Презентация
Орындаған: Тойшы
Ж.Ж.
Тобы: 201 Б МПД
Псевдомонадалар
қасиеті, диагноз қою алдын алу.
- Тұқымдастығы: Pseudomonadaceae
- Туыстастығы: Pseudomonas
- Түрі: P.aeruginosa, P.fluorescens, P. cepacia,
P. mallei.
- Pseudomonas туыстастығының кейбір бактериялары қазіргі кезде жана атқа ие болды – Burkholderia.
- Кейбір түрлері топырақ пен судың табиғи өкілдері, сондықтан табиғаттағы заттар айналымында манызды рөл атқарады.
- Баска түрлері (сап, мелиодиоз қоздырғыштары) жануарлар мен өсімдіктерде ауру туғызады.
- Pseudomonas aeruginosa белгілері: грам теріс, тік немесе сәл иілген таяқша, шеттері жұмырланған, анилин бояуларымен жақсы боялады.
- Жағындыда бір-біреуден, жұптасып немесе қысқа тізбек түрінде орналасады.Қозғалады ( монотрих немесе лофотрих). Пили немесе фимбриялары бар. Спорасы мен капсуласы жоқ, бірақ микроб жасушасын қаптайтын капсула тәрізді кілегей түзеді.
- Барлық псевдомонадалар – облигатты аэробтар, тыныс алуға қатысатын ферменттері бар (цитохром, дегидраза, цитохромоксидаза). Хемоорганотроф, өсу температура диапазоны 6 – 45 С. Қоектік ортаға талғамды емес, ет – пептонды агарда және ет- пептонды сорпада жаксы өседі.
- Ет-пептонды агарда сұр түсті және жылтырайтын үлкен, жартылай мөлдір колониялар түзеді. Колонияның ортасы қоңыр, шеттері бір тегіс. Қиғаш агарда көкірің таяқшасы нәзік, жылтыр қабықша тәрізді өседі. Дақылдың өзіне тән хош ақгүл (жасмин) иісі бар. Бактерияның ең маңызды ерекшелігі – бір тәулікте қоректік ортаны көгілдір-жасыл түске өзгертетін пиоцианин пигментін бөледі.
- Резистенттілігі. Көкірің таяқшасының ерекшелігі қоректік заттарға қажеттілігі шектелген, сондықтан қоректік заттар көзі жоқ жағдайда өмір сүре алады. Көкірің таяқшасы ультракүлгін сәулесіне және хирургияда қолданатын антисептиктерге төзімді( фурацилин, риванол).
Аурухананың палата
шаңдарында 2 аптаға дейін, ал күйікке
шалдыққанда пайда болған қабықшада –
8 аптаға дейін сақталады. 60С қыздырғанда
15 мин аралықта, 55 С қыздырғанда – 1 сағат
ішінде өледі. 2% фенол ерітіндісінде жылдам
жойыады.
- Эпидемиологиясы. Табиғи ортасы – топырақ, әр түрлі су қоймалары. Сау адамның 5-10% көкірің таяқшасының тасымалдаушысы және аурухан ішінде пациенттердің 70% тасымалдаушы болып келеді. Аурухананың ішінде медициналық құрал-жабдықтарда, суда,ауада, тамақта таралған. Псевдомонадалар дестилденген және стерилді суларда өсіп-көбейеді, сондықтан антисептиктер, детергенттер ерітінділер құрамында кездеседі.
- Инфекция көзі – ауру адам, бактерия тасымалдаушылар және табиғи резервуарлар. Сондықтан көкірің таяқшасы тудыратын инфекцияны сапроантропоноз деп атайды.
Көкірің таяқшасы адамда түрлі
ауру қоздыруы мүмкін:
- Сепсис
- Менингит
- Остеомиелит
- Артрит
- Отит
- Пневмония
- Плеврит
- Бауыр, ми абсцестері
- Зәр шығару жолдарында қабыну үрдістері.
- Көкірің таяқшасы тағамдық токсикоинфекция қоздырғышы бола алады. Көкірің таяқша тудырған аурулар өте ауыр түрде дамиды, емдеуі қиын, ұзаққа созылу жағдайында жүреді. Себебі: түрлі патогенді факторларының болуы, 6-10 және одан көп антибиотиктерге бір уақытта R-плазмидалық тұрақтылық болуы.
- Диагноз қою.
- Негізгі зертханалық әдіс – бактериологиялық.Тексерілетін материал ретінде ірің, эксудат мүшелерден пунктат, зәр жиі алынады.
- Емдеуі.
- Антибиотиктермен емдеу, тек оларға сезімталдығы анықтаған жағдайда ғана жүргізіледі. Тағамдық токсикоинфекция және ішек дисбактериозында белсенді теапия ретінде интестибактеиофаг тағайындалады. Созылмалы әлсіз өтетін ауруларда аутовакцина қолдануға болады.
- Алдын алуы.
- Жоспарлы арнайы сақтандыруы қарастырылмаған. Жалпы сақтандыруы қоздырғышты жараға, күйік жара бетіне түсірмеу, яғни қатал санитарлы-гигиеналық ережелерді сақтау. Қазіргі кезде қолданылатын вакциналар: құрамында ЛПС бар вакцина, субкорпускулярлы полисахаридті бөлшектері бар вакцина, сонымен қатар, құрамында А экзотоксині бар және т.б.
- Назар аударғандарыңызға рахмет!!!