Жалпы рецептура

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2014 в 18:26, реферат

Краткое описание

Жалпы рецептура дегеніміз дәрілердің жазылуы мен дайындалу және қабылдау тәсілдерін оқытатын дәрітану ғылымының бір бөлімі.
Дәрілік заттар дегеніміз организмге емдік немесе профилактикалық әсер тигізетін дербес химиялық қосындылар немесе белсенді биологиялық заттар.
Дәрі дегеніміз фармакологиялық комитеттің рұқсатымен әр түрлі ауруды емдеу алдын алу немесе диагнозын анықтау үшін қолданылатын бір немесе бірнеше дәрілік заттардың қоспасы. Егер дәрі бір дәрілік заттан тұрса,онда бұл атаулар бір біріне сәйкес келеді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1) Жалпы рецептура
2) Препараттар туралы түсінік
3) Рецептердің жазылу ережелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Рецепт.docx

— 22.51 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК  ФАРМАЦЕВТИКА  АКАДЕМИЯСЫ

Фармакология,фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы

 

 

 

                              РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Жалпы рецептура

 

 

 

Қабылдаған:

Тобы: 303 «А»ФК.

Орындаған: Акимбек Л.

 

 

 

 

 


 

         Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1) Жалпы рецептура

2) Препараттар туралы түсінік

3) Рецептердің жазылу ережелері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         

    Кіріспе

Жалпы рецептура дегеніміз дәрілердің жазылуы мен дайындалу және қабылдау тәсілдерін оқытатын дәрітану ғылымының бір бөлімі.

Дәрілік заттар дегеніміз организмге емдік немесе профилактикалық әсер тигізетін дербес химиялық қосындылар немесе белсенді биологиялық заттар.

Дәрі дегеніміз фармакологиялық комитеттің рұқсатымен әр түрлі ауруды емдеу алдын алу немесе диагнозын анықтау үшін қолданылатын бір немесе бірнеше дәрілік заттардың қоспасы. Егер дәрі бір дәрілік заттан тұрса,онда бұл атаулар бір біріне сәйкес келеді.

Дәрілік түр дегеніміз қажетті емдік немесе профилактикалық әсер алу үшін дәрілерден жасалатын іс жүзінде қолдануға ыңғайлы түрлері. Дәрілік түрлер консистенцияға байланысты қатты,жұмсақ және сұйық болып бөлінеді.

Рецепт дегеніміз дәрігердің фармацевтке дәрілерді белгілі бір түрде дайындалып ауруға беру туралы жазбаша нұсқауы. Онда дәрінің мөлшері мен қабылдау тәсілдері көрсетіледі.

Бұл өте маңызды медициналық және юристік құжат. Рецепт 2005 ж. 3-ақпанда Қ.Р. Денсаулық  сақтау министрлігі бекіткен № 38бұйрыққа сәйкес ережелер бойынша жазылады. Наркотикалық ,психотропты дәрілік заттарды №173    07.04.2005ж. «Қазақстан Республикасында бақылауда тұратын, есірткі құралдарды,психотропты заттарды және прекурсорларды медициналық мақсатта қолдану ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ережелер бойынша жазады.

Рецепт арнайы бланкте қатесіз анық жазылуы керек. Қате түзеу рұрсат етілмейді. Бір рецептуралық бланкіде бір ғана дәрі жазылады. Рецептің жарамды мерзімі 7 күнге дейін. Ұзақ уақыт емделуді қажет ететін науқастарға тегін немесе жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттарға рецептің жарамды мерзімі 1 айға дейін. Рецепт бланкасында “арнайы тағайындалуы үшін” деген штамп қойылады. ҚР рұқсат етілмеген және тіркелмеген дәрі-дәрмектерге рецепт жазылмайды.

Рецепт құрылымы 9 бөлімнен тұрады:

1) Inscriptio – емдеу мекемесінің  аты (штампы) коды 

   2) Datum – рецептің  берілген күні

   3) Nomen aegroti – науқастың  аты-жөні

   4) Aetas aegroti – нақастың  жасы

   5) Nomen medici – дәрігердің  аты-жөні

   6) Prаescriptiо – рецептің  латын тіліндегі бөлігі 2-ге бөлінеді: Invocatio-Rp.:(Recipe:)  -  “ал” деген  сөзінен басталады. (Рецепт бланкісінде  ол қысқаша түрде жазылады). Designatio materiarum – дәрілік заттардың белгіленуі, олардың мөлшері жазылады.

7) Subscriptio – фармацевтке  берілетін нұсқау (қандай дәрілік  формада, қанша мөлшерде, қандай  қорапта беру керектігін көрсетеді).

8) Signatura – дәріні қолдану  жөніндегі бөлім. Signa: немесе Signetur: (белгіле  немесе белгіленсін) етістігінен  басталады. Етістіктен кейін дәріні  қалай, қашан, қаншадан қолдану керектігі  ұлттық тілде жазылады.   

