3 курс
Қазақ Гуманитарлық
Заң Университеті
Адам құқықтары
Адам құқығы
— азаматтың басты игілігі. Қазіргі
заманда өркениеттің басты жетістігі
адам құқығы мен бостандығын нақты
қалыптастыру болып табылса, барлық
мемлекет оны қорғап, оған кепіл
болуы тиіс. Осындай ізгілікті үрдістен
тәуелсіз Қазақстан да шет қалып отырған
жоқ. Адам құқығы — адамның муддесін
қанағаттандыруга бағытталган, заңмен
қоргалатын демократиялық құндылық. Елбасымыз
Нұрсұл тан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің
Негізгі заңы азаматтарымыздың дәулетті
де бақытты өмір сүруін, олардың тәуелсіз,
экономикасы өркендеген мемлекет құру
жолындағы әрбір қадамын реттейтін басты
құжат болып қала береді», деп атап көр
сетті. Қазақстан Респуб ликасының Конститу
циясы – демократиялық, адамзаттық даму
жолына орныққан қо ғамның және мемлекеттің
негізгі, басты құ жаты. Қазақстан Республикасының
1995 жыл дың 30 тамызында республикалық
референдумда қабылданған Конституциясының
1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін
де мократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады,
оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның
өмірі, құқықтары мен бостандықтары»,
деп айқындалған. Адам құн дылықтары мен
бостандықтарын асқақтату, оларды ең жоғарғы
құндылық деп мойын дау демократияны дамытудың
үлгісі болып табылады. Сондықтан жеке
адамның құқықтық мәртебесі демократияның
институттарымен тікелей байланысты.
Адам құқығы
–бұл жеткілікті дәрежеде кең, әмбебап
және көп қырлы түсінік. Адам құқығы
мен бостандығына қатысты мәселелерді
талдап қарайтын болсақ, мемлекетіміздің оған
ерекше мән беріп келе жатқандығын байқаймыз.
Оған аз уақыт ішінде еліміздің демократияға
айқын бет бұрып, азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарын конституциялық құрылыстың
негізі етіп қалағаны, ішкі және сыртқы
саясатты қалыптастырғаны дәлел. Біздің
негізгі заңымызда адам және оның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары әркімге
тумысынан жазылған, одан ешкім айыра
алмайды деп жазылып, баға берілген. Адамзат
баласы ғасырлар бойы адам құқығы мәселесіне
ерекше назар аударумен келеді. Талай-талай
қақтығыстар, соғыстар, көтерілістер болғанда
да әрбір жаңа ұрпақ адам құқықтарын қорғай
отырып, адам құқықтары мен бостандықтарының
субъектілерінің кең шеңберіне таралуына
ұмтылыстар жасады. Мемлекеттердің тарихи
даму кезеңдері олардың қоғамдағы ерекше
құбылыстарымен ерекшеленеді. Қоғамның
ең басты негізі- жеке тұлғаның өмір сүру
жағдайын қамтамасыз ететін маңызды құқықтар
мен бостандықтар. Қазақстан Республикасының
құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде
алдына қойған және 1995 жылғы 30 тамыздағы
Конституциямызда бекітілген негізгі
мақсаты – адам мүддесін мемлекет мүддесінен
жоғары ұстап, оны қамтамасыз ету. Бұл
бағытта мемлекетіміздің ең бір атқаратын
қызметі – мемлекетте адам құқығын қорғау,
оны толық жүзеге асырылуына кепілдік
беру. Қазіргі қоғам дамуының негізі адамның
негізгі құқықтары мен бостандықтарының
мәнінің өсуімен сипатталады. Қоғамның
және жеке болмыстың әртүрлі аспектілерін
қамтитын адамзат дамуының ең жоғары құндылығы
– адам құқығы.Адам құқығын қорғау үшін
бірінші кезекте адамның негізгі құқықтары
мен бостандықтарын заң мазмұндарында
көрсете отырып, оның қамтамасыз етілуі
мемлекет тұрғысынан ғана емес, жалпы
адамзат, халықаралық қауымдастық тұрғысынан
ескерілуі, сол бағытта іс - әрекеттер
жасалуы қажет. Адам құқығы – біздің кезеңіміздің
өзекті мәселесі. Сондықтан да әрбір адам
және қоғамның әрбір органы декларацияда
көзделген құқықтар мен бостандықтардың
құрметтелуіне, қорғалуына, ұлттық және
халықаралық дамушы шаралар арқылы қамтамасыз
етілуіне, танылуына және жүзеге асуына
ұмтылуы тиіс.
