Медицина тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 22:38, реферат

Краткое описание

Әбуәли ибн Сина (Абū ‘Алī ал-Ḥұсаyн ібн ‘Абд Аллāһ ібн Сīнā) - ғалым, пәлсапашы, астроном. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әбуәли ибн Сина.docx

— 26.89 Кб (Скачать документ)

Әбуәли ибн Сина (Абū ‘Алī ал-Ḥұсаyн ібн ‘Абд Аллāһ ібн Сīнā) - ғалым, пәлсапашы, астроном. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.

 

Медицинаға қосқан үлесі

Тәжік дәрігері әрі философы Әбу Әли ибн Синаның «Анатомия  мен физиологияға кіріспе», «Дәрігерлік  ғылымның ережелері» («Канон врачебной  науки») еңбектері өте құнды. Бүл  еңбектерінде анатомия мен физиологияны жүйелеп, қосымша мәліметтермен  толықтырған. Кітап латын тіліне аударылып, 30-дан астам рет кайта  басылып шыққан.

 

Танылуы

Жас Ибн Сина сол кездегі  атақты дәрігер Абу Сахлем Масихимен  танысып, ғылыми хат жазысып тұрды, ортағасырлық Шығыстағы ғалым-энциклопедист  Абу Райхан Бирунимен қақтығысып қалатын.

Он жеті жасқа қараған  кезде, Ибн Сина дәрігер ретінде  Бұхарада үлкен атаққа ие болып, Бұхарадағы эмир сарайына шақырылды. Нух ибн  Мансур ұзақ уақыт бойы ауырды, оны  емдеген сарай маңындағы дәрігерлер оған ешнәрсемен көмектесе алмады. Ибн Сина аз уақыт ішінде басқарушыны  емдеп шығарды, ол эмирдің жеке дәрігері болып сайланды, сарай кітапханасын пайдалануға рұқсат алды, ол Таяу Шығыстағы  ең жақсы және бай кітапхана еді. Мүмкін, дәл сол Бұхара кітапханасында оның медицина бойынша қорытынды  еңбегін жасау идеясы туындаған  шығар. Бірақ ол кезде ғалымның ойлағанының  бәрі орындала бермейтін.

900-ші жылдардың соңында  Бұхара соңғы тыныш күндерін  бастан өткізеді. Мемлекет жан-жаққа  бөлініп, қарахандықтар, түрік  көшпелі тайпалары астананы жаулап  алды. Қала тоналып, кітапхана  жанып кетті...

1002 жылы әкесі қайтыс  болған соң, Ибн Сина Хорезмнің  астанасы Гурганджыға (қазір Үргеніш)  көшіп келеді. Жергілікті басқарушы  шах сарайындағы Мамун Академиясына  пікір таластыру үшін келген  ғалымдарға жақтау көрсетті. Ибн  Синаның соңынан Хорезмге Бируни  мен Масихи келді. Біраз жыл  ғалымдар тыныштық тауып, ғылыммен  шұғылдануға мүмкіндік алды.

Көрші Газна мемлекетінің сұлтаны Махмуд басқарушы Хорезмнің  бай жерін басып алғысы келді, 1008 жылы ғалымдарды оның астанасына қоныс  аударуын талап етті. Ибн Сина мен  дәрігер Масихи сұлтанға барудан  бас тартып, түнде қарақұм құмы арқылы қашып кетті. Аңыз бойынша  үшінші күн жол жүріп келе жатқанда, дауылға тап болып, адасып, сусыз  және тамақсыз қалады. Масихи шөл далада өледі. Ибн Сина оны көмеді де, өзі  әзер дегенде құтылып шығады. Сұлтан Махмуд Газневи барлық қалаларға  Ибн Синаның сыртқы түрін суреттеп адамдар жібереді. Кімде-кім данышпан дәрігердің тұрақтаған жерін көрсетсе, үлкен сый алатын болды.

