ТП. 5. Гидролизаттың екінші
нейтралдануы.
Гидролизатты
90ºС t – ға дейін ысытады және оған
ақырындап рН 7,4 – 7,6 болғанға дейін фосфор
қышқылын қосады.
Қышқылыд рН
мәні 7,4 -7,6 болмаған жағдайда қосады.
Ерітіндіні жақсылап араластырады.
Нейтралдау аяқталғаннан кейін
гидролизатты 2 – 3сағ. тұндырады, мөлдір
бөлігін булау үшін реакторға
жібереді, ал қалғанын сүзуге
жібереді, ал одан кейін булау
үшін реакторға жібереді. Сүзуші
– фильтрдан тұнба алынады.
ТП. 6. Гидролизатты булау.
Тұнбаланған
гидролизатты вакуум – булау
аппаратында 1/3 - 1/4 бастапқы мөлшерді
процесс басында 60 - 70ºС t – да және
аяғында 80 - 90ºС t – да сифонирлеп концентрлейді.
Концентрленген ерітіндіні 25 – 30ºС
температураға дейін суытып, жуады.
ТП. 7. Гидролизатты жуу және
сүзу.
Гидролизатты
1:2 қатынаста суық сумен жуады,
араластырады. Қоспаны 2 – 3 сағ. бойында
тұндырады, тұнған бөлікті сифонирлеп,
фильтрмен сүзеді. Аппарат жоқ
болған жағдайда мөлдір фильтратты
мазь тектес жағдайға дейін
вакуум – аппаратта булайды.
ТП. 8. Шайқау.
Қою буланған
массаны еру қасиетіне тексереді.
Ерітіндіде тұнба болса және
мөлдір болмаса қайта тұндырады.
Қою массаны 15 – 20ºС t – ға дейін
суытады, одан кейін көбікараластырғыш
машинада тұрақты көбік болғанға дейін
шайқайды. Қабаты 1 – 1,5 см шайқалған массаны
«Бельтингпен» тартылған рамаларға қояды.
Шайқалған
массасы бар раманы калорифер
кептіргішіне салып 78 - 80ºС t – да
12 сағ. бойы кептіреді. Кептірілген масса
қытырлақ сияқты сынуы керек.
Кептіру аяқталғаннан
кейін рамаларды кептіргішпен
алып суытады. Күрек көмегімен
ваннаға ағытып алып дайын
пептон алады.
ТП. 9. Ұсақтау және елеу.
Калорифер
кептіргішінде кептірілген пептон
шар диірменінде ұсақталады және
електен өткізіледі. Пептон ұнтағымен
жүргізілетін барлық операциялар
құрғақ бөлмеде және жылдам
орындалуы керек, себебі пептонның
гигроскопиялығы жоғары.
ТП. 10. Сұрыптау және буып –
түю.
Електен өткізілген,
араластырғышта 30 – 40 мин бойы араластырғаннан
кейін пептонның бірнеше партиясы
серия құрайды. Сұрыптау, этикеттеу,
буып – түю, маркалау, сынама алу
және дайын өнімнің сапасын
бақылау МЕСТ – ке сәйкес
немесе бактериологиялық мақсаттағы
ферментативті құрғақ пептонға
ТШ бойынша жүргізеді.
3.2.Өндірісті технохимиялық
және микробиологиялық бақылау
Технологиялық
санитарлы микробиологиялық бақылау.
Бұл зауыт стерильді өнімдер шығарады,
олар: ішкі инфекцияға арналаған флакондағы
ерітінділер, сонымен қатар бұл зауытта
таблеткалы өнімдер, мазьдар, әртүрлі
тұнбалар шығарылады, оларды ішкі және
сыртқы жараға қолдануға болады.
Стерильденген
өнімді БАК стерильдікке зерттейді,
ал стерильді емес заттарды
микробиологиялық көрсеткіш жиілігіне
байланысты зерттейді.
