Сақ және үйсін дәуірінің археологиялық ескерткіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 23:22, реферат

Краткое описание

Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік.docx

— 29.71 Кб (Скачать документ)

     Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан  мемлекеттік                   

                                  медицина университеті          

 

    

 

 

Студенттің өзіндік  жұмысы

 

 

Мамандығы:____________________________

Дисциплина:_________________________________________________

Кафедрасы:__________________________________________________

Курс:___

Тақырыбы:__________________________________________________

Орындау әдісі:___________

 

                                                                                                                      

                                                                  Орындаған:_________________ 

                                                                  Оқутышы:__________________                   

                                                                 Группа:___________

                                                                  Бағасы:_____

                                                                  Оқытушының қолы:_________

                                                                  Күні:______

 

            Сақ және үйсін дәуірінің археологиялық  ескерткіштері  

  Кіріспе:

       Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.

       Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.

        Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ тайпалары егіншілікті де кеңінен өрістеткенін көрсетті. Қарқаралы өңіріндегі Қарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дәлелдей түседі. Мұндағы беткейлерде тау ықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгі қазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан.

       Қазбалар барысында көптеп табылған тас кетпендер мен дәнүккіштер Орталық Қазақстан сақтары егіншіліктің қыстақ маңында орналасқан түрін ұстанған деген пікірді негіздеді. Сақ ескерткіштерін зерттеуде әлемдік ғылымның бүгінгі қол жеткен әдіс-тәсілдерін қолданудың маңызы зор. Қазақ Алтайынан ашылып отырған Берел обаларындағы жасанды тоң қабатында сақталған жылқы денелері, шірімей жеткен ағаш бұйымдар, сондай-ақ бальзамдалған адам мәйітін зерттеу маңызды мәліметтер береді. Сақ мәдениеті ескерткіштерін тек зерттеу ғана емес, оларды сақтап қалу, қалпына келтіру мен консервациялау, музейлендіру шаралары қолға алынды. Б.з.б. 7 — 6 ғ-ларда қалыптасқан сақ өнерінің хайуанаттық нақышы дүниежүзілік адамзат өркениетінің тамаша жетістіктеріне жатады. Осындай атаумен белгілі болып отырған сақ қолданбалы өнерінің бұйымдары Қазақстанда, Сібір, Орталық Азия өлкелерінде, Еуропаның оңтүстігінде кеңінен тараған. Нақыштың негізгі құрамын жыртқыш аңдар мен басқадай жануарлар, сондай-ақ мифол. зооморфтық құбыжықтар түрінде жасалған бейнелер түзеді. Бұлар жекелеген бұйымдар немесе бұйымдар мен беттердегі бейнелер, аралас тұрған күрделі композициялар арқылы беріледі. Мазмұны бойынша мифологиялық, пішімі бойынша реалистік деп атауға болатын хайуанаттық нақышты қолдану бағыты бойынша декоративтік өнер болып табылады. Хайуанаттық нақыш дәстүрімен берілген қолдану тәсілдері көбіне металл қазандар мен құрбандық ыдыстарды, қанжарлар мен семсерлерді, қорамсақтар мен айбалталарды, ат әбзелдері мен айналарды, сондай-ақ тулар мен түрлі киімдерді әшекейлеуде пайдаланылған. Табиғат аясын ерекше құрметтеп, оны астарлы мағынада қабылдай білген сақтар арқар, таутеке, жолбарыс, қабан, бұғы, марал, түйе, жылқы, бұлан, бүркіт, сайғақ, қасқыр, қоян сияқты жануарлардың өздеріне етене таныс тұлғаларын тамаша шеберлікпен бейнелеген. Бізге жеткен бұйымдар, ең алдымен, қола, алтын сияқты металдардан, ішінара сүйек, мүйіз, темірден жасалған. Ағаш, тері, киізден жасалған аң бейнелері де бар.

           Сақ мәдениеті дәуірінен жеткен сәнді бұйымдардағы асқақ дүниетанымдық рухта берілген бейнелер мен әшекейлер Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінде, бүгінгі өнерде, ел өмірінің басқа да салаларында қолданылады. Ғылымда С. м-нің мемл. қалыптасу деңгейінде тұрғандығы жайлы мәселе айқындалып келеді. Есік обасынан табылған тостағандағы жазу сақтардың әліпби қолданғандығынан хабардар етеді. Сақ мәдениетіне байланысты “Далалық өркениет” деген ғылыми ұғым тарих, археология салаларында кеңінен қалыптасты. Сақтардың мәдениеті мен өнері — Сақ заманында Қазақстан аумағындағы мал өсіретін тайпалардың мәдениеті мен өнері өзінің алдындағы уақытпен салыстырғанда дамудың біршама жоғары сатысына жетті. Темір металлургиясы, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы материалдық және рухани мәдениет түрлерін түбірімен өзгертті.

        Үйсін дәуірінің ескерткіштері — ерте темір дәуірінің соңғы кезеңінде Жетісу мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалардан қалған мұра (б.з.б. 3 — б.з. 5 ғасырлар). Қытай жазба   деректері бойынша Үйсін мемлекетінің астанасы Шығу (Чигу) қаласы болғаны белгілі, бірақ бұл археологиялық тұрғыдан анықталмаған.

 1920 жылы   М.В. Воеводский  мен   М.П. Грязнов Қырғызстанның

солтүстігінде зерттеулер жүргізіп, обалардың сипатын іс жүзінде  нақтылады.

 1930 жылы А.Н. Бернштамның, 1950 жылы Г.А. Кушаевтың зерттеулері барысында көне үйсіндер мәдениетіне жататын обалардың үлкен шоғыры ашылып, жерлеу ғұрпының, заттық мәдениеттің басты белгілері анықталды және алғашқы ғылыми-теория қорытындылар дүниеге келді. Үйсін дәуірінің ескерткіштерін талдап қорытындылау, ғылыми тұжырымдар ұсыну ісінде аса көрнекті сақ-үйсін зерттеушісі К.Ақышев еңбектерінің айрықша маңызы бар.

Жалпы алғанда Үйсін дәуірінің   ескерткіштерінің  жерлеу  үрдісі,шару-

лығы, тұрмыс-тіршілігі, діни наным-сенімдерінен мол деректер беретін  ескерткіштердің ең көп зерттелген түріне обалар жатады. Сонымен қатар  қыстақ-қоныстар, қалалық отырықшы орындар тәрізді ескерткіштер де көптеп кездеседі.

     Ең аз зерттелген жәдігерлерге тастағы таңбалар, осы кезеңдегі металлургия орындары жатады. Металл бұйымдарынан тұратын археологиялық көмбелер де белгілі. Дөңгелек, сирек жағдайда сопақша пішіндегі обалар топырақтан үйіледі, ал мұның шағын тастардан түзілген сақина-қоршаулары бірнеше түрде орналасады:

  1. Үйіндінің шетін ала;

  2. Үйінді шетінен 1 — 2 м, не одан сәл көбірек қашықтықта;

  3. Үйіндінің астында, оның шетіне жақын;

  4. Үйіндінің бетінде.

       Кей жағдайда топырақ оба тұрғызылмай, тас қоршаудың өзі ғана кездеседі. Жерлеу камерасының басты түрі — беті ағашпен жабылатын шұңқыр қабірлер. Мүрде басымен күнбатысқа қаратыла, созылыңқы күйде арқасымен жатқызылады. Қабір ішінде заттардан қыш ыдыстар (әдетте, бір қабірде 1 — 2 ыдыс), бірен-саран қола, темір бұйымдар (пышақ, түйреуіш, т.б.), сырға, білезік сияқты түрлі әшекейлер, айналар, кейде қайрақ, дәнүккіш тәрізді тас құралдар кездеседі. Көп жағдайда қабірге мүрдемен бірге қойылатын арнайы ет тағамы болады. Бұл ең алдымен қойдың құйрық, ұша сияқты артқы жағы. Садақ жебелері, қанжарлар сияқты қару-жарақ тым аз кездеседі, бұл жалпы үйсін обаларына айрықша тән құбылыс.