Сол кезден бастап Ибн Синаның  өмірі Иранның түрлі қалаларында  бітпес қаңғырумен өтті. Ғалым Хамадан  және Исфаханда өмір сүрді, онда ғылыми шығармашылықпен айналысты, нысана қызметімен шұғылданып, сондағы эмирлердің сарай маңындағы дәрігері болды. Ибн Сина басынан өткізген жағдайлар қиын болды. Бірнеше рет қуғынға ұшырап, абақтыға жабылды. Үйін тонаған кезде, ғалымның көптеген еңбектері жоғалып кетті. Кейбір жұмыстарын Ибн Сина ұзақ жол жүрген кезде, ат үстінде отырып жазды.

Өзінің күш-жігері және ғажап  жадысы арқылы, қажетті әдебиетті  пайдалану мүмкіндігінен айрылса  да, Ибн Сина ғылыми, әдеби және дәрігерлік қызметін тоқтатпады. Өмірдің қиын соқпақтары денсаулығына әсер етіп, 1037 жылы 18 маусымда қайтыс болды. «Өлімнің түйінін анықтауға» талаптану, құпияны  ашу, ауруды жеңіп шығу, адамдардың өмірін жеңілдету үшін, барлық мүмкін болатын нәрселерді жасау, Ибн Синамен  алға басты, ол өзінің медицина бойынша  басты еңбегі «Китабуль- Канун фит - тыбб» (Дәрігерлік ғылымның ережесі) жазып шықты. Бес томдық энциклопедия «Дәрігерлік ғылымның ережесі» Ибн  Синаға дүниежүзілік атақ әперді, медицина тарихында атағы жайылған кітап  болды. Еңбек оның мазмұны мен  дәл құрылымымен ерекшеленді.

«Дәрігерлік ғылымның ережесі» грек, үнді және ортаазиялық медицина білімін және тәжірибесін талдау және жүйелеуді ғана көрсеткен жоқ. Ибн Синаның қызметі дәрігерлік тактикаға жаңаша болып енгізілді.

Бұрын медицина ғылымына белгісіз жаңа мәліметтерді «Ереженің» әрбір  бетінен кездестіретін болды. Ибн  Сина көрінбейтін жұқпалы аурулардың қоздырушысы туралы ғылыми болжамды алға тартты, бұлар ауа және су арқылы тарайтын, 800 жыл өткеннен соң ғана француз Пастер ғалымның қоздырушы  микроб туралы бұл жұмбағын дәлелдеді.

Ибн Сина тамыр туралы оқуды  шығарды, оған әлі бір нәрсе қосу қиын болды. «Тамыр толқын тәріздес немесе ұршық тәріздес, екі соғу, ұзақ, дірілмен, қысқа, аз, баяу, құмырсқаның илеуіндей  болуы мүмкін. Тамыр сонымен қоса жұмсақ, аласа, ара тәріздес, жуан, бос, қызу, күйгелек болады» - деп айтылған «Ережеде». Ибн Сина бірінші болып  чума, холера, сары ауру туралы жазды, олардың  шығу себептерін, нышандарын талдап шықты, мұндай ауыр ауруларды, менингит сияқты, асқазан жарасы, диабет және көптеген басқа аурулардың емдеу әдістерін  талдап қарастырды.

Ол көздің бұлшық еттерінің  құрылысын анық түсіндіріп берді. Бәрі оған дейін көз фонарик тәрізді, ерекше сәуле шығарады деп ойлайтын: бұл сәулелер затқа шағылысып, кері кетеді және кескін береді. Ибн Сина көздің бұлағы хрусталь деген пікірді  теріске шығарды, заттың кескінделуі  көз торы арқылы көрінеді. «Дәрігерлік  ғылымның ережесінде» Ибн Сина ерекше назарды баланы тәрбиелеу мен  тамақтандыруға, физикалық жаттығулар мен дұрыс тамақтануға аударады. Ибн Синаның еңбегінің соншалықты жоғары болғаны, ол «Ережені» жазып  біткен соң, ол дүние жүзінің барлық елдерінде медицина энциклопедиясы болды. 12 ғасырдың өзінде араб тілінен  латын тіліне аударылып, көптеген қолжазбамен  тарады.

