Халықаралық қатынастар. Халықаралық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2014 в 17:18, реферат

Краткое описание

Халықаралық қатынастар: субьектілері және қатынас үлгілері
Халықаралық қатынастар мен халықаралық саясат ұғымы және мазмұны
Халықаралық саясаттың негізгі теориялары

Прикрепленные файлы: 1 файл

Халықаралық қатынас.docx

— 31.23 Кб (Скачать документ)

Аталмыш құжаттарды әлем халықтары мен мемлекеттерінің адамзатты сақтау үшін бейбітшілік пен соғыс мәселесін шешу жолындағы тәжрибесі синтезделді. Адам құқықтарын қорғау, демократия мен бейбітшілік үшін күрес ғаламдық саясат принциптерін айқындап берді. Адамзаттық тағдыр ортақтастығы мәселесі барлық халықтар мойындайтын бірінші басымдылыққа айналды. Әлем мемлекеттері ортақ азаматтық мәселелерді бірлескен күшпен шешпейінше тұрақты даму болмайтындығын түсінетін дәрежеге жетті. ХХІ ғасырда жаһандық мәселелердің күрделене түсуі әлем мемлекеттерінің әлемдік саясатпен айналысуға деген зәрулігін тіптен күшейтіп жіберді.

Әлемдік саясат халықаралық экономикалық, саяси, мәдени-ақпараттық, технологиялық байланыстардың жаңа деңгейге трансформациялануының нәтижесінен туды. Жаһандық мәселелер ұлттық мемлекеттік шекара көлемінде мүлдем шешілмейді. Көптеген күрделі мәселелер барлық мемлекеттерге ортақ жаһандық жүйеге айналып, жалпы әлемдік сипат алуда. Әлемдік мәселелерді шешу үшін әлемдік саясат мемлекеттердің шаруашылықтарының даму динамикасына, интеграциялық үдерістерді нығайтуға ықпал етуге тырысады. Осы арқылы әлемдік шаруашылық пен әлемдік нарықта мемлекеттердің өзара тәуелді байланысы күшейді. Бұл жағдай саяси қатынастардың бейбітшілік жолымен дамуына экономикалық тірек болады.

Әлемдік саясат, жеке мемлекеттердің саясатының жәй ғана жиынтығы емес. Ол жекелеген халықаралық қатынастар субъектісінің  де саясатына сыймайды. Сонымен қатар әлемдік саясат халықтар мен мемлекеттердің ортақ, жалпы мақсат-мүдделерін тоқайластырып, түйістіріп халықаралық қатынастардың барлық элементтеріне өзінше жеке әсер етеді. Жаһандық саясаттың барлық элементтері бірімен-бірі байланысты, өзара тәуелді бола отыра біртұтас құбылыстың жеке бөлшектері ретінде қызмет істейді. Әлемдік саясаттың тиімділігі оны жасайтын мемлекеттердің ортақ қауіптерді түсіну дәрежесіне, жағдайды түзетуге бағытталған белсенді саясат ұстануына байланысты. Мемлекеттің сытқы саясаты әлемдегі болып жатқан өзгерістерге жауап бере алуының маңызы зор. Әлемдік шындықтарға нақты, әділетті бағасын беру арқылы мемлекеттер өздерінің қызметтерін үйлестіруге мүмкіндік алады. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарды бағалауда ортақ мәселеге  келу арқылы мемлекеттер олардың бетін қайтарудың біріккен шараларын жасау саясатын күн тәртібіне қояды.

