Заңды мінез-құлық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 18:28, автореферат

Краткое описание

Енжарлы мінез-құлықтың көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді салақтықпен сапалы орындамайды, өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды. Әңине мұндай мінез-құлық, құқық нормаларына қайшы келмесе де адамның ең алдымен өзіне зиян келтіреді, себебі адамның игілігі үшін берілетін заңды мүмкіндіктер іске аспай қалады. Мұндай мінез-құлықтан қоғам да ештеме ұтпайды. Демек, екі тарапта ұтылыста болады. Мұндайда енжар мінез-құлық басым болса, мемлекетке зиян келеді. Азаматтардың енжарлығын, немқұрайлыган пайдаланып, теріс ниетті лауазымды тұлғалар мемлекет органының қызметін халықтың бақылауынан тыс қоюға әрекет жасауы мүмкін.

Содержание

Заңды мінез-құлық туралы түсінік.
Белсенді мінез-құлық және енжар заңды мінез-құлық туралы.
Заңды мінез-құлықтың түрлері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Заңды мінез-құлық.docx

— 22.37 Кб (Скачать документ)

 

Тобы: 2Қ-13

Тақырыбы: Заңды мінез-құлық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Садыров А.М.

                                                                                                        Тексерген: Ғаппас А.Ғ.

 

 

 

2013 жыл

 

 

Жоспар:

  1. Заңды мінез-құлық туралы түсінік.
  2. Белсенді мінез-құлық және енжар заңды мінез-құлық туралы.
  3. Заңды мінез-құлықтың түрлері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Занды мінез-құлық құқық  нормаларының нүсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның мінез-құлқы. Ол арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Егер адамдардың мінез-құқықтары құқық нормаларының талаптарына сәйкес келсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды. Азаматтар құқық нормаларының талабы немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес мінез-құлық екіге бөлінеді:

1)   Белсенді заңды мінез-құлық лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасымен белгілі мақсатқа бейімделген занды әрекеттері оның түрлері сан алуан.

2)  Енжарлы мінез-құлықтың көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді салақтықпен сапалы орындамайды, өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды. Әңине мұндай мінез-құлық, құқық нормаларына қайшы келмесе де адамның ең алдымен өзіне зиян келтіреді, себебі адамның игілігі үшін берілетін заңды мүмкіндіктер іске аспай қалады. Мұндай мінез-құлықтан қоғам да ештеме ұтпайды. Демек, екі тарапта ұтылыста болады. Мұндайда енжар мінез-құлық басым болса, мемлекетке зиян келеді. Азаматтардың енжарлығын, немқұрайлыган пайдаланып, теріс ниетті лауазымды тұлғалар мемлекет органының қызметін халықтың бақылауынан тыс қоюға әрекет жасауы мүмкін.

Міне осындай енжарлықты белсенділікке айналдыру қажет. Оның негізгі шарты — еңбекке  баулу. Құқық нормаларын адал, ақ ниетпен  іс жүзіне асырған азаматтарға көтермелеу шараларын белгілесе, ол нормалар белсенділікке  негіз болары сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Заңды мінез-құлық.

Заңды мінез-құлық – құқық  нормаларының нұсқауларына сәйкес келетін  жеке тұлғаның мінез-құлқы. Заңды мінез-құлық  арқылы заң орындалады. Заңның талаптары  орындалмаса, ол жансыз. Тұлғаның заңды  мінез-құлқының көлемі мен үлгісі құқықтық норманың диспозициясында көрсетілген. Егер адамдардың мінез-құлықтары құқық  нормаларының сәйкес келсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды.

Заңды мінез-құлық арқылы қоғам басқарылады, оның өмірі қалыпты  жағдайда жүргізіледі, азаматтардың құқықтары  мен бостандықтары жүзеге асырылады. Мұны азаматтардың көбі түсінеді, сондықтан  пайда болатын, жүзеге асырылатын құқықтық қатынастардың басым көпшілігі  заңды мінез-құлық негізінде құрылады.

Азаматтар заңның талабын  белсенділікпен немесе енжарлықпен  орындайды. Соған сәйкес мінез-құлық  екіге бөлінеді: 1) белсенді заңды мінез-құлық; 2)бәсең (енжар) заңды мінез-құлық.

Белсенді мінез-құлық  – лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасымен белгілі мақсатқа бейімделген  заңды әрекеттері. Ондай әрекеттер қосымша уақыт, күш, кейде қаражат жұмсаумен байланысты. Осындай мінез-құлық басым болуы үшін қазіргі кезеңдерде шартта баршылық. Ол – егеменді, дербес мемлекет пен ұлттық құқық жүйесінің қалыптасуы, экономикалық дағдарысты тоқтату үшін барлық күш-жігерді жұмсаудың қажеттігі, асқынып бара жатқан қылмысқа қарсы азаматтардың шама-шарқынша күресу борышы. Демек, заңдардың қағидаларын белсенділікпен орындау – заманымыздың талабы. Белсенді түрдегі заңды мінез-құлықтың көріністері сан алуан. Ол – лауазымды тұлғалардың өз міндеттерін адал ниетпен, сапалы атқарып, азаматтардың өздеріне жүктеген міндеттерін қалтқысыз, саналы түрде орындауы, сонымен қатар құқықтарын жүзеге асыра отырып, мемлекеттің, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына белсене қатысып, оларға көмектесу, заңдардың жобаларын талқылауда бой көрсетіп, өз пікірін ортаға салу – міне, құқықтық белсенділікке осындай әрекеттер жатады.

Енжар заңды мінез-құлықтың көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді қалай болса солай орындайды. Ал өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды. Мысалы, сайлауға, заңның жобасын талқылауға қытаспайды, отбасын құрғысы келмейді, оқып-білім алуға ерінеді, тіпті, жұмысты жақсы істеп, табыс та тапқысы келмейді. Әрине, мұндай мінез-құлық заңға қайшы келмесе де, адамның ең алдымен өзіне зиян келтіреді, себебі адамның игілігі үшін берілетін заңды мүмкіндіктер іске аспай қалады. Мұндай мінез-құлықтан қоғам да ештене ұтпайды. демек, екі тарап та ұтылыста болады. Мұндай енжар мінез-құлық басым болса, мемлекетке де зиян келеді. Азаматтардың енжарлығына, немқұрайлығын пайдаланып, қара ниетті лауазымды тұлғалар мемлекет органының қызметін халықтың бақылауынан тыс қоюға әрекет жасаулары мүмкін.

Әрине, тек насихатпен адамдардың енжар мінез-құлқын белсенділікке  айналдыру оңай емес. Ең алдымен  белсенділік – жастайынан қалыптасатын қасиет. Оның негізгі шарты – еңбекке балу. Заңдар да адал, ақ ниетпен істелген жұмыс үшін көтермелеу шараларын белгілесе, ол құқықтық белсенділікке негіз болады.

Заңды мінез-құлық бірнеше  түрде болуы мүмкін.

Құқықтық сананың деңгейіне  байланысты заңды мінез-құлық (іс-әрекет) төмендегідей түрлерге жіктеледі:

  1. Маргиналдық (маргинал-аралық) мінез-құлық – бұл мінез-құлық бәрінен бұрын заң бойынша жазаланудан қорқу мен өз есебінен жаңылып қалмау мақсатына негізделеді. Маргиналдық мінез-құлықты адамдар қайсы сәтте де болса заңды оп-оңай аттайды (бұзады), сәті келсе, ыңғайлы жағдай туа қалса құқықтық талаптарды орындамауға да дайын тұрады.
  2. Конформистік құқыққа сай мінез-құлық. Мұндай мінез-құлық адамның құқықтық талаптарға конформистік түрде бас июіне (көніп бағынуына) негізделеді. Мұндай мінезді адамның ұстанатын қағидаты «бәрі қандай болса, мен де сондаймын» болады. Мұндай мінез-құлық құқықтық нормаларды жете түсінбей, олардың байыбына бармай орындауға (атқаруға) негізделеді.
  3. Жағымды құқыққа сай мінез-құлық – мұндай мінез-құлық қоғамда бар құқық нормаларының әділ және әділеттілігіне мызғымас сенімге, құқықты құрметтеуге және оны терең білуге негізделеді. Мұндай мінез-құлық құқықтың әдеттегі қалып бойынша, әртүрлі себептермен дәлелдердің іштей арпалысуынсыз орындалуынан (атқарылуынан) көрінеді.
  4. Құқыққа сай, әлеуметтік тұрғыдан белсенді мінез-құлықтың мұндай түрі құқықтың құндылығының қажеттілігі жөніндегі мызғымас сенім мен құқықты құрметтеуге ғана емес, сонымен бірге құқыққа дәлелді түрде қарау мен оны жете түсінуге негізделген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЗАҢДЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ










 

 

 


 

 


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Заңды мінез-құлық – құқық  нормаларының нұсқауларына сәйкес келетін  жеке тұлғаның мінез-құлқы. Заңды мінез-құлық  арқылы заң орындалады. Заңның талаптары  орындалмаса, ол жансыз. Тұлғаның заңды  мінез-құлқының көлемі мен үлгісі құқықтық норманың диспозициясында көрсетілген. Егер адамдардың мінез-құлықтары құқық  нормаларының сәйкес келсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды.

Заңды мінез-құлық екіге бөлінеді:

1)   Белсенді заңды мінез-құлық лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасымен белгілі мақсатқа бейімделген занды әрекеттері оның түрлері сан алуан.

2)  Енжарлы мінез-құлықтың көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді салақтықпен сапалы орындамайды, өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды.

 


Информация о работе Заңды мінез-құлық