Перкуссия жасау әдісінің тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 21:10, творческая работа

Краткое описание

Работа содержит презентацию по дисциплине "Медицина"

Прикрепленные файлы: 1 файл

Презентация Microsoft PowerPoint (3).pptx

— 864.69 Кб (Скачать документ)

«Астана Медицина Университеті» АҚ

Ішкі аурулар  пропедевтикасы кафедрасы

 

Тақырыбы: Перкуссия  жасау әдісінің тарихы

 

Презентация

 

Орындаған: Қисанова Ж.С.

Топ:            334 ЖМ

Тексерген: 

 

Астана, 2013 жыл

   Жоспар

 

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

    1. Перкуссия туралы түсінік, тарихы
    2. Перкуссияның диагностикалық маңызы
    3. Перкуссия түрлері

III. Қорытынды

IV. Қолданыған әдебиеттер

 

Кіріспе

 

 Перкуссия деп (латын сөзі «percussio» –ұрылау) ішкі мүшенің тұсына келіп ұрғылап, одан шыққан дыбысқа талдау жасап, диагностика мақсатында қолданылатын әдісті айтады. Бұл әдіс Гиппократ заманында белгілі болғанымен, кеңінен қолданылмаған. Алғаш перкуссияның клиникалық зерттеудегі маңызына көңіл бөлген австриялық дәрігер Л.Ауэнбруггер болатын. Оның латынша жазылған “Кеудедегі жасырын жатқан ауруларды  адамның кеуде клеткасын соға отырып табуға болатын жаңа әдіс” трактаты 1761 жылы жарық көрген.

 

Перкуссия туралы түсінік  және тарихы

 

 

Перкуссия әдісін 1761 жылы  Л. Ауэнбруггер деген Вена дәрігері ұсынған. Бірақ та бұл әдіс көп уақытқа дейін онша белгілі болған жоқ. Тек 1808 жылы Францияның белгілі дәрігері Корвизор Ауэнбругтің еңбегін австрия тілінен француз тіліне аударганнан кейін ғана ол тәсіл медициналық әлемде кеңінен қолданыла бастады. Кейін бұл тәсілді басқа да дәрігерлер жетілдіріп отырды.

  Л.Ауэнбруггерді  перкуссия әдісіне мына тарихи  жағдай алып келген көрінеді. Оның әкесі мейрамхана иесі  болған. Баласын шарабы бар бөшкелерден  шарап алып келуге  жұмсап отырған.  Бөшкедегі шараптың көлемін анықтау  үшін Леопольд  бөшкелерді соғып  қараған. Кейін, дәрігер болған шақта , осы әдіс оның есіне түсіп, оны өкпедегі жиналған су деңгейін анықтауда қолданған.

 

 

Л.Ауэнбруггердің дүниеден өтуіне аз уақыт қалғанда,  француз клиницисі Корвизар перкуссия  әдісін жоғары бағалағаннан кейін клиникада  қолданыла бастады. Корвизар перкуссияны  тек қана өкпе ауруларын ғана емес, сонымен қатар жүрек дерттерін, аорта аневризмасын анықтау үшін пайдаланған. Ауэнбруггер ойлап  тапқандай, саусақтарының басымен  соғып  перкуссиялау тікелей перкуссия  аталады және ол осылай ұзақ уақыт  қолданылып келді.

 

 

 “қолдың алақанын жазып, бір-бірімен біріктіріп ұстаған саусақтарыңыздың басымен кеуде клеткасын жайлап, асықпай  соғып қараған кезде, жүрек тондарының өзгеруі іштегі өзгерістер туралы мәлімет береді” деп жазған.

 

 

 

Л.Ауэнбруггер

 

 

 

1808 ж

 

            1827 жыл

 

 Француз дәрігері Пиорри перкуссия әдісіне плессиметрді (plesso-соғамын, metron-өлшем) қолдануды ұсынған. Ол үшін кеудеге плессиметрді тығыз тақап қойып, үстінен саусақпен соғып отырған. Ауэнбругтер бойынша перкуссиялау кезінде кеуденің кең көлемінен мәлімет алынады, ал плессиметрдің  көмегімен перкуссия жасаған кезде кеуденің аз көлемді шектелген бөлігінен, патологиялық үдерістердің тонын дәлірек анықтау мүмкіндігі туады.

 

 

14 жылда кейін  

 

    • Винтрих арнайы перкуссиялық балға ойлап тауып, онымен плессиметрдің үстінен ұрып анықтауды қолдана бастаған. Құрал саймандардың көмегімен соғып қарау жанама перкуссия деп аталады.
    • В.П. Образцов өзінің жаңа перкуссиялық әдісін ұсынады. Оны орындау үшін оң қолдың сұқ саусағын ортаңғы саусағының үстінен қайыра салып, зерттеу кезінде сұқ саусақты жылжыта түсіп, денеге соққы түсіреді. Образцов әдісі тікелей перкуссияға жатады және бұрыңғы әдістерге қарағанда дәлірек перкуторлық мәліметтерін алуға мүмкіндік береді.

 

 

1935 жылы  Г.И. Сокольский ұсынған әдіс.  

 

 Ол жанамалы перкуссиялық әдіске жатады, тек плессиметр мен балға қолданылмайды, соққы қол саусақтарымен жасалады. Әдетте сол қолдың ортаңғы саусағын денеге жанастырып, оң қолдың ортаңғы саусағымен соғып отырады.

 

Перкуссия оны қолдану мақсатына қарай екі түрлі:

 

 а) салыстырмалы

 б) топографиялық. 
Салыстырмалы перкуссияның мақсаты-мүшелерде патологиялық өзгерістерді табу.Салыстырмалы әдіс дененің бірдей екі бөлігін кезек қаға отырып, дыбыс айырмашылығын ажыратуға мүмкіндік береді. 
Топографиялық перкуссияның мақсаты-әр түрлі мүшелердің шекарасын,мөлшерің және конфигурациясын анықтау.

      Салыстырмалы перкуссияның жалпы  ережелері:

      1.Салыстырмалы перкуссияда симметриялық  нүктелер үстінің дыбысын салыстыру  керек.

      2.Перкуссиялық.қағудың күші екі  жақтан да бірдей болу керек

      3. Салыстырмалы перкуссия үшін  күшті де жай да перкуссия қолданылуы керек.

Топографиялық перкуссияның жалпы ережелері:  

 

     1.Перкуссияны анық дыбыстан жай дыбысқа қарай жүргізу керек.Айқын дыбыстың жай дыбысқа ауысуы,әлсіз дыбыстың айқын дыбысқа ауысқанынан тезірек байқалады.

      2.Плессиметр саусақты анықтайтын  шекараға паралель қою керек.

      3. Плессиметрдің анықтайтын шекараға  қарай қозғалыс бағыты сол  шекараға перпендикуляр болуы  керек

      4.Топографиялық перкуссияда жай  перкуссияны пайдалану керек.

      5.Шекараны плессиметрдің айқын  дыбысқа қараған жағынан белгілеу  керек.

 

Жүрек перкуссиясын жүргізу ережелері

 

    •  Жүрек перкуссиясын жасағанда науқас тік тұруы тиіс, екі қолы төмен түсірілген, ал халі ауыр, өздігінен тұра алмайтын науқастарды төсекте жатқан қалпында да перкуссия жасайды.
    • Дәрігердің қалпы: дәрігер плессиметр саусағын дұрыс өзіне ыңғайлы қоюы қажет. Жүрекке тікелей емес перкуссияны қоданған ыңғайлы.
    • Плесссиметр саусақтың қалпы: плессиметр саусағын кеудеге тығыз ұстап, анықтайтын шекарамызға сәйкестендіріп (параллель) қояды.
    • Жүрек перкуссиясы: ең алдымен жүректің қай шекарасын анықтаймыз соны білу қажет. Салыстырмалы тұйықтықты анықтау үшін орташа күшті перкуссияны қолданады. Абсолютты тұйықтықты анықтағанда бәсең перкуссияны қолданады.
    • Перкуссияның бағыты: жүрек перкуссиясы ашық дыбыстан тұйық дыбысқа қарай жасайды.
    • Жүрек шекарасын белгілеу: жүрек шекарасының белгісін кетіп бара жатқан дыбыстан белгілейді.( сырт жағынан)

 

 Перкуссиялық әдістің  артықшылығы.  

 

 

    • Перкуторлық дыбысты құлағымызбен қабылдап қана қоймай, плессиметр-саусағымызбен қолдың астындағы айырмашылықтарды, ал балға саусақпен сол жердің серпімділігін сезіп отырамыз, сондықтан бұл әдіс пальпаторлық перкуссия деп те аталады.
    • Сонымен қатар ол құрал-жабдықтар іздемей-ақ, кез-келген уақытта тексере беруге мүмкіндік туғызады.

 

Бұл перкуссиялық әдістің артықшылығы: перкуторлық дыбысты құлағымызбен қабылдап қана қоймай, плессиметр-саусағымызбен қолдың астындағы айырмашылықтарды, ал балға саусақпен сол жердің серпімділігін сезіп отырамыз, сондықтан бұл әдіс пальпаторлық перкуссия деп те аталады. Бұл әдістің тағы бір артықшылығы – ол құрал-жабдықтар іздемей-ақ, кез-келген уақытта тексере беруге мүмкіндік туғызады.

 

 

 

Қорытынды

    •  Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы. Б.Н. Айтбембет. Алматы 2003
    • Ішкі аурулар пропедевтикасы. Жаманқұлов В.А.
    • Интернет сайт www.google.kz.

 

 

 

 әдебиеттер Тізімі


Информация о работе Перкуссия жасау әдісінің тарихы