Әлемдік саясатты ішкі саясат сияқты орталықтанған билік басқармайды.. Сондықтан әлемдік саясатқа қатысушы акторлар әлемдік шындықтарға сәйкес өз беттерінше қызмет етеді. Сондықтан әлемдік саясаттың тәуекелі көп. Әлемдік саясаттың бір субъектісі екінші субъектісінің не істеп жатқандығын да біле бермеуі мүмкін. Әр мемлекеттің сыртқы саясаты сол елдің ұлттық мүдделерінен туындайтын нақты және анық міндеттер болса әлемдік саясат субъектілерінің қызметі стихиялы жүреді. Оның бағыт-бағдарын анықтап, әрбір субъектінің шешетін мәселелерін белгілеп отыратын әлемдік саясаттың орталығы жоқ. Әлемдік саясат-әлем мемлекеттерінің жаһандық қауіптерімен мәселелерді бірлескен күшпен шешу қажеттілігін түсіну құбылысы. Әр мемлекет өзінің қуатына және мақсаттарына қарай әлемдік тәртіптерге ықпал етуді көздейді. Адамзаттың тағдырының ортақтастығын түсіну, әлемдік қатынастарды бейбіт жолмен реттеуге құлшынысты тудырады. Өзара жауласу, теке-тірес, күш көрсету, басқа әлсіз мемлекеттерге зорлық жасау әлемдік тәртіптерге қауіпті екендігі халықтар түсіне бастады.

Сол себепті әлемдік саясат жаһандық тәртіптерді реттеуші ерекше саясат түрі болып табылады. Әлемдік саясат принциптерінің жалпылық сипаты бар дедік. Бірақта оларды  орындауға әрбір мемлекет міндетті емес. Халықаралық нормалар мен құқықтары белгілейтін құжаттарға қол қойған мемлекеттер ғана өз міндеттерін әлемдік қауымдастық алдында орындап отыруға міндеттеме алады.

Әлемдік саясаттың күнделікті мақсаты - әлемдік тәртіпте бейбітшілікті, тұрақтылықты, демократияны сақтау. Сонымен қатар оның көздегені әлемдік саясатқа қатысушы субъектілердің барлығының мүдделі тоғысатын халықаралық орта жасау. Мүдделердің ортақтастығы, адамзатты сақтауға деген зәрулік көптеген мемлекетердің жалпыадамзаттық мүдделердің басымдылығын мойындауына әкеліп отыр.

III.     Сонымен қатар әлемдік саясатты әлемдік билік үшін күресетін, әлемдік тартыстардан, әрбір елдің өздеріне тән геосаяси күрестерінен, түрлі бәсекелестіктер мен мүдделер қайшылығынан тысқары алып қарасыруға болмайды. Әлемдік саясатта АҚШ, Қытай, ЕО, Ресей сияқты алпауыт мемлекеттердің үстемдігі байқалады. ХХ ғасырдың 50-90-шы жылдары мысалы, әлемдік саясатта  екі басым полюс АҚШ пен Кеңес Одағы болды. Кеңес Одағы күйрегеннен кейінгі ХХ ғасыр аяғы мен ХХІ басы бір полюстік әлемдік саясат болды. Ол АҚШ-тың басым болуымен сипатталады. Ал, 2005-2010 жыдардан бастап әлемдік саясатта көпполюстік қатынастар басым болуда. әлемдік қатынастарды айқындаушы күштер қатарына жоғарғы аталған мемлекеттермен қоса Үндістан, Жапония, Бразилия сияқты жылдам дамушы елдер ықпалы арта түсуде. Әлемдегі өзгерістер үздіксіз процесс. Онда ұдайы жаңа, табиғаты күрделі құбылыстар пайда болуы заңдылық. Әлемдік саясат субъектілері осы әлемдік өзгерістерді, мәселелерді, қайшылықтарды танып  білуге және оларды шешу ісіне, немесе қауіптерді азайту шараларына әлем мемлекеттерін жұмылдырып отыруға міндетті.

Әлемдік тәртіптерді реттеп отыратын Әлемдік Үкімет құру жоспары әзірше футурологтардың ғана ойларында. Бірақта, әлемдік мәселелер мен тәртіптердің өзгеруіне әлемдік қауымдастықты дайындайтын БҰҰ, ЕЫҚҰ, АЕО, Ислам конференциясы сияқты халықаралық ұйымдар бар. Олар әлемдік саясаттың негізгі принциптері мен бағыттарын әлем мемлекеттеріне танытуға және мойындатуға ат салысып келеді. Бірақта, әзірше бірде бір халықаралық ұйым әлем мемлекетеріне міндетті шараларды іске асыруға мәжбүрлей алып отырған жоқ. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен болатын санкциялардың өзінің орындалуы ойдағыдай емес. Әлемде әділетті тәртіптер орнады деп айтуға ертерек.

Елеулі кемшіліктерге қарамастан әлемдік саясат өркениетті адамзат пен дамыған мемлекеттер ықпалымен біртіндеп ізгіленіп, гуманизацияланып келеді. Ол адамдарды ұлттық, нәсілдік, мемлекеттік, әлеуметтік-таптық тегіне қарамастан жаһандық мәселелерді бірігіп шешуге бастап келеді. Адамдардың бостандығы мен теңдігіне негізделген әлемдік саясаттың қазіргі мақсаттары: халықаралық қауіпсіздік жүйесін жасау, мемлекетаралық қатынастарда күш көрсету, зорлыққа жол бермеу, халықтар арасындағы сенім мен бейбітшілікке бастайтын қатынастарды қалыптастыру, жаппай қырып жоятын  және ядролық қарулардың таралуына жол  бермеу, әлемдегі қорқыныш пен үрейді, өзара жауласуды тоқтату сияқты жеке адамдар мен халықтардың бейбіт және тыныш өмір сүруін қамтамасыз ету. Ең бастысы әлемдік саясат жаһандық бейбітшілікті қамтамасыз етуге тиісті. Әлемдік басым державалардың әлсіз мемлекеттерге қарсы зорлыққа бармауының, ұлттық мүдделерін адамзаттың мүдделерге бағындыруының маңызы арта түсуде. Ол үшін әлем халықтарының, әлем азаматтарының бейбітшілік пен адам құқығы идеяларының платформасында топтасу қажет. Әлемдік саясат әлемдік қатынастар сияқты аса күрделі құбылыс. Оның ойдағыдай шешімін табуы тіптен қиын. Сондықтан әлем мемлекеттері мен халықтары жаһандық мәселелер мен қауіптерге қарсы әлемдік саясаттың тиімділігін арттыра беруге мүдделі. Онсыз әлемдік тыныштықты сақтау мүмкін емес.

Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады — капиталистік сипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі — әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі.Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық үстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШ басым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр. Жапония бүрынғыдай үшінші келеді. 20-25 жылдан кейін Қытай әлемдік экономиканың бас алпауытына айналуы мүмкін. Үндістан да одан қалыспауда. Осы кезде аймақтандырудың қарқынды проңесі жүріп жатыр — Еуропада (Еуропалық Одақ), Азияда (АСЕАН және өзге де тар шеңбердегі қүрылымдар), Африкада (Африкалық одақ), Солтүстік Америкада (НАФТА), Латын Америкасында (МЕРКОСУР, Анд тобы). Бүл аймақтық үйымдар өз кезегінде халықаралық қатынастар сахнасының белсенді әрі ықпалды ойыншы- ларына айналуда. Қалыптасып келе жатқан әлемдік азаматтық қоғамның үстанымдарын білдіретін үкіметтік емес үйымдар Халықаралық қатынастар саласында елеулі ықпалды рөл атқаруда.

