"Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 19:14, курсовая работа

Краткое описание

Сот жүйесі – түрлі деңгейдегі соттардың жиынтығы. Бұл материалдық және процессуалдық заңнамада белгіленген қатаң тәртіппен жұмыс істейтін иерархиялық жүйе болып табылады. Қазіргі қоғамда көптеген сот жүйесілері бар. Сот жүйесі құрамына азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, әскери, шіркеулік, сауда, т.б. сот істері кіреді. Сот жүйесін көбіне конституциялық сот қызметін атқаратын Жоғарғы сот органы басқарады. Кейбір елде бірнеше сот жүйесі болады. Мысалы, Ресейде жалпы соттар, шаруашылық соттар және конституц. соттар бар. Сот жүйесінің біртұтастығы түрлі деңгейдегі барлық соттардың ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларының, міндеттерінің, соттарды қаржыландыру тәртібінің біркелкі болуынан, бірыңғай тәртіпте сот төрелігін атқарып, заңдарды бірыңғай қолдануынан және судьялардың құқықтық мәртебесінің бірдейлігінен көрініс табады. Қазақстан сот жүйесі әкімшілік-аумақтық бөлініске орай құрылады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3

Негізгі бөлім
I-тарау. Қазақстан Республикасының соты

Қазақстан Республикасының сот жүйесі....................................4-5
Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты.............................5-8
Қазақстан Республикасы сот жүйесінің құқықтық негіздері...8-9


II-тарау. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы.


2.1 "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы"заңы......................................................................10-11
2.2 Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі.....11-12




Қорытынды..............................................................................................13

Жұмыста пайдаланған нормативтік-құқықтық актілер мен
әдебиеттер тізімі.......................................................................................14

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сот жүйесі 2курс.doc

— 112.00 Кб (Скачать документ)

 


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                    

Жоспар:

 

Кіріспе........................................................................................................3

 

Негізгі бөлім

I-тарау. Қазақстан Республикасының соты

 

    1. Қазақстан Республикасының сот  жүйесі....................................4-5
    2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты.............................5-8
    3. Қазақстан Республикасы сот жүйесінің құқықтық негіздері...8-9

 

 

II-тарау. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы.

 

 

2.1 "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы"заңы......................................................................10-11

2.2 Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі.....11-12

 

 

 

 

Қорытынды..............................................................................................13

 

Жұмыста пайдаланған нормативтік-құқықтық актілер мен

әдебиеттер тізімі.......................................................................................14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

1995 жылдың 30 тамызында Республикалық  Референдумда қабылданған  Ата  Заңымыздың 1-бабына сәйкес Қазақстан  Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік  мемлекет ретінде орнықтырып, өзінің  ең қымбат қазынасы – адам  және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады.1

Конституциямыздың 3-бабының 4-тармағына сәйкес, Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас және ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік  әрі тепе-теңдік  жүйесін  пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс деп белгіленді.

Сот билігінің заң шығару және атқару билігімен  бір деңгейде тұру демократиялық мемлекеттің белгісі. Сот билігін  басқа мемлекеттік биліктік құрылымдардан бөлу, мемлекеттің құқықтық жоғарлығы принципін, соның ішінде  бостандық пен әділдік идеясын жүзеге асыруға нақты түрде жылжуын көрсетеді.

Сот жүйесі – түрлі деңгейдегі соттардың жиынтығы. Бұл материалдық және процессуалдық заңнамада белгіленген қатаң тәртіппен жұмыс істейтін иерархиялық жүйе болып табылады. Қазіргі қоғамда көптеген сот жүйесілері бар. Сот жүйесі құрамына азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, әскери, шіркеулік, сауда, т.б. сот істері кіреді. Сот жүйесін көбіне конституциялық сот қызметін атқаратын Жоғарғы сот органы басқарады. Кейбір елде бірнеше сот жүйесі болады. Мысалы, Ресейде жалпы соттар, шаруашылық соттар және конституц. соттар бар. Сот жүйесінің біртұтастығы түрлі деңгейдегі барлық соттардың ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларының, міндеттерінің, соттарды қаржыландыру тәртібінің біркелкі болуынан, бірыңғай тәртіпте сот төрелігін атқарып, заңдарды бірыңғай қолдануынан және судьялардың құқықтық мәртебесінің бірдейлігінен көрініс табады. Қазақстан сот жүйесі әкімшілік-аумақтық бөлініске орай құрылады.