Барлық дәрілерді
микробиологиялық көрсеткіш талаптарына
байланысты зерттейді, төрт категорияға
бөлінеді:
- Стерильді препараттар;
- Дәрілер, құлақ қуысы және мұрынға
тамызатын дәрі – дәрімектер;
- Ректальді енгізетін дәрі –
дәрімектер;
- Емдік қасиеті бар щөптер.
Бірінші категориялық
дәрілік заттарын зерттеп және
стерильдікке зерттеу үшін, стерильді
бокста ауаның ламинарлы ағымымен
жүзеге асырылады. Бұл бақылауда
сынама үнемі алынып отырады,
жұмыс аймағының беті, қолдың
стерильдігі тексеріледі, сонымен
қатар стерильді препараттарды
қолдану үшін оларға да бақылау
жүргізеді.
Дәрі – дәрімектің
стерильдігін бақылау үшін тиогликольді
орта және Сабур сұйық ортасы
қолданылады. Бұған мембраналық
фильтрация әдісі қолданылады:
а) Себу әдісі қолданылады, егер
контейнер бірлігінің көлемі 100 мл – ден
аспаса. Себу тиогликольді ортада t = 30
– 35ºС температурада инкубацияланады,
ал Сабур ортасында t= 20 – 25ºС – да жүргізеді.
Себу инкубациясының
ұзақтығы екі ортада да 14 тәулік.
б) Мембраналық фильтрация әдісі
дәрі – дәрімектің стерильдігін анықтауда
қоданылады. Сыйымдылыққа құйылған көлем
100 мл – ден аспауы керек.
Зерттеуді вакуум
астында 70 мм сынап бағанасында
фильтрационды жабдық қолданылады,
ал мембраналыққа қолданылатын
өлшемдері 0,45 мкм, d= 45 - 47 мм. Алынған
сынаманың үлгілерін зерттеу
асептикалық жағдайда жүргізіледі.
Нәтижелердің
интерпритациясы және есебі қолданылады.
Себу күнделікті қараңғы жарықта
жүргізіледі және инкубация периодының
аяқталуы қаралады. Зерттелген препарат
стерильді болып саналса, онда
микроағзалардың өсуі тоқтайды.
4. Долана тұнбасының
өндірісінің технологиялық процесін басқару
және реттеудің автоматты жүйесі.
Долана тұнбасының
өндірісінің технологиялық процесін
басқару және реттеудің автоматты
жүйесі – өндірістің технологиялық
процесін автоматты бақылауға
және басқаруға арналған. Долана
тұнбасының өндірісінің технологиялық
процесін басқару және реттеудің
автоматты жүйесі цехты автоматтандырудың
комплексті жүйесіне бірігіп, автоматтандыру
мен диспетчерлеудің құрамдас
бөлігі болып табылады.
Өндірістің технологиялық
процестерін басқару және реттеудің
автоматты жүйесі өнімділігі
тәулігіне 3000 флаконга дейін болатын
долана тұнбасын автоматты дайындаудың
процесін басқаруын, технологиялық
жабдықтардың сенімді жұмыс істеуін,
алынатын өнімнің сапасына адам
факторының әсері минималды болатындай
долана тұнбасын дайындаудың
технологиялық процесін эффективті
басқаруын қамтамасыз етеді. Техникалық
шешім мөлшерлеу дәлдігі жоғары үздіксіз
– ағынды дозаторларды, әрі шынайы уақыт
масштабында есептеудің қажетті санын
жүргізуге мүмкіндік беретін программалық
– комплексті қолдануға негізделген.
Өндірістің технологиялық
процестерін басқару және реттеудің
автоматты жүйесінің спиртті
сақтау қоймасында шешетін мәселесі
болып ыдыстағы спирттің мөлшерін
есептеу және сусыз спирттің
мөлшерін анықтау болып табылады.