15 ғасырда кітап басып  шығаруды ойлап тапқан соң,  бірінші басылымның бірі болып  «Ереже» басылып шықты. Еуропада  жиі басылып шығуы жағынан  Библиямен бәсекелесті, ал ол  бар болғаны 40 рет басылып шықты.

17 ғасырдың соңына дейін  «Дәрігерлік ғылымның ережесі»  студент-дәрігерлер үшін және  Еуропада дәрігер үшін жетекші  болуда, Шығыс елдерінде де негізі  оқулық болып қалды.

Орта Азияда осыдан мың  жыл бұрын өмір сүрген, ұлы ғалым, дәрігер Ибн Сина адамның танымдық қабілетін, рухани өсуін көрсеткен, біздің заманымыздағы ерекше тұлға  болып қалады.

Әбу Әли Хусейн ибн Абдаллах (латын транскрипциясы — Авиценна; 980, Бұхара қалысы жанындағы Афшана ауылы — 18. 6. 1037, Хамадан) — ортағасырлық ғалым, философ, дәрігер. Орта Азияда және парсы жерінде (Иранда) өмір сүрген; түрлі әмірлер тұсында дәрігерлік және уәзірлік қызметтер атқарған. Басты философиялық еңбектері —  “Дауа кітабы” (“Іұтқару кітабының” қысқаша мазмұндамалық нұсқасы), “өсиеттер мен кеңестер кітабы”, “Білім кітабы” (парсы тілінде, “Даныш-намэ”). Әбу Әли ибн Сина философиясы  метафизика, гносеология және логика салалары бойынша шығыс аристотелизмі  дәстүрін, бір жағынан неоплатонизмнің  онтологиялық концепцияларын дамытады. Әбу Әли ибн Сина пікірінше  тек құдай ғана абсолютті тіршілікке ие, қалғандардың бәрі де өздігінше  тек мүмкін нәрселер ғана, олардың  болмысқа енуі тек құдайдың құдіретімен  болатын жәйт. Әйтсе де құдай жаратқан табиғат уақыт пен кеңістік ішінде бола тұрып, эманациялар иерархиясы арқылы мұнан әрі өзіндік қозғалыс принципі бойынша дамиды. Әбу Әли  ибн Синаның әлеуметтік ілімінде әділетсіз қоғамға қарсы қарулы көтерілістер жасауға дейін баруға болатыны туралы ой бөлекше есте қалады.

Мұсылмандық дін ілімі  өкілдері (әсіресе, Әбу Мұхаммед Ғазали) Әбу Әли ибн Синаны “дін бұзарлығы” мен “атеизмі” үшін айыптаса, Әбу-л-Уәлид  Мұхаммед ибн Рушд оны натуралистік көзқарастары үшін сынға алады. Әбу  Әли ибн Синаның философияға  және жаратылыстану ғылымына арналған трактаттары бірнеше жүздеген жылдар бойы Шығыс пен Батыста кең  таралған тарихи мәні зор мәшһүр еңбектер қатарында келеді. Әбу Әли ибн  Синаның араб және парсы тілдерінде азын-аулақ өлеңдері сақталған. Оның поэтикалық шығармаларына арқау  болған тақырыптар — материяның мәңгілігі, ағартушылық пен ғылымды уағыздау. өлеңдерінің өзіндік белгілері  — афоризмге толылығы, көркемдік  бейнелеу әдістерінің қарапайымдылығы. Парсы тіліндегі өлеңдерінің  басым бөлігі рубаяттар түрінде  жазылған. Әбу Әли ибн Сина шығармалары  классикалық парсы, араб, өзбек және орта ғасырлық еврей әдебиетіне елеулі ықпал жасаған. Әбу Әли ибн  Сина дәрігерлік кәсіппен 16 жасынан  бастап шұғылданды. жергілікті тәбиб  әдістерін үйренген соң, ол кітаптардан  ескі грек, руми, үнді, парсы, қытай медицина негіздерін өңдеп жетіктірді. Әсіресе, ескі юнан жұртының атақты дәрігерлері  Гиппократ пен Галеннің еңбектерімен толық танысты, олар айтқан қағидаларды  толықтырды, қатесін түзетті, ескірген ұғымдарын алып тастады. Әбу Әли  ибн Сина арқасында Гиппократ  пен Галеннің даңқы қайта жайылды, әйтегенде Еуропада олардың еңбегі түгіл есімі де ұмытыла бастаған еді. Оның күрделі туындысы — “Дәрігерлік  ғылымның каноны” (“Китаб әл-канун  фи-т-тибб”), бұл — көлемі 200 баспа  табақ, 5 кітаптан тұратын медицина энциклопедия. Араб тілінде сан рет  көшірілді. Латынша аудармасы 12 ғ-да жарық көріп, аз уақытта бүкіл  дүние жүзіне таралды. Күллі Шығыс  пен Батыста Әбу Әли ибн  Сина осы кітап арқылы 5 — 6 ғ. бойы медицина ғылымының дара жетекшісі, дәрігерлердің ұлы ұстазы болды, “Медициналық ханзада”, “Шейх-ур-райс”  деген ұлы есімге ие болды. Баспа  әдісі пайда болғаннан кейін  “Канонның” басылуы Інжілмен бәсекелес  өтті. Араб тіліндегісін санамағанда  латын аудармасы 30 шақты рет басылды. “Канон” орыс, өзбек тілінде  ғалымның 1000 жылдық салтанатына байланысты Ташкентте (1954 — 56) басылып шықты. “Медицина  — саулықты сақтау, науқасты кеселден айықтыру үшін адам тәнін зерттейтін ғылым”, — дейді автор. “Медицинаның бір бөлігі — білім, екіншісі —  амал, мұның екеуі де ғылым, біреуі медицинаның түп негізі болса, екіншісі — амал жасау ережелері”. Әбу  Әли ибн Синаның ең негізгі  насихаты — саулықты күні бұрын сақтау. Бұл жөнінде оның қоятын шарттары: тағамды талғай білу, денені шынықтыру және таза ұстау. Бұл ережелер осы күнге дейін маңызын жойған жоқ. Ал ғасырлар бойы бұған еліктеп жазылған кітаптар да өте көп. Саулық сақтау жолдарын Әбу Әли ибн Сина былай деп көрсетеді: “Дене құрылысының гармониясын бір қалыпты ұстау, тағам мен ішімдікті талғау, дәрет тәртібін мұхияттау, киім мен ауа тазалығын ұстау, дене мен рух бірлестігін көздеу, ол үшін ұйқы тәртібін бұздырмау. Дене шынықтыру үшін жаттығулар әр адамның жасына, күшіне сәйкес әрқилы болуы қажет. Орта жастағыларға салт қыдыру тиімді болса, қуаты азайған кекселерге жаяу жүрген пайдалы. Сол сияқты бозбалаға шарт тағам қарттарға зиянды болуы ықтимал. Жасы келіп қартайған шақта ұйқыны көбейту, жылы сулы бұлау қабылдау, қышқыл, тұзды тағамды азайтып, сүт қоректерін, өсімдіктерді әсіресе сарымсақ, қызылша мен капустаны көбірек пайдалану керек”, — дейді. “Канондағы” саулық сақтау үшін дәрігерлер қолданатын ережелердің ең маңыздысы — қанағат. Тамақтануда, шарап ішуде, дәрі пайдалануда, нәпсіге де, қомағайлыққа да жол бермей, қанағат ету. Әбу Әли ибн Сина қалдырған соны мұраның ішіндегі ізгісінің бірі — ауру-кеселді қоздырмас үшін күні бұрын шаралар қолдану. Бұл жөніндегі ережелер тек дәрігерлерге арналған уағыз ғана болған жоқ, ғасырлар бойы қоғамға пайдалы ережеге айналды. Мысалы, сол дәуірде Үргеніш, Самарқан, Отырар, Тараз сияқты қалаларда мал сою, сүт сату, балық сақтау, ауыз су тазарту тәртіптері өкімет тарапынан қадағаланып отырды. Бұл тәртіптер Әбу Әли ибн Синаның және оның шәкірттерінің ықпалымен жүзеге асырылды. Таң қаларлық жағдай: Әбу Әли ибн Сина кесел-аурулардың жұғуы көзге көрінбейтін өте ұсақ нәрселермен байланысты деген пікір айтты. “Бұзылған, иістенген су ішті бұзады, ал бұзылған ауа шешек, оба кеселдерін қоздырады. Аурудан сақтану үшін ауыз суды сүзіп, қайнатып ішу шарт”, — дейді ұлы ғалым. Әбу Әли ибн Сина ауру-кеселдің түрін анықтауға, жалпы оташылыққа аса көп көңіл бөлді. Әр түрлі мүшенің зақымдануы, жара, жарақат, қызба ауруларын толық сипаттап жазды. Науқастың реңі, бет-әлпеті, тамыр соғуы, зәрдің түсі мен түрі арқылы ауру кезеңін байқауды замандастарына үйрете білді. Кеудені түрткілеу арқылы өкпе нұқсанын аңғару әдісін кең пайдалана білген. Бұл диагностикалық әдіс Еуропада 18 ғ-да қайта табылып, кең өріс алды. Әбу Әли ибн Сина келтірген көптеген ауру-кеселдер сипаты осы уақытқа дейін маңызын сақтауда. Мысалы, өткен 1000 жылдың ішінде құтыру ауруының жұғу жолдары, бастамасы, қозуы тіпті өзгеріссіз деуге болады. Ал Еуропада бұл кеселдің толық белгісі тек 18 ғ-да ғана сипатталып жазылды. Көздің құрылысы мен қалай көретіндігіне оның берген ұғымы осы күнге дейін қалпында. Әбу Әли ибн Сина келте кесу (ампутация), шекебұрғылау (трепанация), қуықтан тас алу, онымен қатар жара таңу, білтелеу, сынық салу амалдарын да үйретіп кетті. Әбу Әли ибн Сина ауруды емдеуде дәріні кең қолданды, Гиппократ дәрінің 200 түрін, үнді тәбибтері 800 түрін пайдаланған болса, Әбу Әли ибн Сина дәуірінде 2600 түрлі дәрі қолданылып, оның жартысынан көбі өсімдіктерден алынған, Әбу Әли ибн Сина көптеген дәрілерді жасау, дайындау, сақтау әдістерін ұсынды.

«Дәрігерлік ғылымның ережесі» (араб.: القانون في الطب‎ - Ибн Синаға дүниежүзілік атақ әперген 5 томдық энциклопедия, медицина тарихында атағы жайылған кітап болды. Еңбек оның мазмұны мен дәл құрылымымен ерекшеленді.

Бірінші кітабында медицина теориясы жазылған. Бұл жерде шырындар туралы жазылған (қан, өт, лимфа) және табиғаттағы (қызу қандылық), адам денесінде мүшенің «қарапайымдылығы» қысқа анатомиялық очерк беріледі – сүйектерді, шеміршектерді, қан тамырларын, жүйкені еңбектерінде және аурулардың бөлінуінде жүргізіледі.

 Екіншісінде дәрілік қаржылардың капиталды жинақ мәліметі туралы. Онда 800 аса өсімдік, жануар және минералды пайда болғандардың емдік құрамын және пайдалану әдісімен көрсетеді. Автор Орта Азияда өндірілген дәрілерді, сонымен бірге Индиядан, Қытайдан, Грециядан, Африкадан, Жерорта теңізінің аралынан әкелгендерді жазып қояды. Олардың көбі Еуропада Ибн Синаның шығармаларынан көпке мәлім бола бастады. Алғаш Ибн Сина ұсынған көптеген дәрілер қазір де қолданылып жүр.

