Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 20:57, реферат
Пластикалық хирургиялық операцияның міндетіне асқынған сұйықтықтарды шығарып іріңді ағызу, сары сулы қуыстар, ұлпалар мен мүшелерден ағзаға тыс заттарды, сүйектің ұсақ сынықтары, оқ, бытыраларды алып тастау, зақымданған ұлпалар мен мүшелерді жартылай алып тастау, асқазан, өкпе, ішек, т.б. (резекция) өт қабын алып тастау, ұлпалар мен мүшелердің арасындағы анатомиялық бүтіндікті қалпына келтіру, жараны алғашқы хирургиялық өңдеу, жарыққа жасалған операция немесе қызметі жағынан тиімді анатомиялық байланыстар жасау - өңештің, асқазан қалтқысының (привратник), ішектің түйілуінде айналма байланыстар (анастомоз) салу, т.б. жатады.
Пластикалық хирургиялық операция - бұл науқастың ұлпалары мен мүшелерін зақымдай отырып орындалатын емдік - анықтамалық іс - әрекеттер.
Пластикалық хирургиялық операцияның міндетіне асқынған сұйықтықтарды шығарып іріңді ағызу, сары сулы қуыстар, ұлпалар мен мүшелерден ағзаға тыс заттарды, сүйектің ұсақ сынықтары, оқ, бытыраларды алып тастау, зақымданған ұлпалар мен мүшелерді жартылай алып тастау, асқазан, өкпе, ішек, т.б. (резекция) өт қабын алып тастау, ұлпалар мен мүшелердің арасындағы анатомиялық бүтіндікті қалпына келтіру, жараны алғашқы хирургиялық өңдеу, жарыққа жасалған операция немесе қызметі жағынан тиімді анатомиялық байланыстар жасау - өңештің, асқазан қалтқысының (привратник), ішектің түйілуінде айналма байланыстар (анастомоз) салу, т.б. жатады.
Операциялық жарақаттың түріне қарай хирургиялық операциялар қанды және қансыз болып бөлінеді. Қанды операцияларда ағзаға жара салынады, ал қансызда - тері мен кілегей қабықшаның бүтіндігі бұзылмайды. Қансыз операциялар аз жасалады. Оның қатарына шыққан мүшелерді қалпына келтіру, сынықтарды салу, ағзаларға (өңеш, қынап, ішек, несеп жолы, т.б.) түтік-буж салу, катетеризация, табиғи тесіктер арқылы ағзаға жат заттарды алып тастау, эндоскопиялық зерттеулер жатады.
Қажеттілігіне байланысты хирургиялық операциялар емдік және диагностикалық болып бөлінеді. Егер де диагностикалық операция кезінде асқынған ауру табылса, онда басында диагностикалық болып басталған операция кейінірек емдік болып жоспарланады, бірақ өзгерістің жайылып кеткеніне байланысты бұл операцияны толығымен жасауға мүмкіндік болмайды. Мұндай кезде диагноз қоюмен ғана шектеледі.
Емдік операциялар көлемі мен маңызы жөнінен көлемді, толық (радикальная) және шектелген, толық емес (паллиативная) болып бөлінеді. Көлемді, толық операцияларда асқынған ауру өзгерістері алынып тасталса, шектелген операцияларда науқастың жағдайы жеңілдетіледі, бірақ негізгі асқынған өзгерістер ағымына онша әсер етпейді. Шектелген операцияның мысалы ретінде асқазан қатерлі ісігінде жасалатын айналма асқазан-ішектік байланысты (обходной гастро-энтероанастомоз) айтуға болады. Осы операция асқазан қалтқысының қатерсіз ісігі әсерінен тарылуында жасалса, онда бұл операция толық болып табылады. Сонымен, операцияның толықтығы хирургиялық операцияның көлемі мен түріне ғана байлансты емес, аурудың даму сатысы, кезеңі және түріне де байланысты.
Сонымен бірге операциялар алғашқы және екінші кезектегі болып бөлінеді. Алғашқы операция жасауға жарақаттың немесе аурудың барлығы себеп болса, екінші кезектегі операциялар асқынуларды емдеу үшін жасалады. Мысалы: аяқ-қол артерия тамырларының эмболиясында жасалатын эмболэктомия операциясы алғашқы операцияға, ал эмболиядан кейін қоректілік жетіспеушілігінен болған шіруде жасалатын аяқ-қолды кесіп алып тастау операциясы (ампутация)- екінші кезектегі операцияға жатады.
Операциялық жарақаттың ауырлығы мен оның ұзақтығына байланысты операциялар үлкен және кіші болып бөлінеді. Негізінде кіші операция, - деп емхана - амбулатория жағдайында жасалатын шағын, жарақатсыз операцияларды атайды. Бірақ, сонымен бірге бұл операцияға басқаша көзбен қарауға да болады. Кез-келген операцияның науқас үшін қауіптілігі бар. Бұл қауіптіліктер мыналарға байланысты: шокты тудыруы мүмкін, ауырсыну, қан ағу мен жараның қоздырғыштармен ластану мүмкіншілігі пайда болады. Кейбір қауіпті жағдайлар көбінесе қолданылған жансыздандыруға, тоңазуға, психалық жарақатқа, т.б. байланысты болуы мүмкін. Осы айтылғандарды естен шығару кейде ең кішкентай операцияның өзін асқындырып, қауіпті етуі мүмкін.
Жараға қоздырғыштардың түсу-түспеуіне байланысты хирургиялық операциялар асептикалық, асептикалық емес және іріңді операциялар болып бөлінеді. Асептикалық емес операция деп – жараға инфекция түсірмей, таза жасауға мүмкіндік болмаған жағдайды айтады (тік ішекке, ауыз қуысына, т.б. жасалған операциялар), ал іріңді операциялар деп - іріңді, анаэробты қабынулар бар ұлпаларға жасалған операцияларды атайды.
Кез - келген қанды (кровавая) операцияның жасалуында үш кезеңді бөліп атауға болады:
І. Хирургиялық тілу және кесу (оперативный доступ). Осы тәсілдер арқылы хирургиялық операция жасауға керекті мүшені не ұлпаны ашып, ажыратып, жалаңаштайды, аурудың орналасқан жерін анықтайды.
2. Оперативтік тәсіл -
ұлпаға, мүшеге, сүйекке, т.б қол
күшімен, құрал-аспаптармен
3. Қортынды іс - әрекеттер
(заключительные мероприятия)
Хирургиялық операцияның негізгі кезеңі - опреативтік тәсіл, бірақ жақсы хирургиялық тілу мен кесу әрекеті болмайынша (оперативный доступ) оған қол жеткізуге мүмкіндік жоқ. Хирургиялық тілу мен кесудің көлемі - жараның шеттері мен оның ең терең нүктесін қосатын сызықтардың арасындағы бұрышқа тең (операциялық қимылдардың бұрышы). Бұл бұрыш үлкейген сайын жарақаттау күшейе түседі. Ал бұрыштың кішкентай болуы операция жасалауын қиындатады, ал ол болса операцияның ауыр жарақаттылығы мен уақытын арттыра түседі, осыған байланысты операцияның сапасы нашарлайды.
Егер хирургиялық операцияның барлық үш кезеңі бірінен кейін бірі рет - ретімен жасалатын болса, онда бұл операция бір кезеңді (одномоментная) - деп аталады. Егерде кезеңдердің арасында үзіліс болатын болса, мұндай операция екі кезеңді, - деп аталады. Екі кезеңді операциялар операциялық жарақаттың қауіптілігін азайтуға бағытталған, өйткені екінші кезеңге дейін науқас бірінші кезеңде жасалған жарақаттардан жазылып үлгереді (екі кезеңді простатэктомия, торакопластика, өкпе аурулары кезінде өкпе артериясын байлап тастау, т.б). Операциялық тәсіл (оперативный прием) мен соңғы іс әрекеттер арасында үзіліс жасай отырып жасалатын екі кезеңді операция операциялық жараның қоздырғыштармен ыластануының алдын алуға бағытталады.
Жасалу уақытына қарай операциялар төтенше (экстренная), жедел (неотложная) және жоспарлы (плановая) болып бөлінеді.
Төтенше, тосын (экстренная, срочная) операциялар - бірден, тез арада жасалу керек, себебі операцияны бірнеше сағат немесе тәулікке кешіктіру адам өліміне әкеліп соғуы немесе операциядан кейінгі кезеңнің болжамын (прогноз) нашарлатуы мүмкін. Әсіресе қан кеткенде, тұншығуда (асфиксия), жедел хирургиялық ауруларда, соның ішінде қуыс мүшелер тесілгенде (перфорация), жараланғанда, т.б жасалатын операциялар жатады.
