Витаминдердің адамның тіршілігі үшін маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 21:16, реферат

Краткое описание

Дәрумен (Витамин) – адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді (сурет 1).

Содержание

1.Витаминдердің адамның тіршілігі үшін маңызы
2.Витаминдердің сипаттамалары
3.Құрамында витаминдері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар
4.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

ВИТАМИНДЕР.docx

— 115.86 Кб (Скачать документ)

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

 

 

 

Тақырыбы:

Витаминдер.

 

 

                                                    Орындаған: Жайсанбаева М.

                                  Тобы: ЕП-10-4К1

                                                Қабылдаған: Сабденова Ұ.

                                                

 

 

 

 

 

Шымкент 2013 ж.

Мазмұны

 

1.Витаминдердің адамның тіршілігі үшін маңызы

2.Витаминдердің сипаттамалары

3.Құрамында витаминдері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар

4.Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ВИТАМИНДЕР

 

Дәрумен (Витамин) – адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді (сурет 1).

 

Сурет 1 – ас тағамдарында кездесетін витаминдер

 

Витаминдердің көпшілігі  ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау организмнің улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі (сурет 2).

 

Сурет 2 – дәреумен (витаминдер)

 

Витаминнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында витамин жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К витаминдері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А витамині жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті витамин балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста авитаминозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға витамин концентраттарын, сәбіз, балық майы, тағыда басқа витамині мол азық беру керек. Мал азығындағы витамин мөлшерін көбейту үшін арнайы витамин препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады (сурет 3).

 

Сурет 3 – құнарлы тағамдар етті өнімдердегі витаминдер

 

Витамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда витаминдердің  жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.

Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі,гельминтоз, лямблиоз,тағыда басқа аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі,тағыда басқа жағдайларда организмде витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап,көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.

 

 

Витаминдердің сипаттамалары

 

Алғашында витаминдерді тану барысында белгілі бір витамин организмде жетіспеген жағдайда пайда болатын аурудың атымен аталып, қай аурудан сақтаса, соның алдына «анти» қосымшасы тіркелген. Мысалы: рахит – антирахиттік, скорбут – антискорбуттық, дерматит — антидерматиттік, т.б.

1913 ж. Мак-Коллумның ұсынысымен  витаминдерді латын алфавитінің үлкен әріптерімен белгілей бастады А, В, С, Д, т.б.

Витаминологияның даму барысында әріптік белгілер кеңейтіліп, сандық белгілер қосылады: В1, В2, В3, т.б. Кейіннен витаминдердің химиялық құрылымының анықталуына байланысты химиялық атаулар енгізіледі: тиамин, цианкобаламин, т.б. Химиялық аталым 1956 жылдан бастап халықаралық болып есептеледі.

Қазіргі кезде осы атаулардың үш түрі де қолданылады.

 

1-кесте

 

Негізгі витаминдер және атаулары (Ю.Б. Филиппович бойынша, 1999)

Атаулар

Әріптік

Химиялық (халықаралық)

Физиологиялық 
(адамға әсері)

Адам организіміне тәуліктік қажеттілігі (мг)

Майда еритін

А

Ретинол

Антиксерофтальмиялық

2,5

Д

Кальциферол

Антирахиттік

0,0025

Е

Токотриенол 
Токоферол

Антистерилдік

15,0

К

Филлохинон

Антигеморрагиялық

0,25

Q

Убихинон

   

F

Қанықпаған май қышқылдарының кешені (линол, линолен, арахидон қышқылдары)

 

1000

Суда  еритін

В1

Тиамин

Антиполиневриттік

1,5-2,5

В2

Рибофлавин

Өсу витамині

2,0-2,5

В3

Пантотен қышқылы

Антидерматиттік

5-12

В(РР)

Никотин қышқылы 
және никотинамид

Антипеллагралық

15-25

В6

Пиридоксин

Антидерматиттік

2,0-3,0

В12

Цианкобаламин

Антианемиялық

0,003-0,080

В15

Пангам қышқылы

Антианоксикалық

2,0

Вс

Фоль қышқылы, Птероилглутамин қышқылы

Антианемиялық

0,2

Вт

Карнитин

   

С

Аскорбин қышқылы

Антискорбуттық

75-100

Н

Биотин

Антисеборреялық

0,15

Р

Рутин, биофлавоноидтар

Капилляр қабырға ұлпаларының нығайтушысы

50

U

S–метилметионин

Жараға қарсы витамин

 

 

Витаминдер ерігіштік  қасиеттеріне қарай майда және суда еритін болып екі топқа бөлінеді

 

 

Құрамында витаминдері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар

 

Витаминдер-химиялық табиғаты ар түрлі органикалық қосылыстар. Әр түрлі өмір процесінде аз мөлшерде болса да адам яғни жануарлардың тіршілігіне, олардың өсіп өнуіне, денсаулығын  сақтауға өте қажетті заттардың  бірі. 
 Бүкіл органикалық дүние тіршілігінде,әсіресе медицинада, мал шаруашылығын өркендетуде, оның сапасы мен өнімділігін арттыруда витаминдердің маңызы өте -мәте эор. Витаминдер тағам мен өсімдтктер құрамында өте аз мөлшерде болғанымен де маңызды қызмет атқарады. Олар гормондар және ферменттермен бірге биокатализаторлар тобын құрап, организмнің иммунобиологиялық процестеріне, эндокрин бездерінің, нерв жүйесінің жұмыстарына қатысады, организмнің әр түрлі функционалдық ауруларға қарсыласуын күшейтеді. Көптеген ферменттердің, гормондардың, простогландиндердің молекулалық құрамына кіреді. Әр түрлі молекуласының синтезделуіне, құрылуына, клеткадағы зат алмасу процесіне көмектеседі. Организмде үздіксіз жүріп жататын көптеген химиялық реакциялар, мәселен: ішкен тамақтың ыдырап, қорытылуы ферменттердтң қызметіне байланысты. Ішер астың құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Мүны медицинада авитаминоз деп атайды. 
 Қазіргі кезде 30-ға жуық витаминдер белгілі. Олардың 20~сы адам организміне тамақ арқылы түседі.

1912 жылы поляк дәрігері  И.К. Функ сол кезге дейін  жасалған эксперименттер нәтижесінде  қорытындылап ғылымға витаминдер /лат. өмір, тіршілік/ терминін енгізген. Қырқұлақ, пеллагра, бериберин, мешел сияқты аурулар тамаққа витаминдердің жеткіліксіздігінен болады деп тұжырымдаған. 
 Витаминдердің үш классификациясы белгілі. 
 І. Әріпті классификация. Ертеректе витаминдердің химиялық табиғаты мәлім болмаған кезде, олардың аты латын алфабитінің әріптерімен аталатын болған. Қазір көптеген витаминдер химиялық әдіспен синтездеу арқылы өндірілетін болғандықтан, организмде атқаратын биологиялық роліне байланысты жаңа атаулары да бар. Мәселен, А витамині /аксерофтол/, ксерофтальмияны /көз аурулар/ емдейтін дәрі, Е витамині /токоферол/ бала тууына көмектесетін дәрі есебінде пайлаланылады. 
 ІІ. Ерігіштік қасиетіне байланысты олар екі топқа бөлінеді:суда және майда еритін витаминдер. Суда еритін витаминдерге:В тобына жататын витаминдер /В115/, холин, никотин қышқылы Р витаминдер /рутин, кверцетин, аскорутин т.б./ аскорбин қышқылы т.б. жатады. Мысалы: Ввитамині /тиамин/ нерв ауруларын, Ввитамині /рибофламин/ -тотығу процесін жақсарту, В6- витамині /пиридоксин/ -тері ауруларын, В12 витамині /цианокоболамин/ -анемияны, РР витамині /никотин қышқылы/-пеллагра ауруын емдеуге қолданады. В қатарына жататын пантоген қышқылы тері ауруларын, фолий қышқылы қан ауруларын емдеуге, парааминобензой қышқылы-бактерияның өсуіне қажет. С витамині қырқұлақ ауруын емдеу үшін қолданады. Р витамині /биофлавоноид/-клеткаға зат өткізгіш витамин болып келеді.  
 ІІІ. Майда еритін витаминдерге ретинолдар /А витамині/, биотин /Н витамині/, метилметионин /У витамині/, В витаминдер т.б. Мысалы:В15 витамині /пангама қьппқылы/ -оттегі жеткіліксіз болған кезде тыныс алуды жеңілдетеді. А және А2витаминдері /ретинол және дегидроретинол/ -көз ауруларын емдеуге пайдалы. Джәне Двитаминдері /эргокальциферол/ және холекальциферол -баланың және жас төлдің мешел ауруына қарсы, Е витамині /токоферол/ -жануарлардың қысыр қалуына қарсы, К1,К жәнаКвитаминдері /филлохинон,фарнохинон және викасол/-қан тоқтату үшін қолданады. 
 П. Химиялық құрылысына байланысты классификациясы, Бұл классификация бойынша витаминдер бірнешө топқа бөлінеді:

І. Алифатты қатарына жататын  витаминдер: С витамині, метилметионин, пантотен қышқылы, пангамат кальция  т.б. 
 
 2. Ациклді қатарына жататын витаминцер /кальциферол, ретинол, А витаминдері /. 
 З. Ароматты қатарына жататын витаминдер /филлохинон, менохинондарК тобындағы витаминдер/. 
 4. Гетероцикл қатарына жататын витаминдік препараттары /токоферол, флавоноидтар, фоли, никотин қышқылдары, кобаламин, пиридоксинэ тиаминдер т.б./.  
 Адам мен жануарларға қажетті витаминдер негізінен өсімдіктердің, өсімдік тектес тағамдардың, өсімдікпен қоректенетін жануарлардың өнімдерінің құрамында болады. Сондай-ақ кейбір витаминдер адам мен жануарлар организмінде түзіледі. Витаминдердің түзілуіне микроорганизмдердің әсіресе жануарлардың мысалы; ірі қара малдың ішек-қарындарындағы микрохлораның тікелей қатысы бар. Адам организміне өте қажетті В1, Вз,В6,В12, РР витаминдері сиырдың бауырында, бүйректе, сүтте, қара бидай нанында, ашытқыда мол болады. В тобына жататын витаминдер /рибофлавин, тиамин, никотин қышқылы т.б/ жеуге жарамды саңырауқұлақтарда, көптеген өсімдіктердің пияз, сарымсаққырыққабат т.б. жасыл жапырақтарында, астық дақылдарының ұрықтарында кездеседі. 
 Д витаминінің негізгі көзі-стерин өсімдіктердің бөрінде болады. Ол әсіресе саңырауқұлақтарда, көп мөлшерде ұшырасады. Сонымен қоса, бұл витаминге балықтың майы өте бай. Эргостерин организмге барғаннан кейін Д витаминінен айналады.  
 Е витамині / токоферол / көтеген өсімдіктерде бар, әсіресе астық дақылдарының ұрықтарынпа мол болапы. 
 Р витамині мамыр раушанда, цитрус жемістерінде , жапон софорасын да, қара құмықта т.б. ұшырасады. 
 Ретинолдар /А тобына жататын витаминдер/, каротиноидтар организмде жетіспесе, оның ауруларға төзімділігін төмендетеді, өсуіне зақым келтіреді, көз аурулары пайда болады. А витаминдер тек қана жануарларда, олардың өнімдерінде болады, каротиннен түзіледі. 
 Каротиннен даярланған дәрілер созылмалы тері ауруларды /экзема, жара, күйік/, мұрынның, көмейдің кілегей қабаттары қабынғанда ларингит т.б./ емдеуде қолданылады. 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1.Қазақ Энциклопедиясы

2.Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х

3.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

4.А.А.Покровский. Тағам туралы талдау. – Алматы, 
5.Ә.Өмешұлы. Салауатты өмір – денсаулық кепілі. 
6.Н.М.Амосов. Денсаулық туралы толғаныстар. – Алматы,


Информация о работе Витаминдердің адамның тіршілігі үшін маңызы