Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 13:13, курсовая работа
Адамның шаруашылық әрекеті – табиғаттың дамуына әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл-ойдың арқасында айналадағы ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Табиғаттағы құрамдас бөліктердің бір-бірімен тығыз байланыста екеніні ескерсек, олардың біреуі өзгерсе басқаларының да өзгеретіні түсінікті. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет.
Кіріспе
І. Қоршаған ортаның ластануы.
1.1. Қоршаған ортаның химиялық ластануы.
1.2. Қоршаған ортаның радиациялық ластануы.
1.3. Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.
ІІ. Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары.
2.1. Қазақстан полигондары.
2.2. Байқоңыр аймағы және озон мәселесі.
2.3. Арал теңізі және Балқаш көлінің экологиясы.
2.4. Каспий теңізінің экологиясы.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Ұшырылған корабльдер ауа режимін төтенше түрде бұзады, пайдаланатын отындар радиактивті, ол қоршаған ортаның тыс улануына әкеп соғады, мутациялық өзгеріс туады, жұмыстан шыққан зымыран түскен жер ештеңкеге жарамайды. Олардың отын құрамында радиактивті «самин» және «меланж» болады. Бұлар жануарлар әлемін айырықша уландырады. 1957 жылдың 1 қазаннан 1990 жылдың 21 қаңтарына дейін 1129 зымыран, 1115 космос кеңістігін зерттейтін аппарат ұшырылған.
Бір ғана РН-«Протон» зымыраны космосқа ұшқанда ауаға 200т радиактивті көміртектің қос тотығын таратса, 1955 жылы ұшқан өте радиактивті зымыранның біреуі 2965т радиактивті зат ауаға таратты. Ал 42 жылдың ішінде РН- «Союз» ауаға 130 т радиоактивті көміртектің қос тотығын таратты. Қорыта келгенде, Қазақстан елінен ұшқан зымырандар 221478 тонна радиактивті зат ауаға қосқан.
Озон қабаты тез арада бұзып жіберетін улы қосылыс – хлор. Хлор зымыран отының бас компоненті. Олар космосқа ұшқанда 180т хлор және хлорлы сутек атмосфераға бөліп шығарады. Радиактивті зат – гептил. Суда ерімейтін, жер бетіне көп жиналып улығын жоғалтпай, ұзақ уақыт сақталады. Ол адам ағзасына қауіпті ісіктер туғызып рак дертін дамытады.
1973 жылдан бастап байқаулар нәтижесінде Республиканың озон қабаты 7-8% азайды. 1999 жылы 5 шілдесі, 27 қазан күндері ғарышқа 2 Протон зымырандары ұшып, біреуі Қарағандыға құлады. Одан 420 литр гептил майы ашық аспанға төгілді. 1996 жылы 14 мамырда «Союз-5» Жезқазған, Торғай облыстарына құлап адам денсаулығына зиян 120 литр гептил, 420 литр тетрациді және біраз керосин төгілді, 25 гектарды өрт шалды. Зымыран жарықшақтары 60 шаршы шақырым жерге шашылды. Бұл сирек кездесетін радиациямен уланған металдар. 1 г гептил 2 текше шақырым ауаны уландырады. Одан онкологиялық, жүрек және тамыр ауруына шалдығыады. Мысалы, Сыр өңірінде қатерлі ісік ауруымен ауыратындар саны 100000 шаққанда 1980 жыл 127, 2000 жылы 149, 2002 жылы 195,1-ге жетті. Жыл сайын облыста осы аурудан 600-630 адам дүниеден өтеді. Гептил 300-400 жыл радиактивтігін сақтайды.
Соңғы жылдары ғана (2000-2003) «Байқоңыр» ғарыш аймағынан 1200 ғарыштық аппараттар, 1186 континет аралық балистикалық ракеталар ұшырылды. 1999 жылы «Протон» ғарыш кемесі құлап Ұлытау, Жаңарқа, Қарқаралы жеріне улы гептил жанармайы төгілді. Осыдан болар 2001 жылы Ұлытау ауданында ғана 49 сәби әртүрлі кемістікпен дүниеге келді. Осы аймақта жүйке ауруына шалдығып жатқандарың саны да өте көп. Ақыл-есі кем 1,1 мыңнан аса бала есепте тұрса, бұған қоса 21 мыңнан астам мүгедек бар екенін анықтаған. 2003-2004 жылдары 237 адам өзіне-өзі қол жұмсап бақилыққа аттанған.
Атмосфераның озон мәселесінің адам қызметіне қатысты өзара байланысты екі аспектісі бар: жоғары қабаттағы бұзылу («озон қабаты») және жер маңы кеңістігіндегі концентрациясының артуы.
