Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 17:09, реферат
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан .
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жолдары
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан1. Сыбайлас жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан түсіну және оған қарсы күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі БҰҰ-дың Сегізінші Конгресінің хатшылығы әзірлеген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша практикалық шаралар» атты нұсқаулықта көрініс тапты (Гавана, 1990 жылғы тамыз-қыркүйек).2 Осы құжатты талқылау нәтижесінде әлемдік қауымдастыққа сыбайлас жемқорлықтың мынадай ерекшеліктері ұсынылды:
- мемлекеттік
немесе қоғамдық мүліктерді
- мемлекеттік
қызметкерлердің әрекетінде
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 2-бабына сәйкес: «Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады».
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес»
Сыбайлас жемқорлықтық қылмыстың себептік-кешендік факторлары
Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қандай және осы құбылыс неліктен осындай түрде жүзеге асады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін қарастыру барысында бірқатар киындықтарға тап боламыз. Ал, сол себептерге тоқталып өтсек:
Әлеуметтік-экономикалық себептер. Сыбайлас жемқорлықтың кеңістік ерекшеліктерін талдау кезінде айқындалғандай, елдегі сыбайлас жемқорлықтың өріс алу дәрежесі экономиканың даму деңгейіне тікелей байланысты. Алайда керісінше фактіні байқауға да болады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеудің нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына едәуір кедергі келтіреді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық елге келетін инвестициялар легін қысқартатыны, дарынды адамдарды өнімсіз жұмысқа тартатыны, бай табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға жол беретіні, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құрылымдық экономикалық өркендеуді арттыруға бағытталған реформалардың жүргізілуін тежейтіні айқындалды. Елдің табиғи ресурстармен (орман, минералдық, су ресурстары) жақсы қамтылуы да сыбайлас жемқорлықтың дамуының бір факторы болып есептеледі. Елдегі бұндай байлыққа екі тұрғыдан қарауға болады. Бір жағынан, елде бай табиғи ресурстардың болуы ел экономикасы өркендеуінің негізі болып, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне себеп болуы керек. Екінші жағынан, табиғи байлық ел экономикасының өркендеуін емес, өзіне пайда алуды мақсат тұтқан сыбайлас жемқорлық субъектілерін қызықтырады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеу көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекетке түсетін жылдық табысты төмендетеді, себебі салық төлемеудің, салық төлеуден заңсыз босатудың мүмкіндіктері пайда болады немесе салық басқармасы әлсіз жұмыс істейді. Жемқорлықтың өріс алу себептерінің аса маңыздысы - мемлекеттік және жеке секторлар қызметкерлерінің еңбекақы көлемі. Әрине, еңбекақысы төмен болғандықтан, шенеуніктер қосымша табыс көздерін іздестіреді, осындай жағдайда шенеуніктер ресми қызметтік міндеттерін асыра пайдаланып, пара алады.
Саяси себептер. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің экономикалық және саяси дамуына кері әсер етеді. Сыбайлас жемқорлықтың дамуына ықпалын тигізетін саяси факторларға мемлекеттік құрылымның ерекшеліктерін жатқызуға болады.
Яғни:
- бостандыққа ие азаматтық қоғам - мемлекетте жемқорлық деңгейі өте төмен болуының кепілі.
- саяси тұрлаулылық,
үкіметтің, басшылардың жиі
- мемлекеттің жалпы саяси бағытының жиі өзгеруі елдегі әлеуметтік - экономикалық ахуалдың тұрақсыздығына әкеп соғады.
Сонымен, сыбайлас жемқорлық - бұл, біріншіден, мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден, мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден, қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік тұрғысынан құлдыратады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресуге қатысты халықаралық және Қазақстан Республикасының заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа карсы күрестің дамуы.
Жалпы дүниежүзінде жемқорлық
әлемдік масштабтарға ие болды.
Жоғарыда
көрсетілген мақсаттарға жетуде
сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
әр түрлі халықаралық ұйымдардың
халықаралық -құқықтық актілеріне бағытталған.
Жемқорлық мәселесіне Біріккен Ұлттар
Ұйымы үлкен көңіл бөледі. Әлемдік
құбылыс ретінде жемқорлыққа
қарсы бағытталған бірнеше
Осы сыбайлас жемқорлыққа байланысты көптеген нормативтік құқықтық актілер қабылданды.
