Спирография

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2015 в 21:37, реферат

Краткое описание

Спирография — қалыпты тыныс алу қозғалыстарын және форсирленген тыныс маневрлерін жасаған кездегі өкпе сыйымдылығының өзгерістерін тіркеудің графикалық әдісі. Спирография кезінде өкпе вентиляциясын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштерді алуға болады. Алдымен бұл кеуде клеткасы мен өкпенің эластикалық қасиетін сипаттайтын статистикалық көлемдер мен сыйымдылыктар, сонымен қатар уақыт бірлігіндегі дем алу мен шығару кезіндегі тынысалу жолдарындағы ауаның көлемін анықтайтын динамикалық көрсеткіштер. Көрсеткіштерді тыныштық қалпында анықтайды, ал кейбіреулері – форсирленген тыныс маневрлерін орындау кезінде.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Спирограф аппараты
2. Қолданылу көрсеткіштері
3. Қолдануға қарсы көрсеткіштер
4. Спирография жүргізудің техникасы
5. Зерттеу протоколы
Негізгі параметрлердің сипаттамасы
III. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

срс Айдана пульмонология.docx

— 2.21 Мб (Скачать документ)

 

Жоспар:

 

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Спирограф аппараты
  1. Қолданылу көрсеткіштері
  2. Қолдануға қарсы көрсеткіштер
  3. Спирография жүргізудің техникасы
  4. Зерттеу протоколы 
    Негізгі параметрлердің сипаттамасы
  1. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Спирография —  қалыпты тыныс алу қозғалыстарын және форсирленген тыныс маневрлерін жасаған кездегі өкпе сыйымдылығының өзгерістерін тіркеудің графикалық әдісі. Спирография кезінде өкпе вентиляциясын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштерді алуға болады. Алдымен бұл кеуде клеткасы мен өкпенің эластикалық қасиетін сипаттайтын статистикалық көлемдер мен сыйымдылыктар, сонымен қатар уақыт бірлігіндегі дем алу мен шығару кезіндегі тынысалу жолдарындағы ауаның көлемін анықтайтын динамикалық көрсеткіштер. Көрсеткіштерді тыныштық қалпында анықтайды, ал кейбіреулері – форсирленген тыныс маневрлерін орындау кезінде.  

 

 

 

 

 

Микропроцессорлы спирограф өкпенің функционалдық жағдайының сапалық және көлемдік өзгерістерін бағалау үшін қолданылады және емдік-диагностикалық процесстің барлық этаптарында (бұзылыстарды анықтау, олардың айқындылығын бағалау,өткізіліп жатқан терапияның негізделуі мен эффективтілігінің бағалануы, аурудың динамикасын қадағалау), белгілі бір жағдайлардағы еңбекке жарамдылықты бағалау экспертизаларында, тұрғын халықтың жалпы және эпидемиологияық тексерулерінде  пайдаланылады.

Спирограф әр түрі профильдегі медициналық мекемелерде аппараттың механикалық қасиеттеріне байланысты  адам өкпесінің вентиляциясын  бағалау үшін арналған.

Спирографта « Адам өкпесінің ветиляциялық қасиеттерін функционалды зерттеу мен бағалауды өткізудің унифицерленген методикасы» іске асырылған. Берілген әдістеме  1996  жылы енгізілген..

Спирограф – бұл портативті  және үстелүстілік құрылғы, сыртқы тыныс алудың 27 көрсеткіштерін анықтау және есептеуді іске асыратын және тексерудің қорытынды протоколын құрастыратын аппарат. 

Спирограф комплекті:

  • Спирограф;
  • Спирограф датчигі;
  • Лазерлі  немесе ағымды принтер;
  • Еріндік (загубник) (5 дана);
  • Мұрын қысқышы;
  • Жүйелі шнур;
  • Датчикке арналған шнур;
  • Калибрлі шприц 3л;
  • Эксплуатация бойынша әдістеме.  

Барлық спирографтар ашық және жабық типті болады. Ашық типті аппаратта науқас атмосферлі ауаны жұтады, ал шығарылған ауа Дуглас қапшығына немесе Тисо спирометріне түседі (сыйымдылығы 100—200 л) Бұл ауа құрамынан жұтылған оттегінің көлемі мен бір мин.ішіндегі шығарылған көмірқышқыл газының көлемін анықтауға болады. Жабық типті аппаратта атмосфералық ауаға қатысы жоқ өзінің ауасы бар, көмірқышқыл газы арнайы жұтқышқа шығарылады.

 

Спирограф СП-3000 (38 параметрлі)

Спирограф СП-3000 - диагностикалық компьютерлік медициналық құрылғы, пневмотахометрия көмегімен ересектер мен балалардағы сыртқы тыныс алудың функциясын зерттеуге арналған.

Ол емхана және стационар, диспансерлерде, сонымен қатар ғылыми зерттеу және басқа да медициналық мекемелерде қолданыла алады.

Спирографты қолдануға болатын аймақтар: дәрігерлік және ғылыми зерттеу жұмыстарында, стационарлық және амбулаторлық жағдайлардағы сыртқы тыныс алудың функциясын зерттеу, өкпе ауруларының ағымына болжам жасау, операцияға дейінгі тексеру және операциялық қауіп дәрежесін бағалау, скринингті тексерулер, спорттық медицина, кәсіптік аурулар, емдік және реабилитациялық іс-әрекеттердің эффективтілігін қадағалау, астма-мониторинг, дәрілердің индивидуалді таңдалуы.  

Спирограф СП-3000-ның мүмкіндігі мол. Ол тексеру нәтижелерін тіркеуге, салыстыруға, қорытынды жасауға және тексеріс нәтижелерін қағаз бетіне басып шығара алады. Тесттердің графиктері және берілгендері компьютер экранында көрсетіледі және қатты дискте сақталады. Спирограф СП-3000 өкпенің тіршілік сиымдылығы,өкпенің форсирленген тіршілік сиымдылығы,  өкпенің максимальді вентиляциясы, тыныс алудың минуттық көлемі  тесттерінің нәтижелеріне анализ жасауға арналған.

Компьютерлік спирограф СП-3000 CD-ROM диск қабылдағыш сияқты компьютерге жалғанатын берілгенді алу модулінен, ауа ағымын қалыптастырушыдан (тыныс алу түтігі) тұрады және бағдарламалық қамтамасыз етілген. Бағдарламалық қамтамасыз етілуі  Windows-98/2000/XP бойынша жұмыс істейді.

Компьютерлік спирограф СП-3000 мүмкіндіктері:

Спирограф СП-3000  ӨТС (ЖЕЛ /VC), ӨФТС (ФЖЕЛ /FVC), ӨМВ  (МВЛ /MVV) , ТМК (МОД /LVV) тесттеріндегі сыртқы тыныс алудың 38 стандартты көрсеткіштерін , ағым- көлем және уақыт-көлем  графиктерін басып шығарады. 

Спирометриялық өлшеулердің жоғары дәлділігі.

Қажетті көлемдер мен ауытқуларды есептеу. Қажетті көлемдер ECCS, ITS, KNUDSEN, Клемент  стандарттары бойынша  есептеледі. Қажетті көлемдердің әр түрлі әдістеме бойынша автоматты түрде қайта есептелуі. Қажетті көлемдер абсолютті немесе салыстырмалы бірліктер арқылы беріледі.

Белгіленулердің (обозначения) орыс және ағылшын тілде берілуі. 

Қолдануға қарсы көрсеткіштер

  • Зерттеуді өткізуге мүмкіндік бермейтін науқас жағдайының ауыр болуы; 
  • прогрессирлеуші стенокардия,миокард инфарктісі, ми қанайналымының жедел бұзылыстары; 
  • Қатерлі  артериальді гипертензия, гипертониялық криз;
  • Жүктілік токсикоздары, жүктіліктің екінші жартысы;
  • Қанайналымның  III  дәрежелі  жеткіліксіздігі; 
  • Ауыр дәрежелі өкпелік жеткіліксіздік.\

 
Спирографияны өткізу қажет жағдайлар:

  • Ұзақ мерзімді және созылмалы себепсіз жөтел (3-4 апта бойы, жиі ЖРВИ және жедел бронхиттен кейін);
  • Ентігу пайда болады, кеуде клеткасы аймағындағы жағымсыз сезім (заложенность);
  • Дем шығару кезіндегі ысқырықты тыныс; 
  • Тыныс алу мен тыныс шығарудың қиындауы.

Спирография жүргізудің техникасы:

Зерттеу таңертең ашқарынға жүргізіледі, зерттеу алдында (30 мин.) Зерттелуші тыныштық қалпында болуы керек. Сонымен қатар зерттеу басталғанға дейін (12 сағ.) бронхолитик қабылдауға болмайды.  
Статистикалық көрсеткіштер қалыпты тыныс алуда анықталады. Ауаның орташа көлемі қалыптыда 500-800 мл. Мұнда көбінесе альвеолярлы ауа көлемі маңызды, ол газ алмасу процесіне байланысты.  Пациент қалыпты тыныс шығарған соң максимальды тыныс шығарады, бұл тыныс шығарудың резервті көлемі және қалыпты тыныс алған соң максимальды тыныс алу – тыныс алудың резервті көлемі болып табылады.

Статистикалық көрсеткіштер анализінде тыныс алудың көлемі есептеледі, бұл өкпе тінінің эластикалық қасиетін және тіршілік сыйымдылығын көрсетеді. Яғни жоғарыда көрсетілгендей алдымен максимальды тыныс шығару көлемі, кейін макс.тыныс алу көлемі.Мұнда форсирленген тыныс шығару көлемі (70-80%). Зерттеудің соңғы сатысы ретінде өкпенің максимальды вентиляциясы анықталады, максимальды ауа көлемі (1мин ішінде вентиляцияланған) төмендеуі өкпе вентиляциясының обструкциялы және рестрикциялы бұзылысын көрсетеді.

Бұл көрсеткіштердің барлығы обструктивті бронхит кезінде маңызы үлкен. Тифно индексі мен форсирленген тыныс шығару көлемінің төмендеуі бронх өткізгіштігі бұзылуымен көрінетін бронхиальды астмада, созылмалы обструктивті өкпе ауруында, бронхоэктатикалық ауруда кездеседі. ЖОК 25-75 болатын кіші бронхтар мен бронхиолалардың өткізгіштік қалпын көрсетеді. Бұл ерте обструктивті бұзылыстарды анықтауда көптеген мәлімет береді.

ӨФТС  тесті

ФЖЕЛ = ФЖЕЛвыд (FVC = forced vital capacity) - (проба Тиффно).  Өкпенің өмірлік форсирленген сыйымдылығы-  тез арадағы және куш тускендегі дем шығару көлемі.  
 
ОФВ1 (FEV1 = forced expiratory volume in 1 sec) -  1 секунд ишиндегі дем алу-алғашқы сәттердегі  дем шығарғандағы көлемі.  
ОФВ3 (FEV3 = forced expiratory volume in 3 sec) – 3секунд арасындағы дем шгару көлемі.  
ОФВпос = Опос = ОПОС (FEVPEF) -    ПИК  кезіндегі көлемнің жылдамдығы .

 
СОС25-75 (MEF25-75) – 25 пен 75 арасындағы өкпенің орташа жылдамдық көлемі.  
СОС75-85 (MEF75-85) – 25 пен 85 арасындағы өкпенің орташа жылдамдық көлемі  
СОС0.2-1.2 – 200 пен 250 арасындағы өкпенің орташа жылдамдық көлемі

Өкпенің максималді вентиляциясы

МВЛ (MVV = maximal voluntary ventilation) -  өкпенің максимальды вентиляциясы -1 минут ішіндегі өкпе арқылы тыныс алғандағы, максимальды турдегі ауа көлемі.  
ОВ МВЛ (TV MVV) – тест жургізу барысындағы ,яғни 1реттік тыныс алып,шғарғанда пайда болатын ауа көлемі. MVV (МВЛ)  
ЧД (RR = respiration rate) – МВЛ кезіндегі тыныс жиілігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Спирография қазіргі таңда кең қолданысқа ие болып  жүрген бірден-бір әдіс. 

Болашақта ғылыми-техникалық прогресс нәтижесіне байланысты, көптеген әдістер шығады  деген  ойдамыз.  Тек  қана өкпенің емес,  бүкіл ағзаның ауру көрсеткішін төмендету, аурудың алдын-алу және емдеу – дәрігердің  борышы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

 

 

Кафедра: №1 ішкі аурулар

Дисциплина: Пульмонология

Курс: 4

Группа: 401А

 

 

       Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырып: Спирограмманы тіркеу және түсіндіру

 

 

                                                           Орындаған: Султанкереева А.Д.

                                                                            Тексерген: Турдалина А.К.

 

                                              

 

 

 

                                Ақтөбе , 2015 жыл


Информация о работе Спирография