Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 23:41, реферат
Терінің дамуы. Тері екі эмбриональдық бастамадан дамиды. Оның эпителиальдық жабуы терілік эктодермадан, ал оған жанаса жатқан дәнекер ұлпалы қабаттары сомиттердің туындысы дерматомнан түзеледі. Дамудың алғашқы апталарында терінің эпителийі бірқабатты жазық жасушалардан құралған. Бірте-бірте олар биіктеп келіп, екінші айдың аяғында екі қабатты, ал үшінші айда көп қабатты эпителийге айналады. Эмбриональдық дамудың үшінші айында тері туындыларының (тер, май бездері, шаш, тырнақ т.б.) бастамалары қалыптасады.
Астана Медициналық Университеті АҚ
Гистология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:
Жасқа және орналасуына байланысты терінің ерекшеліктері
Топ: 306 ЖМ
Терінің дамуы. Тері екі эмбриональдық бастамадан дамиды. Оның эпителиальдық жабуы терілік эктодермадан, ал оған жанаса жатқан дәнекер ұлпалы қабаттары сомиттердің туындысы дерматомнан түзеледі. Дамудың алғашқы апталарында терінің эпителийі бірқабатты жазық жасушалардан құралған. Бірте-бірте олар биіктеп келіп, екінші айдың аяғында екі қабатты, ал үшінші айда көп қабатты эпителийге айналады. Эмбриональдық дамудың үшінші айында тері туындыларының (тер, май бездері, шаш, тырнақ т.б.) бастамалары қалыптасады.
Тері өте күрделі құрылысты мүше болып табылады. Ересек адамдарда оның көлемі 1,5 – 2 м құрайды. Әр түрлі аймақта әр түрлі қалыңдықты құрайды, шамамен 0,1 – 4 мм-ге дейін. Арқаны, басты, жамбасты, алақан мен табанда қаптап тұрған тері көбірек қалыңдықты қамтиды, шамамен 4 мм, ал қабақ терісі 10 есе жұқа (0,4 мм) болып келеді.
Негізгі үш қабаты ажыратылады:
- мүйізді қабат немесе эпидермис;
- өзіндік тері немесе дерма;
- тері асты майлы қабат немесе гиподерма;
Мүйізді қабат немесе тері қыртысы (эпидермис): Бұл терінің ең беткейлі қабаты. Ол терінің барлық жерін жауып тұрады және жұқа мүйізді жасушалардан тұрады. Терінің бұл қабаты үнемі құрғап, түлеп, түсіп жаңарып отырады. Бұл физиологиялық үрдіс күнделікті бетті жуғанда, сүрткенде болады. Оның ағымы өте баяу, физиологиялық сау адамдарда мүлдем байқалмайды. Жаңа жасушалардың өсуі ішкі және тері қыртысты қабатынан жаңарып отырады.
Өзіндік тері немесе дерма:
Байланыстырушы жұқа және эластикалық талшықтардан тұрады. Ол терінің серпімділік және эластикалық қасиетін атқарады. Осы талшықты құрылысы жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп тұрады.
Тері асты майлы қабат немесе гиподерма:
Өзіндік терінің айналасындағы ағзалармен байланыста болады.
Тері жүйесінің қызметтері.
1. Тосқауылдық-қорғаныш. Шекарада орналасып, зиянды факторлардан қорғайды.
2. Иммундық (ТаЛТ - эпидермис
және дерманың лимфоциттері, макрофагтары,
тіндік базофилдері). Тері организмнің
иммундық жүйесінің бөлігі. Онда
көптеген ИКЖ болады, көптеген
иммундық үрдістер өтеді. Терінің
иммундық қорғанышының
3. Рецепторлық көптеген жүйкелік аяқтамалар болады. (ауырсыну рецепторлары ≈ 3млн., 1кв.см. ≈ 2 ыстықты, 12 суықты, 25 сипап сезіну и 150 ауырсыну рецепторлары бар). Оларға әсер ету арқылы мүшелерге де ықпал жасауға болады.
4. Су мен тұздың алмасуын реттеу (тер бөлу, кебуі арқылы ≈ 30% сұйықтық шығарылады)
5. Терморегуляция (1г кепкен тер ≈ 600ккал жылуды әкетеді.) жылудың әсерінен тамырлар мен тер бездері кеңейеді де, жылудың шығуын жоғарылатады
6. Тыныс алуға қатысады
(2%). Тері арқылы тыныстау сыртқы
ортаның температурасы
7. Зат алмасуға қатысады: майдың, көмірсулардың, белоктардың өзгерістері, макро- микроэлнметтердің, белок метаболиттерінің, майдың қоймалануы өтеді.
8. Экскреторлық зиянды заттарды, тұздарды, дәрілердің қалдықтарын сыртқа тер бездерінің көмегі арқылы шығарады.
9. Қан қоймасы 1л дейін.
10.Эмбриогенезде қанжасауға қатысады.
11. Эндокриндік қызмет. Ультракүлгін
сәуленің көмегімен Д3 витамині
пайда болады, кератиноциттер
12. Коммуникативтік қызмет (феромондар бөлу).
13. Косметикалық және эстетикалық қызмет.
Тері және оның өсінділері.
Балалар мен жасөспірімдердің тері жамылғысының негізгі ерекшеліктерінің бірі, тері беткейі ересектермен салыстырғанда үлкен болып саналады. Неғұрлым бала жас болса, соғұрлым 1 кг. Дене салмағына тері бетінің ауданы үлкен болып келеді. Бала терісінің абсолюттік беті үлкендерге қарағанда кіші, жасына қарай үлкейеді.
Баланың жасына қарай 1кг дене салмағына тері бетінің сәйкестіктері: ол нәрестелерде–704 см, бір жастағы балада-528 см. 6 жасар мектеп жа-сына дейінгі балада-423 см, 15 жасар жасөспірімде–378 см және ересектерде–221 см.
Бұл ерекшелік, үлкендерге
қарағанда балалар
Терінің қабаттарының ерекшеліктері:
1. Үстіңгі қабат - өлі жасуша, орын ауысу, қорғаныш, жаңа жасушадағы бояғыш зат, күн сәулесі әсері.
2. Ортаңғы қабат – дәнекер ұлпа, қалың, теріге серпімділік қасиет беру; Қан тамырлар, жүйке талшықтар, май және тер бездері, шаш түбі. Тер бездері – тер бөлуі, салқындау; ысып кетуден сақтау; Май бездері май бөлу; теріге серпімділік беру;
3. Шаш және тырнақ –
терінің мүйізденген құрамы: Шаш
түсі; бояғыш заттардың ыдырауы,
тырнақтың саусақ басын
4. Шел қабатында май торларының болуы. Ішкі мүшені жабу; ағзаны салқындаудан сақтау.
Терінің морфологиялық ерекшеліктері :
1. Терінің негізгі қабатындағы
өң беретін пигмент меланиннің
жеткілік- сіздігінен және түйіршек,
мүйізгек қабаттарының
2. Эпидермиялық жасуша
құрылысы жағынан жұмсақтау, бостау
болып, олардың сулылығы
3. Эпидермис пен дерманың
арасы тегіс емес, оларды бөліп
тұратын не-гізгі мембрана
4. Нәрестенің терісінің РҺ 6,3-5,8 болуы бактерияға қарсы тұру қабілетін төмендетеді, бірақ бір айлық кезінде РҺ 3,8–ге жетеді. Сөйтіп терінің қорғаныс қабілеттері арта береді.
5. Балаларда дерманың
жасушалық құрылысы, ал үлкендерде
талшықты құрылысы басым. 6 жаста
дерманың құрылысы
6. Жіңішке қан тамырларының
жақсы дамуына байланысты
7. Туған кезде нәрестенің
терлеу бездері жеткілікті
8. Туғанда баланың терісі май жамылғандай болып тұрады.
9. Терлеуге бейім болады.
Терінің физиологиялық ерекшеліктері:
1. Терінің қорғаныс қызметі төмен, сондықтан оңай жарақаттанады.
2. Тері қабынуға бейім себебі, балалар терісінен микробтар оңай өтеді.
3. Бала терісінің дене температурасын реттеу қызметі жетілмеген, содан да ол тез суықтайды, тез қызады.