Адам құқықтары - туылу кезінен пайда болатын
тұлғаның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары.
Адам құқықтары жаратылыс жэне кез келген
өзге құқықтың негізгі түсінігі болып
табылады. Олар азаматтық құқықтар мен
саяси бостандықтарды, экономикалық, әлеуметтік
және мәдени құқықтарды, сондай-ақ қауымдар
құқықтарын (балалар, әйелдер, ұлттық азшылықтар,
халықтар және т.б.) қамтиды. Адам құқықтары
дегеніміз индивидтің өз қалауы бойынша
әрекет ету мүмкіндігін (адам құқықтарының
бұл бөлігін бостандықтар деп атайды)
немесе белгілі бір игіліктерді иемдену
мүмкіндігін (бұл адам құқықтарының өзі
болып табылады) қамтамасыз ететін адамдар
мен мемлекет қарым-қатынастарының нормалары,
қағидалары.
70-80 жылдары көптеген
мемлекеттер авторитарлы саясаттан демократиялық
саясатқа өтті. Бұған әсер еткен бірден
бір факторы- экономиканың дамуы болып
табылады. Одан басқа, Америка Құрама Штаттарының,
батыс еуропа елдерінің жүргізген саясаты
мен жасаған қадамдары Испания, Португалия,
Латын Америка елдері, Филиппин, Оңтүстік
Корей мемлелекеті, Шығыс Еуропа мемлекеттеріне
елеулі әсерін тигізді.
Жалпы
өрениет қақтығысын Азия мемлекеттерінен
көрініс табуға болады. Мұсылман
елінің үндістер арасындағы қақтығысты бүгінгі таңда тек
Пәкістан мен Үнді мемлекетінің арасындағы
қарым қатынаспен шектелмейді. Ондай қақтығысты
Үнді мемлекетінің ішіндегі діни бөліністер
мен көзқарастардан байқауға болады.Осындай
қақтығыстардың барлығы адам құқықтарының
бұзылуаны әкеліп соқтырады [1].
Мемлекеттік
биліктің бастауы – халықтың құқықтары
мен бостандықтарын қорғау барлық
мемлекеттердің басты қызметі болып табылады.
Сондықтан қазіргі уақытта әлемнің барлық
елдерінің конституцияларында, заңнамаларында
адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары
бекітілген.
Адам құқықтарының бүгінгі түсінігі
либерализмнен бастау алады, ал
оның көрнекті өкілдері Локк,
Гроций, Монтескье, Джефферсон, Смит,
Милль жэне т.б. болған. Осы
ғұламалар адамның өмір сүруге,
қауіпсіздікке, еркіндікке, езушілікке
қарсы қарсылық көрсетуге және т.б. іргелі
құқықтарын мемлекеттен тәуелсіз жэне
онымен қорғалуға тиісті адам жүріс-тұрысының
табиғи, ажырағысыз және қасиетті нормалары
ретінде негіздеген еді. Бұл жағдайда
адам құқықтарының табиғи, жаратылыс сипаты
дегеніміз олардың адам туылғанынан пайда
болуы, адам құқықтарының ажырамасыздығын
және оларсыз индивидті қоғам мүшесі,
нағыз әлеуметтік субъекті қылатын ерекше
адамдық қасиеттерден айырылу қатері
пайда болатын олардың индивидке тірі
жан ретінде тән болуы, ал адам құқықтарының
қасиеттілігін оларды ең жоғары құндылықты
мәртебе ретінде қарастырғандықтан сыйлау,
құрметтеу және оларға табыну деп түсінуімізге
болады.
Алғашқы рет адам құқықтарының
либералды концепциясы өзінің құқықтық бекітілуін 1789 жылғы
американдық құқықтар жөніндегі Биллге
негіз болған 1776 жылғы тәуелсіздік Декларациясында
көрініс тапты. Сәл кешірек адамның негіз
қалаушы құқықтары 1789 жылғы адам мен азамат
құқықтарының франциялық Декларациясында
бекітілді.
