Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 05:08, реферат
Санитария (лат. sanіtas — денсаулық) — санитарлық-гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы шараларды белгілеп, оны жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласы. Санитария қала, елді мекендердің тазалығын зерттеп, нақты гигиен. шаралар белгілейді, жұқпалы ауруларға қарсы күрес жүргізілуін бақылайды. 1960 жылдан кейін Санитария терминінің орнына санитарлық-эпидемиологиялық қызмет деген ұғым қолданылады. Бұл — мемл. сан. бақылау жасап, індетке қарсы шаралар жүйесін жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы. Сан.-эпидемиол. қызмет құрамына санитарлық-эпидемиологиялық ст., сан. ағарту үйі, ғылыми-зертттеу институттары, биологиялық препараттар өндіретін мекемелер кіреді.
1. Санитарлық тазалық.
2. Дезинфекция, дезактивация, дегазация, дератизация тәсілдері.
3. Жеке адамға арналған АИ2 аптечкасы.
4. Бактериологиялық қару (биологиялық) туралы түсінік, түрлері, қорғану белгілері.
Дезактивация — әскерлерді радиоактивтік заттардың әсерінен (зақымынан) сактау максатымен каружарақтан, киім-кешектен, азық-түліктен, судан, корғаныс бекіністерінен және т.б. уланған объектілерден радиоактивті заттарды кетіріп, кауіпсіздік дәрежеге жеткізу. Дезактивация механикалық және химиялық тәсілмен жүргізіледі. Механикалық тәсілмен дезактивациялау уланған аудандарда немесе одан жаңа ғана тыққан бөлімдердің өзінде жүргізіледі. Бұл жағдайда уланған объектілердегі әскерлер болатын жерлердегі радиоактивтік заттар жойылады, ал кару-жарақ түгелдей дезактивацияланады. Механикалық тәсіл мынадай жоддармен жүргізіледі: уланған қару-жарак пен әскери техниканы жуу немесе сүрту, уланған бөлшектерді дезактивациялаушы затқа малынған шүберектермен, кендірмен сүрту, уланған киім-кешекті қағу, щеткамен тазалау, уланған жердің, қардын, азык-түліктің бет жағын алып тастау және т.б. Химиялық тәсіл толық дезактивация жүргізгенде колданылады. Бұл тәсіл закымданған жерлердегі радиоактивті заттардын қауіптілігін жояды. Дезактивациялауға СФ-2 немесе СФ-24 ұнтақтарының судагы ерітінділері қолданылады. Толық дезактивация тек қана уланбаған аудандарда бөлімшелердің өзінде немесе арнаулы пункттерде лауазымы үлкен командирдің үйғаруымен ұрыс аякталған соң немесе ұрыс толастаған кезде жүргізіледі. Дезактивациялаушы заттар материалдар мен техникалық құралдар болып екі топка бөлінеді. Материалдарға: су, топырақ, құм, дезактивациялаушы ерітінділер, құрамында жугыш касиеті бар заттар, ерітінділер және т.б. жатады. Дезактивациялаушы техникалық құралдарға автодегазадия машиналары, автоматты су құйғыш станциялар, грейдерлер, бульдозерлер, қар тазалағыш, өрт сөндіргіш машиналар, ауыл шаруашылығындағы соқалар, тырмалар және т.б. жатады.[1]
Толық дезактивация (Полная дезактивация) — зақымданған қаружарақты, ұрыс техникасы мен езге де объектілерді радиоактивтік заттардан тазарту. Қару-жарак, ұрыс техникасы мен кәлік құралдарын толық дезактивацияды оңайлату және дезактивация ерітінділерін үнемдеу үшін алдымен балшықтан, кәю жаққыштардан тазарту керек. Толық дезактивация әскерлер ұрыс міндеттерін орындап болғаннан кейін арнайы тазалау орындарында немесе тікелей бөлімшелерде табельдік және қол астындағы құралдарды пайдалана отырып жүргізіледі.
