Темекі және оның ағзаға тигзіетін зиянды әсерлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 17:14, реферат

Краткое описание

Ғылыми жобаның өзектілігі. Қазақтың ел алдындағы абыройы, беделі, қадір қасиетінің жақсылығы дәулетімен ғана емес, ұрпақтарының өнегелі өмірімен өлшенген. Бүгінгі жастар арасында темекіге әуестену көбейіп барады. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Адамдар неліктен өз денсаулығын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс. Мен барлықтарыңды шылым, есірткі, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күресуге шақырамын. Жаман әдет жұқпалы аурудай, сол жаман әдет қылықтарымызды бойымызға жұқтырмауымыз үшін күресуіміз керек».

Прикрепленные файлы: 1 файл

Даулеткалиев С.С.Темеки жане адам агзасына тигизетин асери.doc

— 5.33 Мб (Скачать документ)

 

ТЕМЕКІ  ЖӘНЕ ОНЫҢ АҒЗАҒА ТИГЗІЕТІН ЗИЯНДЫ ӘСЕРЛЕРІ

 

Даулеткалиев  С.C.   4 а сынып оқушысы, Ақтөбе қаласының үш тілде оқытатын №21 мектеп гимназиясы

Ғылыми  жетекшісі: Кайырбекова Г.К.

 

Ғылыми  жобаның өзектілігі. Қазақтың ел алдындағы абыройы, беделі, қадір қасиетінің жақсылығы дәулетімен ғана емес, ұрпақтарының өнегелі өмірімен өлшенген.

Бүгінгі жастар арасында темекіге әуестену көбейіп  барады. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан  халқына жолдауында «Адамдар неліктен өз денсаулығын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс. Мен барлықтарыңды шылым, есірткі, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күресуге шақырамын. Жаман әдет жұқпалы аурудай, сол жаман әдет қылықтарымызды бойымызға жұқтырмауымыз үшін күресуіміз керек».

Үнді халқының тамаша мақалы бар: «жақсы мен жаманның айырмасы сиыр мен жыландай, біреуі шөпті сүтке айналдырса, екіншісі уға айналдырады» деген [1,2].

Оқушылар арасында шылым шегу кең таралуының себебін  іздеген ғалымдардың пікірі бойынша, оларды темекі шегуге деген ықыласы негізінен әуестену, яғни достарының алдында абыройлы болу, сәндік үшін, ата анасымен дұрыс қарым қатынас орната алмаған жағдайда пайда болғанын дәлелдеген. Кез келген сән өтеді, ал шылым шегу ағзада өзінің зардапты ізін қалдырады.

Ғылыми  жобаның мақсаты: мектеп оқушыларына темекінің ағзаға тигізетін улы әсері жайлы түсіндіре отырып, оларда темекіге деген негативті көзқарас қалыптастыру.

Ғылыми  жобаның міндеттері:

  • Темекінің тарихы мен оның қалай алынатыны туралы мәліметтер беру;
  • Темекінің адам ағзасына тигізетін зиянының статистикалық мәліметтерін көрсету;
  • Бақаға тәжірибе жасау арқылы темекінің улы әсерін дәлелдеу.

Ғылыми  жобаны ұсыну формасы: зерттеушілік.

Ғылыми  жобаның нысаны: темекінің зиянын зерттеу үшін тәжірибелік бақалар.

Ғылыми  жобаның идеясы: оқушыларға арналған темекі зияны туралы ақпарат беру.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Ғылыми  жобаның материалдары мен әдістері

Зерттеу жүргізу  үшін тәжірибелік бақалар, «Прима» темекісі, шприц, спирт, мақта, медициналық қолғаптар мен табақшалар қажет. Зерттеуге кәдімгі бақалар қыс мезгілінде ұйқыда жататын болғандықтан,  мәдени аквариумдық бақаға жүргізілді.

 

1 сурет – Зерттеу нысандары

Зерттеу төмендегідей әдістермен жүргізілді:

  • Темекі тартатын адамдармен бір бөлмеде отырғанда,  яғни түтінімен дем алып отырған адамдарға темекінің қаншалықты зиян екенін дәлелдеу үшін банкідегі бақаға темекі түтінін жіберу;
  • Темекінің құрамындағы никотиннің улы екенін дәлелдеу мақсатында бақаға құрсақішілік әдіспен 0,2 мл көлемінде темекінің тұнбасы енгізілді.

 

Ғылыми  жобаның нәтижелері

Темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой өрісі дамыған, мәдениетті адамға шылым шегу тіпті жараспаған. Ал, кісі өліміне әкелетін  жаман әдет бізге қайдан келді. Біз тәжірибемізді жүргізе отырып, осы сұрақтарға да жауап беруді жөн көрдік.

Темекі өсімдігі алқа тұқымдастар класына  жатады. Бұл тұқымдастың 66 түрі бар, оның 45-і  Америкада, ал 21 түрі Австрия мен  Полинезияда өседі. Қазақстанда  темекінің 3 түрі өседі.  Ол бір жылдық өсімдік, гүлдері түтікше тәріздес, насекомдар арқылы және өздігінен тозаңданады. Жапырақтары кезектесіп өседі. Дәні қауашақ ішінде орналасқан ұсақ тұқымдар. Темекі өсімдігінде улы алколоидтар бар. Темекі көшет арқылы өседі. Жапырақтары қолмен жиналып, бауланып кептіріледі. Аздап кебе бастағанда жапырақтары сарғайып, өзіне тән иіс шығара бастайды [3,4,5].

Қазақстанда әр жыл сайын 12600 млн темекі экспортқа шығарылады, ал 3000 млн темекі шеттен әкелінеді. Жыл сайын 25000 адам шылым шегу нәтижесінде қайтыс болады. 15 млн. Халықтың шамамен 5 млн-ы шылым шегеді [6,7].

Христофор Колумб темекіні ең бірінші кубалық қоныстарда кездестіреді. 1492 жылы,    15 қарашада Х.Колумб өзінің күнделігінде “түтіндеп  жатқан шоқтар” туралы және олардың  адамға қандай пайда әкелетінін түсіне алмағаны туралы жазады. Оны аборигендердің бір түрлі әрекеттері таңдандырады. Олар белгісіз өсімдіктердің сарғыштау жапырақтарын түтікке орап, бір жағын отпен жағып, ал екінші жағын ауыздарына салған. “Аборигендерге түтінді жұту ұнайтын. Түтіктерді үнділіктер “табако” немесе “сигаро” деп атайтын” деп жазды ол өз күнделігінде.  Үнділіктер темекі өсімдігін “кохобо” деп атаған. Жергілікті халық Х.Колумбқа темекі мен темекі өсімдігін сыйға береді [8,9].

Темекіні Еуропаға 1496 жылы Х.Колумб және оның көмекшілері әкелген  еді.

Ресей  жеріне “түтіндейтін шоқтарды” алғаш рет ағылшын саудагерлері 1585 жылы әкелді. Бірақ Ресей патшасы Михаил Федоров оларға қарсы тұрды. Көк түтінді ұнатқан адамдарды 60 рет таяқпен табаннан сабап жазалайтын, ал бұл әдетке үйір болғандарды екінші рет көргенде құлақ пен мұрынды шауып тастайтын болған.

Сол 1585 жылы Англияда Елизавета  І темекі тартушыларды ұрылармен  теңестіріп, оларды көшеде мойындарына  арқан салып жүргізу туралы заң  қабылдайды. Бірақ оның ең жақын  көмекшісі Уолтер  Роли оны көпшілікке таратып, сән мен үлгіге айналдырады.

Яков І темекіні зиянды, қауіпті және өркениетті адамға тән  емес деп айтты. Өзінің “Темекі зияны  туралы” атты еңбегін 1604 жылы басып  шығарады. Оны Яков І мынадай сөздермен  аяқтайды: “Бұл көргенге жағымсыз, иіскегенге мүмкін емес, миға зиянды және өкпеге қауіпті әдет”.

Темекі Пиренейден өтіп, Францияға да жетеді. Португалиядағы француз елшісі Жан Нико темекі жапырақтары мен ұрықтарын Франция патшайымы Екатерина Медичиға сыйға тартады. Соған қоса темекі көңілді көтеретін, денені ширататын, бас пен тістің ауырғанын жазатын дәрі деп сипаттайды. Сондықтан Францияда басында темекіні “Нико шөбі” деп атаған. Темекі құрамындағы улы зат никотин осы Жан Никоның есімімен байланысты аталған.

1768 жылы Петр І темекі  саудасына рұқсатын береді. Ол өзі Голландияға сапарынан кейін құмарланған темекі шегуші болған [9,10]. 

Содан бері темекі шегу кең тарай бастады. Темекі шегу біртіндеп Қазақстанға да келді. 2002 жылы шілденің 10 күні Қазақстан Республикасының  Президенті қол қойған «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» Заң шықты. Ал 2004 жылдың 1 қаңтардан бастап арақ шарапты, шылым шегуді ашық түрде жарнамалауға шектеу қойылды [1,2,5,9].

Дүниежүзінде 65%  ер адамдар, 25% әйел адамдар темекі шегушілер  қатарына жатады. Темекіні үзбей тартқан адамдардың 16,9% темекіні 8-9 жастан бастап тартқандар. Жасөспірімдердің 27% жолдастарының әсеріне, 40% қызықтап,  17% үлкендердің қолдауымен темекі тартады. Жасөспірім шылымқорлардың  85% әке шешелері темекі шегетіндер. Темекі шегетін қыздарға келсек; олардың көбі басқалардың назарын өздеріне аудару үшін, сәнді көріну үшін, ешкімге тәуелсіз еместігін, өзіне өзі сенімді екенін көрсету үшін шегеді екен. Қазақстанда шылым шегу салдарынан бір күнде 70 адам қайтыс болады. Олардың жас мөлшері 35-69 аралығында [11,12].

Шылым шегетін адам жылына отбасылық қаржыға мыңдаған теңге  шығын келтіреді. Шылым шегетіндерде өкпенің қатерлі ісігі 20 есе көп  болады. Шылым шекпейтін оқушылар  100 м жүгіргеннен кейін тамыр соғысы  120-130 болса, шегетіндерде 180, жүрек аурулары 12-13 есе, асқазан жарасы 10 есе жиі ауырады. Олардың  80% өкпе ауруына шалдығады [13,14].

Темекі тартушы  темекі түтінін жұтып қана қоймайды, сондай ақ оның түтіні қоршаған ортаға да тарайды. Ауаға темекі түтінінің  жартысы және темекі шегуші адамның  түтіні де түседі. Сөйтіп  ауа  никотинмен, улы газбен, шайырмен және де басқа  заттармен ластанады. Балалар немесе ересектер темекі тартушы адамның қасында немесе темекі тартылған бөлмеде болса, ырықсыз темекі тартқыш қатарына қосылады [1,2,6,11].

Темекінің түтіні адам ағзасына зиянды. Темекі тартылған бөлмеде немесе темекі тартып ортырған адамдардың қасында болу зиянды екенін дәлелдеу үшін бақаға зерттеу жүргізілді. Банкідегі суда жүзіп жүрген бақаға «Прима» темекісінің түтіні жіберілді және банкінің қақпағын жауып қойдық. Содан кейін бақаның жағдайы бақыладық.

Түтінге толы банкінің ішіндегі бақа басында белсенді секіріп, суда жүзіп жүрді. Жарты сағаттан соң бақа қозғалыссыз қалды, судың бетінде әлсіз қалқып жүрді. Сонымен қатар темекі түтініне қорғаныш реакциясы ретінде тері жамылғыларынан кілегейлі шырыш бөле бастады.

 

2 сурет  – Түтінге толы банкінің ішіндегі бақа

 

Бұл жағдайды былайша  түсіндіруге болады. Темекі түтініндегі құрамды бөліктер қанға сіңеді, 2-3 минуттан соң ми клеткаларына жетеді де, уақытша белсенділігін  арттырады. Бұдан шылымқор өзін уақытша жақсы сезініп, тыныштанғандай болады. Біраз уақыттан кейін оның жағдайы қайтадан қалпына түсіп тағы жақсы күйді аңсайды, сөйтіп тағы темекіге қол созады. Осылайша никотин зат алмасу процесстеріне қатысып, адам темекі тартпаса бірнәрсе жетпегендей болып тұрады.

Жапонияда ғалымдар темекі шегуші адамдардың қасында болған балалар темекі тартатын адамдардың түтінінің жартысын қабылдайтынын дәлелдепті. Міне, темекі тартылған, түтінді бөлмеде немесе темекі тартатын адамдардың қасында болуға болмайтын себебі осы [14,15].

Біз келесі тәжірибемізде  темекі тартатын адамдарға түтіннің құрамындағы улы заттардың қалай әсер ететін дәлелдейміз. Тәжірибелік бақаның құрсақішіне 0,2 мл темекі тұнбасын енгіземіз. Темекі тұнбасын жасау үшін «Прима» темекісінің екі талын алдық та, қайнаған жылы суға тұндырдық. Бақаның құрсақішіне енгізу барлық асептикалық жағдай мен тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасау талаптарын сақтай отырып жүргізілді.

Бақа алғашында  судың ішінде белсенді түрде секіріп, жүзіп жүрді. Сосын 5-10 минуттан кейін  қимылы әлсіреп, көз қарашығы үлкейіп, ешқандай тітіркенулерге  жауап бермей қалды. Сонымен қатар тері жамылғысы құрғап кетті.

 

3 сурет  - Құрсақ ішіне темекі тұнбасы  енгізілгеннен кейінгі бақаның  жағдайы

 

Темекіні сорғанда оның ұшындағы температура  60-90⁰С жетеді. Осы кезде құрғақ айдау үдерісі арқылы 60-қа жуық зиянды заттар түзіледі. Оның 12-сі улы. Темекіні ақырын тартқанда  20%, ал жылдам тартқанда  40% никотин адам  ағзасына түседі. Никотин жүйке жүйесін тітіркендіреді, қан қысымын жоғарылатады, ұсақ қан тамырларын тарылтады, ас қорыту жүйесі бездерінің секрециясын күрт арттырады. Ауыз, тамақ, қолқа, кеңірдектің сілекей қабатын тітіркендіреді.

Темекі ең алдымен  өкпеге зиянын тигізеді,  темекіден  адам  өкпесіне улы зат смола  жиналады. Смола – темекі құрамындағы  заттар күйгенде түзілетін қоспа. Смоланың құрамында ауру туғызатын  реактивті элементтер бар. Смола өкпедегі ауа алмасу жолдарын бекітеді.

Темекі  түтініндегі  улы газ көмірсутектің сіңірілуін нашарлатады, ағзадағы “С” дәруменінің  азаюына әкеп соғады. Сонымен бірге  улы газ гемоглобинмен бірігеді, нәтижесінде гемоглобиннің бір бөлігі қарапайым демалу процесінен алынып, ағзада оттегі жетіспеушілігі дамиды.

Бензопирен, яғни канцерогендік шайыр тіс эмалының бүлінуіне әкеліп соқтырады.

Стирол адамның  көру, дәм және иіс сезу қабілетін төмендетеді.

Темекі құрамындағы  синильді қышқыл жүйке жүйесін улайды, оның жұмысын бұзады [1,2,7,9,15,16,17].

Темекі қорабының  сыртындағы «Темекі бұйымдарының түтінінде  формальдегид, бензол және көміртегі  монооксиді бар. Темекі шегу инфаркт пен инсультқа шалдықтырады» немесе   «Темекі шегу сіздің денсаулығыңызға өте зиян» деген ескертпелерді әлем дәрігерлері бекерден бекер жаздырып отырған жоқ. Ақыл есі дұрыс адамға осыдан артық жанашыр кеңес, әрі қатаң ескерту болмас. Сондықтан өзімізді өзіміз уламайық!

Ғылыми жобамызды  белгілі ғалымдардың айтқан сөздерімен қорытындылағымыз келеді. Абай атамыз «Атымды адам қойған соң, қайтып надан  болайын» деген еді. Бүгінгі күнгі  надандығымыз зиянын біліп тұрып  жат қылыққа, зиян әдетке – темекі тартуға әуестенгеніміз болып отыр. «Адам өмірінің биік шыңы – жастық» деп И.Гете айтыпты, сол жастық өмірімізді нағыз Эвересттің биік шыңына жеткізейік.

Ғылыми жобамызды  қорытындылай отырып, келесідей ұсыныстар  мен кеңестер береміз. Өмірімізді жат  әдетке, зиянды заттарға толтырмай, ағзамыздың тазалығына көңіл бөліп, айқын мақсатқа, биік арманға ұмтылайық.  «Жат, зиянды әдетсіз, денсаулығымыз мықты кезде білім алу, мақсатқа ұмтылу, өмір сүру – нағыз өмір». Сондықтан біз салауатты өмір салтын таңдаймыз.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Темірбай Ж.Х.  Темекі шегудің алдын алу салауатты өмір салтын қалыптастырудың алғашқы қадамы //Валеология, 2008. - №4. – 5-7 беттер
  2. Қасым С.   Темекі тарту біз үшін дұрыс таңдау ма? //Валеология, 2008. - №4. – 8-10 беттер
  3. Тажкуранова Г.Т.  Темекі ақырындап өлтіреді //Валеология, 2008. - №4. – 36-37 беттер
  4. Байболова Б. Нашақорлықтың, маскүнемдіктің, темекі шегудің әлеуметтік мәселелері //Валеология, 2009. - №1. – 31-33 беттер
  5. Айранбаева Қ.Н., Алипжанов Н. Темекінің адам өміріне зияны //Валеология, 2009. - №2. – 35-37 беттер
  6. Жұрымбаева Д. Темекінің зияны //Валеология, 2007. - №2. – 43-44 беттер
  7. Катчибаев А.С., Отнбекова Г.Б., Сулейменов Б.К., Айгозина З.К., Отынбекова А.С., Сарсенов Д.Б. Балалардың физикалық дамуы мен денсаулығына темекінің экологиялық фактор ретінде әсер етуі  //Валеология, 2007. - №3. – 3-5 беттер
  8. Шалғынбаева Р. Темекі шегу әдет пе, әлде ауру ма?  //Валеология, 2007. - №3. – 6-8 беттер
  9. Байсариева Ж. Зиянды әдеттер  //Валеология, 2007. - №4. – 30-31 беттер
  10. Рахимова Ш.А. Зиянды әдет және денсаулық  //Валеология, 2007. - №4. – 24-26 беттер
  11. Сарсенғали И. Темекі тегіңе зиян  //Валеология, 2007. - №5. – 8-9 беттер
  12. Шалипова Г.Ш. «Темекі тартсаң ақырын, азаяр сана, ақылың»  //Валеология, 2007. - №3. – 23-26 беттер
  13. Кубенбекова К.Ж.  «Темекі тартсаң ақырын, азаяр сана, ақылың»  //Валеология, 2009. - №5. – 11-13 беттер
  14. Шашкенова Ж. «Темекі шеккенің – өзіңді құртқаның» //Валеология, 2009. - №6. – 24-26 беттер
  15. Сагатова Ә.Ә.  «Темекі тартсаң ақырын, азаяр сана, ақылың» //Валеология, 2010. - №1. – 29-31 беттер
  16. Суатова Т.Б. Зиянды әдеттер және олардың алдын алу  //Валеология, 2010. - №4. – 26-29 беттер
  17. Досжанова Н.Т. «Әуес болма шылымға, қылыққа жаман ұрынба»  //Валеология, 2010. - №5. – 20-21 беттер

Информация о работе Темекі және оның ағзаға тигзіетін зиянды әсерлері