9) Nomen at sigillam personale medici - дәрігердің  қолы және жеке мөрі қойылады.

Рецепт жазғанда белгілі талаптарды, ережелерді орындау керек.

Рецепт-Recipe: (Rp.:)– ал сөзінен басталады. Әр дәрілік құралдың атауы жаңа жолдан жазылады. Дәрілік заттар, құралдар және өсімдіктер атаулары бас әріппен жолдың ортасында жазылады. Оң жағынан саны белгіленеді.

Әр заттың аты Genetivus-та жазылады, таблеткеалар мен суппозиториялар Accusativus септігінде жазылады. (Мөлшері Recipe сөзіне қатысты болғандықтан табыс септігінде жазылады).

Мысалы,ал (нені?)үш тамшыны (табыс септігінің көпше түрінде) (ненің?) жалбыз майының (ілік септігінде) Recipe: Olei Menthae guttas III.

Рецепте қатты және ұнтақ дәрілік заттар граммен беріледі (Араб сандарымен жазылады), бірақ  грамм сөзі жазылмайды. Ол ондық бөлшекпен көрсетіледі.

Мысалы, Recipe: Unguenti Zinci 30.0

                Recipe: Anaesthesini 0.3

Сұйық дәрілік заттардың мөлшері миллилитр көлемінде беріледі. Егер сұйық дәрілік заттар 1 мл ден аз болса, онда тамшы мөлшерінде беріледі де, табыс септігінде (Acc.) жекеше түрде (sing.) – guttam, ал көпше түрде (plur.) –guttas деп жазылады. Мөлшері римдік цифрмен беріледі.

Мысалы:

Recipe: Olei Menthae piperitae guttas V

Recipe: Olei Vaselini 30 ml

Жоғарыда айтылғандардан басқа рецепте дәрігердің ерекше белгілері кездесуі мүмкін. Егер аурудың жағдайы ауыр болса және тез арада дәрілік кемек көрсету керек болса, онда дәрігер рецептің жоғарғы оң жақ бұрышында «сіш» (тез арада, жылдам) белгісін қояды. Мұндай рецептер бойынша дәрілік препараттар тез дайындалып, кезектен тыс босатылады.

Кұрамында улы, есірткі заттары, этанол бар экстемпоральды дайындалған дәрілік түрлерді босатқан кезде, рецепт орнына ауруға сары сызығы бар «Сигнатура» (рецепт көшірмесі) беріледі. 

Құрамында жай заттары бар рецептер ауруға дайындалған препаратпен бірге қайтарылады.

Рецептер анық айқын сиялы қаламмен жазылады. Түзетулер болмау керек.

Егер екі немесе бірнеше дәрінің мөлшері бірдей болса, онда тек бір рет соңғы дәріден кейін /аnа- бірдей/ деген белгі қойып жазады. "Аnа" - бәрі бір шамада, тең мөлшерде деген сөз.

Егер дәрігер дәріні фармакопеяда көрсеткен молшерден артық мөлшерде жазғысы келсе, онда ол көрсетілген мөлшердің артынан сөзбен жазып, леп белгісін қояды да, өзіне қажетті мөлшерді жазады. Ал, егер олай көрсетілмесе. улы және күшті әсер ететін заттар дәріханадан жарты мелшерде беріледі.

Мысалы:  Rp:  Omnoponi 0,04 \терт сантиграмм/

                         Sacchari 0,3

                         Misce fiat pulvis

                         Da tales doses N 10

                         Signa. 1 ұнтақтан ауырғанды басу үшін.

Кейде дәрігер түзуші заттың мөлшерін жазбайды, бірақ латынша /quantum satis / яғни қажетіне қарай ал немесе қанша керек болса, сонша ал дейді.

Мысалы:   Rр: Рromedoli 0.02

                         Оlеі Сасао q.s. ut fiat suppositorinm rectale

                        Da tales doses N 6

                        Signa. 1 суппозиториден тік ішекке салуға.

Жедел дәрі-дәрмек қажет болса, онда рецептік бланкінің жоғары белігінде - Шұғыл деп жазылды. Бұл жағдайда дәрінің дайындалу және берілуі кезектен тыс болуы қажет.

Рецепт жазылған күнінен бастап наркотиктік заттарды 5 күнге дейін, улы дәрілерді 10 күнге дейін, ал басқа дәрілерді 2 айдың ішінде алуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Орманов Н.Ж. Фармакология.1-кітап:оқулық: Алматы: Эверо,2013.-656бет-100экз.
  2. Орманов Н.Ж. Фармакология 2-кітап:оқулық: Алматы: Эверо,2013.-512бет-100экз.
  3. Орманов Н.Ж. Жалпы рецептура. Жалпы рецептура : оқу құралы- Алматы: Эверо,2012-102 бет-13 экз
  4. Орманов Н.Ж. Фармакология кесте мен сызбада: оқу-әдістемелік құралы- ОҚМФА Алматы: Эверо,2011.-368 бет 50- экз

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Жалпы рецептура