Дегазация — газдан тазарту, зақымдалған объектілердегі улағыш заттарды жою. Тұрақты улағыш заттармен уланған жерлерді, қорғаныс бекіністерін, соғыс техникасын, азық-түлікті, ауыз суды, т.б. зиянсыздандыру. Дегазацияны жүргізу тәсілдерінін ең тиімдісі — химиялық тәсіл: дегазациялық заттармен окшауландыру (зиянды қасиеттерін жою), дегазациялаушы ерітінділер бүрку, тұрақты улағыш заттарды ерітінділермен жуу, суға кайнату, уланған жер қабаттарын зиянсыздандыру, уланған заттарды кыздыру (балқыту), уланған жерге жанғыш материалдарды жағу. Қару-жарақтар мен әскери техника толық дегазацияланады. Әскери бөлімдерде Дегазациялық жүмыстарға Дегазациялық су сепкіш машиналар, гидропульттер, аспаптар және әр түрлі дегазациялаушы заттар қолданылады. Ерітінділер ретінде және қару-жарак пен әскери техникадағы улагыш заттарды жууға бензин, керосин, спирт, т.б. сұйық заттар қолданылады. Дегазациялық заттар белгілі бір жерді, әскери техниканы, көлік құралдарын дегазациялауға немесе техникалық тәсілмен жердің, қардыд уланған қабаттарын ысыруға пайдаланылады. Бұл жүмыстарға автотараткыш станциялар, аспалы дегазациялық аспаптар және жол машиналары (грейдерлер, бульдозерлер, қар тазалағыштар, су себетін машиналар, скреперлер т.б.) колданылады.
Көлемі аз дегазациялық жүмыстарды жаяу әскерлер көбінесе механикалық тәсілмен жүргізеді. Дегазациялаушы заттарға хлорлы әк, кальций гипохлоритінің тұздары, сілті, т.б. жатады. Дегазациялық заттарды дайындауға керекті Jfel дегазациялық еріткіш — 1 пайыздық дихлорамин ерітіндісі немесе 5 пайыздық гексахлормеламиннің дихлорэтанды ерітіндісі. Бұл еріткіштер ипритті, азотты ипритгі, люзшті зиянсыздандыруға және кару-жарақ пен әскери техникалардағы бактерияларды дегазациялау мен дезинфекциялауға колданылады. N2 дегазациялық еріткіштер жүйке жүйесін салдықка ұшырататын улағыш заттарды зиянсыздандырады. Қарсыластың химиялық және бактериологиялық шабуылынан кейінгі зардапты жәю үшін сол жерді дегазациялайды және дезинфекциялайды. Дегазациялық жүмыстарды жүргізуге бөлімдер мен бөлімшелердің адам құрамы пайдаланылады
Биологиялық қару, бактериологиялық қару — адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.
Биологиялық қару — соғыс құралдары ішіндегі адамзат пен қоршаған ортаға ең зиянды қарулардың бірі.
1-дүниежүзілік соғыста Германия жылқыға маңқа (сап) жұқтыратын биологиялық қару қолдануға тырысты. 1925 ж. Женева хаттамасында биологиялық қаруға тыйым салынғанына қарамастан, 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Германия мен Жапония оны қолдануға дайындықтар жасағаны Нюрнберг (1946) және Хабаровск (1949) сот процестерінде анықталды. БҰҰ биологиялық қаруға тыйым салу жөнінде 1972 ж. Конвенция қабылдап, ол 1975 жылдан күшіне енді. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстандағы Ақмола облысы Степногорск қаласысында биологиялық қару шығаратын “Биокомбинат” жұмыс істеді. Ал Арал теңізіндегі Возрождение аралында биологиялық қарулардың сынақ алаңы орналастырылды. Қазақстанның дербес мемлекетке айналуына байланысты 1992 ж. комбинат пен полигон жұмысы тоқтатылды. Бұрынғы “Биокомбинат” медициналық дәрі-дәрмектер шығаратын орталық (Биотехнологиялық ұлттық орталық) болып қайта құрылды.