Ұлыбритания

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 18:31, реферат

Краткое описание

Британия, Ұлы-британия мен Солтүстік Ирландияның Біріккен КорольдігіЕуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналаскан мемлекет. Құрлықтан Ла-Манш және Па-де-Кале бұғаздары арқылы бөлінген. Аум. 244, 11 мың км2. Халқы 60,3 млн., астанасы — Лоңдон. Халқының 80%-ына жуығы ағылшындар, 15%-ы шотландтықтар, уэльстер мен ирландықтар, 5%-ға жуығын Британ Достастыгы елдерінен келген иммигранттар кұрайды. Ағьшшындар англикан мемл. шіркеуі нанымдарын ұстанса, шотландтықтардың басым бөлігі — пресвитериандар, ирландықтар, негізінен католиктер, қалғандары ислам, т.б. діндерді ұстанады. Ұ-да халықтың 89,4%-ы қалаларда тұрады. Ірі калалары: Ұлкен Лондон, Бирмингем, Лидс, Глазго, Шеффилд, Брадфорд, Ливерпуль, Эдинбург, Манчестер, Бристоль. Ұ. 4 әкімш.-саяси бөліктен Англиядан, Уэльстен ,Шотландиядан, Солт. Ирлаңдиядан тұрады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ұлыбритания+10.docx

— 176.52 Кб (Скачать документ)

пайдалану жаңа архитектураға негіз жасады. 19 ғ-дың 1-жартысында У.Блейк пен табиғат суретшісі У.Тернер сияқты романтик-фантастармен қатар өмірлік пәктікке толы реалистік табиғат суреті жанрының іргетасын қалаушы Дж. Констебл, табиғаттың сезімтал суретшісі Р.П. Бенингтон, сулы бояумен салынатын табиғат көріністерінің шеберлері Дж. С.Котмен, Д.Кокс, Д.Уилки көпке танылды. Ұ-дағы музыканың кайнар көзі кельт тайпаларының музыка мәдениетінен басталады. Ежелгі халықтық ауызша ән-жыр дәстүрлерін жалғастырушылар халық жыршылары мен батырлық дастандарды шығаратын — бардтар болды. Англияда христиан діні орныққаннан кейін кәсіпқой саз өнері дами бастады. Орта ғасырларда ағылшын шіркеулік музыка-сында католиктік хорал басым болды. 14 ғ-дың соңы — 15 ғ-дың бас кезінде қала мәдениетінің өсуі музыканттарды кәсіпқой шеберлерге айналдырды. Король сарайы мен ірі шонжарлардың қамалдарыңда вокалдық және аспаптық капеллалар пайда болды. Қайта өркеңдеу дәуірінде қалалықтар мен ақсүйектердің қоғамдық өмірі мен тұрмысында музыка маңызды орын ала бастады. Үй ішінде әр түрлі әуендер орындалатын консорттар қою дәстүрге айналды. Консорттың кұрамына кірген орындаушылардың саны біртіндеп ұлғайып, 30 — 40-қа дейін жетті. Осылайша оркестрлердің бастапқы формасы пайда болды. Махаббат тақырыбына арналған өлең-мадригалдарға музыка шығарып, аспаптарда орындау, халық әндерін вариациялау, би пьесаларын жазу, драмалық шығармаларға музыка жазу пайда болды. Ағылшын ұлттык мадригал мектебінің негізін қалаушы — У.Берд, оның ізбасарлары — Дж.Булл, О.Гиббонс, кейінірек Дж.Блоу батыс еур. клавесинге арналған музыканың негізін қалаушылар болды. 1672 ж. скрипкашы Дж. Ба-нистер Лондонда бірінші рет көпшілікке арналған концерт берді. Ағылшын ұлттық муз. театрын құрушы 17 ғ-дың аса көрнекті сазгері Г.Перселл болды. 18 ғ-дың соңында Лондонда И.К. Бах, Й,Гайдн, италия сазгері, педагог, ағылшын пианистер мектебінің басшысы болған М.Клементи тұрып, жұмыс істеді. Көптеген муз. мекемелер, хор бірлестіктері мен қоғамдар құрылды: көп дауысты ән айтушылықтың әуесқойларынан тұратын "Кэтч-клуб", Корольдік муз. Коғам, муз. баспа ұйымдастырылды, дүние жүзіндегі пернелі аспаптар шығаратын фирмалардың ең алғашкыларының бірі — "Дж. Бродвудтың" негізі қаланды. 19 ғ-дың ортасында Ұ. сазгерлері негізінен опера жанрын дамытты. 19 ғ-да Лондон еур. музыка мәдениетінің ірі орт-на айналды. Мұнда сол кездің аса танымал сазгерлері мен орындаушылары өнер көрсетті, 1855 жылдан муз. фестивальдар өткізіле бастады. Ұлттық сазгерлік мектептің орнығуын Э.Элгар бастады. 20 ғ-дың бас кезіндегі сазгерлер ұлттык дәстүрлерді дамыту аркылы Ұ. музыкасының мазмұны мен стилін жаңғыртуға ұмтыдды. 20 ғ-да Ұ-ның муз. өмірі қауырт дами бастады, көптеген қалаларда муз. мектептер, оркестрлер, хор қоғамдары құрылды, муз. фестивальдар мен байқаулар өткізілетін болды. 1934 жылдан бастап Глайндборңда жазғы дәстүрлі опера фестивалі өткізіліп тұрады. 20 ғ-дың 60-жылдары "поп музыка" атанған эстрада музыкасы қауырт дамыды. Әсіресе, негр джазы мен блюзінің белгілерін ұштастыра орындалатын әуендерге ән айтатын жас әншілердің "Битлз" вокалды-аспаптық квартеті дуние жүзі жастарына аса танымал болды. Ұ. киносы 1889 жылдан бастау алады. Алғашқы фильм баржоғы бірнеше секундқа созылды. 1896 ж. У.Пол ұлттық кино өндірісінің негізін қалаған бірінші ағылшын фильмін көрсетуді ұйымдастырды.1929 ж. бірінші дыбысты фильм "Бопсалау" түсірілді. 1932 ж. реж. АКорда "Лондон филмс" фирмасының негізін қалады. Мұңда көптеген шетелдік кино қайраткерлері, талантты ағылшын актерлері жұмыс істеді. "Лондон филмстің" үздік туындылары "Елес Батысқа кетіп барады" комедиясы, тарихи-өмірбаяндық "Рембрандт", т.б. Хичкоктың шымшытырық оқиғаларға негізделген фильмдері

 көпшілікке танымал болды. 2-дүниежүз. соғыс жылдары Ұ-да деректі фильм түсіру дамыды. Лондонда 1933 жылдан бастап кино саласындағы ғыл.-зерт. және насихат жұмысының орт. — Британ кино ин-ты жұмыс істейді. Жыл сайын Эдинбург пен Лондонда кинофестивальдар өткізіліп тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Мортон А.Л.,  История Англии,  М., 1950.
  2. Азимов А., Истоия Англии, от ледникового периода до Великой хартии вольностей (пер. С англ. Н.А. Поздняковой), М.,2004.
  3. Страны мира, польный универсальный информационный справочник, М., 2004.

 


Информация о работе Ұлыбритания