Жедел операциялар (неотложная)
аурудың тоқтаусыз дамуына
Жоспарлы (плановая) операцияларды кез-келген уақытта, науқастың денсаулығына зиян келтірмей жасауға болады.
Операция жасауға арнайы дайындығы бар немесе мамандығы осы бағытты да қамтитын дәрігерлерге рұқсат етіледі. Бірақ, мамандығына байланыссыз кез-келген дәрігер жасауға міндетті операциялар бар. Олар - трахеостомия, әйелдің босануына көмектесетін, т.б. қансыз операциялар.
Операция жақсы өту үшін және кейінгі кезеңде асқыну болмас үшін науқасты операцияға қалай дайындау керектігін білу керек. Операцияға байланысты дәрігер екі мәселені шешу қажет: біріншісі-операция жасауға болатынын немесе болмайтынын анықтап, операцияны техникалық жағынан дұрыс орындау; екіншісі-дұрыс емдеу мен күтім жасай отырып, асқынулардың алдын-алу. Операция жасауға болатынын, болмайтынын анықтау - қиын жұмыстардың бірі. Ол үшін дәрігер науқастың жалпы жағдайын, жасына, жынысына байланысты ерекшеліктерін, негізгі жүйелердің жағдайын, негізгі аурудың күрделілігін, қосалқы аурулардың барлығын толығынан анықтап, зерттеуі керек.
Н.И. Пирогов өзінің «Хирургиядағы бақыт» деген еңбегінде операция жемісті болу үшін қандай нәрселерді орындау керектігі туралы өзінің ойын айтқан еді. Біріншісі – науқастың жағдайын, ауруын дұрыс анықтадым, - деген сенімділік. Екіншісі - операцияны тым ерте, не тым кеш жасамау, науқасқа сөзбен жақсы әсер ету, оның жазылып шығатынына сенімділікті арттырып, қорқынышы мен сенімсіздігін жою. Үшіншісі – операцияны шебер жасап қана қоймай, кейінірек болуы мүмкін асқынулардың алдын алу шараларын операция кезінде - ақ жүргізу. Төртіншісі – операциядан кейінгі емдеуді барлық білімі мен іскерлігін пайдалана отырып жүргізуі керек.Пластикалық хирургия, пластикалық операция — хирургияның бір саласы. Пластикалық хирургияда адам органдары мен тіндерінің туа немесе жүре пайда болатын кемістіктерін қалпына келтіру үшін хирург. операция жасалады. Пластикалық хирургияға адам организміндегі барлық кемістікті (жырық, т.б.) жою мақсатында жүргізілген операциялар жатады, сондай-ақ көмекей, өңеш, қарын, т.б. органдарды емдеуде де Пластикалық хирургия қолданылады. Пластикалық хирургия көне заманнан белгілі. Тибетте б.з.б. 3 мың, Үндістанда б.з.б. 1 мың жыл бұрын пішіні бұзылған мұрынды қалыпқа келтіруге жасалған операция (ринопластика) туралы дерек табылған.
Қазіргі кезде Пластикалық хирургия күнделікті тәжірибеде кеңінен қолданылады. Мысалы, адам денесіндегі күйіктен кейін теріні алмастыру, беттегі әжімді немесе денеде пайда болған ісікті алу пластикалық операциялар арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ бүлінген қан тамырларының немесе жүрек клапандарының орнына синтездік тіннен протез (аллопластика) қойылады.
Трансплантация әдісі көне заманнан белгілі. Тері қабатының орнын ауыстырып салу әрекеті алғаш рет б.з.б. 1500 жылы жасалған. Клиникалық тәжірибеде бұлшық етті, сіңірді, қан тамырларын, жүйке талшықтарын, сүйек кемігін, т.б. ауыстырып салу жиі қолданылады. Трансплантацияның ерекше бір түрі – қан құю. Ең жиі алмастырылатын орган – бүйрек болып саналады.
1902 жылы австриялық хирург Е.Ульманн алғаш рет бүйректі Трансплантациялау операциясын жасады.
Бұрынғы КСРО-да мұндай операцияны бірінші болып белгілі орыс хирургі Б.Петровский жасады (1965). Ол донор бүйректі шешесінен алып қызына салды, операция сәтті аяқталды. *Адамнан адамға жүрек алмастырудың алғашқы операциясын 1967 жылы оңтүстік африкалық хирург К.Барнард жасады. Пациент 18 күн өмір сүрді.
Клиникада өкпені ауыстырудың алғашқы операциясын 1963 жылы америкалық кардио-хирург Дж.Харди (бір топ дәрігерлермен бірге) іске асырды.
Қазақстанда органды Трансплантация операциясын тұңғыш рет М.Әлиев жасады.
Қазіргі кезде Трансплантация
экспериментті биология мен медицинада
ауто- (өз тіндерін Трансплантациялау),
гомо- (сондай түрдің донорынан Трансплантациялау)
және гетеротрансплантация (басқа түрдің
донорынан Трансплантациялау, мысалы
итке қояннан) кеңінен қолданылады.
мысалы экспериментті онкологияда
(жануарларға тәжірибе жасауда) қатерлі
ісік штаммдарын Трансплантациялау. Трансплантацияға
қажетті орган не тінді трансплантат
деп атайды. Мұны ауру адамның ең
жақын туысынан немесе қайтыс болған
адамнан (мәйіттен) жан-жақты медициналық
тексеруден өткізген соң алады. Трансплантатқа
қойылатын басты шарттар: мәйіт
жас адамдікі болғаны жөн; қан
қысымы қайтыс болғанша қалыпты деңгейде
болуы; қатерлі ісік немесе жұқпалы
аурумен ауырмағандығы; ауруханада
қайтыс болуы (немесе адам қайтыс болар
алдында бірнеше сағат
Пластикалық хирургияның бірнеше түрі бар. Аутопластика түрінде кемістікті түзетуге не жамауға қажетті тінді науқастың өз денесінен (тін, тері, ішек, т.б.), гомопластикада — операцияға қажетті тінді басқа адамның (кейде өліктің) организмінен алады, гетеропластикада — арнайы пластикалық материалдар үшін жануарлар тіні пайдаланылады.
Клиникада пластикалық гинекология
жақсы дамып жатыр.Бұл
Көрсетілетін қызмет түрлері:
•Перинеорафия (бұтаралық пластика);
•Алдыңғы,артқы кольпорафия (қынап пластикасы);
•Қынап жолдарын кішірейту
•Кіші ернеулердің коррекциясы
•Барталин бездерін тілу және алып тастау;
•Жатыр мойнағының пластикасы;
•Гименопластика (қарапайым,күрделі).
Пластикалық гинекологияның басты міндеттері:
Бала туғаннан кейін әр әйелдің қынып пішіні өзгереді,әсіресе бірнеше рет босанған әйелдің егер сәбиі ірі болса,қынап пішіні созылады,үзіледі, үлкейеді және созылмалы тіннің ерекшелігі өзгереді.
1.Клиническая хирургия: национальное руководство + СД: в 3-х томах. - М.: ГЭОТАР-Мед. -2008. Т. 1. – 864 с.
2.Хирургические болезни: Учебник + СД: в 2-х т./ под ред. В.С. Савельева и др - М.: ГЭОТАР-Мед. -2008.Т. 1. – 608 с.; Т. 2. - 400с.
3.Клиническая хирургия: Нац. рук-во. В 3-х тт./Под ред. В.С.Савельева, А.И.Кириенко. -М.:ГЭОТАР-Медиа. Т.2.-2009.-825с.+ CD
4.Руководство по неотложной
хирургии органов брюшной полости /Под
ред. В. С.Савельева.-М.:Триада-Х,2005.
5.Суковатых Б.С. Хирургические болезни и травмы. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2008. - 624 с
6.Таричко Ю.В. Хирургические болезни:Учебник для студентов мед. вузов -М.:МИА,2007.-783с.
7.Хирургические болезни: Учебник для вузов с компакт-диском в 2- х т./Под ред. В.С.Савельева, А.И.Кириенко.-2-е изд.,испр.-М.:ГЭОТАР-Медиа. Т.1.-2006.-608с.
8.Хирургические болезни: Учебник для вузов с компакт-диском в 2- х т./Под ред. В.С.Савельева, А.И.Кириенко.-2-е изд.,испр.-М.:ГЭОТАР
І. Пластикалық хирургия операция
ІІ.Қазіргі кездегі
Қорытынды
Трансплантат (Тrаnsрlаntаtum - алмастырып салу) - Ткань немесе мүше бөлшегін ауыстыру мақсатында жасалатын операцияда қолданатын материалдар.Трансплантат - түсіп қалуы /үйлесімсіздік/ иммунды қабынумен байланысты. Трансплантат донорлық /тірі/ және өлі организм болуы мүмкін. Өзі тектес - аутотрансплантат, өзге тектес - гетеротрансплантат.