Моноклонды антиденелер (МКАД). Гибридомды технология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2015 в 20:02, творческая работа

Краткое описание

Селекция арқылы Жорж Кёлер және Сезар Мильштейн, керекті арнайылығы бар антиденелер синтездеуге (алғашқы антидене өндіруші жасуша ретінде) және жасанды ортада шексіз өсуге (миелома жасушалары ретінде) қабілетті гибрид жасушаларын бөліп алған. Осылай, гибридтік жасушаларға өзгеше мәңгілік қасиеті пайда болған. Дәл осы жасушалық гибридтер түрін гибридома деп атаған. Индивидуальды гибридтік жасушаны бөліп алып, дақылдандырып клон алуға болады. Бұндай клон in vitro бір антигендік детерминантасына арнайы антиделерді көп мөлшерде өндіреді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Моноклонды антиденелер.pptx

— 660.58 Кб (Скачать документ)

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

 

Микробиология, иммунология, вирусология кафедрасы

 

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

 

Моноклонды антиденелер (МКАД). Гибридомды технология. МКАД иммунологияда негізгі қолдану аймағы

 

Дайындаған:    Астраханов Әкежан

Тобы:                207А

Факультеті:      Жалпы медицина

Қабылдаған:    Урекешов Бактыберген

 

Ақтөбе қаласы, 2015 жыл

ЖОСПАРЫ:

 

    1. Кіріспе

 

ІІ.    Негізгі бөлім

    • Моноклонды антиденелер дайындау әдісінің тарихы
    • Моноклональды антиденелер
    • Моноклонды аниденелер алу. Гибридомды технология
    • Моноклонды антиденелер алудың негізгі этаптары
    • Моноклонды антиденелердің медицинадағы маңызы

 

ІІІ.   Қорытынды

     Ғылыми зерттеулерде және медициналық практикада антидене қолдану аймағы үнемі кеңеюде. Мұнда белгілі бір антигенмен байланысатын, яғни тар арнайы антиденелер бағаланады. Антиденені қарапайым әдіспен жануарларды егу арқылы алу жолында біртекті антидене препараттары алынбайды, өйткені иммунизацияланған жануарлар қанында әртүрлі арнайылы кең спектрлі антиденелер болады, ал қосымша еккенде иммуноглобулиндердің әртүрлі класына жататын антиденелер синтезделінеді. Бұл жағдайдың шешілуі  - қажетті арнайы антидене түзетін жасуша клондарын бөлуі мен дақылдандыруы болып көрінді. Бірақ, антиденетүзуші жасушаның өмір сүру уақыты шектеулі, яғни 10 күнге дейін ғана. Өткен ғасырдың 50 – ші жылдарындағы иммунохимиктер иммуноглобулин құрылысын зерттегенде моноклонды антидене қолдана бастаған. Бұл жағдайдың шешілуі  - қажетті арнайы антидене түзетін жасуша клондарын бөлуі мен дақылдандыруы болып көрінді. Бірақ, антиденетүзуші жасушаның өмір сүру уақыты шектеулі, яғни 10 күнге дейін ғана. Олар лимфоиты ісік жасушаларының – миеломаның өнімдері. Миелома – ол сүйек кемегі жасушасынан дамитын ісік. Ол антидене түзетін шектеусіз көбейетін лимфоидты жасушалар клондары болып табылады. Бұл антиденеледің арнайылығын әркез табуы және негізі, кұрастыруы қиын болып келеді.

 

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Моноклонды антиденелер дегеніміз – бір жасушалық клонға жататын, иммунды жасушаларды өндіретін антидене. Моноклонды антиденелер кез – келген затта өндіріле алады. Негізінен ақуыздар мен полисахаритерде. Себебі оларда антиденелер спецификалық байланысқан. Моноклонды антиленелер сол заттың детекциясына және тазаруына қатысады. Моноклонды антиденелер биохимияда, молекулалық биологияда, медицинада кеңінен қолданылады. Егер МК антиденелерді дәрілік препарат ретінде қолданса, оның аты mab – қа аяқталады. (ағылшын «monoclonal antibody»).

      Моноклонды антиденелерді алудың мақсаты – берілген арнайы антиденелерді түзетін шектеусіз көбеюші жасушалар клонын алу болды. Бұл мақсатты 1975 жылы Жорж Кёлер және Сезар Мильштейн қалыпты лимфоциттер мен миелоидты жасушаларды қоректі орталарда қосып, гибрид алған.

 

Сезар Мильштейн

 

Жорж Кёлер

     Селекция арқылы Жорж Кёлер және Сезар Мильштейн, керекті арнайылығы бар антиденелер синтездеуге (алғашқы антидене өндіруші жасуша ретінде) және жасанды ортада шексіз өсуге (миелома жасушалары ретінде) қабілетті гибрид жасушаларын бөліп алған. Осылай, гибридтік жасушаларға өзгеше мәңгілік қасиеті пайда болған. Дәл осы жасушалық гибридтер түрін гибридома деп атаған. Индивидуальды гибридтік жасушаны бөліп алып, дақылдандырып клон алуға болады. Бұндай клон in vitro бір антигендік детерминантасына арнайы антиделерді көп мөлшерде өндіреді.

     Егер гибридома антиденелер синтездесе, оларды моноклонды антиденелер деп атаймыз. Тәжірибелерің көрсетуіне қарай, гибридомалар мен қолданған барлық жасушалар біркелкі антиденелер синтездеуін барлық параметрлер бойыншатбұл антиденелер абсолютті ұқсас, яғни моноклонды антиденелерді тек қана моноклонның өнімі ғана емес, сонымен бірге бұл біркелкі иммуноглобулиндердің таза препараты. Моноклонды антиденелер бір изотипке, бір аллотипке жатады және оларда бірдей өзгермелі аймақтары, құрамы және идиотипі болады. 1984 жылыдың ақпан айында Жорж Кёлер және Сезар Мильштейн «in vitro» моноклонды антиденелер алудың гибридомдық технологиясын ашқаны үшін Нобель сыйлығына ие болған.

    Гибридома - антидене В – лимфоцитті құрай алатын, иммунизирленген жануарлардың (көбінесе тышқаннан) талағынан алынатын және  Рак клеткасының миеломасынан пайда болатын гибритті клеткалы линия. 

 

     Гибридома алу бірнеше кезеңнен тұрады: миелоидты линиясын алу; көкбауыр жасушаларын организмнен алу; дақыл алу үшін екі жасушаларды бір – бірімен қосу; жасушалар қосылғаннан кейін, клондарды алу. Осы кезеңдерді азоттық сулықта консервациялап, дайындайды.

Гибридомды технология:

 

  
(1) жануарлар иммунизациясы;  
(2) көкбауырдан В- лимфоциттер алу;  
(3) миелома клеткаларынаң өсімі;  
(4) В- лимфоциттер мен миеломаны қосу;  
(5) жасушалық тізбектер сегрегациясы;  
(6) антидене түзуші тізбектердің скринингі және селекциясы;  
(7) гибридоманы in vitro (a) немесе in vivo(b) көбейту;  
(8) антидене алу

 

Гибридомды технология алгоритмі

     Клиникада моноклонды антиденелер адамның иммундық статусын бағалауында, лимфоциттердің субпопуляцияларын іріктеуінде кең қолданылады. Белгілі бір антигендерге моноклонды антиденелер адамдағы жедел лейкоздың түрін дифференциялауында қолданылады. Ісік метастаздарын анықтауда, жасушалық улармен конъюгацияланған иммунотоксин ретінде қатерлі ісіктердің бірнеше түрінде арнайы емдеуде қолданылады. Қазіргі кезде гендік инженерия жетістіктері жаңа, гуманизацияланған моноклонды антиденелер дайындауға мүмкіндік береді. Олар адамның әртүрлі патологиялық жағдайларында иммунды емде қолданатын жаңа арнайы дәрілік препараттарды дайындауда өте перспективті.

Ипилимумаб (Ервой) препараты меланоманы емдеуге пайдаланылады

 Трастузумаб (Герцептин) препараты сүт безі рагын емдеуге қолданылады

Ритуксимаб препаратының лимфолейкозды емдеуде әсері бар

      Қазіргі кезде моноклонды антиденелерді дүние жүзіндегі фармацевтикалық өндірістерінде шығарады, өйткені олар иммунологиялық зерттеулерде маңызды рөл атқарады. Олады ерекшелі фенотиптік маркерлері бар жасушаларды іріктеуді; әр жасушалар бетіндегі молекулалардың қызметтерін анықтауда; антигендердің күрделі қоспаларын талдауда; әр даму кезеңдегі, сонымен қатар, эмбриогенездегі жасушалардың антигендік құрамын талдауда және тағы басқа зерттеулерде пайдаланады.    Клиникада моноклонды антиденелер адамның  иммундық статусын бағалауында, лимфоциттердің субпопуляцияларын іріктеуінде кең қолданылады. Белгілі бір антигендерге моноклонды антиденер адамдағы жедел лейкоздың түрін дифференциялауында қолданылады. Ісік метаздарын анықтауда, жасушалық улармен коньюгацияланған иммунотоксин ретінде қатерлі ісіктердің бірнеше түрінде арнайы емдеуде қолданылады. Моноклонды антиденелер қазіргі кезде зерттеу, диагностикалау және емдеу мақсаттармен кең пайдалануда және оларды эксперименталды және клиникалық медицинада қолдану аймақтары үнемі кеңейеді. 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. “Жалпы иммунология”, Ә.Ә. Шортанбаев, С.В. Қожанова. Алматы 2008жыл

 

2. Р.В.Петров “Иммунология” Москва, 1987 ж.

 

3. Вершигора А.Е. “Общая иимунология” Киев, 1990 ж.

 

4. Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл.

 

5. www.popmedik.ru; www.zdorovek.org;


Информация о работе Моноклонды антиденелер (МКАД). Гибридомды технология