Жоғарғы жүйке іс-әрекеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 19:30, лекция

Краткое описание

1. И.П.Павловтың анализаторлар (талдағыштар) туралы ілімі
2. Рецепторлардың жіктелуі
3. Тітіркендіргіш әсерінен рецепторлардың қозуының механизмі
4. Талдағыштардың морфо-функциялық ерекшеліктері
5. Көру талдағышы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

VND_Kazakh_Obsch.ppt

— 2.49 Мб (Скачать документ)

 

Теңдесулік – қозу және тежелу процесстерінің қатынасы.

 

Жылжымалық – қозу және тежелу процесстерінің бір-бірне алмасу жылдамдығы.

 

 

 

 

 

Ширақ тип – күшті, теңдесілген, жылжымалы.

Ол - жігерлікпен, қажырлықпен, ұстамдылықпен, тез шешім қабылдаумен және т.б. сипатталады.

Бұл тип Гиппократтың сангвиник типіне сәйкес.

 

 

 

 

Салмақты - күшті, теңдесілген, жылжымалығы баяу.

 Ол – қозу және тежелу процесстерінің жеткілікті күшімен, ұстамдылықпен, сабырлылықпен сипатталады, бірақ күнделікті дағдылардың өзгерістеріне қиындау бейімделеді.

Бұл тип Гиппократтың флегматик типіне сәйкес.

 

 

 

 

 

Ұстамсыз - күшті, теңдесілмеген, жылжымалығы жоғары.

Қозу процессі тежелу процессінен басым.

Ол – жоғары белсенділікпен, қайраттылықпен, ұстамсыздылықпен сипатталады.

Бұл тип Гиппократтың холерик типіне сәйкес.

 

 

 

 

 

 

Әлсіз – процесстері әлсіз, теңдесілмеген, жылжымалығы төмен.

Тежелу процессі қозу процессінен басым.

Ол – төменгі белсенділікпен және қиыншылықтар мен өзгерістерге қиын бейімделумен сипатталады.

Бұл тип Гиппократтың меланхолик типіне сәйкес.

 

 

 

 

 

ЖЖІӘ типтері генотип және фенотип негіздерінде қалыптасады. Организмнің жүйке жүйесінің тұқым қуалаған қасиеттеріне түрлі сыртқы орта мен тәрбиенің ықпалы әсер етеді.

 

 

И.П. Павлов ЖЖІӘ типтерінің адамға тән ерекшеліктерін анықтады. Яғни адамға сөйлеу (ІІ-ші сигналдық жүйе), сонымен қатар ойлау және творчествалық іс-әрекет тән.

 

 

 

 

 

И.П. Павловтың І-ші және ІІ-ші сигналдық жүйелер туралы ілімі. 

 

Бірінші сигналдық жүйе – организмге сыртқы және ішкі ортадан келетін көру, есту және басқа сезім жүйелерінің сигналдары.

Бұл адам мен жануарларға ортақ жүйе болып табылады.

 

Екінші сигналдық жүйе – адамға ғана тән, яғни сөйлеуге байланысты.

Оның сигналдары – еститін, оқитын және айтылатын сөз.

Бірінші сигналдық жүйесімен сезілген заттардың бейнесі екінші сигналдық жүйесімен анықталады, яғни сөз арқылы түсіндіріледі.

 

 

 

 

Адамға тән типтері

 

Бірінші – көрпемпаз тип.

Көрпемпаз типті адамдарда І-ші сигналдық жүйе ІІ-ші сигналдық жүйеге қарағанда басым болады. Олар сыртқы орта құбылыстарын өте жоғары сезімталдықпен қабылдайды (көру, есту және т.б.), нақтылы және деректі ой туады

(суретшілер, музыканттар).

 

 

 

 

Екінші – ойшыл тип.

 Ойшыл типті адамдарда ІІ-ші сигналдық жүйе І-ші сигналдық жүйеге қарағанда басым болады. Оларға логикалық және дерексіз (абстракты) ойлау қабілеті жоғары (ғалымдар, философтар, математиктер).

 

 

 

 

 

 

 

Үшінші – аралас тип.

 

Сыртқы орта әсерлері мен құбылыстарын сезіну қасиеті және ойлау (дерексіз) қабілеті бірдей дамыған.

 

 

 

 

А. Орташа;

Б. Көркемпаз;

В. Ойшыл;

Г. Екі жүйеде жоғары дамыған.

 

 

 

 

Бір жасқа дейінгі балаларда әртүрлі сигналдарды сөз ауыстыра бастайды, яғни екінші сигналдық жүйе белсенді дамиды.

 

СӨЗ – сигналдардың сигналы болып қалыптасады.

 

 

 

 

Адамның сол жақ ми сыңарының самай бөлімінде сенсорлық сөйлеу орталығы бар (Вернике).

 

Осы орталық зақымдалғанда - адам дыбыстарды естігенмен, бірақ сөз мағнасын түсінбейді.

 

Сол жақ ми сыңарының маңдай бөлімінде сөйлеудің моторлық орталығы бар (Брока).

 

Осы орталық зақымдалғанда сөйлеу қабілеті бұзылады, бірақ естіген және жазылған сөздің мағынасын түсінеді.

 

 

 

 

Сол және оң жақ ми сыңары қызметтерінде айырмашылықтар бар, бұл ми сыңарлары арасындағы ассиметрия.

Сол жақ жартышар (басым болады):

  • Сөйлеуге жауапты (вербальдық);
  • Уақытты сезу;
  • Тітіркендіргіштерді талдау;
  • Реттік қабылдау;
  • Дерексіз ойлау;

Оң жақ жартышар:

  • Сөйлеуге жауапты емес;
  • Көруге жауапты;
  • Кеңістікті түйсіну;
  • Құрастыру қызметі;
  • Жалпылама түйсіну;

- Нақты ойлау.

 

 

 

 

Зерде – ми қызметінің күрделі түрі, қабылданған ақпаратты сақтау және еске түсіру.

Зерде түрлері:

І. 1. Түрлік;

    2. Жеке (дара).

ІІ. Сақталу ұзақтығына байланысты:

  • Тікелей түсіріп алу (иконикалық);
  • Қысқа мерзімді;
  • Ұзақ мерзімді.ъ

ІІІ. Сигналдық жүйелердің қатынасына байланысты:

  • Сезімді – бейнелік;
  • Қисынды – мағналық;
  • Механикалық;
  • Логикалық.

ІV. Сенсорлық (көру, сезу, жанасу және т.б.).

V. Эмоциялық.

 

Зерде үш процестен тұрады:

  • Мидың ақпараттарды қабылдауы;
  • Мида ақпараттарды сақтау;
  • Ақпараттарды еске түсіру (жаңғырту).

 

Зерде деңгейлері:

  • Есте сақталған мәліметтерді толық қайталау (ең жоғарғы деңгейі);
  • Бір көргеннен бейнені тану;
  • Жеңілденген зерде (қайталанғанда).

 

 

 

 

 

 

 

Зерде теориялары.

 

1. Шартты-рефлекстік;

2. Нейрондар моделдерінң теориясы;

3. Ассоциативтік;

4. Биохимиялық;

5. Гистологиялық.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйқы физиологиясы

Ұйқы - бүкіл организм функцияларының белсенділігі мен сана сезімінің уақытша төмендеуімен сипатталады.

Ұйқы түрлері:

1. Физиологиялық ұйқы:

    - Полифазалық (балаларда);

    - Монофазалық (ересек адамда);

    - Маусымдық ұйқы;

2. Гипноздық ұйқы.

3. Патологиялық ұйқы:

    - наркоздық ұйқы;

    - сомнамбулизм;

    - летаргиялық ұйқы.

 

 

 

 

Физиологиялық ұйқы екі кезеңнен тұрады:

- Баяу немесе ортодоксалдық ұйқы:

- Тез немесе парадоксалдық ұйқы (15-20%).

 

 

 

 

 

 

Ұйқы кезеңдері:

1. Қалғу -  альфа ритм ырғақтарының жойылуы, 1-7 мин.

2. ЭЭГ - ұйқы ұршықтарының пайда болуы (ұйқының 50%).

3. Дельта толқындарының пайда болуы, 20%.

4. Парадоксалды ұйқы – бета ритм, альфа ритм көріністері (көздің шапшаң қимылдары - КШҚ).

 

 

 

 

Ұйқы теориялары:

1. Гуморалдық;

2. И.П. Павлов теориясы.

3. В. Гесс теориясы.

4. Ақпарат тапшылығы теория.

 

 

 

 

 

 

Түс көру – ұйқы кезінде пайда болады, көбінесе ұйқының пародоксалдық кезеңімен байланысты.

 

 

Түсті И.М. Сеченов  “небывалые комбинации бывалых впечатлений” – деп сипаттама берді.

 

Есте сақталған, болған нәрселер ұйқы кезінде әртүрлі болмаған қисындылар түрінде көрінеді.

 

 

 

 

Эмоция (қобалжу) – физиологиялық функциялардың субъективтік көрінісі, мотивациялар компоненті.

 

Түсініктер:

1. Эмоциялық стресс.

2. Аффект.

3. Көңіл-күй.

 

Эмоцияның жіктелуі:

1. Оң, теріс;

2. Жоғарғы, төменгі.

3. Стеникалық, астеникалық.

 

 

 

 

 Эмоция теориялары:

1. Ч. Дарвин теориясы (инстинкт);

2. П.К. Анохиннің биологиялық теориясы; 

3. П.В. Симоновтың ақпараттық теориясы:

     Э = М (мұқтаждылық) х (Ақ – Аб);

            Ақ – қажет ақпарат,

            Аб – бар ақпарат.

4. Г.И. Косицкийдің теориясы: 

Э = М (Ақ Эқ Уқ – Аб Эб Уб)

       Ақ Эқ Уқ – қажет ақпарат, энергия, уақыт

      Аб Эб Уб – бар ақпарат, энергия, уақыт.

5. Орталық теория.

6. Қыртыс - қыртыс асты теориясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мотивация (месел) – адамның немесе жануардың ішкі жетекші мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін талаптануы.

Мотивация - мақсатты бағыттайтын іс әрекетке жеткізеді.

Қызығушық - дүниетану, іздену мұқтаждықтың эмоциалық көрінісі.

Мотивация түрлері:

1. Төменгі меселдер (биологиялық, тіршілікті сақтау немесе

     витальдық).

2. Жоғарғы меселдер:

    - әлеуметтік.

    - идеальдық.

 

 

 

 

Мақсатты іс әрекетінің құрылымдық негізі

 

Мақсатты іс әрекетінің құрылымдарының негізін П.К.Анохиннің “Әрекеттік жүйе желісі”құрайды.

 

 

 

 

“Әрекеттік жүйе желісі” (П.К.Анохин бойынша):

 

1. Афференттік синтез (мотивациялық қозу, зерде, жағдайлық және қозғағыш афферентациялармен айқындалады);

2. Шешім қабылдау;

3. Іс-қимылдың бағдарламасы мен келешек нәтижені болжайтын акцептор аппараты;

4. Эфференттік синтез (іс-қимылдың жүзеге асырылуы, іс-қимыл нәтижесі мен оның көрсеткіштерінің кері байланысы арқылы акцептордағы бағдарлама көшірмесімен салыстыру).


Информация о работе Жоғарғы жүйке іс-әрекеті