Қоймадағы әрбір
ыдыстағы спирттің мөлшерін есептеу
үшін ыдыстың төменгі жағында
орналасқан деңгейлі гидростатикалық
датчиктер қолданылады. Берілген
ыдыстағы спирттің көлемін есептеу
үшін этанолдың және қоймадағы
ыдыстың кеңеюінің температуралық
коэффициенттерін ескеру қажет.
Сондықтан бірнеше нүктелерде
қоймадағы ыдыстарда температураны
өлшеу датчиктері қолданылады.
Әр түрлі температураларда
әрбір ыдыс үшін калибровкалық мәліметтерді
сақтауға және есептеуге қажетті түгел
комплексті долана тұнбасының өндірісінің
технологиялық процесін басқару және
реттеудің автоматты жүйесінің контроллері
жүзеге асырады [28].
Сонымен қатар, әрбір
ыдыста жіберетін немесе қабылдайтын
сорғыны блоктауға арналған жоғары
және төмен деңгейлі апатты
сигнал беру датчиктері, әрі спирттің
қабылдауын және жіберілуін автоматты
тәртіпте жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін қабылдаушы және құятын
вентильдер орналасқан.
Өндірістің технологиялық
процестерін басқару және реттеудің
автоматты жүйесінің негізгі
цехта шешетін мәселесі – барлық
қажетті түзетулерді ескере отырып,
белгілі пропорцияда спиртті
сумен араластыру, 70% сулы – спирттік
ерітіндіні дайындау болып табылады.
Спирт пен суды
дәл мөлшерлеу ушін, мөлшерлеу
дәлдігі жоғары үздіксіз мөлшерлеу
мен араластырудың автоматты
жүйесі қолданылады.
Жүйе құрамындағы
спирт температурасы мен концентрациясын
есептеу үшін массалық расходомерлер
қолданылады.
Фильтрлеу жылдамдығы
ағынды тұрақтандырудың автоматты
жүйесімен белгіленеді.
Өндірістің технологиялық
процесін басқару және реттеудің
автоматты жүйесінің долана тұнбасын
дайындау бөлімінде шешетін мәселесі
берілген рецепт бойынша долана
тұнбасын автоматты дайындау
болып табылады.
Долана тұнбасын
дайындау рецепті персоналды
компьютер есінде сақталады. Долана
тұнбасын дайындау үшін дайындалатын
тұнбаның жалпы мөлшерін және
рецептін көрсету қажет, содан
кейін перколяторға массалық
расходомер арқылы берілген тұнба
түріне сәйкес қажетті шикізат
пен ерітінді беріледі.
Өндірістің технологиялық
процесін басқару және реттеудің
автоматты жүйесінде датчиктер
мен орындаушы механизмдер ретінде
баға/сапа тұрғысынан оңтайлы
көрсеткіштерге ие және қазіргі
заманғы талаптарға жауап беретін
ең жақсы шет ел өндірушілерінің
модельдері қолданылады.
Температуран өлшеу
үшін Pt-100 типті платиналы термометрлер
қолданылады. Төрт өткізгішті сызба бойынша
контроллерге қосылған платиналы термодатчиктарды
қолдану, температураны ±0,1ºС дәлдікпен
өлшеуге мүмкіндік береді.
Қысымды өлшеу
үшін Danfoss фирмасының қысым датчиктері
қолданылады. Датчиктердің қуат көзі және
олардан мәліметтерді алу екі өткізгішті
сызба бойынша жүзеге асады.
Ыдыстардағы сұйықтардың
деңгейін өлшеу үшін Aplisens өндірушісінің
дифференциалды қысым датчиктері
қолданылады. Уровнемерлердің өлшеу
шкалалары өлшенетін ортаның
тығыздығын ескереді.
КЖ-1 сатысы. Өндірісті
санитарлы дайындау GMP ережелеріне сәйкес
жүргізіледі және өндірістік бөлмелерді,
жабдықтарды санитарлық өңдеуден, технологиялық
ауаны және персоналды санитарлық дайындаудан
тұрады.
КЖ-2 сатысы. Бастапқы өсімдік
шикізатын, өңдеу алдында жеке бөлмелерде
сақтау керек. Бұл бөлмелер жақсы жетілдіретін
және құрт пен құмырсқалар мен жануарлардың,
әсіресе кеміргіштердің бөлмеген енуінен
қорғалған болуы қажет.
Күрделі тұнбаларды дайындаған
кезде шикізаттың барлық түрін ұсақтағаннан
кейін айналмалы тұрқы немесе айналмалы
қалағы бар араластырғыштарда араластыру
жүргізіледі.
ТП-3 сатысы. Экстракциялау.
Тұнбаларды алу кезінде беттік активті
заттарды экстрактілеу, әдетте, перколятор
деп аталатын, әр түрлі конструкциялы
цилиндрлік немесе конустық ыдыстарда
жүргізіледі.
ТП-4 сатысы. Сығындыны тазарту.
Тұнбаларды алу кезінде сығындыларды
тазартудың негізгі әдісі болып төмен
температурада тұндыру табылады. Сығындыларды
тұндыру тот баспайтын болаттан жасалған
цилиндрлік ыдыстарда жүргізіледі.
ТП-5 сатысы. Стандарттау. Стандартту
бұл стандарттар (ФМ, КФМ) талаптарына
сәйкестігін орнату немесе өнімдердің
бірдей болуын бақылау.
4.1 Долана тұнбасын
өндіру цехының негізгі принциптері:
- жүрек - қан тамырларының ауруларына
шалдыққан науқастарды қажетті дәрілік
препаратпен қамтамасыз ету;
- негізгі дәрілік құралдардың
импортынан тәуелділікті төмендету;
- ішкі нарықтағы отандық дәрілік
құралдардың үлесін арттыру;
- жергілікті шикізат негізінде
субстанция өндірісін кеңейту;
- халықаралық талаптарға сай дәрілік құралдардың сапасын, қауіпсіздігін және эффективтілігін қамтамасыз ету
4.2 Экстрагентке қойылатын
талаптар:
- Әсер ететін заттардың максималды
мөлшерін және балласты заттардың минималды
мөлшерін еріту керек,
- Селективті болу керек,
- Жасуша қабырғалары арқылы
оңай өту керек,
- Физиологиялық индифферентті
болу керек, яғни адам ағзасына зиянды
әсер көрсетпеуі керек,
- Химиялық индифферентті, яғни
еріткіш экстракцияланатын заттармен
өзара әрекеттеспеу керек,
- Ұшқыш және қайнау температурасы төмен болу керек,
- Өрт және жарылыс қауіпсіз болу
керек,
- Қол жетімді, арзан болу керек,
- Микроағзалар, саңырауқұлақтар
мен зеңнің дамуына кедергі жасау керек.
4.3 Фармакологиялық
қасиеттері мен медицинада қолданылуы.
- Долана жүректің қысқаруын
күшейтеді, артериалды қысымды төмендетеді,
артмияға қарсы белсенділікке ие. Долана жемістеріндегі
сапониндер гипотензивті, кардиотоникалық
және артмияға қарсы әсер көрсетеді, жүректің
вена қан тамырларын кеңейтеді, холестеринемияны төмендетеді. Сондықтан доланадан
жасалатын препараттарды кардиотоникалық,
артмияға қарсы және гипотензивті құрал ретінде,
әрі ангиневроздарда қолданады. Долана
гүлдері мен жемістерінен гипертонияны
емдеу үшін тұнбалар және экстрагент дайындайды.
Долананың балауса бұтағынан дайындалған
экстрактілер де артмияға қарсы қасиетке
ие. Долана тұнбасы ұсақталған жемістерден 70% спиртте
дайындалады. Қоңыр түсті шыныдан жасалған,
жақсы тығындалған флакондарда сақтайды.