Үшінші кітабы адам ағзасындағы жеке аурулар жайлы

Төртінші бөлімі

Хирургияға, сынық пен буын тайғанды емдеуге арналған, безгек туралы жалпы оқуды (ауру кезіндегі дағдарысты), сонымен қоса жұқпалы ауруларды емдеу жолын жазды.

Бесінші кітабы күрделі дәрі-дәрмектердің құрамы туралы жазылды, сонымен қатар у және уға қарсы дәрілерді. Кейбір күрделі дәрі-дәрмектердің құрамына, Ибн Сина жазып көрсеткендей, 37 бөлікке дейін кіреді. Көптеген дәрілер ертедегі дәрігердің, Еуропалық және Азиялық, нұсқаларымен берілген. Қалғаны жаңадан дайындалып, оны өзі байқап көрген. «Дәрігерлік ғылымның ережесі» грек, үнді және ортаазиялық медицина білімін және тәжірибесін талдау және жүйелеуді ғана көрсеткен жоқ. Ибн Синаның қызметі дәрігерлік тактикаға жаңаша болып енгізілді. Бұрын медицина ғылымына белгісіз жаңа мәліметтерді «Ереженің» әрбір бетінен кездестіретін болды. Ибн Сина көрінбейтін жұқпалы аурулардың қоздырушысы туралы ғылыми болжамды алға тартты, бұлар ауа және су арқылы тарайтын, 800 жыл өткеннен соң ғана француз Пастер ғалымның қоздырушы микроб туралы бұл жұмбағын дәлелдеді. Ибн Сина тамыр туралы оқуды шығарды, оған әлі бір нәрсе қосу қиын болды. «Тамыр толқын тәріздес немесе ұршық тәріздес, екі соғу, ұзақ, дірілмен, қысқа, аз, баяу, құмырсқаның илеуіндей болуы мүмкін. Тамыр сонымен қоса жұмсақ, аласа, ара тәріздес, жуан, бос, қызу, күйгелек болады» - деп айтылған «Ережеде». Ибн Сина бірінші болып чума, холера, сары ауру туралы жазды, олардың шығу себептерін, нышандарын талдап шықты, мұндай ауыр ауруларды, менингит сияқты, асқазан жарасы, диабет және көптеген басқа аурулардың емдеу әдістерін талдап қарастырды. Ол көздің бұлшық еттерінің құрылысын анық түсіндіріп берді. Бәрі оған дейін көз фонарик тәрізді, ерекше сәуле шығарады деп ойлайтын: бұл сәулелер затқа шағылысып, кері кетеді және кескін береді. Ибн Сина көздің бұлағы хрусталь деген пікірді теріске шығарды, заттың кескінделуі көз торы арқылы көрінеді. «Дәрігерлік ғылымның ережесінде» Ибн Сина ерекше назарды баланы тәрбиелеу мен тамақтандыруға, физикалық жаттығулар мен дұрыс тамақтануға аударады. Ибн Синаның еңбегінің соншалықты жоғары болғаны, ол «Ережені» жазып біткен соң, ол дүние жүзінің барлық елдерінде медицина энциклопедиясы болды. 12 ғасырдың өзінде араб тілінен латын тіліне аударылып, көптеген қолжазбамен тарады. 15 ғасырда кітап басып шығаруды ойлап тапқан соң, бірінші басылымның бірі болып «Ереже» басылып шықты. Еуропада жиі басылып шығуы жағынан Библиямен бәсекелесті, ал ол бар болғаны 40 рет басылып шықты. 17 ғасырдың соңына дейін «Дәрігерлік ғылымның ережесі» студент-дәрігерлер үшін және Еуропада дәрігер үшін жетекші болуда, Шығыс елдерінде де негізі оқулық болып қалды.


Информация о работе Медицина тарихы