Пневмоканиоздар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 15:18, научная работа

Краткое описание

Өндірістік шаң
Өндірістік шаң – ауада қалқып жүретін, баяу қонатын, өлшемі бірнеше ондаған мкм-ден жүздеген мкм-ге дейін жететін қатты бөлшектер, яғни аэрозоль. Оның дисперсті фазасы – қатты бөлшектер де, ал дисперсті ортасы – ауа.
Шығу тегі бойынша шаңдар бейорганикалық, органикалық, аралас болып бөлінеді.
Органикалық шаң жануар немесе өсімдік текті табиғи және жасанды – пластикалық заттар, резеңке, шайыр, бояғыш заттардың шаңдары болуы мүмкін.
Бейорганикалық шаң минерал, сонымен қатар металл шаңы болуы мүмкін.

Содержание

I. Кіріспе
Өндірістік шаңдар, жіктелуі.
II. Негізгі бөлім
пневмокониоздар
пневмокониоздардың жіктелуі
III. Қорытынды
IV. Бақылау сұрақтары
V. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Пневмаканиоздар. __нд¦р¦ст¦к ша__дар __сер¦нде дамитын аурулар (силиоз, силикатиоздар, асбетоз).ppt

— 1.21 Мб (Скачать документ)

Пневмоканиоздар 

 

Орындаған: Байсейітова  Б.

Тобы: 312 «А» ҚДС

Қабылдаған: Кенжеханова  Р.

 

Оңтүстік Қазақстан  Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Жоспар:

 

I. Кіріспе

Өндірістік шаңдар, жіктелуі.

II. Негізгі бөлім

  • пневмокониоздар
  • пневмокониоздардың жіктелуі

III. Қорытынды

IV. Бақылау сұрақтары

V.  Пайдаланылған  әдебиеттер

 

Өндірістік  шаң

 

  • Өндірістік шаң – ауада қалқып жүретін, баяу қонатын, өлшемі бірнеше ондаған мкм-ден жүздеген мкм-ге дейін жететін қатты бөлшектер, яғни аэрозоль. Оның дисперсті фазасы – қатты бөлшектер де, ал дисперсті ортасы – ауа.

Шығу тегі  бойынша шаңдар бейорганикалық, органикалық, аралас болып бөлінеді.

 

  • Органикалық шаң жануар немесе өсімдік текті табиғи және жасанды – пластикалық заттар, резеңке, шайыр, бояғыш заттардың шаңдары болуы мүмкін.
  • Бейорганикалық шаң минерал, сонымен қатар металл шаңы болуы мүмкін.
  • Металлургия өнеркәсібінде, химия және басқа өндірісте әр түрлі органикалық және бейорганикалық шаңдардан тұратын аралас шаңдар түзілуі мүмкін.

Пневмокониоздар

 

  • Пневмокониоздар – бұл кәсіби ауру, өндіріс жағдайында белгілі бір құрамды өнеркәсіптік шаңның ұзақ уақыт әсер етуі нәтижесінде пайда болатын және өкпеде фиброз дамуымен сипаттталатын өкпенің созылмалы ауруы.

 

Жіктелуі:

 

  • Минералды шаңнан пайда болатын:силикоздар, силикатоздар.
  • Металл шаңынан пайда болатын: сидероз, охроз, алюминоз, бериллиоз, баритоз, т.б.
  • Құрамында көмірі бар шаңнан пайда болатын: антракоз, графитоз.
  • Органикалық шаңнан пайда болатын: биссиноз, багассоз, фермер өкпесі.
  • Аралас құрамды шаңнан пайда болатын: силикоасбестоз, антракосиликоз, т.б.

 

Өкпедегі фиброз  үрдісі

 

  • Түйінді. Құрамында кремний тотығы немесе басқа шаң бөлектері бар склероздық түйіндердің көп болуымен сипатталатын түрі.
  • Дәнекер тіндері таралған(диффузды-склероздық)түрі.
  • Ісік тәрізді түрі, түйіндердің бір-бірімен қосылуымен және ісік тәрізді ірі шеміршекті түйіндердің түзілуімен сипаттталады.

Фермер өкпесі

 

  • Фермер өкпесі дегеніміз(экзогенді аллергиялық альвеолит) – шіруші өсімдік текті шаңдарды(дән, сұлы, қамыс, т.б.) жұтуға байланысты дамитын өкпе ауруы.

Тәжірибелік  жағдайда жиі бір немесе бірнеше  шаңдар әсер етеді, яғни аралас  шаңдар: сидеросиликоз, антракосиликоз,т.б.

Емі.

 

  • Аурудың асқынбаған түрлерімен ауыратын науқастар арнайы емді қажет етпейді. Оларға тек өз организмін күшейтуге арналған жалпы профилактикалық шаралар жүргізеді: сапалы тамақтану, тыныс алу жаттығулары, емдік дене шынықтыру, еңбек және демалыс түзілімін сақтау.
  • Емдік алдын-алу шараларына демалу, белок, витаминді тағамдармен, демалу гимнастикасымен әртүрлі сумен шынықтыру процедурасы қолданылып, темекі шегуден бас тарту керек. Әр түрлі адаптогендер(эмутирок, қытай лимонникасы, пантрипин 3-4 апта) витаминдер(В,В1,С) қолданылады.

Профилактикасы 

 

  • Электр пісірушілерде пневмокониоз дамуының алдын алу шараларына анайы пісіру машиналарын қолдану, жұмыс орнында әсіресе жабық кеңістіктегі жұмыстарда қолайлы вентиляциялық қондырғыларды қолдану. Қорғағыш әйнектер қолдану керек. 24 айда 1 рет терапевттің және отоларингологтың қатысуымен медициналық тексеру өткізу.

Қорытынды

 

  • Пневмоканиоздар - кәсіптік ауру, шаңмен ұзақ уақыт тыныс алғанда қалыптасатын және өкпеде диффузды интерстициалды фиброздың түзілуімен сипатталады. Бұл ауру тау кен, көмір асбестоз, машина құрылысы және бірнеше өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін жұмысшыларда кедеседі. П тыныс алатын шаңның физико-химиялық ерекшеліктеріне байланысты дамиды.

 

Бақылау сұрақтары

 

      • Шығу тегі бойынша өндірістік шаңдардың жіктелуі?
      • Пневмокониоз деген не?
      • Пневмокониоздардың жіктелуі.
      • Шаңның фиброгендігіне байланысты пневмокониоздар қанша топқа бөлінеді?
      • Клиникалық көрінісіне байланысты пневмоканиоздар неше топқа бөлінеді?
      • Пневмоканиоз кезіндегі науқастың шағымдары?
      • Пневмокониоздардың емдеу принциптері.
      • Пневмокониоздардың алдын-алу шаралары?
      • Минералды шаңнан пайда болатын пневмоканиоздар?
      • Металл шаңынан пайда болатын пневмоканиоздар?

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  •  Әмірбекова А.А. “Кәсіптік аурулар”
  • Есенжанова Г.М. “Кәсіптік аурулар бойынша таңдамалы дәрістер” 
  • Кенесариев Ү.И. “Жалпы гигиена”
  • google.ru
  • yandex.kz

Информация о работе Пневмоканиоздар