Халықаралық қатынастардың саяси философиясы — мемлекеттердің сыртқы саясатының, әлемдік саясаттың және халықаралық қатынастардың, қақтығыстардың, соғыс пен бейбітшілік мәселелерінің философиялық қырларын; халықаралық қатынастардың өзара әрекеттесуінің этикалық қырларын; сондай-ақ халықаралық-саяси проңестердің эпистемологиялық және философиялық негіздерін зерттейтін саяси философияның бөлімі. 1970-ж соңында халықаралық қатынастарды зерттеудің орталыгы нормативті мәселелер аясына, яғни, халықаралық сахнадағы этика мен мораль мәселелеріне ойысты. Халықаралық қатынастар философиясы мәселесін зерттеудегі басты бағыт қырғи-қабақ соғыс түсында ядролық тойтарыс мәселесін философиялық үғыну болды. Саяси философтар көбіне «табиғи қүқықтың» қазіргі үрдісін (кейде оны мемлекеттер моралі деп атайды) үсынады.

Саяси теорияда халықаралық қатынастарды зерттеуде Гарвард мектебінің қосқан үлесі зор. Саяси-философиялық зерттеулер мынадай негізгі үш мәселенің айналасына шоғырланды:

  1. халықаралық қатынастардағы үлттық мүдде және билік рөлі;
  2. әлемдік саясаттың этика¬лық қырлары;
  3. жаһандану мәселелері — мәдениаралық ықпалдасу аясында.

Қазақстанда өндірісі дамыған елдердің халықаралық және ұлттық стандарттарымен өз стандарттарымызды үйлестірудің қаншалықты маңызды екенін бәрі түсіне бермейді. Бұл түсінбеушілік біріншіден, кететін шығындарға тікелей байланысты. Екіншіден, халықаралық стандарттарға көшудегі пайда бірден байқалмайды.  Стандарттау саласындағы мемлекеттік саясаттың көздеп отырған  бір бағыты – ИСО 9000 және ИСО 14000 халықаралық стандарттарына сәйкес сапа жүйесі мене менеджментіне өту. Бұл жүйеде 2002 жылы – 75 кәсіпорын, ал 2003 жылы – 116 кәсіпорын сертификатталған болса, 2005 жылы сапа жүйесін сертификат- тағандардың саны 388-ге жетті, сондай-ақ 159 кәсіпорын дайындық үстінде. Бұдан сапаны сертификаттаудың маңыздылығын еліміздің көптеген кәсіпорындары ерікті түрде мойындап отырғанын көреміз.  2005 жылдың 15-ші мамырында Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» жаңа заңы өз күшіне енді. Бұл заңныңда көздеп отырғаны — өнімнің қауіпсіздігі. Техникалық реттеу жүйесі барлық техникалық регламенттер мен стандарттарды, аккредиттеу әдістері мен сәйкестікті растауды, мемлекеттік бақылау мен қадағалау жұмыстарын бір жүйеге келтіріп, халықаралық нормасына сәйкестендіреді. Сондықтанда да, қазақстандық кәсіпорындардың осы жүйеге тезірек өтуі аса қажет. Жалпы алғанда, техникалық реттеу жүйесі толығымен 2010 жылы  жүзеге асатын болады деп күтілуде. Ол аралықта еліміздің бірқатар заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, кейбір заңдар- дың қайта қаралуы да мүмкін. Яғни Қазақстанда бәсекелестік орта кеңейі түсіп, отандық өнімдердің сапасы жоғарылап, жалған маркілі өнім түрлері азаятын болады. Бүгінде стандарттау саласын жетілдіру әлем назарында тұр. Біздің елімізде көптеген жоғары оқу орындарныда стандарттау саласының мамандарын даярлау қолға алынып, сапа жүйесі бойынша сертификатталып, бүгінгі заман талабына сай білікті инженер-сарапшы мамандар даярлауда. Бірақ бұл саланың мамандарын әліде қажетінше оқу курстарына жіберіп, шет елдерде, сондай-ақ өз елімізде, халықаралық ұйымдармен тікелей байланысуы арқылы мамандардың біліктілігін жетілдіру шаралары жүзеге асырса нұр үстіне нұр болатыннына сенімдіміз.

 


Информация о работе Халықаралық қатынастар. Халықаралық саясат