 

 

 

 

                 

 

 

 

 

 І-тарау.Қазақстан Республикасының Конституциялық соты

1.1 Қазақстан Республикасының сот  жүйесі

Қазақстан Республикасының сот жүйесін — Жоғарғы Сот және жергілікті соттар — облыстық және оларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық) соттар құрайды. Конституция қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол бермейді. Бірақ бұл мамандандырылған соттарды құруға болмайды дегенді білдірмейді. Сот билігі сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген түрінде жүзеге асырылады. Соттардың адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін зандар мен өзге де нормативтік-құқыктық актілерді қолдануға құқы жоқ. Енді сот жүйесінің буындарын қарастырып көрелік.

Аудандық (қалалық) соттар — соттар жүйесінің негізгі буыны — сот әділдігін жүзеге асыруда ауқымды құзыретке ие және сот жұмысының елеулі блігін атқарады. Оларды ауданда, қалада (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда), қала ауданындаӘділет министрлігінің ұсынысы бойынша Президент құрады. Мұндай соттар төрағадан және аудандық судьялардан тұрады. Аудандық (калалық) сот өзге соттардың жүргізуіне жататын істерден басқа бірінші сатыға жататын барлық істерді қарайды.

Облыстық және оларға теңестірілген соттар (мысалы, Астана мен Алматының қалалық соттары) — орта буын соттарын — Президент құрады. Бұл буындағы соттар жүгіну, кассациялық және қадағалау ретіндегі бірінші саты соттары ретінде, сондай-ақ аудандық (калалық) соттарға катысты жоғары тұрған сот ретінде әрекет етеді.

Қаралып отырған соттар сот төрағасынан, алқалар төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты — сот жүйесінің ең жоғары буыны. Жоғарғы Сот азаматтык, қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы болып табылады. Заңда көзделген іс жүргізу нысандарында езінен төмен тұратын соттардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады. Нормативтік қаулылар алу жолымен оларға сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады. Жоғарғы Сот төрағадан, алқа төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасын, алқалардың төрағаларың және Жоғарғы Соттың судьяларын Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларың, алқаларының төрағаларын және облыстық соттар мен оларға теңестірілген соттардың судьяларын Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Президент тағайындайды. Басқа соттардың төрағалары мен судьяларын Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген Әділет министрінің ұсынуы бойынша Президент қызметке тағайындайды.

1.2 Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты – мемлекеттің ең жоғары сот билігі органы, яки елдегі азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, т.б. істер бойынша ең жоғары сот органы болып табылады. Ол төменгі соттардың қызметіне сот қадағалауын жүзеге асырады және соттың іс-тәжірибесіне қатысты әр алуан мәселелер жөнінде түсінік береді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотн төраға, оның орынбасарлары, мүшелері құрамында Қазақстан Республикасы Парламенті 5 жыл мерзімге сайлайды. Оның құрылымы, мәртебесі, қызмет тәртібі 2000 ж. 25 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заңмен белгіленген. Бұл Конституциялық Заң Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заң күші бар Жарлығында белгіленген реформаларды одан әрі дамытты. Жоғарғы Сот құрамындағы әскери алқа таратылып, оның жаңа құрылымы белгіленді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот қадағалауын ең алдымен төменгі соттардың нақты істерді шешуде заңдылық пен негізділікті сақтауын тексеру, олар жіберген қателерді түзету жолымен жүзеге асырады. Сонымен бірге Жоғарғы Сот республикадағы сот жүйесінің іс-тәжірибесін зерделеп, қорытындылайды, сот статистикасына талдау жасайды, осы негізде сот істерін қарау кезінде заңнаманың қолданылуы барысында туындайтын мәселелер бойынша түсініктер береді, заңи бастамашылық құқығын пайдаланады. Жоғары сот билігін жүргізуші орган ретінде Жоғарғы Сот істерді өзінің өкілеттік құзыры шегінде, бірінші сатыдағы сот дәрежесінде апелляциялық және қадағалау тәртібімен, сондай-ақ жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарайды. Бұл орайда, Жоғарғы Сот қарайтын істер бойынша заңи хұкім жүргізу құзыры Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес айқындалады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құрамы төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. Жоғарғы Соттың органдары: қадағалау алқасы,азаматтық істер жөніндегі алқа, қылмыстық істер жөніндегі алқа, соттың жалпы отырысы. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын – алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Жоғарғы Соттың төрағасы басқарады. Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы Сот төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді. Қадағалау алқасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру жолымен жыл сайын сайланатын судьялардан құралады. Азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқа соттың жалпы отырысында талқыланғаннан кейін дербес құрамын ЖоғарғыСот төрағасы белгілейтін судьялардан құралады. Жоғарғы Сот төрағасы азаматтық істер жөніндегі және қылмыстық істер жөніндегі алқаларда мамандандырылған құрам құруы мүмкін.