Озон қабаты полбстерде 9-30 км, экваторда 18-32 км биіктікте орналасқан. Ондағы озонның концентрациясы 0,01-0,06 мг/м3. Егер қабаттағы озонды таза күйде бөліп алса, оның қалыңдығы 3∞ мм құрайды. Озонның мөлшері сантиметрмен (0,3-0,5) немесе Допсон бірлігімен (100 есе үлкейтілген миллиметр – 300-500 бірлік) есептеледі.
Атмосфераның жоғарғы қабатындағы озон оттегі молекулаларының (О2)ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан озон түзіледі. Бір уақытта озон молекулаларының ыдырап, оттегіне айналу процесі жүреді. Реакция жүруінің шарты ультракүлгін сәулелерінің болуы және олардың инфрақызыл жылулық сәулелерге айналуы болып табылады.
Озон толқын ұзындығы 200-320 нм болатын сәулелерді сіңіреді. Олардың бір бөлігі, ұзын толқындармен қатар Жер бетіне дейін жетеді. Ұзындығы 200-400 нм сәулелер биологиялық белсенді үльтракүлгін сәулелерін сәулелер категориясына жатады.
Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде бұл кемуі 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның 1%-ға кемуі терінің қатерлі ісігімен ауыру деңгейін 5-7%-ға арттыруы мүмкін.
Озонның ең көп мөлшері Антарктиданың үстінде жойылған. Мұнда соңғы 30 жылда озонның мөлшері 40-50% кеміген. Озонның концентрациясының кемуі нәтижесінде түзілген кеңістікті «озон тесіктері» деп атайды. «Тесіктің» көлемі жылына 4% артып отыр. Қазіргі кездегі оның мөлшері АҚШ-тың көлемінен артық. Сонымен қатар, «көшіп жүретін тесіктердің» пайда болуы жиілеп барады. Оның мөлшері 10-100 мың км2.
«Озон тесіктерінің» пайда болу себептері әлі де болса толық анықталмаған. Олар алғаш рет осы ғасырдың 80-жылдарында байқалған. Аз уақыттық бақылау қандай да бір нақты қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.
Қазіргі кездегі озон
қабатын бұзатын негізгі
Тасымалдаушы-газ (пропилленттер)
ретінде феондарды кеңінен
Қазіргі кезде фреондардың
мөлшерін кеміту және болашақта өндіруді
тоқтатуға бағытталған іс-
Көптеген мемлекеттер феондардың өндірісін 50% кеміту және оларды басқа пропиленттермен алмастыру туралы міндеттеме қабылданды. Бірақ, жоғары дәрежеде тұрақтылығына байланысты феондар атмосферада өте ұзақ уақыт сақтала алады. Бірқатар елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Франция) феондар гидрохлорфтор көміртек немесе гидкофторкөміртекпен алмастырылуда. Бұлардың өмір сүру мерзімі қысқа (2-25жыл).
Сонымен қатар, озон қабатының тұрақтылығын арттырудың басқа да жолдары қарастырылуда. Озон қабатына этан мен пропанды жіберу хлорды пассивті хлоры сутегіне айналдырады. Сонымен қатар озонның түзілуі мен жиналуына электромагнитті сәулелер, лазер сәулелері, электр разрядтары әсер етеді. Олар оттегінің диссоциациялануын арттырып, озонның түзілуі мен жиналуына жағдай жасайды.
Озон қабаты интенсивті түрде көктемде бұзыла байтайды. Себебі қыстағы төмен температура мен бұлттылықтың артуы фреондардың құрамындағы хлордың бөлініп шығуына әкеледі. Ал көктемдегі температураның жоғарылауы хлордың озонға әсерін арттырды.
Поляр маңы аймақтарындағы озон қабатының интенсивті түрде бұзылуын осы аудандардағы озонның бұзылуына себепкер хлордың метанды топпен аз мөлшерде жабылуымен түсіндіреді.
Соңғы жылдары ғалымдар
«озон тесіктерінің» пайда
Озон қабатының бұзылуының
тағы бір себебі ретінде атмосфераға
оттегін бөліп шығаратын
Қолда бар мәліметтерге
қарағанда ауаның жер бетіне жақын
қабатындағы озонның
2.3. Арал теңізі және Балқаш көлінің экологиясы.
Арал теңізі –Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км2, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12 болған. Арал кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың т балық ауланса, теңіз жағасында едәуір мөлшерде терісі бағалы бұлғын өсірілген.
1960 жылдардан бастап
Арал өңірін игеру қолға
Арал өңірінде туындап
отырған қазіргі экологиялық
апаттар нышаны жыл өткен сайын
теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы
мен флорасы жойылып бітуге жақын.
Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде.
Арал теңізінде балық өсіру
Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандырып отыр. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ол әлемдік климаттың өзгеруін, шөлге айналуды, атмосферадағы ауытқушылықтарды, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады.
Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш-Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі-501 мың км2, ұзындығы-605 км, ені-9-74 км аралығында. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды.
Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі: Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлануына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді.
Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары: Іле тоғайының, шұрайлы жайылымдардың жойылуы, көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаңның ауаға көтерілуі, фауна мен флораның зардап шегуі.
Балқаш көлі деңгейі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.
Балқаш көлін құтқару мәселелері:
1. іле өзені бойындағы
өндіріс орындарында суды
2. қапшағай суқоймасынан
Балқашқа жіберілетін судың
3. ақдала және Шарын
массивтеріндегі күріш
4. жер асты суларын пайдалану.
5. суармалы жерлердің көлемін шектеу.
2.4. Каспий теңізінің экологиясы.
Каспий теңізі – жер шарындағы бірден-бір тұйық су айдыны. Оның көлемі – 380 мың км2. каспий теңізі Еуропа және Азия континенттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Каспий қайраңы - өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Теңіздің құнды байлықтарының бірі – бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді.
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің деңгейінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Оның себептерін ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 %-ын құрайтын. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды.
Каспий теңізінің көтерілуі
оның маңындағы мемлекеттерде
1. су деңгейінің көтерілуі
теңіз жағалауындағы табиғи
2. теңіз деңгейінің
көтерілуі судың, ауа мен
3. су деңгейінің көтерілуінен теңіз жағалауларындағы мұнай ұңғымаларын, мұнай қоймаларын, мұнай өңдейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын, келтіре бастады.
4. мұнай игеруге шетелдік
инвесторларды тарту Каспий
Каспий мәселесі бүгінгі таңда күрделі аймақтық экологиялық проблемаға айналды. Каспий мұнайын игеру жоғары қарқынмен жүргізіліп, ұзақ жылдарға жоспарлануда. Бұл проблема тек Қазақстан ғана емес, Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан және Иран Республикалаларына да ортақ. Ең бастысы – каспий теңізінің фаунасы мен флорасының әртүрлілігін сақтап қалу. Каспий проблемасы БҰҰ деңгейінде көтерілуде.
Қорытынды.
Біздегі қалыптасқан жалпы экологиялық жағдайдың қазіргі кездегі әбден шегіне жетіп тұрғанын ғалымдар мойындайды. Сол себепті де Қазақстанның экологиялық апатқа ұшырамаған жері жоқ екенін байқауға болады. Қазақстан жерінің 80 пайызынан астам жері экологиялық апат жағдайында.
Ащы да болса айту керек: бұл бетімен кете берсе Қазақстан жерінің болашағы жоқ. Арал теңізі – Қазақстан жерінде жасалған ең алғашқы экологиялық қылмыс. Оны табиғат өз орнына келтірмесе Арал жуық маңда адам қолының көмегімен орнына келетін шаруа емес. Ендігі жерде Каспийімізді қорғап қалудың шараларын жасау керек. Каспий маңының экологиясы дабыл қағарлық деңгейде. Одан басқа да біздің тамаша орман көлдеріміз, табиғи қорықтарымызды болашақ ұрпақтың еңшісіне аман- есен жеткізу бүгінгі біздің басты парызымыз. Ауыз су экологиясы өсімдіктер т.б. жеке бөліп қарап шара қолдану кезек күттірмес мәселе. Осы мәселелердің қай- қайсына да болашақта толығырақ толықтырамыз деген ойдамын. Бұл тақырыпта айтатын, көтеретін мәселер жетерлік, әсіресе аты белгілі Семей полигоны көз алдымызда, ғайып болған Арал теңізі бұкіл қазақтың ортақ мұңы. Енді бұларға қоса 100 жылдан аса тарихы бар Атырау өлкесінің де табиғаты жалпы қоршаған ортасы бір-бірімізге көп ұзамай «көңіл айтарлық» деңгейде 40 жылдан астам орыс зымырандары келіп құлаған «Азғыр» полигоны орналасқан Нарын, Бүйрек, Тайсойған құмдарынан енді өзінің сорына қай жерін түртсеңде, «қара алтын» өнуде. Қаржамбас, Қарашығанақ , Теңіз т.б. Кен орындарының айналасындағы елді мекендердегі тұратын халық бұрын соңды естіп білмеген аурулардан көз ашпайды. Ауруды бұлай қойғанда, түнде сап-сау төсегіне жатқан адамдардың таңертеңгісін ұйқысынан оянбай қалғаны қаншама? Осы аймақтардағы өзіне -өзі қол салған жандардың обал сауабын кімнен сұрарсың? Осының бәрі экология зардабы емес деуге ауз бармас.