Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 14:49, реферат
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі
Адамның денсаулығының төмендеи, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.
I.Кіріспе
II. 1. Минамата ауруы
2.СПИД
3.Туберкулез
4. Алкоголизм
5. Наркомания
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
- сүт тағамдарында - 8 ай.
ТУБЕРКУЛЕЗ БАКТЕРИЯЛАРЫ ӨЛЕТІН ЖАҒДАЙ:
- күн сәулесіне шалдығу - 1,5 сағат;
- ультракүлгін сәулесінің әcepi - 2-3 мин.;
- сүтті қайнатқанда;
- күнсайын бөлмені желдеткенде;
- ылғалды шүберекпен бөлмені сүрткенде.
АДАМ АҒЗАСЫНА ТУБЕРКУЛЕЗ БАКТЕРИЯСЫНЫҢ ТҮСУ БАРЫСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ МӘНДІ БОЛАТЫНЫ:
- Жұқпаның көптігі, мөлшері, адам ағзасына туберкулез бактериялары түcyiнің ұзақтығы.
- Иммунитет туберкулез
бактерияларынан қорғануға
ӘРІ ҚАРАЙ НЕ БОЛАДЫ?
Туберкулез бактериялары
кез келген мүшеде көбейеді, 6ipaқ. өкпенің
жоғарғы бөлігінде жиі
АУРУДЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР
- Жүргізілетін фактор-иммунитеттің әлсізденуі. Жеткіліксіз тамақтану;
- Қосымша ауыр түрдегі ауру (АҚТҚ, қант диабеті, ойық жара ауруы және т.б.);
- Қатты тоңазу;
- Зиянды әдеттер;
- Созылмалы күйзелу жағдайлар.
ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР МЕН БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАР ТУРАЛЫ
Кез келген зиянды әдеттер-темекі шегу, ішімдік iшy, наша шегу, дені cay aғзaғa да әcepi нашар.
Туберкулезге шалдыққандар аурудан айығып кетуі қиындыққа түседі.
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ДАМУ БАРЫСЫНДА ТӨМЕНДЕГІДЕЙ БЕЛГІЛЕР ПАЙДА БОЛУЫ MYMKIH:
- екі аптадан артық уақытқа созылған жөтел,
- әлсіздік,
- дене қызуының көтepiлуi,
- тершендік,
- тәбеттің нашарлауы,
- жүдеу,
- шаршағыштық,
- кеуде тұсының ауыруы.
- қан аралас қақырықтын түсуі,
Ағзаның жаксы қорғану күші барысында туберкулез бактериялары салауатты ұлпалардан жекеленеді, айнала тығыз қабықша дамып, аурудың дамуы токтатылады.
Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық.
Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек
қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді.
Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар
семьясының, балашағасының берекесін
кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс
тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан
бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен
айырылады. Ішкі,ліктің болашақ ұрпаққа зи
Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің
өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе
тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі
органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке
салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені
сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте организм спиртті ішімдікке дағдыланады.
Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер
етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда көп
ішу қажет болады. Мас адам ашушаң,кінәшіл,
тым батыл келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай,
көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан
ішуге құмартады. Бара-бара адам ішпесе
тұра алмайтын халге жетелі.
Ішкілікке бойы үйренген адамда тоқтау болмайды (ішкен сайын құмартып, ішкен үстіне ішкісі келіп
тұрады). Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір
бір сылтау тауып ішуді көздейді, өзінде
болмаса, кім көрінгеннен сұрап ішугеарланбайды, оқшау тұрып та, кез келген бөтелкелестері
мен бірлесіп те іше береді, барған сайын
«сау» жүруі азаяды. Мұндай адамның
мінез-құлқы өзгереді, ол дөрекі, алдамшы
бола бастайды, жанұя мүддесін ойламайды.
Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен
5-7 жылға созылады. Ішкілік дертіне шалдығудың
екінші сатысы — бас жазу. Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі:
мастығы тарқағакда қолы қалтырайды, терлейді,
ұйқысы қашады, өз-өзі нен үрейі ұшып, мазасы
кетеді. Басын жазғаннан кейін мұндай
белгілері басылып, жадырағандай болады.
Әуелі басын жазу үшін бір саптыаяқ сыра, не бір рюмка арақ жеткілікті, бірақ бара-бара
мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз, бірнеше
күн қатарынан ішушілікке айналады. Маскүнемдер
бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын
ішіп, мас болады, ертеңіне міндетті түрде
басын жазады. Мұндайда (бірнеше күннен
екі-үш аптаға дейін) спиртті ішімдіктерді
өлшеусіз ішеді (күніне 1 литрге дейін,не 2 литрдей шарап), суррогаттарды
да (әтір, политура) ішеді. Бірте-бірте
мұндай жағдай жиілей түседі.
Алкоголизмнің екінші сатысында ішкі органдар мен нерв жүйелері едәуір зақымданады,
қатты және созылмалы алкоголь психоздары пайда болады —
еліреді, көзіне әр нәрсе елестейді. Алкоголизмнің
екінші сатысы 10—15 жылға созыл ып, үшінші
сатысына ауысады да, мидың нерв клеткалары
тұтастай зақымданады — алкаголь энцефалопатиясына ұшы
Е м і. Ауру асқынбай тұрғанда — созылмалы
алкоголизмге дейін — әркімнің ішімдіктен
бас тартуына болады. Тек өзіне ерік беріп,
ішімдікке салынудың денсаулығына да,
туыстары мен жора-жолдастарына да, қоғамға
да зиянды екендігін түсінсе болғаны.
Созылмалы алкоголизмге шалдыққан адам,
әдетте, еркінен айырылып, үйренген дағдысынан
бастарта алмайды. Алайда маскүнем осы
аурудан арылуға өзі ұмтылмаса, оны емдеу
шараларын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Сонымен бірге, дәрігерге неғұрлым ертерек,
алкогольды уытты зардабы бойға сіңбей
тұрғанда қаралғаны жөн. ҚР Денсаулықсақтау министрлігі
ССР Одағы мен одақтас республикалардың денса
Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Есірткі түрлері:
Токсикомания– булармен, газдармен демалу. Токсикоманияның кейбір формалары ароматтық және басқа да заттар, мысалы тұрмыста қолданылатын ацетон, бензол арқылы таралады. Бұл ерітінділер, тазартқыштар, синтетикалық желімдер, никробояулар, дақтарды кетіретін сұйықтықтар және т.б. Үйде негізінен дезодорант-спрей, шашқа арналған лак, жиһазды тазартуға арналған сұйықтық, тырнаққа арналған лак, бензин және т.с.с.Токсикоманияның әсерінен бұлшық ет аурулары, жүріс-тұрыс бәсеңдеуі, салмақ жоғалту, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, бас миының және жүйке жүйесінің бұзылуы, еске сақтау, ойлау қабілеттерінің әлсіреуі сияқты ауруларға, ал әрі қарай Асфиксияға (дем алудың қиындауы), естен тануға, комаға және кенеттен қайтыс болуға әкеліп соғады.
Марихуана– кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана – көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі.Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді.Марихуананы шегуді кейбіреулер денсаулыққа зиян емес деп санайды. Алайда, ол денсаулыққа үлкен зиян келтіреді.
Героин - ең алдымен опий пайда болды,
содан кейін одан морфин алынды,
одан героин шығарылды. Героин өзінің
есірткілік белсенділігімен морфийннен
әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан
кейін тамырға егіледі, шегіледі,
онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде
Астана қаласында героиннің дозасын
асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа
дейін 48 адам көз жұмған.Нашақорлардың
түн ұйқылары бұзылады, артериалдық
қан қысымы төмендейді, ине салу
нәтижесінен тамырлары
Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді.Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге болады. Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді.Алғашқы дозадан алған жақсы әсерлерді сезіну үшін кокаинді жиі және көптеп қолдану керек болады. Есірткіні алғашқыда эйфорияны сезіну үшін енгізсе, кейін тек өзін жақсы сезініп, күйзелу немесе шаршаған жағдайын кетіру үшін қолданады. Қолданудың ақыры – сандырақтауға, дем алуының бұзылуына, есінен тануына, ақырында өлімге әкеліп соғады.
Экстази– 1987 ж. Испанияда болған бір дискотекада «экстази» таблеткасын (метилендиоксиметиламфетамин) музыкамен біріктіруден болған эффект «ашылды». Экстази қолданғаннан кейін жеңілдік сезіледі, күш-қуаты күшейеді, көңіл көтеріп, бірнеше сағат қатарымен шаршамай билеуге болады. «Экстази» 2 сағаттан 8 сағатқа дейін әрекет етеді. Алайда «Экстазиден» қайтыс болғандардың саны көп. Ол ең қауіпті есірткі құралдарының қатарына саналып, БҰҰ-ның барлық елдерінде тыйым салынған. Осы есірткіні қолданған кезде адамның ми клеткалары, бауыры, бүйрегі бұзылады, жүйкесі бұзылады, тамырлары қысылады, ақырында өлімге әкеліп соғады.
Қазіргі күнге дейін
денсаулық деген түсініктің біркелкі
алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан,
адамдардың денсаулығына дұрыс баға
беру біршама қиындық туғызады. Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымының жарғысы
бойынша, денсаулық деп «аурушандық
пен дене бітімінде кемшіліктердің
бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар
адамдардың толық физикалық, әулеметтік
және рухани қолайлы жағдайларын» түсінеміз.
Академик В.П.Казначеевтің жеке бас
денсаулығы туралы анықтамасы бұдан
да толығырақ:» денсаулық
Денсаулық – физикалық,
психикалық, рухани және әлеуметтік болып
бөлінеді.Физикалық саулық дегеніміз
адам организмінде функциялардың өздігінен
реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді
өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу
қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда
болуы.
Психикалық саулық - ауруды
болдырмау, қайтсе де одан арылу «адам
өмірінң мақсаты» болуын болжайды.
Әлеуметтік саулық - адамның
әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке
адамның айналадағы өмірмен біте қайнау
дәрежесі.
Денсаулық, қалып (норма)
деген ұғымдар бір- біріне ұқсас. Қалып-
дені сау адам баласының бәріне бірдей
тұрақты мақсат ететін үлгі болатындай
денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық
жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты
жеке адамдардың қалып көрсеткіштері
пайдалынылады. Жасқа байланысты қалып
көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің
әрбір жастағы адам топтарының орташа
көрсеткіші есептеліп шығарылады. Әрбір
топта табылған орташа көрсеткішті қалып
стандарт етіп алады. Бірнақ та бір топқа
кірген адамдардың көрсеткіштерінің бір-
бірінен айырмашылығы әжептеуір болуы
мүмкін. Өйткені, олардың жыныстық, кәсіптік,
тұрған жерінің, өмір салтының т. б. Айырмашылықтары
болады. Орташа көрсеткіштерді анықтағанда,
айтылған айырмашылықтарды да еске алған
жөн. Осыған орай «қалып» деген ұғым «денсаулық»
деген ұғым тәрізді әр адамның жеке басына
ғана тән көрсеткіштері болмақ.
Денсаулықтың белгілеріне
демографиялық көрсеткіштерді, аурушандықты,
дене бітімінің дамуын жатқызады. Халықтың
денсаулығына берілген осы белгілердің
ішінде, әсіресе, демографиялық көрсеткіштер
( туып-көбею, өлім, ғұмыр жастың орташа
ұзақтығы) ерекше күдік туғызады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
2. Бозшатаева Г. Т.,Оспанова
Г. С. «Экология». Алматы – 2002
3.Бродский А. К. «Жалпы экология». Алматы
– 1997
4. Жатқанбаев Ж. Ж. «Экология негіздері».
Алматы – 2003
5.Қазақ энциклопедиясы, 7 том