Жоғарғы Соттың төрағасы судья міндетін де атқарумен қатар: судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады, қадағалау алқасын басқарады, алқада сот ісін қараған кезде төрағалық етуге құқылы; Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді; жалпы отырыстың қарауына сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қабылдау үшін материалдар енгізеді; Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекітуіне жалпы отырыс хатшысының және ғылыми-консультациялық кеңес мүшелерінің кандидатураларын енгізеді; қажет болған жағдайда бір алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады; Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекітеді, алқалардың жұмысын үйлестіреді; Жоғарғы Сот кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның құрылымы мен штатын бекітеді, жеке азаматтарды қабылдайды, өкімдер шығарады. Жоғарғы Соттың төрағасы сондай-ақ, елдегі өзге де мемлекеттік билік тармақтары органдарымен және халықар. ұйымдармен өзара қарым-қатынасы кезінде отандық сот жүйесінің мүддесін қорғайды. Жоғарғы Сот төрағасының кез келген сот судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғауға құқығы бар.[1]

Жоғарғы Сот алқасының төрағасы судья міндеттерін де атқарумен қатар: алқаның отырысында төрағалық етеді; сот статистикасын жүргізу, заңдарды қолданудағы сот практикасын зерделеу мен жинақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; Жоғарғы Соттың жалпы отырысында қарау үшін судьялардың тиісті құжаттарды дайындауын қамтамасыз етеді; жалпы отырыста алқа қызметі туралы ақпарат береді; заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жоғарғы Соттың жалпы отырысы алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды; сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша елдегі соттардың сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталуы мәселелерін қарайды; сот практикасында заңдардың қолданылуы мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды; алқалар төрағаларының және өкілетті орган басшысының хабарламасын тыңдайды; облысы сот төрағасы мен облысы сот алқасының төрағасы, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметінің бос орнына кандидатураларды талқылайды және тиісінше қорытындылар береді; Жоғарғы Сот төрағасының ұсынуымен жалпы отырыс хатшысын және ғылыми-консультациялық кеңестің құрамын бекітеді; заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Жалпы отырыс Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда ғана заңды болып табылады. Жалпы отырыс мәжілістеріне Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен әділет министрі қатысады. Оған Жоғарғы Сот төрағасының шақыруымен төменгі соттардың судьялары, министрліктердің, агенттіктер мен к-ттердің, ғылыми мекемелердің, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысуы мүмкін. Жоғарғы Сот шешімдері түпкілікті шешімдер болып табылады және апеляциялық тәртіппен шағым жасауға, яки наразылық білдіруге жатпайды. 

1.3Қазақстан Республикасы сот жүйесінің құқықтық негіздері

Еліміздің сот жүйесі туралы жаңа Конституциялық заңында заң шығарушылық, атқарушылық және сот билігі тармақтарының функциялары айқын жазылып қоймай, құқық қорғау жүйесін реформалаудың мәселелерді де шешімін тапқан32. ҚР Конституциясының 75-бабына және «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының сот жүйесін сот билігін жүзеге асыру бойынша өзара белгіленген заңдармен өзара қарым-қатынаста байланысты республиканың Жоғарғы Сот пен жергілікті соттар құрайды. Қандай да бір атаулармен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді. Сот жүйесі туралы Конституциялық заңмен республикада алқабилер институты белгіленді. Бастапқы кезеңде жасалғаны үшін қылмыстық заңмен өлім жазасы түріндегі жаза көзделген аса ауыр қылмыстар туралы істер алқабилерінің қарауында болады33. Одан әрі алқабилерінің соттылығына қылмыстық әрекеттердің басқа да санатары жөніндегі істерді жатқызу жоспарлануда. Мұндай институтты отандық сот-құқықтық жүйесін реформалау кезеңдерінің бірі ретінде енгізу қажеттігі күмән тудырмайды, сот қорғаушылары қылмыстық сот ісін жүргізуде бәсекелестік негіздерді ынталандыруға, судьялардың, прокурорлардың, адвокаттардың кәсіптік дағдыларын арттыруға ықпал етіп, ақырында сот төрелігінің сапасын жақсартуға және сот билігінің беделін арттыруға әкеледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы, сондай-ақ жаңа сот төрелігін тұжырымды түрде құруға бағытталған бір топ қабылданған заң актілері сот жүйесін жетілдіруге елеулі әсер етті. Қылмыстық сот ісін жүргізуде соттың орны мен ролі өзгерді. Сот алғаш рет заңнамалық деңгейде айыптауды дәлелдеу міндеттерінен босатылды. Айыптаушы, жазалаушы соттан адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай34 тын органға айнала бастады. Қазақстан Республикасының соттары біртұтас жүйені құрайды. Сот жүйесінің бірлігі мынаны білдіреді: 1) сот жүйесі ҚР Конституциясында, сот жүйесі туралы Конституицялық заңда белгіленген сот төрелігінің жалпы қағидаттарымен құрылып, әрі жұмыс істейді; 2) барлық соттар заңмен белгіленген барлық соттар үшін бірдей қылмыстық, азаматтық және сот ісін жүргізудің өзге нысандары арқылы қылмыстық, азаматтық және өзге істерді қарайды әрі шешеді;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II-тарау. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы"заңы

