Лимфа айналымының бұзылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 15:30, лекция

Краткое описание

Лимфа — мөлдір, сарғыш түсті сұйық. Оның құрамында белоктар және белокқа жатпайтын азотты қосылыстар, глюкоза, минералды заттар, гормондар, ферменттер, дәрмеңдәрілер және антиденелер кездеседі. Лимфада эритроциттер мен тромбоциттер болмайды, лимфоциттер кездеседі. Фибриногеннің болуымен байланысты лимфаға құю қасиеті тән. Дегенмен, әр түрлі мүшелерден ағып шыққан лимфа құрамы олардың физиологиялық күйіне байланысты өзгеріп отырады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Лимфа түзілуінің бұзылуы, лимфедема, лимфостаз, лимфоррея.
2. Тіндегі суйықтық мөлшерінің бұзылуы: сулану, қуыстар шемені, шарана мен жаңа туған нәрестенің сулануы, эксикоз.
III. Қорытынды
ІV. Пайдалынылған әдебиетер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Астана Медицина Университеті АҚ.docx патан.docx

— 23.20 Кб (Скачать документ)

                              Астана Медицина Университеті АҚ.

Патологиялық анатомия кафедрасы.

 

 

 

Дәріс.

Тақырыбы: Лимфа айналымының бұзылуы: лимфа түзілуінің бұзылуы, лимфедема, лимфостаз, лимфоррея. Тіндегі сұйықтық мөлшерінің бұзылуы: сулану, қуыстар  шемені, шарана мен жаңа туған нәрестенің сулануы, эксикоз. (Тақырып бойынша  дәріс даярлау.)

 

 

 

 

 

 

 

  Орындағандар:

                                                              Тексерген:

 

 

 

 

 

                                             Астана, 2013 ж.

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

    1. Лимфа түзілуінің бұзылуы, лимфедема, лимфостаз, лимфоррея.
    2. Тіндегі суйықтық мөлшерінің бұзылуы: сулану, қуыстар шемені, шарана мен жаңа туған  нәрестенің сулануы, эксикоз.

III. Қорытынды

ІV. Пайдалынылған әдебиетер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Лимфа — мөлдір, сарғыш түсті  сұйық. Оның құрамында белоктар  және белокқа жатпайтын азотты  қосылыстар, глюкоза, минералды заттар, гормондар, ферменттер, дәрмеңдәрілер  және антиденелер кездеседі. Лимфада  эритроциттер мен тромбоциттер  болмайды, лимфоциттер кездеседі.  Фибриногеннің болуымен байланысты  лимфаға құю қасиеті тән. Дегенмен, әр түрлі мүшелерден ағып шыққан  лимфа құрамы олардың физиологиялық  күйіне байланысты өзгеріп отырады.

  Лимфа айналымының бұзылуы оның жеткіліксіздігімен бейнеленіп,бірнеше формада көрініс бере алады. Лимфа жүйесінің қызметі- қан мен тін аралығындағы метоболизмнің тепе-теңдігін қамтамасыз ету және тіндерден су менжоғары молекулалы заттарды(белоктарды,эмульсияға айналған липидтерді т.б)сіңіріп,дренаждау(шығару). Оның дренаждық қызметі түрлі себептерден зақымдалуы мүмкін.

  Лимфа айналымының бұзылуына  лимфа жеткілікссіздігі себеп  болады.Ол механикалық, динамикалық,  резорбциялық жеткіліксіздік болып  бөлінеді.

    • Механикалық жеткіліксіздік лимфа ағысына кедергі жасап,оны іркілтетін факторлардың әсерінен дамиды.Оларға лимфа тамырларының қысылуы мен бітелуі,лимфа түйіндерінің,мысалы,рак клеткаларымен блокадасы,көкірек өзегі мен лимфа түйіндерін экстрипациялау,лимфа тамырлары қақпақшаларының жеткіліксіздігі жатады.
    • Динамикалық жеткіліксіздік капилярдағы фильтрацияның үдеуінен пайда болады.Бұның салдарынан лимфа тамырлары  сусіңділік сұйықтарын  интерстицийден шығарып үлгере алмайды.
    • Резорбциялық жеткіліксіздік тіндер белоктарыңың биохимиялық дисперциялық қасиеттері өгеріп немесе лимфа капилярларының өткізгіштігі бәсеңдеп,тіндердегі сұйықтықтардың іркілуінен өрістейді.

Лимфаның  іркілуі мен лимфа тамырларының кеңеюі лимфа ағысы бұзылуының бастапқы көріністері болып табылады.Олар лимфаны алып кететін тамырлардың  басым көпшілігінде кедергі пайда  болғанда дамиды.Онда капилляр мен  тамырды лимфа кернеп,олар жұқарып,кеңейген қуыстарға айналады(лимфангиэктазия).Лимфа  алып келетін тамырлардың біразы шодырая кеңейеді(лимфа тамырларының варикозды кеңеюі).

Лимфа айналымы жеткіліксіздігінің морфологиясы:

  • Лимфа іркілуі мен лимфа тамырларының кеңеюі
  • Лимфаайналымы коллатеральдары мен лимфа капилярларының,тамырларының өзгере құрылуы
  • Лимфангиэктазиялардың қалыптасуы
  • Лимфедема даму
  • Лимфаның стазы мен куагулянт белогі

Лимфалардың тіндерде жиналып  қалуынан, тін ісініп лимфедема (гр.oidao ісінемін) дамиды.

  Лимфадема екі түрге  бөлінеді:

  • Туа пайда болған немесе біріншілік. Ол бала туылған сәттен бастап лимфа түйіндерінің және тамырларының жетіспеушілігімен көрінеді. Ісіну ерте жаста байқалады және ол жоғарғы және төменгі ағзаларды зақымдайды.
  • Жүре пайда болған немесе екіншілік. Бұл кезде лимфа жүйесінің зақымдалуына  инфекция факторлары, жарақат алға жағдайлар және т.б себеп болады.Лимфодеманың бұл түрі әлдеқайда көп кездеседі.

 

  Лимфедема біраз жағдайда жедел дамыса да (жедел лимфедема:бұғанаасты веналарының екеуін де тромб бітегенде байқалады),көбінесе созылмалы ағымды (қанайналымының созылмалы түріне тән) болады.Оның жедел түрінің де созылмалы түрінің де жалпы және жергілікті түрлері бар.Көбінесе лимфедема аяқта дамиды.Жедел ағымды жалпы лимфедема сирек,мысалы,бұғанаасты веналарының екеуін де тромб бітегенде байқалады.Созылмалы ағымды жалпы лимфедема-созылмалы ағымдық веналық іркілуге,яғни қанайналымының созылмалы түріне тән. Лимфодема өте  баяу дамиды. Тіпті ол лимфа түйіндері зақымдалғаннан кейін 15жылдан кейін ғана көрінуі мүмкін.

   Сусіңділенуді дамытатын факторлар тамыр-жүрек жүйесінің ақаулары,аллергиялық сырқаттар,кейбір инфекциялар мен улы заттардың әсері,бүйрек,бауыр, ішек аурулары,жүктілік патологиясы сияқты көптеген жағдайлар мен сырқаттарда қалыптасады.Сусіңділену  венаның тромбозынан,лимфаның іркілуінен,нервтік трофика бұзылғанда,жарақаттанғанда қабынудан қалыптасады.

  Бұдан басқада лимфа айналымы бұзылғанда дамитын патология ол-лимфостаз.Ол жүре пайда болған немесе туа пайда болған болуы мүмкін. Лимфостаз -лимфа капиллярларынан бастап, шеткері лимфа жүйесінде лимфа ағысының бұзылуымен сипатталады. Ол тұрақты,  яғни өмірбақилық болады.Лимфостазда лимфедема сияқты аята дамиды.

   Ал  лимфа ағысының бұзылуынан  лимфалардың  дененің жоғарғы  бөлігінде немесе белгілі бір  ағза қуысында жиналып, ісінуін лимфорея деп атайды. Лимфорея ұзақ уақытқа созылатын болса организмнің сұйықтықты,электролиттер, ақуыздар мен майды яғни өмір сүруде маңызды заттарды жоғалтады. Лимфедемадан дамыған лимфаның стазының салдарынан лимфа тамырларында белок коагулянттары (тромбтары) түзіліп, сонымен қатар лимфа капиллярлары мен тамырларының өткізгіштігі артып, тіпті ол жыртылып, лимфаррея (лимфаррагия) байқалуы мүмкін.

   Лимфаррея лимфа қоршаған ортаға  ағатын лимфаррея және лимфа  тіндері мен іш қуыстарына  құйылатын-ішкі  лимфаррагияға жіктеледі.  Хилездік асцит пен хилоторакс  ішкі лимфарреяға байланысты.

 Хилездік асцит ішкі қуысының органдарында лимфаның асқынған веналық іркілуден немесе ішек пен шажырқайдың лимфа тамырларының зақымдалуынан іш қуысына хилездік сұйықтық (құрамында майы көп лимфа)жиналуы. Хилездік сұйықтық сүт тәрізді, ақ түсті.

Хилоторакс - көкірек лифа өзегінің тромбпен бітелуіне немесе ісікпен қысылуынан хилездік сұйықтықтың кеуде қуысына жиналуы.

   Шемен(асцит) - бұл құрсақ қуысында сұйықтықтың жиналуы.                                             Оның себебі:

1.Ішастардың созылмалы қабынуы,  сонын ішінде туберкулезбен. 

2.Жүректің гемодинаминамикалық   жетіспеушілігінде, гипертензия  кезінде қақпа венасы жүйесіндегі  веналық іркіліс.

3.лимфа ағуының қиындауы.

 4.құрсақтың карциноматозы.

Айқын шеменде науқас тұрған кезде  іші үлкен, алдына қарай шыққан, іші  аздап төменге  қарай түсіп  тұрады, жатқан кезде бүйір жақтары  үлкейеді. Кіндік аймағы ісінеді.Құрсақ тірісі жұмсақ, жылтырап тұрады, кейде  алқызыл жолақтар байқалады. Іштің  перкуссиясында науқас арқасымен жатқанда бүйір жақта дыбыс тұйықталады. Жатқан қалпын өзгерткенде тұйықталудың орналасуы өзгереді. Егер адам оң бүйірімен  жатса, тұйықталу тек оң жақта  болады. Ал науқас тұрған қалпында тұйықталу  іштің төменгі бөлігінде байқалады. Шеменнің перкуторлық анықтауы іште 1,5-2л сұйықтың жиналғанда жүргізіледі. Сұйықтық аз мөлшерде тұйықталу кіндік аймағында естілуі мүмкін.

 

 

 

 

 

Тіндегі суйықтық мөлшерінің бұзылуы:

Тіндік  сұйықтықтың мөлшері қан мен  лимфа айналымы және тамыр мен  тін аралығындағы өткізгіштіктің деңгейіне  тәуелді. Тіндік сұйықтықтың мөлшерін нейрогуморальдық механизмдер реттейді, әсіресе альдестерон мен гипофиздің антидиурездік гормонының маңызы зор. Тіндік сұйықтықта белок аз және ол клеткаларда белок коллоидтарымен, ал дәнекер тінінде негізгі заттың белоктармен, гликоамингликандармен  қосылыс түзеді. Сұйықтықтың негізгі  бөлігі жасушааралық затта.

Тіндік  сұйықтықтың көбеюінен сусіңділену(оттек) немесе шемен қалыптасады.Тіндер мен дененің қуыстарында сусіңділік сұйықтығы немесе транссудат жиналады.

  • Терінің шел клетчаткасында сусіңділік сұйықтығының жиналуы - анасарка
  • Үлпершекке -гидроперикард
  • Кеуде қуысына -гидроторакс
  • Ішқуысына–асцит
  • Аталық без қабықшаларының қуысына-гидроцеле.
  • Жұлын ми сұйықтығының ми қарыншаларында жиналуы-гидроцефалия деп аталады.

Сусіңділенуді дамытатын факторлар тамыр-жүрек жүйесінің ақаулары, аллергиялық сырқаттар, кейбір инфекциялар мен улы заттардың әсері, бүйрек, бауыр, ішек аурулары, жүктілік патологиясы сияқты көптеген жағдайлар мен сырқаттарда қалыптасады. Сусіңділену венаның тромбозынан, лимфаның іркілуінен, нервтік трофика бұзылғанда, жарақаттанғанда қабынудан қалыптасады.

 

 

  

  

 

 

 

 

 

 

 

  Эксикоз – құрғақтану,сусыздану. Ол организм көп су жоғалтқан кезде дамиды. Құрғау мен сусыздану сонымен қатар серозды қабықшаларға да ісер етеді. Бұл термин  педиатрияда кеңінен қолданылады.Эксикоз көбіне емшек жасындағы балаларда болады.Бұл кезде балаларда өмірінің алғашқы айларында бассүйек сүйектерінің бірінің үстіне бірі орналасуы байқалады. Және бұл кездегі салмақты жоғалту тері асты май қабатының ыдырауымен байланысты емес, ол организмде суды немесе тұзды көп жоғалтқанда болады. Бұл кезде баланың сыртқы келбетіне келсек, тез арада баланың бет-әлпеті өзгереді:үшкірленген мұрын,энофтальм,улкен еңбектің түсіп кетуі,шөлдеу, диурез,жиі анурия байқалады.

 

   Шараның сулануы-бұл амнион сұйықтығы 2000мл көбейген жағдай. Жедел көрініс беретін сулану сирек кездеседі және ол уақынына бұрынғы босанумен сипатталады.Жүктіліктің 28-ші аптасында. Ал созылмалы сулану жүктіліктің үшінші  айында байқалады және де ол ұрықтың патологиялық ағымында анықталады. Ол жүкті әйелдерде диабетпен, туа біткен ақаулықтармен және көп жұмыртқалы жүктілік созылмалы суланудың дамуына себеп болады. Бұл факторлар перинатальді өлімнің жоғарғы көрсеткішімен сипатталады. 
   

Ал жүктілік кезіндегі ұрық маңы  сұйықтықтың қалыпты мөлшеріне  кесек, ол жүктілік кезеңіне байланысты қалыпты мөлшер өзгеріп отырады. Мысалы 10-20 аптада сұйықтықтың қалыпты  мөлшері 30-450мл, ал 22аптадан бастап 600-1500мл болуы керек егер осы қалыптан жоғарласа онда онда жүкті әйелге шарананың сулануы деген диагноз  қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

  Лимфа — мөлдір, сарғыш түсті сұйық. Оның құрамында белоктар және белокқа жатпайтын азотты қосылыстар, глюкоза, минералды заттар, гормондар, ферменттер, дәрмеңдәрілер және антиденелер кездеседі. Лимфа айналымының бұзылуы оның жеткіліксіздігімен бейнеленіп,бірнеше формада көрініс бере алады.

Лимфалардың тіндерде жиналып  қалуынан, тін ісініп лимфедема (гр.oidao ісінемін) дамиды Лимфедема көбінесе қол мен аяқ тіндерінің байқалады.      Лимфа жолдары бітеліп лимфа ағымы бұзылуы салдарынан тіндерде ісіну дамиды. Бұдан басқада лимфа айналымы бұзылғанда дамитын патология ол-лимфостаз.

Лимфостаз -лимфа капиллярларынан бастап, шеткері  лимфа жүйесінде  лимфа ағысының бұзылуымен сипатталады. Ол тұрақты,  яғни өмірбақилық болады.Лимфостазда  лимфедема сияқты аята дамиды.

Ал  лимфа ағысының бұзылуынан  лимфалардың  дененің жоғарғы бөлігінде немесе белгілі бір ағза қуысында жиналып, ісінуін лимфорея деп атайды. Лимфорея ұзақ уақытқа созылатын болса организмнің сұйықтықты,электролиттер, ақуыздар мен майды яғни өмір сүруде маңызды заттарды жоғалтады. Лимфедемадан дамыған лимфаның стазының салдарынан лимфа тамырларында белок коагулянттары (тромбтары) түзіліп, сонымен қатар лимфа капиллярлары мен тамырларының өткізгіштігі артып, тіпті ол жыртылып, лимфаррея (лимфаррагия) байқалуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

    • Ж.Ахметов  “Патологиялық анатомия”
    • Струков “Патологическая анатомия”
    • Дәріс
    • Интернет желісі
    • "Патологическая анатомия" под редакцией Шишкова В.П.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Лимфа айналымының бұзылуы