Адам құқықтары категориясы -
индивидтің құндылығы жөнінде,
тұлға еркіндігін қамтамасыз
ететін құқық пен оның негізінде
құрылған тәртіп жөнінде көзқарастарды
қалыптастырған жоғары гуманистік
мәдениетті туындатқан христиан
дініне негізделген европалық өркениеттің даму нәтижесі
екенін айтып кеткеніміз жөн [2].
XV -XVI ғасырлардан бастап, адам құқықтары
мемлекеттердің екіжақтық шарттарында
бекітіле бастады, ал XX ғасырда
адам құқықтары бойынша көпжақтық
келісімдер де қабылданды. Адам
құқықтарын қорғауға арналған алғашқа
халықаралық шарттар діни азшылықтарды
қорғау жөніндегі европалық елдердің
екіжақтық келісімдері еді. 1815 жылғы Вена
конгресінде поляк азшылығының құқықтарына
кепілдік беретін, яғни діни емес, ұлттық
азшылықтың құқықтарын қорғауға бағытталған
құжат қабылданды. Сонымен бірге, осы конгресте
европалық мемлекеттер алғаш рет негрлерді
сатуды жою туралы Декларацияны қабылдады
және бұл құжат бойынша осындай әрекеттер
абыройсыздық болып танылып, мемлекеттерден
осы тәжірибені тоқтату талап етілді.
Қазақстан Республикасында Адам
құқықтарын қорғау жөніндегі
Омбудсмен уәкілі қызмет етеді. Қазақстанда
Омбудсмен институтының құрылуы - осы
бағытта үздіксіз атқарылған қыруар жұмыстың
жемісі. Талай жылдар бойы мамандар осы
құрылымның адам құқықтарын қорғаудағы
маңызын анықтап, оны құрудағы әлемдік
тәжірибені жинақтауға бар күшін салған.
Әсіресе, БҰҰ-ның Даму бағдарламасы, БҰҰ
адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының
басқармасы, Еуропадағы Қауіпсіздік және
Ынтымақтастық жөніндегі ұйым секілді
халықаралық органдарды ерекше атап өткен
жөн. Осы және басқа да құрылымдардың барлығы
Омбудсменнің халықаралық стандарттарға,
әсіресе, Париж қағидаларына сай заңнамасын
жасауға қажетті шараларды жүзеге асырды. Бұл
құрылым адам құқықтарын мемлекеттік
лауазымды тұлғалардың қол сұғуынан қорғауды,
заңнаманың және құқық мирасқорлығы тәжірибесінің
дамуын қамтамасыз етуді, ағартушылық
бағдарламаларды дайындап, оларды жүзеге
асыруды мақсат тұтады. Омбудсменнің жұмысы
БҰҰ-ның бірқатар конвенцияларын ратификациялаған
Қазақстан Респубикасының халықаралық
міндеткерліктеріне және осыған ұқсас
құрылымдардың әлемдік тәжірибесіне сай
атқарылады. Сонымен қатар, Омбудсмен
үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық
ақпарат құралдарымен және халықаралық
ұйымдармен өзара тығыз қарым-қатынас
орнатады. Омбудсмен жұмысының негізгі
қағидалары: жариялылық, әділдік және
бейтараптық. Адам құқықтарын қорғап-қолдауда
Омбудсмен көптеген өкілеттіктерге ие.
Бұл жерде ҚР азаматтары ғана емес, сондай-ақ
ҚР-да тұрып жатқан шетел азаматтары мен
азаматтығы жоқ адамдар жайында сөз болып
отыр. Омбудсмен өкілеттіктерінің кеңдігі,
оның тәуелсіздігі мен ешкімнің алдында
жауап бермеуі, саяси-қоғамдық мәртебесінің
жоғарылығы, сондай-ақ, ұйымдастыру, құқықтық,
қаржылық жағынан қамтамасыз етілуі Омбудсмен
жұмысының кепілі болып табылады. Сонда
ғана Омбудсмен адам құқықтары мен еркіндіктерін
қорғауда қалыптасқан жағдайды жақсартуда,
осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты
нығайтуда үлкен жетістіктерге жете алады
[3].
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
Хантингтон С. «Столкновение цивилизаций» М.: ООО «Издательство АСТ», 2003. – 603 бет.
- А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. «Құқықтану» — Алматы: "Мектеп"
баспасы, 2006.
- http://www.ombudsman.kz