       Еуразияның мал  өсіретін тайпаларының  өз  негізінде  біртұтас

экономикалық базисі, экономикалық және мәдени байланыстары оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан аумағын, Еділ бойын, Солтүстік Қара теңіз өңірін мекендеген тайпалар мен халықтардың — әсіресе ерте кездегі сақтардың, сарматтардың, скифтердің және басқаларының көптеген ұқсастығы бар мәдениетін өмірге әкелді. Алайда осы тайпалардың мәдениеті мен өнерінде елеулі айырмашылықтар да бар, олар Қазақстанның түрлі аудандарын мекендеген.

Тұрғын үйі  және киімі:

    Ғылымда сақтардың тұрмыс салты мен тұрғын жайы туралы деректер көп емес. Бәлкім, көшім-қонымы көп тұрмыс салтына лайықты тұрғын жайдың тігіліп-жығылатын үлгісі — киіз үй сол кезде-ақ шыққан болуы ықтимал. Аңызға айналған аргиппейлерді сипаттай келіп, Геродот былай деп жазды: «Олардың әрқайсысы ағаштың астында өмір сүреді. Қыста ағаш кез келген сәтте тығыз ақ киізбен жабылады, ал жазда жабусыз қалдырылады». Кешпелі тұрғын жайдың бұдан кейінгі эволюциясы барысында киіз үйдің құрылымы кемелдене түсті, бірақ оны жасаудың принципі б. з. б. I мыңжылдықтың өзінде-ақ белгілі болған еді.

     Геродот пен Гиппократтың хабарлайтынындай, мал өсіретін тайпалардың кәші-қонды тұрғын үйлерімен бірге, көшпелілерде барынша кеңінен тараған төрт және алты доңғалақты арбаларға орнатылған киіз үйлер де болды; жартылай көшпелілер мен отырықшы малшылар оларды жыл маусымдарында пайдаланды. Қазақстан аумағының оңтүстік, шығыс және солтүстік аудандарында тұрақты тұрғын үйлер: оңтүстікте — шикі кірпіштен, солтүстікте және шығыста — боренелерден салынған үйлер болғаны мәлім.

    Археологиялық деректер бойынша, қола дәуірінде даланы мекендеушілер күмбез тәрізді кима шатыры бар жертөле түріндегі тұрғын жайлар салды. Төбесі ағашпен деңгелете жабылған мұндай үйлер Қазақстанда, Орта Азияда және Ресейдің оңтүстігінде табылды. Бұғылы өңірінен (Орталық Қазақстан), Шағалалы өзенінің бойынан (Солтүстік Қазақстан) табылған соңғы андроновтық кезендегі жер үстіндегі тұрғын жайлар киіз үйдің одан да гөрі жақын ертедегі үлгісі болып табылады. Төбесі шатырланып және дөңгелете жабылған бұл ағаш кұрылыстар киіз үйге ғажап ұқсайды. Көшелі сәулет өнерінің бастамасы нақ осы киіз үй тәріздес тұрғын жай болған. Орманды аймақ көшпелілерінің киіз үй тәріздес кұрылыстарының бастапқы түрі тебесі шошақ күрке, ал далалық аймакта дөңгелете шатыр шығарылған жартылай жертөле болды.

  Сақтардың  діни нанымдары мен ғұрыптары:

    Сақ тайпаларының діни түсініктері туралы мәселе аз зерттелген. Жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруғына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сиыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мүліктің көмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында атқарылатын әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына тән күрделі жерлеу ғұрпы шыққан. Малшыларда бұл ең алдымен қыстау маңы болды. Өлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілінде болса да, шалғай жерден болса да осы жерге жеткізілді.

    Мұндай ғұрып кейін сүйегін ру зиратына кешіретін болып не уақытша жерлеуді немесе еліктің сақталуына көмектесетін қайсыбір амал қолдануды керек еткен.

    Таулы Алтай мен Қазақстан аумағындағы сақтар зираттарын ашып-қазу сақ қоғамынын ерекше аксүйек өкілдері үшін өліктерді бальзамдау мен мумиялау колданылғанын көрсетеді.

    Ондаған және жүздеген обалардан тұратын ірі-ірі рулық зираттар Қазақстанның көптеген аудандарында (Шілікті, Есік, Бесшатыр, Жуантөбе, Сы- пыра-оба, Қараоба, Ұйғарақ), яғни отырықшы және жартылай кешпелі мал шаруашылығы басым болған жерлерде белгілі. Сонымен бірге шөлді-далалық аудандарда ірі зираттар жоқ, онда қыстау үшін қолайлы жерлерде әрқайсысы 2—4 обадан тұратын аздаған мола зираттар ғана бар. Халықтың кеші-қонымының көптігіне және коныстарының жиі ауыстырылуына байланысты көшпелі мал шаруашылығы аудандарында қыстайтын орындар, рулық зираттар болу дәстүрлері қалыптаспаса керек.

     Сақ тайпаларының жерлеу ғұрпы алдындағы уақыттың ғүрыптарынан едәуір ерекше болды. Егер қола дәуірі үшін тас қоршаулар мен тас жәшіктерге жерлеу тон болса, сақтар мекендеген аудандардың бәрінде обалы қорымдар болып, адамдар көбіне сопақша етіліп қазылған кабірлерге жерленді. Лақаттап және ақымдап жерлеудің жаңа түрлері шықты. Жерлеу әдістері де өзгереді: өлікті ортеудің немесе оның аяқ-қолын қусырып, қырынан жатқызып жерлеудің орнына шалқасынан созылта салып жерлеу шығады.

     Жерлеу ғүрыптарының салттарында да бірсыпыра айырмашылықтар орын алып, олар шағын және уақытша сипатта болған. Мәселен, Оңтүстік Орал сырты мен Батыс Қазақстанның савроматтары тайпаластарың бетін ағашпен жапқан тар немесе кеңтік бұрышты шұнкырларға көмген. Осы аумақтағы кейбір тайпаларда шаршы және шеңбер түріндегі кабірлерге жерлейтін болды, ұзын қабырғаларының жақтауынан шығарылған кертпешелері немесе ойықтары бар қабірлер ұшырасады.

 

   Арал маңы сақтарында түбін айнала шамалап орлаған, жерден ойып нар жасаған және түбінің бұрыш-бұрышына не оны айналдыра орнатылған діңгектердің орны бар өзінше бір үлгідегі кабірлер кездеседі. Жетісуда және Алтайда ауқатты адамдар сол кездегі жердің бетіне салынган не жерді қазып орнатқан үлкен ағаш қималарға қойылатын болған. Бұл аудандарға қарапайым адамдарды бір қабірге бірнешеуін жерлеу немесе аса терең казылмаған қабірлерге бірінен кейін бірін жерлеу ғұрпы да тон. Орталык Қазақстанда жалпақ тақтатастармен жабылып, жерден қазылатын сопақша жерлеу тұрақты дағдыға айналды, нақ осында тас кешенді обалар түріндегі мола құрылыстардың ерекше үлгісі де болған. Тайпалардың жерлеу ғұрпындағы айырмашылықтар оларда біртүтас жүйелі діни ұғымдардың болмағандығын көрсетеді.

 Сақтардың бейнелеу өнері:

Информация о работе Сақ және үйсін дәуірінің археологиялық ескерткіштері