Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2015 в 16:52, реферат

Краткое описание

Отбасы — қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес. Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады.

Содержание

Кіріспе

Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптері

Некеге тұрудың тәртібі мен шарттары

Некенің жармсыздығы

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері

Некені тоқтату

Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Отбасы құқығы ұғымы, негіздері мен принциптері.docx

— 33.32 Кб (Скачать документ)

Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға құқығы бар адамдар «неке және отбасы туралы» Заңның 25-бабында аталған. Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға жұбайлар, прокурор, қорғаншы және қамқоршы органдар, сондай-ақ осы некені тіркеу кезінде құқығы бұзылған басқа да адамдар құқылы.

Неке жасы жөніндегі шарт бұзыла отырып қиылған неке кәмелетке толдмаған адамның ата-анасының, қорғаншасының (қамқоршысының) және прокурордың талап қоюымен жарамсыз деп танылады. Егер кәмелетке толмағандардың ісін қорғау кезінде жұбайы он сегіз жасқа толса, онда неке тек соның өзінің талабы бойынша жарамсыз деп танылады.

Заңның некені жарамсыз деп тануға қатысты ережелерінің негіздерін атап көрсетуге болады.

Біріншіден, некені жарамсыз деп тануды сот қана жүргізеді.

Екіншіден, егер некені жарамсыз деп тану туралы іс құралатын сәтте заңға орай оның қиылуына кедергі жасаған мән-жайлар жойылса, некені жарамсыз деп тануға болмайды. Мысалы, ері некеге тұру кезінде басқа әйелімен некелескен жағдайда, істі сот қарағанға дейін ол өзінің бірінші қиылған некесін бұзып, ажырасып үлгере алады.

Үшіншіден, некені жарамсыз деп тану осы некені қиюдан туындаған ерлі-зайыптылардың барлық жеке және мүліктік құқығының, сондай-ақ, «Неке және отбасы туралы» Заңның 27-бабында қарастырылған басқа да құқықтық салдардың жойылуына әкеледі.

Алайда некені жарамсыз деп тану осы некенің қиылуы нәтижесінде туған немесе некені жарамсыз деп танығаннан кейінгі 270 күннің ішінде туған балалардың құқығына нұқсан келтірмейді.

 

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері

Тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады.

«Неке және отбасы туралы» Заңның 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықты, тұрақтылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы.

Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселерін олардың бірлесіп және өзара бірлесе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.

Қолданылып жүрген заңда текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылардың қай-қайсысыда өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымен бірге ерлі-зайыптылар өз қалаулары бойынша ортақ бір тек таңдауға құқылы. Ондай тек ерінікі болмаса әйелінікі де болуы мүмкін. Тәжірибеде ерлі-зайыптылар ортақ бір текті таңдайды.

Кейбір елдердің, оның ішінде ТМД құрамына кіретін елдердің заңы ерлі-зайыптылардың екі текті де алуына мүмкіндік жасайды. Қазақ КСР-інің неке және отбасы туралы Кодексі бұған жол берген жоқ еді. Ал, енді «Неке және отбасы туралы» Заңның 30-бабында жұбайлардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосаралас болғанда болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұқсат етеді.

Қызмет пен мамандықты ерікті таңдау құқығы ерлі-зайыптылардың оқу орындарына түсу, мамандық таңдау, сол таңдап алған мамандық бойынша жұмыс орынның табу жөніндегі мәселелерді жеке өздерінің шешулеріне болатындығын көрсетеді. Әдетте, қызмет пен мамандық таңдау ерлі зайыптылардың екі жақты келісімдері бойынша отбасы мүддесін ойластыра отырып жүзеге асыратын ісі.

Тұрғылықты жерді таңдау еркі дегеніміз мынаны білдіреді: ерлі-зайыптылардың жеке тұруына болады, немесе әр түрлі тұрғын үйлерді иемденуге құқылы. Бірақ, еркек пен әйел басын біріктіру үшін некеге тұратындықтан, отбасын құруға және оны нығайтуға мұндай құқықтың пайдасы болмайды. Заңда көрсетілген тұрғылықты жерді таңдау еркіне ие болу құқығының мәні ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да бір-бірін белгілі бір жерде тұруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал таңдау екі жақтың өзара келісімімен жүзеге асырылуы керек. 

Заң ерлі-зайыптылардың бірге тұруына жағдайлар жасайды және бірінің басқа бір тұрақты мекенге көшуі жағдайында екіншісінің де сонда баруына мүмкіндік туғызады.

Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу құқығы отбасының бюджетін бөлісу, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын жүргізу, туған-туысқандарымен бірге немесе бөлек тұру міндеттері ерлі зайыптылардың бір-бірімен келісімі бойынша шешілетінін белгілейді. Ерлі-зайыптылардың ешқайсысыда өзінің еркін екіншісіне тануға құқылы емес. Егер ерлі-зайыптылар кейбір мәселеде келісімге келе алмаса, онда олар өз дауларын шешу үшін Заңда көрсетілген органдарға шағымдануға құқылы. Мәселен, ерлі-зайыптылар арасында балалар тәрбиесі мен тек таңдауда келісім болмаса, бұл мәселені қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шеше алады.

Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары оларға тиесілі болған мүлікті меншіктену және бір-бірлеріне өзара материалдық қолдау көрсету міндеттерінен туындайды. Құқықтық қатынастардың бірінші түрі Заңның «Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері» деп аталатын 7-тарауындағы нормалармен, ал екіншісі – Заңның «Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері» деп аталатын 18-таруындағы нормалар мен реттеледі.

Ерлі-зайыптылардың меншіктік құқғының регламентациясы немесе басқаша айтқанда олардың мүліктік режимі жаңа заңда елеулі өзгеріске ұшырады. Бұрынғы заңдарда тек бір ғана режим қарастырылған еді. Жаңа Заңда ерлі-зайыптылардың заңды мүліктік режимі де, ерлі-зайыптылар мүлкінің неке шарты бекітілген шарттық режимі де көзделінеді.  

Дегенмен, некеге тіркеу кезінде неке шарты жиі қолданылып жүрсе де, көп жағдайда ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі – олардың ортақ бірлескен меншік режимі қолданылады.

Бұған дейін де айтылғандай, «Неке және отбасы туралы» Заңның 2-бабы ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқығының тең болу принциптерін айқындайды. Осы ортақ принциптің пайда болуына ерлі-зайыптылардың некелескеннен кейінгі бірге тұрған ғұмырында жинаған мүлікке тең құқылығы ықпал етеді. «Неке және отбасы туралы» Заңының 32-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезінде жинаған мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылар мұндай меншікке тең құқықпен билік етеді және пайдалана алады. Нақты өмірде белгілі бір заттарды әйелі тұрақты пайдаланса, екінші бір затты ері тұтынады, үшінші бір затты олардың екеуі да пайдаланады. Бірақ, сырт көзге олардың ортақ мүлкіне жататын заттардың барлығы да ерлі-зайыптылардың екеуіне де бірдей болып саналады.

Заңда ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезінде жинаған мүліктерінің жалпы тізімі берілген. Бұған ерлі-зайыптылырдың табыстары, осы табыстардың негізінде жиналған мүліктер және т.б. жатады.

Жалпы тәртіп бойынша ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуіне, ол заттың қандай мақсатқа арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес. Ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншалықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезінде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған, немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі екендігін арнайы ескертеді.

Бірге тұрған кезде жинаған ортақ мүліктен басқа, ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі жеке мүлкі болады және оған өздері дара билік етеді. Мұндай жеке дара мүліктерге ері мен әйелінің некеге тұрғанға дейінгі немесе ерлі-зайыптылардың, некеге отырғаннан соңғы жеке міндеттемелері бойынша алған заттары, ері мен әйелінің сый ретінде алған, немесе мұрагерлік жолман иемденген заттары, жеке пайдаланатын заттары ерлі зайыптылардың некеге тұру кезінде ортақ қаржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, басқасының бәрі жатады. Мысалы, әйелінің құндыз монтасы, ерінің алтын сағаты т.б. ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып саналады.

Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлік тұрган кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін.

Жалпы ортақ меншік болып табылатын мүлікке ерлі-зайыптылар өзара келісім бойынша иелік ете алады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы жалпы мүлікке байланысты өз бетінше басқа жұбайдың келісімін алуы керек. Ортақ мүлікке байланысты нотариалды рәсімдеуді талап ететін мәіле жасау үшін екінші жұбайдың жазбаша келісімі қажет.

Ерлі-зайыптылардың, әрқайсысы некені тоқтатқан сәтте де, сондай-ақ некеде тұрған кезінде де жалпы ортақ мүлікті бөлісуді талап етуге құқылы. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөліске салғанда олардың үлестері тең болуы тиіс. Жоғарыда көрсетілгендей, отбасының жалпы табысына ерлі-зайыптылардың әрқайсысының қосқан үлесінің көлемі жалпы ереже бойынша ескерілмейді. Сонымен бірге жекелеген жағдайлар да сотқа кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ескере отырып ерлі-зайыптылардың үлестерінің теңдігі негізін ескермеу құқығы берілген.

Ерлі-зайыптылардың талап етуінен басқа ортақ мүлікті болу несие беруші ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредит берушінің талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізілуі мүмкін.

Ортақ мүлікті бөлген кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай заттың берілетінін сот айқындауы керек.

Егер ерлі-зайыптылардың біріне берілетін зат құны жағынан оның үлесінен артып кетіп жатса, онда екіншісіне бұл үшін тиісті өтемақы төленеді.

«Неке және отбасы туралы» Заңның 133-бабында көрсетілген ерлі-зайыптылардың, бір-бірін асырап бағу жөніндегі міндеттеріне сәйкес олар бір-біріне материалдық қолдау көрсетуге міндетті. Ерлі-зайыптылардың бірі мұндай қолдау көрсетуден бас тартқан жағдайда еңбекке жарамсыз жұбайының, сондай-ақ жүкті кезінде және бала туғаннан бастап үш жыл бойы әйелінің алиментті сот арқылы алуға құқы бар, бұл үшін жұбайының қолдау көрсетуге қаражаты болуы тиіс.

Алимент алушы жұбайдың еңбекке жарамсыздығы зейнетақы жөніндегі заңдарға сәйкес анықталады. Бұл заң бойынша мүгедектердің барлық үш тобы да (І, ІІ, ІІІ), сондай-ақ зейнет жасына жеткен азаматтар еңбекке жарамсыз деп танылады. Бұл адамдар зейнетақы алатын, алмайтындыына қарамастан еңбекке жарамсыз деп танылады.

Алимент алуды талап етудің екінші шарты – мұқтаждық, яғни бұл дегеніміз еңбекке жарамсыз жұбайдың өмір сүруге жетерлік қаражатының болмауы деген сөз.

Бұрынғы заң бойынша, еңбекке жарамды болғанмен де мұқтаждық көріп отырған жұбайдың, басқа жұбайдан алимент алуға құқы болмаған. Жаңа заңда мұқтаждық көріп отырған жұбайының мүгедек ортақ баланы бағып күткені үшін жұбайынан алимент алу мүмкіндігі қарастырылған.

Материалдық қолдау көрсету талап етіліп отырған жұбайдың қаражат жағдайы соған лайық  болуға тиіс. Егер оның қаражат жағдайы бұған сай болмаса, талап етуші жұбайының еңбекке жарамсыздығы мен мұқтаждығы дәлелді болғанына қарамастан, ол одан материалдық көмек ала алмайды. Алдыңғысының материалдық қолдауы оның қолда бар мүлкі, табысы, отбасылық жағдайы есепке алына отырып әрбір нақты жағдайға орай белгіленіп отырады.

Алимент алушы жұбайдың материалдық жағдайы да дәл осылайша анықталуы керек, өйткені, алынатын көмектің мөлшері де материалдық және отбасылық жағдайларға байланысты болмақ. Оның мөлшері алиментті төлеу кезінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің еселік қатынасымен бекітіледі.

 

Некені тоқтату

Неке жұбайының қайтыс болуы және оны өлді немесе олардың біреуі хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан я болмаса некені бұзу жолымен тоқтатылады.

Бірінші жағдайда неке өздігінен тоқтатылады, қосымша әрекет талап етілмейді. Екінші жағдайда ерлі-зайыптылардың өз еріктерімен тоқтатылады.

Адам өлімі некелік және отбасылық барлық қатынастарды тоқтататын заңды себеп болып табылады. Қайғыны көтере білген жұбайы жаңадан некеге отырғысы келсе, онда ол бұрынғы некені тіркеген АХАЖ органдары берген зайыбының қайтыс болғандығы жөніндегі куәлікті көрсетсе болғаны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекетімен Құқығының негіздері – оқулық: Құраст. Е. Баянов. – Алматы, 2003.
  2. “ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. 

 

 

 

 


Информация о работе Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптері