Тыныс алу жүйесіне әсер ететін дәрілер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2013 в 16:56, лекция

Краткое описание

Тыныс алу жүйесін қуаттаушылар үш топқа бөлінеді:
1. Тікелей тыныс алу жүйенің орталығының белсенділігін арттыратын дәрілер: бемегрид, кофеин, этимизол (Aethimizolum).
2. Тыныс алуды рефлекторлы түрде қуаттаушы дәрілер: цититон, лобелин гидрохлориді.
3. Аралас түрде қуаттаушы дәрілер: кордиамин, көмір қышқылы (карбоген), камфора.

Прикрепленные файлы: 1 файл

6 тарау.docx

— 30.90 Кб (Скачать документ)

 

         6 тарау. Тыныс алу жүйесіне  әсер ететін дәрілер.

         6.1. Тыныс  алу жүйесін қуаттаушы дәрілер.

Тыныс алу жүйесін қуаттаушылар үш топқа бөлінеді:

1. Тікелей тыныс алу жүйенің  орталығының белсенділігін арттыратын  дәрілер: бемегрид, кофеин, этимизол (Aethimizolum).

2. Тыныс алуды рефлекторлы түрде  қуаттаушы дәрілер: цититон, лобелин  гидрохлориді.

3. Аралас түрде қуаттаушы дәрілер:  кордиамин, көмір қышқылы (карбоген), камфора.

 

6.1.1. Тыныс алу жүйесінің  орталығына әсер ететін дәрілер.

Бұл топқа жататын дәрілер мидың  қыртыс асты туындыларының және сопақша  ми орталығының белсенділігін арттырады. Бірақ қыртыс миды басып отырады. Оларды тек тыныс алуды қуаттап  отыруға ғана емес, сонымен бірге  бұлар психиатрияда тыныштандыру үшін де қолданылады.

Этимизол - 0,1 г түймедақ түрінде және ампуласы  1 % ерітіндісі - 3 мл;  1,5% ерітіндісі - 5 мл егуге пайданылады. Наркотиктермен және анальгетиктермен уланғанда, содан соң нәрестенің асфиксиясында тыныс орталығын қоздыру үшін қолданылады. Адренокортикотроптық гормон арқылы қабынуға қарсы әсері болғандықтан   артриттер, бронхылық демікпеде, өкпе ателектазында және аллергиялық ауруларында пайданылады. 

Біраз қолданғаннан кейін жанама әсерлері де байқалады: құсу, диспепсиялық көрініс, бас айналу, ұйқының бұзылуы және т.б. өзгерістер пайда болады. 

Этимизолды қолдануға болмайды:  қимыл және психикалық белсенділігі жоғары ауруларда, ұйқы қашқанда, артериялық гипертензияда, жүрек-тамыр жүйесінің  органикалық ауруларында.

                    Rp.: Sol. Aethimizoli  1,5% -  5ml    

                            D.t.d. № 10 in amp.                                                    

                            S. 3-5 мл тері астына егу.     

                                         #

          Бемегрид пен кофеин алдыңғы тақырыпта талданды. Бұлар бірінші топтағы дәрілер анальгетиктермен және ұйықтататын (барбитураттар) дәрілермен уланғанда қолданылады. 

 

        6.1.2. Рефлекторлы түрде қуаттаушы дәрілер.

Бұл топқа жататын дәрілер синокаротидтік аймағының Н-холинорецепторларын қоздырып, ол жерден афференттік импульстер сопақша миға келіп, тыныс алу орталығы белсенділігінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Оның әсері қысқа бірнеше минут қана. Цититон мен лобелинді морфинмен, барбитураттармен, көмір қышқыл газымен уланғанда, жарақаттанғанда, операцияларда, шокта, коллапста қолданады. Бұларды Н-холиномиметик тақырыбында анықтадық (бұл дәрілер холинергиялық тақырыпта берілген).

 

          6.1.3. Аралас түрде қуаттаушы дәрілер.

Бұл топқа жататын дәрілер каротидтік түйіршіктік хеморецепторына әсер етеді. Медициналық тәжірибеде  қолданатын 5-7 %  көмір қышқылы және 93-95% оттегі екеуінің қосындысын карбоген деп атайды. Бұны ингаляция дем алдыру арқылы береді. Бұл кезде тыныс алу орталығында көмір қышқылының жиналуынан тыныс алуды қоздырады.

 Кордиамин алдыңғы тақырыптарда берілді.

 

                             6.2. Жөтелге қарсы дәрілер.

Жөтелге  қарсы  қолданылатын  дәрілер   үш   топқа бөлінеді:

1/ Сопақша мидағы жөтел орталығына  әсерін тигізетін дәрілер. Оларға  наркотикалық анальгетиктер жатады: кодеин фосфаты (Codeini phosphas)  және  этилморфин гидрохлориді (Aethylmorphini hydrochloridum).

2/ Қосымша әсері бар дәрілер:  глауцин гидрохлориді (Glaucini hydrochloridum) және тусупрекс (Tusuprex).

3/ Сыртқы тыныс жолына әсер  ететін дәрі - либексин (Libexin).

 

6.2.1. Жөтел орталығына әсер ететін  дәрілер.

Кодеин фосфаты (Кодеин, Туссамаг кодеині және т.б. Кодеин қосымша күрделі дәрілердің құрамына кіреді: Коделак, Терпинкод, Пенталгин, Седалгин, Кодтерпин “Жөтел түймедағы” және т.б.) - опийдан алынған алкалоид, морфинге ұқсас, бірақ ауырсынуды басатын әсері біршама төмен келеді. Морфиннен артықшылығы тікелей сопақша мидағы  жөтел орталығына тежеулік әсері жоғары келеді.

Кодеин фосфат тыныс жүйесін  аздап болса да тежеп отырады  және ұзақ қолданғанда құмарлыққа, яғни тәуелдікке әкелуі мүмкін. Сонымен  қатар, артериялық гипотензия, ішек және қуық босауы, жүрек аритмиясы және аллергиялық өзгерістер болады.

Бұл дәріні қолдануға болмайды: тыныс  жетіспеушілігінде, қан қысымы төмендегенде, бас-ми жарақатында, жүкті әйелдерге, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуында қолдануға болмайды.

Кодеин фосфат түймедақ және ұнтақ  ретінде мөлшері 10-20 мг жөтелді тыныштандыру үшін қолданылады.

Rp.: Codeini phosphatis 0,015

         D.t.d № 10.

         S. 1 ұнтақтан  жөтелге.

                   #

Этилморфин гидрохлориді (Дионин, Диолан және т.б.) - морфиннен алынған жасанды дәрі, кодеинге ұқсас, бірақ жөтелдің әсерін төмендету үшін қолданады. Бұл дәрі көбінесе созылмалы тыныс жолдарының қабыну ауруларында (созылмалы бронхит, өкпе туберкулезі және т.б.) жөтелуді және ауырсынуды басу үшін қолданылады.

Этилморфин негізі офтальмологиялық тәжірибеде көп қолданылады (жергілікті жансыздандыру және тыныштандыру үшін). Көптеген көз ауруларында ісіну, қабыну (кератит және т.б.) асқынып бара жатқанда пайдаланып отырады.

Бұл дәрі түймедақ және ұнтақ ретінде  мөлшері 0,01 және 0,015 г жөтелді тыныштандыру үшін, ал көз ауруларына  1-2 % май және тамшы түрінде қолданылады.

Rp.: Ung. Aethylmorphini hydrochloridе 2% - 10,0

        D.S. Жатарда  көзге тарту ретінде беріледі.

                                 #

6.2.2. Қосымша әсерін тигізетін  дәрілер.

Глауцин гидрохлориді және тусупрекс. Бұлардың  наркотикалық әсері жоқ, бірақ қосымша жөтел орталығына әсері бар. Бұл дәрілер сопақша  мидың орталындағы жөтелу рефлекстерін басып отырады.

Глауцин гидрохлориді (Глаувент және т.б.) наркотикалық әсері жоқ, бірақ қосымша жөтел орталығына әсері бар және жергілікті тыныс жолымен бірге сопақша мидың орталығында жөтелу рефлекстерін басып отырады. Бұл опий тұқымдастығы өсімдіктерінен алынған алкалоид. Жөтелдік қарсы әсері жақсы, тыныс жүйесіне әсер етпейді, қанша қабылданса да құмарлық пайда болмайды.

 Глауцин гидрохлоридін   көбінесе  өкпе және тыныс жолдарының  қабыну ауруларындағы жөтелге  қарсы пайдаланып отырады. 

Біраздан кейін қан қысымын  төмендетуі мүмкін. Гипотензия және миокард  инфарктында қолдануға болмайды.

 Бұны күніне 2-3 түймедақтан немесе  дражеден тамақтан кейін береді. Мөлшері 50 мг қапталған сары 20 түймедақтан  шығарылады.

Rp.: Dragee Glaucini hydrochloride 0,05

        D.t.d. № 20.

        S. 1 дражеден  күніне 2-3 рет.

                      #

Тусупрекс (Окселадин, Пакселадин және т.б.)  – негізгі эстоцинге (жасанды анальгетик, жөтел басатын әсері бар) ұқсас, орталық жөтел рефлексін тежейді, ал тыныс алу жүйесіне және тыныс орталығына әсері жоқ. Қанша пайдаланса да құмарлыққа келтірмейді. 10 және 30 мг түймедағы;  20 мг № 250 қапталған қызғылт түймедақ  түрде шығарылады. Күніне 3-4 рет ішуге беріліп отырады.

 

6.2.3. Шеткі  тыныс жолдарына  әсер ететін дәрілер. Бұған  либексин жатады.  Бұл жоғарғы  тыныс жолдарының кілегей қабатын  жансыздандырады,  орталық жүйке  жүйесіне әсер етпейді, сонымен  бірге  тәуелділік шақырмайды.

 

 

 

 

 

Либексин (Глибексин, Преноксдиазин, Тибексин және т.б.) – жасанды дәрі, күштілігі кодеин фосфатымен бірдей. Тыныс алу жүйесіне әсері жоқ және құмарлыққа келтірмейді. Жергілікті жансыздандыру және тыныс алу жолдарының спазмын басады.

         Тыныс жолдарының  жедел және созылмалы ауруларында  (бронхит, бронхопневмония, демікпе,  эмфизема және т.б. қабынулық  өзгерістер) жақсы әсерін тигізеді.

Бұның мөлшері 100 мг күніне 3-4 рет беруге болады, тек түймедақты шайнамай жұтып  жіберу керек, ол ауыз ішінде ери бастаса  кілегейлі ауыз қабығын жансыздандырып жібереді.

                Rp.: Libexini 0,1

                        D.t.d № 20 in tab.

                        S. 1 түймедақтан күніне 3 рет.

                                       #

 

                     6.3. Қақырықты шығаратын дәрілер.

Қазіргі кезде қақырықтың шығаруын жеңілдететін дәрілер екі топқа  бөлінеді:

1/ Тыныс алу жолының секрециясын  белсендіретін дәрілер, яғни жергілікті  рефлекстік әсерімен қақырықты  тебіндіріп сыртқа шығарып отырады  (термопсис ( Herba Thermopsidis), алтей тамыры (Radices Althaeae), мия тамыры (Radices Glycyrrhizae), анис жемісі (Fructus Anisi vulgaris)  және  т.б. шөптен алынған дәрілер  мен натрий бензоаты (Nаtrii bеnzoas),  тағы басқа да химиялық заттар). Бұлар асқазанның шырышты қабықшасын  тітіркендіріп, содан кейін тыныс  алу жолдарының кілегейлі қабықшасын  тітіркендіреді. Осы әрекеттердің  тыныс және құсу орталықтарымен  байланысы бар, сондықтан кейбір  құстыратын дәрілер (апоморфин  және т.б.) тым аз мөлшерімен  қақырықты айдап шығаруға болады. Осы дәрілердің ішіндегі тез  қанға сорылатын дәрілердің (натрий  және калий йодидтері, аммоний  хлориді, натрий гидрокарбонаты  және т.б.) кейін резорбтық (сорылу) әсері күшейеді. Олардың құрамындағы  эфирлік майлар тыныс жолына  шыға бастайды. Содан соң олар  жергілікті  жабысып қалған қықырықты  жібітіп және сұйылтып сыртқа  шығуға көмегін тигізеді. Қазіргі  кезде бұл дәрілер жанама әсерлері  болғандықтан және тиісті әсерінің  жеткіліксіздігінен сирек қолданылады.  Бұлардың орнына көбінесе муколитикалық  заттар пайданылады.

2/ Жергілікті қақырықты сұйылтатын, яғни муколитикалық заттар. Бұған  біріншіден, ертеден қолданып келе  жатқан ферменттік дәрілер (кристалдық  трипсин (Trypsinum crystallisatum), рибонуклеаза (Ribonucleasum) және т.б.), екіншісі қазіргі кездегі шығарылған жасанды заттар (ацетилцистеин (Acetylcysteinum), бромгексин (Bromhexinum), амброксол (Ambroxolum) және т.б.). Бұлардың ішіндегі ең тиімдісі жергілікті эндогендік сурфактантты белсендіретін амброксол болып табылады.

 

6.3.1. Жергілікті рефлекторлық әсерімен  қақырықты шығаратын дәрілер.

Термопсис шөбі (Мышатник шөбі). Бұл шөптің құрамындағы алкалоидтар асқазан рецепторларын тітіркендіреді, тыныс алуды қоздырады, содан соң рефлексті жолмен кеңірдек бездерінің сөл бөлуі көбейеді. Қақырықтың сұйық болып және көп шығуы жеңілдейді. Егер мөлшерін біраз көбейтіп жіберсе құстырады. Бұл уланудың алғашқы белгілері. Термопсисті жас балаларға беру өте қауіпті.

Термопсис көбінесе тұндырма ретінде  қолданылады және кепкен экстракты, ұнтағы, түймедағы бар.

Rp.: Herbae Thermopsidis 0,01

        Natrii hydrocarbonatis 0,25

        D.t.d. № 10 in tab.

        S. 1 түймедақтан  күніне 3-4 реттен.

                     #

Жалбызтікен (алтей) тамыры (алтей сиропы, кеуделік жинақтар, мукалтин т.б.). Бұлар көбінесе тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруларында қақырықты жылдам шығару үшін және жөтелді басу үшін қолданылады.

Мукалтин (Mucaltinum) - алтей шөбін кептіріп, үгіп ұнтақ және түймедақ түрінде мөлшері 50 мг күніне 1-2 рет ас алдында қолданылады.

  Rp.: Inf.red. Аlthaeae 3,0-100 ml

          Sir.Althaeae 20 ml

          M.D.S. 1 шай  қасықтан

                           #

Mия тамыры (Лакричн тамыры, Глицерам, кеуде элексирі және т.б.) - мия тамырынан жасалған дәрілері өкпе қабыну ауруларына қарсы, қақырық шығаруға және асқазанның жарасына тез жазуға ықпал етеді.

Глицерам (Glycyrramum) мия тамырынан алынған глицирриздық қышқыл. Бұл дәрі бүйрек үсті безінің гликокортикоидтық гормонын белсендіреді, сол арқылы қабынуға қарсы әсеріне және өкпеден қақырықты шығаруға ықпалын тигізеді.

Бұлардың мөлшері: 50 мг кептірген  сығыны ас алдында 1-2 түймедақтан 2-4 рет  күніне беріледі.

Rp.: Extracti Glycyrrhizae sicci 0,05

        D.t.d. № 50 in tab.

        S. 1-2 түймедақтан  күніне 3-4 рет.

                   #

Aнис жемісі (анис майы, мүсәтір-анистік тамшы). Анис жемісінен жасалған дәрілер қақырықты шығарады және ішті босатады. Ішті босататын шай 1 ас қасықтан күніне 3 рет, қақырықты шығаратын – мүсәтір -анистік тамшысы – 10-15 тамшыдан (балаларға 3-4 тамшыдан) күніне 2-3 рет және анис майы – 2-3 тамшыдан күніне 4-5 рет беріледі.

Rp.: Liquor ammonii anisatus 100 ml

        D.S. 10-15 тамшыдан  күніне 2-3 рет.

                               #

Hатрий бензоаты – басқа қақырықты шығаратын дәрілермен бірге тыныс алу жолдарының қабынулары кезінде (бронхит т.б. созылмалы ауруларында) қолданылады.

 

    6.3.2. Жергілікті қақырықты  сұйылтатын (муколитикалық) дәрілер.

Кристаллдық трипсин (ұнтақ түрінде ампула мен флаконда мөлшері 0,005 және 0,01 г-нан егуге және бүрку (ингаляция) ретінде пайданылады; Дальцекс -трипсин және Пакс – трипсин іріңді жараға арналған сальфетка түрінде жапсыруға) - ірі малдың ұйқы безінен алынған белсенді ферменттік дәрі. Трипсиннің өліеттенген тінді ыдыратулық әсеріне байланысты баттасып қалған қақырықтың сұйылуына әкеледі.

Бұл дәріні деммен қабылдау ретінде  пайдалынады. Ол үшін 5-10 мг дәріні 2-3 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіне қосып ингалятормен немесе эндотрахеалық  зондпен беріледі.

Rp.: Trypcini cristallisati 0,01

         D.t.d. № 6 in amp.                              

         S. 2-3 мл-ден  ингаляция ретінде.    

                         #

Рибонуклеоза – ферменті дәрі ірі малдың ұйқы безінен алынған, РНҚ деполимеризация арқылы моно- және олигонуклеотидтерге дейін бұзады, сондықтан бұл іріңді, қою және жабысқақ - баттасты қақырықты сұйылтып, одан әрі қабыну үрдістерін де тоқтатады.

Бұл дәрінің бір жақсы қасиеті  РНҚ-ы бар вирустардың көбеюін  тоқтатады. Негізі трипсинге ұқсас  болғандықтан, сол дәрі сияқты пайдаланып отырылады.

Бұның мөлшері 0,01; 0,025 және 0,05 г-нан  жергілікті ұнтақ түрінде, аэрозоль және егу түрінде де қолданады.

Информация о работе Тыныс алу жүйесіне әсер ететін дәрілер