4. Мүйізгек қабатының
жұқалығы, қан тамырларының жақсы
дамуы-терінің сору қызметін
5. Терінің қанмен толық қамтамасыз етілуі, суының көптілігі, түлеуге бейімділігі әртүрлі аурулардың теріден білінетін белгілерінің өзгеше болуына әсер етеді.
Тері
бала организімінде көптеген
маңызды қызмет атқарады. Ең біріншісі
терінің бактериоцидтік
Тері асты май қабатының ерекшеліктері:
1.Балалардың тері асты май қабатының үлкендерге қарағанда, май жасушалары майдалау, ядролары бар. Өсе келе май жасушалары өсіп, ядролары кішірейеді.
2.Балалардың тері асты май қабатында қатты май қышқылдарының көптігі пальметин және стеарин май қабатының тығыз болуына әсер етеді.
3.Бір жасқа дейінгі балада тері асты май қабатының салыстырмалы салмақ үлесі үлкендерге қарағанда басымырақ, сондықтан бала толық, домалақ болып көрінеді.
4.Балаларда кеуде іш пердесінің майлары жоқ. Олар 5-7 жастан бастап пайда бола бастайды. Осыған байланысты әртүрлі жағдайды балалардың ішкі органдарының қозғалмалы болуы мүмкін. Көбінесе бүйрек орнынан қозғалады, төмен түседі.
Балаларда тері асты май қабатында қоңыр май тіні молырақ. Олардың жылу бөлніштік қасиетінің баланың алғашқы күндерінде маңызы зор. Өс-кен сайын қоңыр май тоқымасы азайып, жылу бөліну де кемиді. Тері асты май қабаты алдымен бетінде, сосын аяқтарында, кеудесінде, арқасында пайда болады, ал бала азғанда майды керісінше жоғалтады
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1)Терінің құрылысы
2)Тері жүйесінің қызметтері
3)Тері және оның өсінділері
4)Тері қабаттарының ерекшеліктері
5)Терінің морфологиялық
және физиологиялық
6)Тері асты май қабатының ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды
VI. Пайдаланылған әдебиеттер
Қорытынды.
Тері - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен (соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері ағзадағы зат алмасу үдерісіне қатысады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар. Тері арқылы сумен бірге түрлі тұздар (хлорлы), сүт қышқылы, азоттық алмасу өнімдері сыртқа шығарылады. Тері қанайналым үдерісінде қан сақталу қоймасының да қызметін атқарады. Ересек адам терісінің қылтамырларында 1 литрдей қан болады. Теріде көптеген жүйке талшықтары, сезгіш жасушалар шоғырланған. Сондықтан тері сезім мүшесінің қызметін де атқарады. Адам тері арқылы бір заттың жанасқандығын, температураны, ауырғанды сезеді.
Терінің витаминдер алмасуына да қатысы бар. Теріде болатын ерекше заттардан күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен Д витамині түзіледі. Теріде аздаған мөлшерде газ алмасу үдерісі жүреді, яғни оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Адам терісіндегі тер, май және сүт бездері арқылы ыдырау өнімдері бөлінеді. Теріде ағзадағы артық май қор ретінде жиналады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ажаев, С.А. Гистология-1 : екі бөлімді оқулық /С.А. Ажаев. - Түркістан: Тұран 1-бөлім: Цитология және адам эмбриологиясы: медициналык жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. - 2011. - 201 б.
2. Ажаев, С.А. Гистология-1: екі бөлімді оқулық /С.А. Ажаев ; С. А. Ажаев, Т. Ж. Үмбетов. - Түркістан: Тұран 2-бөлім: Жалпы гистология. - 2010. - 336 б.
3. Аяпова Ж.О. Гистология-2: оқу құрал /Ж. О. Аяпова. - Алматы: Эверо, 2011. - 324 б.
4. Аяпова, Ж.О. Цитология, эмбриология және гистология: Оқу құралы /Аяпова, Ж.О. - Алматы: Кітап, 2007. - 288 б.
Информация о работе Жасқа және орналасуына байланысты терінің ерекшеліктері