Қазақстан
Республикасының Денсаулық Сақтау
Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан
Мемлекеттік
Фармацевтика
Академиясы
Акушерлік және гинекологиялық
курсымен алғашқы медициналық жәрдем
кафедрасы
Тақырыбы:
Созылмалы жаншылу синдромы.Мейірбикелік
нақтама, госпиталға дейінгі кезеңде жірдем
қызметінің тактикасы.
Орындаған :Сәрсенбек Н
Тобы :30 3 Б МІҚ
Қабылдаған :Тургунова К.А
- І. Кіріспе
- ІІ. Негізгі бөлім
- а) Ұлпалардың созылмалы жаншылуы.
- б) Сырқаттың дамуы негізгі үш кезеңі.
- в) Клиникалық көріністерінің ішінен ертерек диагноз қоюға және жедел емдеу тәсілдерін жүргізуге ықпал ететін ерекшеліктері.
- Г) Алғашқы медициналық көмек.
- ІІІ. Қорытынды.
- ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Жоспар.
-
- Ұлпалардың және бұлшық еттің ұзақ қысылуы зілзала апаттардың, жер сілкіну, үй мен нысандардың қирауы нәтижесінде болады. Аяқ қолдың бұлшық еттері ауыр бетон плитаның астында қалғанда, тамырлар қысылған кезде, ұлпалар алмасуының ыдырауының және бұзылуының жете тотықтанбаған өнімдерінің токсиндердің көп мөлшерде ағзада жиналады, зардап шегушінің жағдайы нашарлайды және бүкіл ағзалардың қызметі күрт бұзылады.
Кіріспе
-
- Аурудың белгілері: ес-түссіз, тамыр соғуы өте нашар, күре тамыр қысымы айтарлықтай төмендейді. Аяқ-қолды босатқан кезде 2-3 литр дейінгі плазма мұнда ұмтылады, соның салдарынан зақымданған аяқ-қолдың көлемі күрт үлкейеді. Бұлшық еттің кескіні жоғалады, домбығудың тығыздығы ағаштай тығыз.
- Улы ыдырау өнімдері мен миоглобин зақымдану аймағынан тамырға түседі де бүкіл ағзаға тарайды, бұның салдарынан басқа мүшелердің қызметі бұзылады, жүрек соғуы нашарлайды, миоглобиннің үлкен молекулалары міндетті түрде бүйрек қақпақшыларын зақымдайды. Бүйректің жұмысы нашарлайды, несептің түрі қызғылт (гематурия), оның бөлінуі азаяды немесе толығымен тоқталады (анурия). Осы асқынулар зардап шегушінің мерт болуына әкеп соқтырады.
Ұлпалардың созылмалы жаншылуы :
-
- Бұл сырқат негізінен бұлшық еттердің ұзақ уақыт қысылуы кезінде, «бұғау салынған» кезінде жергілікті қан айналысының, зат алмасудың, қоректенудің бұзылып, жедел қоректік тапшылыққа (ишемия) соқтырып, содан соң ішкі уланудың дамуына байланысты жүреді. Қан тамырларының қысылуымен қатар жүйке тамырларының қысылуы байқалады да, жергілікті қоректену мен қан құрамының (гемопоэз) бұзылуы пайда болады. Осыдан кейін тіндердің бұзылуы, шіруі басталады. Қалыптасқан бөлшектенуден зақымдалған жерде әртүрлі улы заттар көбейе бастайды. Бөлшектену кезінде бұлшық еттен миоглобин бөлінеді
- . Осы кезеңде бұлшық ет 70 –75% өзінің миоглобинін жоғалтады. Олар зат алмасу үрдісінде қанға түсіп – миоглобинемия, зәрге түсіп – миоглобинурияға шалдықтырады. Ағзада, денеде өте күшті қышқылдану (ацидоз) басталады. Қанның pH – ортасы төмендейді, ал зәрде – қышқылды реакция басым болады. Жайылған қышқылдану кезінде миоглобин қышқылды гематин ретінде тұнбаға түсіп, бүйрек сүзгіші тығындалып, бітеліп қалады деген тұжырым туса, ал қазір миоглобиннің бүйрек сүзгішіне тигізетін улы әсері дәлелденіп отыр. Бұлшық ет миоглобиннен басқа 60 – 65% калийді жоғалтады да, гиперкалиемия басталады, содан калийлік улану жалғасады.
- І кезең – ерте кезең, қысылудан босатқаннан кейін 24 – 48 сағат өткен соң басталады.
-
- Бұл кезде шоктың сипатты белгілері бар, бүйрек қызметі бұзылуының алғашқы клиникалық көріңістері байқалады. Содан соң 1 – 2 күнге созылған «сауығу» (светлый промежуток) байқалады.
- ІІ кезең – 4 күннен 8 күнге дейін созылады. Бұл кезде жедел бүйрек жетімсіздігі басаталады. Көбінесе науқастың жедел бүйрек жетімсіздігінен (Ж. Б. Ж.) өліп кетуі жиі кездеседі. І – кезеңдегідей «сауығу» байқалмайды. Тек қана сауығудың байқалуы шоққа қарсы жетілдірілген жүйелі емді қолдануға байланысты кездеседі. Бірақ 4 –5 күннен кейін жедел бүйрек жетімсіздігі басталып, науқастар ауыр халде болып, кейде тосынан өліп кетеді.
-
Сырқаттың дамуы
негізгі үш кезеңнен тұрады.
- ІІІ кезең – қалыптасу, сауығу кезеңі. Кейбір жағдайда 3 аптадан соң жүргізілген емнің тиімді әсеріне, денедегі үрдістердің қалыпты жағдайға келуіне байланысты сауығу кезеңі басталады. Бұл кезеңде сырқаттың жалпы көріністеріне қарағанда жергілікті белгілері басым болады. Бүйрек жетімсіздігі басылып, жергілікті қысылған, жаншылған тіндер сырқаты бірінші кезекке шығады. Салдану (паралич), буын, бұлшық ет сіресімдері (контрактура), қоректік бұзылыстардан (трофические) жаралар байқалады
- Жедел науқас жағдайының тежелуі;
- Ажарсыздық, өңсіздік;
- Тәбеттің төмендеуі;
- Қанның қоюлығы артады (гемоконцентрация);
- Гематокрит көрсеткіші (плазма азайып, қан түйіршіктері көбейеді) артады;
- Қан сұйылуы (гемодилюция), зәрде – белок (протеинурия), эритроциттер (эритроцитурия), т.б. заттар кездеседі.
- Зәрдің тәуліктік мөлшері (диурез) төмендейді (олигурия), кейде зәр шықпайды (анурия);
Клиникалық көріністерінің
ішінен ертерек диагноз қоюға және жедел
емдеу тәсілдерін жүргізуге ықпал ететін
ерекшеліктері мыналар:
- Қанда азот қалдығының көбеюі, тексеру мен анықтау кезінде қандағы азоттан гөрі, зәрдегі азот қалдығының санын анықтау өте пайдалы әдіс (500 – 600 мг%) болып саналады.
- Гиперкалиемия және басқа элементтердің бұзылуы (магний, натрий, т.б.) патологиялық жағдайдың күшеюіне соқтырып, жедел бүйрек жетімсіздігін күшейтеді.
- Босатылған аяқ-қол өте ісінген, тіндері тығыз, терісі керілген, кейде қола (бронза) түстес болып келеді, теріде кейде көпіршіктер пайда болады.
- Зардап шеккен адамды құтқару ретінде қысылып, көміліп қалған жерден шығарып алу. Алдымен жаншылған аяқ-қолды төменнен жоғары жаққа дейін кешіктірмей залалсыздандырылған танғышпен қатты таңып тастау қажет. Егер аяқ-қол көп уақыт жаншылып қалса, онда ширатпа қойылады. Аурғаның басатын дәрі-дәрмектер беріледі. Аяқ-қолдың жан жағына таяныш (көлік шиналар) қойылады. Зардап шеккен жерге мұз басып көп сусын беріледі. Тез арада емханаға жеткізіп, ертеден «жасанды бүйрек» аппаратын қолдану істің сәтті аяқталыуна үміттендіреді.
Алғашқы медициналық
көмек
-
- Адамды босатып алғаннан соң, жаншылған жерден жоғары ертерек таңғыш «бұғау» салу керек. Егер жағдай келсе жаншылған жерден жоғары таңғыш «бұғауды» аяқ-қолды босатқаннан бұрын салу орынды. Бұғаналардан төмен жедел түрде тығыз дәкемен таңу, суық қар, мұз, сумен суық басу қажет.
- Ауыру сезімін тежейтін дәрілер (анальгетик) ішінен морфий, омнопон, промедол, стадол, анальгин, димедрол, т.б. еңгізіледі. Аяқ-қолды құрсаулап, бекітіп, науқасты ауруханаға дәрігерлік көмекке емдеуге жібереді. Дәрігерлік көмек - әскерде полктық дәрігерлік бөлімдерінде көрсетіледі, әскерден тыс жағдайда бұл көмек – қызметті аурухана, емханалар орындайды. Сырқат салынған таңғыш «бұғаумен» жеткізілсе, «бұғаудан» жоғары новокаин ертіндісімен жергілікті қапшық (футляр) тәріздес тежеу (блокада) жасайды, содан соң «бұғауды» ептеп босатып шешеді. Бұдан кейін екі жақтан бұйрек маңайынан 80-120 мл 0,25% новокаин ерітіндісімен А.В. Вишневский тәсілі бойынша тежеу жасайды, антибиотиктер, сіріспеге қарсы сарысу (ПСС) еңгізіледі.
-
- Әскери - далалық хирургияда және хирургиялық жарақаттардан кейін кездесетін күрделі асқынуға ұзақ жаншылу сырқаты (ҰЖС) жатады. Бұл жерде ҰЖС - әртүрлі атаумен аталып келгенін айта кету жөн – «жарақаттан улану», «жаншылу сырқаты», «босату сырқаты», «жұмсақ тіндердің ұзақ уақыт қысылу сырқаты», т.б.
- ҰЖС – жарақаттардың аса бір күрделі асқыну түрі. Оны ғалымдардың жеке бөліп қарауына сәйкес табиғи апат кезінде және соғыста алған жарақаттар осы ауыр дағдарыстың дамуына себепкер болады.
Қорытынды:
- 1. Орта медициналык қызметкерлер үшін нұсқау + СD / Ю.П. Никитина, А.М. Чернышева редакциясымен. — М, 2007.—992 б.
- 2. Верткин АЛ. Шұғыл медициналық көмек. Фельдшерлерге нұсқау: оқулық - 3-ші баспа. - М., 2008. -400 б.
- 3. Мухина С.А., Тарновская И.И. Мейірбике ісі негіздері пәніне әдістемелік нұсқау, Москва, 1998
- 4. Иванова В.И., Матвейчик Т.В. Мейірбике ісін ұйымдастыру, Минск, 2006Офтальмология. – М., Медицина, 1996.
- 5. Малова Ю.С. Пропедевтика внутренних болезней. – С-Петербург, 1998.
- 6.Обуховец Т.П. Сестринское дело в терапии, практикум. – Ростов-на-Дону, 2005.
Пайдаланған әдебиет: