Кіріспе
1 Ойынның тәрбиелік аспектілерінің теориялық
негіздері
1.1 Ойын түсінігі
1.2 Мектепке дейінгі жаста ойын әрекетінің
маңызы
2 Ойын арқылы балаларды жан жақты тәрбиелеу
2.1 Ойын – балалардың ойлау қабілетін
арттыратын іс- әрекет
2.2 Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық
ұлттық ойындар
3 Тәжірибелік бөлім
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мектеп жасына дейінгі балалар болашақ
иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті
танитын, өзінің төл мәдениетін білетін,
сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы
ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы
міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар
бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін
жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп,
қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын,
өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс
қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Зерттеу
жұмысының мақсаты: мектеп жасына дейінгіт
балалардың ойын әрекетін дамыту
Зерттеу
мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:
- Ойынның тәрбиелік аспектілерінің теориялық
негіздерін зерттеу;
- Ойын түсінігін ашу;
- Мектепке дейінгі жаста ойын әрекетінің
маңызын көрсету;
- Ойын арқылы балаларды жан жақты тәрбиелеуді
талдау;
- Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын
іс- әрекет ретінде зерттеу;
- Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық
ұлттық ойындарға сипаттама беру;
- Ойын – баланың білім-білік дағдысын
қалыптастыратын тәрбие құралы ретінде
қарастыру.
Зерттеу
объектісі: тәрбие ретіндегі ойын әдістері
Зерттеу
әдістері: фактілерді талдау, жүйелеу,
ғылымилылық, тарихилылы әдістер қолданды
Зерттеу
болжамы: Мектеп жасына дейінгі немесе
мектепке дейінгі мекемелерде ойын әдісі
тәрбиелеу және оқытудың басты нәтижелі
құралыболып табылады, сондықтан да оларды
жетік зерттеп игеру арқылы ғана қарастырылып
жатқан жастық шақта тәрбие жұмысының
нәтижелілігіне жетуге болады.
1.1
Ойын түсінігі
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі –
ойынның пайда болуын зерттеушілердің
біразы өз еңбектерінде өнер және ойын
көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы
деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі,
оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы
ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары
мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне
еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты
түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа
жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін
қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік,
дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие
берудің маңызды тетігі ойында жатыр.
Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді,
ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады.
Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін
қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік
пен сезім әлеміне сүңгиді.
1.2
Мектепке дейінгі жаста ойын әрекетінің
маңызы
Мемлекеттік тілге үйрету сабақтарын
құру және оны оқыту мағынасын іріктеу
кезінде бірқатар принциптерді ескеру
қажет. Басты принциптердің бірі — тәрбие
мен оқуды бірыңғай үрдіске біріктіру.
Бұл тіл дамыту қазақ тілі сабақтарының
негізгі мақсаты ретінде ғана болады дегенді
білдіреді, алайда сабақта шешілетін міндеттер
бұл мақсатпен шектеліп қалмайды.
2.1
Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын
іс- әрекет
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі
үй құрылысын жасап, оның бояуларының
бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды.
Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша
симметриялы орналастырып, оларды көлемі
(кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша
салыстырады. Ойын барысында шығармашылық
танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік
көрсетеді. Өзінің және жолдастарының
тұрғызған құрылыстарының сапасына баға
береді.
2.2
Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық
ұлттық ойындар
Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым
жасауға болады:
- ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді
ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді
танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
- ерік жіне мінез қасиеттерін бекітеді,
адамгершілік сапаны жетілдіреді.
- ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
- эстетикалық тәрбие беру - өнерді, көркемдікті
түсіндіру құралына айналады.
- еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге
мүмкіндік береді.
- дене күшінің жетілуіне көмектеседі
- ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің
психологиялық және физиологиялық негіздері
болып табылады.
3 Тәжірибелік
бөлім
Ойын - әр баланың ақылдылық, өнегелілік,
эстетикалық және денесінің өсу мәселесін
құрастыратын қызметтің ең ұтымды түрі,
ол тәрбие мен қоршаған ортаның әсерімен
дамиды.
Қорытынды
Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның
рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті
алғы шарты және халықтың салтын үйренуде,
табиғат құбылысын тануда олардың көру,
есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен
тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке
бейім болуы үшін балалық шақты бастан
кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа
толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік
жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский
бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің
өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін
атап көрсеткен. |