Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 21:36, реферат
Егер зат молекуласы қозбаған күйде орналасса, онда элекрондар энергетикалық деңгейдің ең төменінде орналасқан болады. Осының салдарынан молекуланың электронды бұлты синглетті күйдеболады, яғни барлық электрондар жұптасқан және спиндік момент нольге тең. Бұл күй негізгі синглетті күй деп аталады, ал осы уақытта электрон орналасқан деңгей негізгі энергетикалық деңгей деп аталады. Оны S0 деп белгілейміз. Молекулалардағы электрондардың ауысуы мысалында қарастырайық. Егер молекулалар жарық квантын сіңірсе, онда молекуланың сыртқа бұлттарындағы электрондар әлдеқайда жоғары энергетикалық деңгейге ауысады. Осының нәтижесінде электронды бұлттар синглетті күйдеқалады, дегенмен, молекула қозған күйде қала береді. Сіңірілген кванттың энергия шамасы электронның ауысуы жүретін екі энергетикалық деңгейдің түрлілігіне тең: