Елшілік және миссиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2014 в 20:21, доклад

Краткое описание

Дипломатиялык өкілдік орналасқан елдегі қызметін екі ел арасында дипломатиялық қатынастар тоқтатылған немесе үзілген жағдайда толық тоқтатады. Халықаралық іс-тәжірибеде басқадай нысан да болуы мүмкін, мысалы, екі мемлекет біріккен жағдайда сыртқы саясатты біріккен үкімет жүргізуі керек және біріккен елдің біреуі барлық дипломатиялық өкілдіктермен өз жұмысын тоқтатуы тиіс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Елшілік және миссиялар.ppt

— 58.50 Кб (Скачать документ)

Елшілік және миссиялар

 

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері Университеті

Елшілік

 

 — бір мемлекеттің екінші  мемлекеттегі елшісі басқаратын дипломатиялық өкілдігі

 

 — Елшілікті төтенше және  толық құқылы елші басқарады

Елші – хаттамалық қатынас бойынша ең жоғарғы дәрежедегі дипломатиялық өкілдіктің басшысы. Елші мемлекеттердің өзара келісімімен тағайындалады.

 

Елшілік құрамы

 

Елші

 

 

өзге де ресми 

дипломатиялық 

қызметкерлер

 

және 

қызметшілер

 

Елші тағайындалмас бұрын мына  сатылардан өтеді:

 

агреман сұрау;

 

қызметке тағайындалуы;

 

тағайындалған елге келуі;

 

сенім граммотасы тапсырылған  соң қызметке ресми түрде кірісуі.

Елшінің 

негізгі 

міндеттері

 

 

Өзін аккредиттеуші 

Мемлекет пен 

оның азаматтарының 

мүддесін қорғау

 

 

Елші акккредиттеуші 

елдің атынан сөйлейді.

 

 

Аккредиттеуші 

мемлекет 

пен өзі орныққан 

мемлекет арасында 

өзара достық 

қарым-қатынасты 

дамыту

 

 

Өзі орныққан 

ел өкіметімен 

келіссөздер жүргізу

Дипломатиялық өкілдік басшысын  тагайындау

 

Агреман -деген француз 

сөзінен шыққан,

 (мақұлдау, келісу мағьшасында)

 бір елдін дипломатиялық өкілі

ретінде белгілі бір адамды 

тағайындауға екінші бір елдің 

алдын-ала келісім беруі.

 

 

Өкіл өзінің Сыртқы саясат 

ведомствосынан 

тиісті нұсқау алғаннан кейін 

дипломатиялық өкілдік орналасқан 

елдің сыртқы істер министрлігіне 

барып, ауызша нысанда осы елдегі 

өз лауазымынан кететінін және  басқа 

кандидатураға агреман сұратуды 

тапсыру туралы хабарлайды.

 

реrsona gratа    -   реrsоnа non grata

Сенім 

грамоталары

 

Жіберу 

грамоталары

 

Кері 

шақырып 

алу 

грамоталары

Арнайы миссиялар

 

– сыртқы қатынастардың шетелдегі  уақытша органдарының бір түрі

-  араларында айқындалатын  нақты міндеттерді орындауы үшін  бір мемлекеттің екінші мемлекетке  жіберетін өкілдіктерінен тұрады.

«Дипломатиялық миссия»

 

бұл термин 

дипломатиялық 

міндетті 

орындау 

мағынасында 

қолданылады

 

миссия деп 

іске сенімді немесе 

уәкіл басқаратын 

дипломатиялық 

өкілдікті айтамыз.

 

өз үкіметі жүктеген 

арнайы,бір 

ретті міндетті 

атқаруға жіберілген 

өкілдік немесе 

делегация.

Арнайы миссия бір мемлекеттен  басқа мемлекеттерге  уақытша  және өкілдік негізде болатын, белгілі бір міндеттерді немесе  нақты мәселелрді қарастыруға  жіберіледі. Арнайы миссиялар мемлекеттегі  меретойлық салтанаттарға қатысу  үшін, халақаралық мәжіліс дайындау  үшін, халықаралық келісім бекіту  үшін, саяси негіздегі келісдер  бекіту үшін қолданылады.

1969 ж. 8 желтоқсанда БҰҰ-да   арнайы миссиялар жөнінде конвенция  қабылданды

 

Конвенцияның 3 бабына сәйкес,

бір мемлекет басқа мемлекетке  арнайы миссияны мемлекеттер  арасында дипломатиялық және  консулдық байланыс болмаса да  жібере алады. Мемлекеттер арасында  дипломатиялық қатынастар үзілсе  де, арнайы миссиялардың қызметі  бірден тоқтамайды.

Арнайы миссияны көпсанды делегация  таныта алады; миссияны бір тұлға  да іс жүзіне асыра алады.

 

Арнай миссияны өкілетігін мемлекет  басшысы, үкімет басшысы, Сыртқы  істер министрі немесе арнайы  миссияның міндетті мен оның  дәрежесіне байланысты тиісті  министрліктің министрі анықтайды.

 

Арнайы миссияның басшылығында  мемлекет басшысы немесе үкімет  басшысы тұруы мүмкін. Бұл жағдайда  миссия ең жоғары дәрежеде  болады, себебі аранайы өкілеттік  қажет етілмейді. Делегация құрамына  оның мүшелері, кеңесшілер және  сарапшылар кірүі мүмкін.

Арнайы миссияның ерекше белгілері:

 

әдетте 

арнайы миссиямен 

мемлекеттер алмасады;

 

арнайы миссияның қызметі

 уақытша сипатта болады және

миссиялар нақты мәселелрді  шешу 

үшін құрылғандықтан, мақсатта 

бағытқа ие қысқа уақыт аралығында 

қызмет істейді, алдына қойған 

міндетті шешу – миссия қызметінің 

аяқталу уақыты болып табылады

 

миссияны басқаруға 

және құрамына бұрын-соңды 

дипломатиялық мәртебесі болмаған 

саяси қызметкерлер қатыса алады 

(танымал ғалымдар, парламент 

мүшелері, әскери басшылар).

 

Екі немесе бірнеше мемлекеттер 

үшінші мемлекеттің 

келісімімен, оның 

аумағына арнайы 

миссия жібере 

алады.

Миссияның басшылары мен мүшелеріне  шетел мемлекетінің аумағында 1961 ж. Вена конвенциясыеда көзделген  иммунитететр мен артықшылықтар  беріледі

 

жеке басқа 

қол сұқпаушылық

 

кедендік 

артықшылықтар

 

салық иммунитеті

 

мүлкіне және 

хат-хабарларға 

қол сұқпаушылық

 

қылмыстық,

азаматтық және 

әкімшілік 

юрисдикциядан

иммунитет 

Дипломатиялық өкілдіктер қызметін  тоқтату

 

Дипломатиялык өкілдік орналасқан  елдегі қызметін екі ел арасында  дипломатиялық қатынастар тоқтатылған  немесе үзілген жағдайда толық  тоқтатады. Халықаралық іс-тәжірибеде  басқадай нысан да болуы мүмкін, мысалы, екі мемлекет біріккен  жағдайда сыртқы саясатты біріккен  үкімет жүргізуі керек және  біріккен елдің біреуі барлық  дипломатиялық өкілдіктермен өз  жұмысын тоқтатуы тиіс.

Дипломатиялық агенттің қызметі  дипломатиялық қатынас туралы  Вена Конвенциясының 43- бабына сәйкес  тоқтатылады:

 

- егер ол белгілі бір мерзімге  жасалса және уақыты созылмаса,  мерзімі біткен жағдайда;

- дипломатиялық өкілдік орналасқан  мемлекет үкіметіне тіркеуші  мемлекет үкіметінің дипломатиялық  агент қызметінің тоқтатылатындығы  туралы (кері шақырып алу) хабарлауы;

- дипломатиялық өкілдік орналасқан  мемлекеттін дипломатиялық агентті  өкілдік қызметкері деп танудан  бас тартатындығын хабарлауы.

Дипломатиялық қатынас туралы  Вена Конвенциясынын 45- бабына сәйкес, екі мемлекет арасындағы дипломатиялық  қатынас үзілген жағдайда, сондай-ақ  өкілдікті түрақты немесе уақытша  кері шақырып алған жағдайда:

 

а) дипломатиялық өкілдік орналасқан мемлекет қарулы жанжал 
жағдайында да дипломатиялық өкілдікті оның мүлкімен және 
мүрағатымен бірге күзетуге және қүрметтеуге тиіс;

б) тіркеген мемлекет өз өкілдігінің ғимаратын мүлкімен және 
мүрағатымен бірге дипломатиялық өкілдік орналасқан мемлекетке 
қолайлы болатын қандай да бір үшінші мемлекеттің күзетуіне сеніп 
тапсыруы мүмкін;

в) тіркеген мемлекет өз мүддесін және өз азаматтарынын мүдделерін 
дипломатиялық өкілдік орналасқан мемлекетке қолайлы болатын қандай 
да бір мемлекеттің өкілдігіне қорғауға сеніп тапсыруы мүмкің

Жеке мемлекеттер арасындағы  қатынастар тығыз, әрі достық  сипатта бола бастағанда дипломатиялық  өкілдіктер бір деңгейден екінші  деңгейге қарай қайта қүрылады. Мұндай жағдайларда, тиісті елдердің  үкіметтері халықаралық қатынастарының  сапалы екендігін білдіру үшін  өздерінің дипломатиялық өкілдіктерінің  деңгейін жоғарылатуға және оларды  миссиядан елшілікке айналдыруды, ал уәкілдерді елшілер дәрежесіне  көтеруге шешім қабылдайды.

Қазақстан Республикасының Елшілігі  сыртқы қатынастағы мемлекеттік  орган және дипломатиялық өкілдік  орналасқан еліндегі оның жоғары  дипломатиялық өкілдігі болып  табылады. Елшілік өз қызметінде  дипломатиялық қатынас туралы 1961 ж. Конвенция ережелерін, Қазақстан  Республикасының Конституциясын, Қазақстан  заңдарын, Қазақстан Республикасы  Президентінін Жарлықтарын, Қазақстан  Республикасынын қаулылары мен  бүйрықтарын, сондай-ак Сыртқы істер  министрлігінің нормативтік қүжаттары  мен нүсқауларын басшылыққа алады.


Информация о работе Елшілік және миссиялар