАП
Əр адам өмір сүруге, бостандықта болуға
жəне оның жеке басына қол сұғылмауына
құқылы.
4 БАП
Ешкім де құлдықта немесе кіріптарлықта
ұсталуы тиіс емес. Құлдық пен құл саудасына,
қандай түрде болса да, тыйым салынады.
5 БАП
Ешкім де азапталуға немесе қадір-қасиетін
қор лайтындай адамшылыққа жатпайтын
қатыгездік жол мен жəбірленуге, немесе
жазалануға тиіс емес.
6 БАП
Əр адам қай жерде жүрсе де, құқықтық субъ-
ектісі ретінде танылуына құқылы.
7 БАП
Заң алдында жұрттың бəрі тең жəне де
заң арқылы алаланбай, бірдей тең қорғалуға
құқылы. Барлық адам осы Декларацияның
ережелерін бұзатын кемсітуден жəне кемсі-
туге арандатушылықтың барлық түрінен тең
қорғалуға құқылы.
8 БАП
Əр адам, конституциямен немесе заңмен бе-
рілген негізгі құқықтары бұзылған жағдайда,
құқығын құзы ретті ұлттық сот арқылы тиімді
түрде қалпына келті руге құқылы.
9 БАП
Ешкім де негізсіз тұтқындалуға, қамауда
ұсталуға немесе қуғынға ұшыратылуға тиіс емес.
10 БАП
Əр адамның, өзінің құқықтары мен мін-
деттерін анықтап, өзіне тағылған қылмыстық
айыптаудың негізділігін белгілеу үшін, ісі
толық теңдік негізінде əділеттік талаптарға сай,
тəуелсіз жəне əділ сот арқылы ашық қаралуына
құқығы бар.
11 БАП
1. Қылмыс жасады деп айыпталған əр адам,
қорғану құқығы қамтамасыздандырылып, заңды
жəне ашық соттың істі қарауы оның кінəсін
толық анықтағанға дейін, кінəсіз деп есептелуге
құқығы бар.
2. Ешкім
де əрекеті немесе
зінде жасаған қылмысы үшін, егер олар ұлттық
заңдар немесе халықаралық құкық бойынша қылмыс болып саналмаса, жауапқа тартылмай-
ды. Сонымен қатар қылмыс үшін берілген жаза,
қылмыс жасалған кезде заңмен көзделген жаза-
дан ауыр болмауы тиіс.
12 БАП
Əр адам жеке өзінің жəне отбасылық
өміріне өзгелердің өз бетінше араласуынан,
озбырлық жасап баспанасына, хат жазысып-
алысу құпиясына қол сұғуынан, ар-намысы мен
абырой беделіне нұқсан келтіруінен қорғалуға
құқығы бар.
13 БАП
1. Əр адамның əр мемлекеттің ішінде жүріп-
тұруға жəне тұрғылықты мекенді өз қалауынша
таңдап алуға құқығы бар.
2. Əр адам кез-келген елден, соның ішінде
өзінің туған елінен, басқа елге қоныс аударуға
жəне өз еліне қайтып оралуға құқылы.
14 БАП
1. Əр адамның қуғынға ұшыраған жағдайда,
басқа елдерден баспана іздеп жəне сол баспана-
ны пайдалануға кұқығы бар.
2. Бұл құқық шынтуайтында саяси емес
қылмыстың негізінде, немесе Біріккен Ұлттар
Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына
қайшы келетін əрекеттері үшін қуғындалғандарға
жүрмейді.
15 БАП
1. Əр
адамның азаматтыққа құқығы
2. Ешкімді де азаматтығынан немесе
азаматтығын
өзгерту құқығынан еріксіз
болмайды.
16 БАП
1. Кəмелеттік жасқа толған ер азаматтар
мен əйелдер өздерінің нəсіліне, ұлтына, діні-
не қарамастан некеге тұрып, отбасын құруға
құқылы. Олар некеге тұрған, некеде болған жəне
некені бұзған кезде бірдей кұқықтарды пайдала-
нады.
2. Неке, тек екі жақтың өзара еркін жəне толық келісімі бойынша ғана қиылады.
3. Отбасы қоғамның табиғи жəне негізгі ұясы
болып табылады, жəне қоғам мен мемлекет та-
рапынан қорғалуға кұқылы.
17 БАП
1. Əр адамның дүние мүлікті жеке өзі, немесе
басқалармен бірлесіп иемденуге құқығы бар.
2. Ешкім
де өз мүлкінен еріксіз
тиіс.
18 БАП
1. Əр адам ой-пікір, ар-ождан жəне дін
бостандығына құқығы бар; бұл құқық өз ді-
нін немесе
наным-сенімін өзгерту
өз дінін, наным-сенімін жеке өзі, немесе басқа
адамдармен бірігіп тұтып, жария түрде немесе
жеке жолмен уағыздау, құдайға құлшылық ету,
діни
салт-жораларын орындау
қамтиды.
19 БАП
Əр адам наным-сенім бостандығына жəне өз
көзқарасын еркін білдіруге құқылы; бұл құқық
өз наным-сенімін кедергісіз ұстану еркіндігін
жəне
мемлекеттік шекаралар
болып қалмай, ақпараттар мен идеяларды ер-
кін іздеп, кез-келген құралдар арқылы тарату
бостандығын да қамтиды.
20 БАП
1. Əр
адамның бейбіт жиналыстар
циацияаларды құру бос-тандығына құқығы бар.
2. Ешкімді де белгілі бір ассоциацияға
зорлықпен кіргізуге болмайды.
21 БАП
1. Əр
адамның, өз елін басқару
лей өзі немесе ерікті түрде сайланған өкілдері
арқылы қатысуға құқығы бар.
2. Əр адам өз елінде мемлекеттік қызметке
тең дəрежеде қол жеткізуге құқылы.
3. Халықтың еркі үкімет билігінің негізі бо-
луы тиіс; бұл ерік мерзімді жəне бұрмаланбаған
сайлау арқылы жүзеге асырылуы тиіс . Сайлау
жалпыға бірдей, тең сайлау құқығы негізінде,
жасырын дауыс беру жолымен, немесе сайлау
бостандығын қамтамасыз ететін, осы мəндес,
басқа əдістер арқылы өткізілуі тиіс. 22 БАП
1. Əр
адамның, қоғам мүшесі ретінде,
жағынан қамсыздандырылуына жəне оның қадір-
қасиеті қолдау табуына, жеке басы еркін кемел-
денуіне қажетті экономикалық, əлеуметтік жə-
не мəдени салалар бойынша құқықтары əрбір
мемлекеттің құрылымы мен рессурстарына сай,
ұлттық ықпал жəне халықаралық ынтымақтастық
арқылы жүзеге асырылуына құқығы бар.
23 БАП
1. Əр адамның еңбек етуге, жұмыс түрін еркін
таңдауға, əділ жəне қолайлы еңбек жағдайына,
жұмыссыздықтан қорғалуына құқығы бар.
2. Əр адам құндылығы тең еңбегі үшін, нен-
дей бір кемсітусіз, тең еңбек ақы алуға құқылы.
3. Жұмыс істеп жүрген əр адам өзінің жəне
отбасының лайықты өмір сүруін қамтамасыз ете-
тіндей əділ жəне қанағаттанарлық, жəне қажет
болған кезде басқа əлеуметтік қамсыздандыру
құралдары арқылы толықтырылып отыратын,
сый-сияпатқа құқылы.
4. Əр
адам кəсіподақтарын құруға
мүдделерін қорғау үшін, кəсіподақтарына кіру-
ге құқылы.
24 БАП
Əр адам тынығуға жəне мəдени демалуға, оның
ішінде ақылға қонымды шектеулі жұмыс күніне
жəне мерзімді ақылы демалысқа, кұқылы.
25 БАП
1. Əр
адам өзінің жəне отбасы
денсаулығы мен əл-ауқатын қамтамасыз ететін-
дей, тамақты, киімді, баспананы, медициналық
күтімді қамтитын, өмір сүру деңгейіне құқылы
жəне де жұмыссыз қалған күнде, науқас болған
кезде, мүгедек болып қалған, жесір болып қалған
күнде, қартайған шағында, немесе өзіне байла-
нысты емес басқа да себептермен тіршілік ету
мүмкіншілігінен айырылып қалған жағдайда
қамсыздандырылуына құқылы.
2. Ана жəне нəресте болу жағдайы айрықша
қамқорлық пен көмек алуға кұқық береді.
Балалардың бəрі, некелі немесе некесіз туған,
бірдей əлеуметтік қорғауды пайдаланады.
26 БАП
1. Əр адамның білім алуға кұқығы бар. Білім
беру, ең болмағанда бастауыш жəне жалпы бі-лім, тегін болуы тиіс. Бастауыш білім баршаға
міндетті болуы тиіс. Техникалық жəне кəсіптік
білім көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс
жəне жоғары білім де, əркімнің қабілетіне қарай
көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс.
2. Білім беру адамның жеке басының толық
кемелденуіне жəне кұқықтары мен негізгі
бостандықтарына деген құрметті арттыруға
бағытталуы тиіс. Білім беру барлық ұлттар,
нəсілдік жəне діни топтары арасында түсіністік,
шыдамдылық пен достық қарым-қатынас
орна туға ықпал жасап жəне Біріккен Ұлттар
Ұйымының
бейбітшілікті қуаттау
жұмысына ықпал жасап, дем беруі тиіс.
3. Ата-аналардың өздерінің жас балаларына
білім беру түрін таңдау құқығы басымды.
27 БАП
1. Əр адам қоғамның мəдени өміріне еркін
қатысуға, өнерден рахат-лəззат алуға, ғылыми
прогреске ат салысуға, əрі оның игілігін пайда-
лануға құқылы.
2. Əр адам өзі автор болып табылатын
ғылыми еңбегінің, əдеби немесе көркем
шығармаларының нəтижесінде туындайтын ру-
хани жəне материалды мүдделерінің қорғалуына
құқылы.
28 БАП
Əр адам осы декларацияда баянды етілген