Қорытындылай келе Сыбайлас жемқорлық – бұл нақты заңдық анықтамасы жоқ әлеуметтік құбылыс және кез келген құбылыс іспетті ол өзіне тән белгілермен сипатталады, әрі өз дамуында үлкен әлеуетке ие. Сыбайлас жемқорлықтың ерекше белгісі - ол қылмыс субъектілерінің өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және қызмет мүддесіне қайшы әрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді. Осы әрекеттер мүліктік не өзге пайда табуға және қандай да бір мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға тікелей бағытталған. Мысалы, саяси сыбайластықты саясаткерлердің, саяси үміткерлердің немесе олармен байланысты адамдардың сайлауды дайындау және өткізу, белгілі бір мемлекеттік лауазымға тағайындау немесе бекіту кезіндегі іс-әрекеттері ретінде анықтауға болады. Мемлекеттік билік және басқару органдарында жемқорлық қылмыстардың тікелей нысаны мемлекеттік қызметтің беделін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық мәселесін қарастыра отырып, сыбайлас жемқорлық мүдделі топтардың экономикалық мүдделерінің көлеңкелі ықпал ету түрі ретінде осы мәселеге қатысты төмендегідей түйін жасауға болады.
Біріншіден, барлығы мойындағандай, сыбайлас жемқорлық – саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Өйткені лауазымдық тұлғаның игіліктерді бөлуге құқығы бар жерде, мүдделі тұлғалар тарапынан үнемі әлеуметтік үқсастық жасау мүмкіндігі болып тұрады. Яғни, игілік деп біз тек қана материалдық ресурстарды меңзеп тұрмаған болармыз, сонымен қатар оған лауазым иесінің түрлі әрекеттерге тыйым салу немесе рұқсат ету тағы басқа құқығы да жатады.
Екіншіден, сыбайлас жемқорлық жоғары деңгейге көтерілуі бұл мәселеге шындап көңіл бөлуді талап етеді. Заманауи жемқорлықпен күресу шаралары тек қана репрессивтік сипатта болмауы қажет, заңнамалардың да жетілдіруіне баса назар аударған жөн.
Үшіншіден,
осы қоғамдық зауалға қарсы қоғамның
бірігуі жемқорлықпен күрестің жеңісіне
қол жеткізуге мүмкіндік
Жемқорлықты
болдырмау үшін, менің пікірімше,
экономикалық, құқықтық және саяси
сипаттағы шаралар кешенін
1. Сыбайлас жемқорлықтың сайлау үдерісіне ықпалын азайту. Сайлау рәсімінің тазалығы және ашықтығы, ең алдымен – сайлау науқандарын қаржыландыру.
2. Заң шығару органдарына сыбайлас жемқорлықтың ықпалын кеміту. Ол үшін депутаттарды қылмысты жауапқа тарту рәсімін ықшамдау керек. Конституция мен елдің заңдарына сүйене отырып, партия қызметіне мемлекет тарапынан бақылауды күшейту. Партиялардың құрылуын қолдау қажет, үміткерлердің сайлаушылар алдында жауаптылығын арттыру, оларға ашық түрде өздерінің үміткерлерін таныстыру, саяси әлеуметтік тетігіне ие болу және олар үшін жауап беру.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүргізуші кадрлардың біліктілігінің жеткіліксіздігі, сондықтан олардың жұмысын жетілдіру, ішкі сатқындардан тазарту – ең алдыңғы міндеттердің бірі. Бұл мәселені шешу үшін:
1. ең алдымен құқық қорғау
органдары қызметкерлерінің
2. құқық сақтау органдарын
4. Жемқорлыққа қарсы ведомстволық бағдарламалар қабылдау. Әр ведомствоға өздерінің ерекшеліктеріне сай, сыбайлас жемқорлық қылмыстар құрылымы және жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыру тәсілдері бар. Олардың әрқайсысына сырттан мамандарды тарту арқылы ерекше бағдарламалар жасау керек. Ведомстволық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды әрбір үш-бес жылда жаңартып отыруды тәжірибеге енгізу қажет. Осы салаға алуан түрлі сыбайлас жемқорлықты жұқтырған мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларға ревизия жасау да жатады.
5. Насихат және хабардарлық. Бұл шаралар кешені төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
зерттеп, игеріп, үлгісін тарату;
6. Халықаралық ынтымақтастық. Егер ұлттық сыбайлас жемқорлық нақты бір елдегі жалпы проблемалардың пайда болуына себеп болса, халықаралық өзара әрекеттен туындаған сыбайлас жемқорлық осы өзара әрекеттердің толық жетілмегеніне байланысты. Сондықтан өзара әрекет ету тетігін жетілдіруге бағытталған күш қолдану қажет. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жемісті нәтиже беру үшін мынадай ұсыныстар ескерілуі тиіс: