США фармакопеясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 06:00, реферат

Краткое описание

АҚШ фармакопеясы 1820 жылы АҚШ та сатылатын және өндірілетін дәрілік заттарға стандарттарды өзінде қалыптастыратын қоғамдық ұйым ғана болып негізін қалады. Сонымен қатар АҚШ фармакопеясы тағамдық ингредиенттер мен тағамдық қоспаларға қоғамдық стандарттарды қалыптастырды. Ол негізгі заттың құрамын, мөлшерін, консистенциясын анықтады.
АҚШ фармакопеясы стандарттары 130 елде қолданылады және танылған. Бұл стандарттар бүкіл әлемде денсаулықсақтауды 200 жылдай уақыт қамтамасыз етіп келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

США.pptx

— 260.01 Кб (Скачать документ)

АҚШ фармакопеясы мен ұлыбритания фармакопеясы

 

Дайындаған : Аудекова Зарина. Фарм фак , 5 курс.

    • АҚШ фармакопеясы 1820 жылы АҚШ та сатылатын және өндірілетін дәрілік заттарға стандарттарды өзінде қалыптастыратын  қоғамдық ұйым ғана болып негізін қалады. Сонымен қатар АҚШ фармакопеясы тағамдық ингредиенттер мен тағамдық қоспаларға қоғамдық стандарттарды қалыптастырды. Ол негізгі заттың құрамын, мөлшерін, консистенциясын анықтады.
    • АҚШ фармакопеясы стандарттары 130 елде қолданылады және танылған. Бұл стандарттар бүкіл әлемде денсаулықсақтауды 200 жылдай уақыт қамтамасыз етіп келеді.

 

    • Стандарттық үлгілер дегеніміз не?
    • Стандарттық үлгілер – фармакопеялық реагенттердің, дәрілік субстанциялардың, тағамдық қоспалардың өте таза түрдегі үлгілері.  
      Олар арнайыланған тесттерді және талдауларды жүргізу үшін қолданылады. Сонымен қатар стандарттық үлгілер ретінде  аналитикалық, клиникалық, фармацевтикалық, ғылыми-зерттеулік зертханалар үшін жоғары сапалы химиялық үлгілер де жатады . Стандартты үлгілер әлемнің  130 мемлекетінде қолданылады.
    • АҚШ фармакопеясының бір ерекшелігі, оның құрамындағы дәрілік заттардың топтарының өте көп болуы. Жаңа фармакопеялық статьялардың көп көлемі өзіне назар аудартады. 162 жаңа статьялар XVII шығарылымға шықты, бұл 5 жылдың ішінде жаңа дәрілік қалыптардың пайда болғанын көрсетеді.
    • XVII АҚШ фармакопеясы антибиотиктердің сипаттамаларын ғана, мысалы, ерігіштігін, қаптау және сақтау деген сияқты көрсеткіштерін көрсетеді. Антибиотиктердің белсенділігін және тазалық талаптарын АҚШ-ң тағамдық және дәрілік өнімдерінің  администрациясы көрсетеді. Антибиотиктер бойынша аналогтар болып келетін иммунологиялық препараттарға АҚШ денсаулықсақтау мекемесі талаптар қояды және денсаулықсақтау Ұлттық институтымен қалыптастырылады.
    • Фармакопеяда көрсетілген сандық анықтаулар аналитикалық химияның және биологиялық анализдың жетістіктерін көрсетеді.  Физико-химиялық әдістер кең қолданылады: спектрофотометрия (ультракүлгін, ИҚ) , адсорбциялық хроматография, газдық хроматография, қағаздық хроматография, ЖҚХ.

 

 

    • АҚШ фармакопеясының ерекшелігі, ол- әр топ заттарына жеке-жеке талдау әдістері көрсетілген, мысалыға: нитрит натриямен титрлеу, стероидтарды сандық анықтау, фолий қышқылын сандық анықтау және т.б. Бұл жеке статьялардың көп екендігін көрсетеді және қолдануға оңайлығын көрсетеді.
    • АҚШ фармакопеясының басқалардан айырмашылығы, ол XVII шығарылымында таблеткаларға серия бойынша әсер етуші заттарына талаптар қойылған. Әдебиеттерде бір сериялы дәрілік заттардың құрамының әртүрлі болып келу мүмкіндігін көрсеткен.
    • АҚШ фармакопеясы медицинада қолданылатын радиоактивті заттарға талдау жасаудың талаптарын көрсеткен алғашқы әдебиеттердің бірі болды. XVII  шығарылымға «Радиоактивтілік» бойынша жалпы статья болуымен қатар, радиоактивтілікке байланысты жеке статьялар да бар. 1962 ж өзгертіліс енгізілген бойынша, дәрілік зат Фармакопеяда бір патенттелмеген атауы болуы керек,  сонымен қатар  фармакопеялық атау дәрілік заттың қорабында көрсетілуін талап етеді.  Фармакопеяда дәрілік заттардың синонимдері және басқа атаулары бар бөлімі де бар болып келеді.

 

    • 1858 жылы медициналық акт бойынша  дәрілік заттарды, олардың қосылыстарын, олардың дайындалу жолдарын және дәрілік заттарға қатысты барлық ақпараттарды қамтитын кітап «Британиялық фармакопея» деп аталады деп бекітілді.
    • Осылай Лондон, Эдинбург, Дублин – фармакопеялары 1864 жылы бір фармакопея болып бекітілді.  Болашақта 1885, 1898 и 1914 жылдарда жаңа басылымдар шығарылды. 

 

 

    • Фармакопея 1932, 1948, 1953, 1958 и 1963 жылдарда өзгертілістер енгізіліп жаңаланып тұрды.
    • 1968 жылы жаңа Британиялық фармакопея шығарылымда пайда болды, ол өз күшін 1969 жылдың 3 наурызында қолданысқа енгізілді. Бұл өзгерістерді енгізуге Британиялық фармакопеялық комиссия белсенді ат салысатын еді және соңғы шешімдерін шығарып отырды.

 

    • Британиялық фармакопеялық комиссияның маңызды атқаратын жұмысы британиялық атауларды құрастырып отырды. Номенклатура бойынша Британиялық фармакопеялық комиссия  әртүрлә мекемелермен , мысалы бүкіләлемдік денсаулықсақтау мекемесімен , АҚШ фармакопеясымен, Америкалық медицина ассоциациясымен консультация жүргізіп, өзінің статьяларын жарыққа шығарып  отырды.
    • Фармакопеяға бірінші рет жалын фотометриясы және газ хроматографиясы енгізілді. Бірінші әдіс калий және натрий, сілтілер, магний тұздарындағы сілті, сілті-жер металлдарының бақылауы үшін қолданылады. Газды хроматография қосылыстардың құрамын анықтау үшін (фторотан) қолданылатынын, байланысқан еріткіш  санын  анықтауға қолданылатынын анықтаған.
    • Британиялық фармакопеяда дәрілік заттарға химиялық формула мен «ерігіштігінен» басқа барлық көрсеткіштерге арнайы стандарттар бар.
    • Британиялық фармакопеяда химиялық затты алу жолдарын көрсетпейді, бірақ ол химиялық затты қандай жолмен алынғанына қарамастан ол зат фармакопея талаптарына сай болуы керек.

Қолданылған әдебиеттер

 

    • http://pharmspravka.ru

 

1


Информация о работе США фармакопеясы