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.   
      Аталған Конституциялық заңды қабылдаудың негізгі мақсаты елде сот-құқықтық реформаны одан әрі жетілдіру болды.   
      Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, билік тармақтарының "тежемелік" әрі "тепе-теңдік" жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.   
      Конституциялық заңда Жоғарғы Сот төрағасының өкілдіктерін кеңейтуге, судьялардың құқықтық мәртебесін көтеру мен әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар прогресшіл ережелер бар. Судьялар әкімшілігі - судьяларды ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар түсінігі енгізілді, бұл функциялар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы қайтадан құрылған Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке жүктелді, бұл өкілеттік бұрын Әділет министрлігінің құзыретіне кіргізілген болатын.   
      Заңда облыстық соттардағы және Жоғарғы Соттағы алқалар мен Жоғарғы Сот пленумының орнына қадағалау төралқалары мен жалпы отырыстар құру көзделді. Аталған жаңа енгізулер төралқа сияқты органдар белгіленбеген Конституция нормаларына сәйкес келтіру мақсатында жүзеге асырылды.   
      Сөйтіп, соттардағы сот төрелігін тек Конституцияда көрсетілген сот органдары - алқалар ғана жүзеге асырады, ал судьялардың жалпы отырыстарына сот төрелігін жүргізу құқығы берілмейді, олар сот қызметіндегі жалпы ұйымдастыру мәселелерін шешетін болады.   
      Сот өндірісін бір ізге салу үшін заңда республика соттардағы шаруашылық және азаматтық алқалардың біріктірілгені бекітілді, Жоғарғы Сот жанындағы әскери алқа таратылады.   
      Судьялардың тәуелсіздік кепілдіктері күшейтілді. Мәселен, егер бұрын сот органдары мен Әділет министрлігі органдарының судьяларға қатысты тәртіптік істерді қозғау құқығы болса, енді жаңа редакцияда бұл құқық тек республика судьяларының күллісіне қатысты - Жоғарғы Сот төрағасына, аталған облыстың судьяларына қатысты - облыстық сот төрағасына ғана тиесілі болды.   
      Судьялар лауазымдарына тағайындау рәсімдерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге - аудандық және облыстық соттар судьяларының лауазымдарына конкурстық негізде тиісінше Әділет біліктілік алқасы мен Жоғарғы Сот кеңесінің кандидаттар іріктеуін жүзеге асыруды көздейтін нормалар - бағытталды.   
      Конституциялық заңмен Әділет біліктілік алқасының төрағасын республика Президентінің тағайындауы регламенттелді, мұның өзі аталған органның дербестік институтын оңынан дамытуға жәрдемдесетін болады.   
      Жоғарғы Сот алқалары төрағалары және судьялары, жергілікті соттар төрағалары, алқалар төрағалары бос лауазым орындарына кандидаттарды ұсыну, сондай-ақ республика судьялары өкілдіктерін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу тек қана Жоғарғы Сот төрағасы құзыретіне жатқызылды.   
      Сот корпусының сапалы құрамын жақсарту үшін судья лауазымына кандидаттарға қойылатын жаңа қосымша талаптар - біліктілік емтиханын табысты тапсырған тұлғалардың міндетті түрде тағлымдамадан өтуі белгіленді.  
      Судьяларға қойылатын талаптар қатайды. Заңда тәртіптік-біліктілік алқаларының өкілдігі едәуір кеңейтілді, енді олар тек тәртіптік істерді ғана емес, судьяға қойылатын талаптарды орындамаған жағдайда, соның ішінде судья этикасы нормаларын бұзғаны үшін, судьялардың өкілдіктерін тоқтату мәселесін де қарайтын болады.      

Информация о работе "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы