Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 02:34, реферат
Ісік, тін өсіндісі, бластома (tumoz) – өзінің қалыпты пішіні мен қызметін жойған, организмнің түрі өзгерген клеткаларынан құралған тіндердің патологиялық жайылып өсуі. Жасушалары ісікке шалдықтырған себептер тоқтаса да өсе береді. Ісік. Тканьдердің құрамдық өзгеріске ұшырап патологиялық өсіп, ұлғаюына байланысты шырышты ткань ісігі, дәнекер тканінің ісігі, қан тамыры ісігі, сүйек ісігі деп аталады.
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Ісіктер түрлері
2. Ісіктер этиологиясы
3.Ісікалды жағдай
III.Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиет
Ісікалды жағдайлар.Ағза деңгейіндегі онкогенез кезінде обыр алды жағдай дамиды. Бұл практикалық онкологияның ең маңызды мәселелерінің бірі. Өйткені обыр алды жағдайларды анықтау арқылы көпшілік жағдайда қатерлі ісіктердің дамуын алдын-ала ескертуге, б. а. қатерлі өспелерді алдын ала емдеуте болады. Обыр алды-өспе алдындағы ұзақ мерзімді болатын атрофиялық, дистрофиялық және пролиферациялық үрдістерден тұратын дерттік жағдайлармен сипатталады және көп жағдайларда қатерлі ісіке айналады.
Көп тараған обыр алды жағдайдың бірі — ол асқазанның ойылған жарасы. Бұл асқазанның шырышты қабығының ақауы, созылмалы ұзақ мерзімді қабынумен сипатталады, оның шеттері атрофиялық, дистрофиялық және пролиферациялық озгерген жасушалармен қапталған және сыртқы бейнесімен қажалған жерге ұқсайды. Бұл жара тым жиі обырға ауысады, сондықтан хирургиялық тәсілмен дер кезінде алынып тасталуы қажет.
Обыр алды жағдайға - жатыр
мойынының жалақ жарасы (эрозиясы) оның
шырышты қабығындағы ақауы жатады. Мұнда ұзақ
мерзімді қабыну тіннің атрофиясымен
және айналасындағы эпителийдің пролиферациясымен сипатталады.
Обыр алды жағдайлардың ең жиі тараған түрі кистоздық-фиброздық мастопатия — сүт безінің ауруы. Бұл ауруда бездік тіндер ошақтанып ұлғаяды, тығыз фиброзды қапшықпен қоршалған қуыстар қалыптасады. Бұл ауру сүт безінің обырына жиі ауысады.
Үшінші кең тараған обыр алды жағдай болып қатерсіз өспелер саналады. Мәселен, папилломалар обырға, жатырдың миомасы қатерлі ісіке, қалдар мен меңдер-қатерлі меланомаға ауысуы мүмкін.
Ісік өсуін ескерту мен емдеу тәсілдерінің патофизиялогшілық негіздері.
Профилактиканың жалпы принциптері обыр алды және дисгормондық жағдайларды ерте анықтап емдеу, сыртқы ортаның тазалығы үшін және темекі тартумен күресуді керек етеді.
Емдеу тәсілдерінің жалпы негіздері төмендегілерге бағытталған:
1. Хирургиялық емдеу — өспені сау тіннің көлемінде алып тастау.
2. Химиотерапия үшін жасуша бөлінуін тежейтін дәрі - дәрмек қолданылады. Қазіргі күні қуатты антрациклиндік антибиотиктер бар.
3. Иондағыш сәулелерді қолдануда жасуша бөлінуін шектеп, өспе өсуін тежейді.
4. Организмнің қорғаныстық күштерін көтермелеу және жетілдіру қажет. Ол үшін еркін радикалды тотығуды тежейтін антиоксиданттар, өспе өсуін туындататын вирустарға қарсы интерферондар, иммундық жүйені қалпына келтіретін дәрі-дәрмектер, зат алмасудың бүзылыстарын жөнге келтіретін витаминдер ж. б. заттар қолданылулары керек.
Ісік туғызушы вирустар, онкогенді вирустар (
Қорытынды
Қатерлі ісік неден пайда болады? Жалпы, ДДҰ сарапшыларының бағалауы бойынша, 30 пайыз жағдайда қатерлі ісіктің пайда болу қаупін дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану және шылым шегуден бас тарту есебінен алдын алуға болады. Бұдан бөлек, мамандар теріге ультракүлгін сәулелердің әсерін төмендету мақсатында солярий қабылдау санын азайту керек екендігін айтады. Қәзіргі деректер бойынша өкпе қатерлі ісігінің 35 пайызы темекі шегуден пайда болады. Темекі түтінінің құрамында өте қауіпті зат-бензопирен бар. Күніне 20-30 талын шеккен адамда ол көбейіп, өкпені зақымдайды. Содан ісік туындайды. Бензопирен қуық қатерлі ісігін де тудырады екен. Ал өңеш қатерлі ісігі (оны халқымыз қылтамақ деп атаған) тағамды-шайды, кофені, майлы сорпаны өте ыстық күйінде ішкеннен, қақталған, қуырылған, тұзды, ащы және қатты тамақтарға әуестіктен, тамақты әбден шайнамай жұтудан, күйдірген майды бірнеше еет қолданудан пайда болатын көрінеді. Сүт безіндегі қатерлі ісік әйелдің жыныс мүшесінің созылмалы аурулары, тұқымқуалаушылық, жиі күйзелу мен гормондар деңгейінің бұзылуынан басталады. Осы кеселдің пайда болғаны бірден білінбейтіндіктен көптеген әйелдер ауруын асқындырып алады. Сондықтан әйелдер мүмкін болса сүт бездерін үнемі өзі тексеріп, қандай да болмасын күдік пайда болса маман-дәрігердің тексеруінен жүгінгені жөн.
Қазір әлемдік медицинада қатерлі ісікті емдейтін түрлі дәрі-дәрмектер қолданысқа енуде. Бірақ олардың ешқайсысы обырды 100 пайыз емдей алмайды. Қатерлі ісікті кешенді түрде, атап айтқанда, хирургиялық тәсіл, сәулені қолдану мен химиялық терапия, сондай-ақ иммунотерапия арқылы емдеу әдісетрі қолданылады.
Пайдаланған әдебиет.