1
СТОМАТОЛОГИЯҒА АРНАЛҒАН САЙМАНДАР МЕН АППАРАТТАР.
ОТТЕГІМЕН ДЕМ АЛДЫРУ АППАРАТТАРЫ, ЕМДІК НАРКОЗҒА
АРНАЛҒАН АППАРАТТАР.
Орындаған: Аманкелді Гулмарал
Мегединова Разиям
Фармация 3-курс
ФАРМАЦЕВТ- МЕНЕДЖЕР МОДУЛІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
2
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Терапиялық стоматология
- Хирургиялық стоматология
- Ортапедиялық стоматология
- Пломбылау
- Стерилизация
- Қорытынды.
- Қолданылған әдебиеттер.
3
- Стоматология (грек. stoma, stomatos – ауыз және logos – ілім) – клиникалық медицинаның тіс, ауыз қуысы, жақ сүйектері, бет пен мойынның оған шектесетін бөліктерінің ауруларын зерттейтін саласы.
4
ТАРИХИ МӘЛІМЕТТЕР:
- Тіс аурулары мен ауыз қуысы жөніндегі алғашқы ғылыми мәліметтер Сушрут (Үндістан), Гиппократ, Гален, Цельс, т.б. еңбектерінде кездеседі. Бірақ стоматологияның өз алдына жеке ғылым ретінде дамуы 20 ғасырдың 1-жартысынан басталады. Ғылым пән ретінде стоматологияның негізін салған француз хирургы П.Фошар (1690 – 1762) болды.
5
Жіктелуі:
- Стоматология емдеу тәсілдеріне байланысты терапия, хирургия және ортопедия (протездік) стоматология болып бөлінеді.
6
- Терапиялық стоматология – арнайы хирургия көмекті қажет етпейтін ауруларды (тіс, тіс айналасындағы тіндердің және ауыздың шырышты қабығының) дәрі-дәрмекпен, физиотерапия әдістермен емдейді және аурудың алдын алу жолдарын қарастырады.
7
Пульпит
- Тіс ұлпасының ұлғайып созылмалы қабынуы. Тіс жегі қуысына ас қалдығының жиналуынан тіс ткані ауырады. Байқап қарағанда ұлпа ерекше ұлғайып, томпайып кариес қуысын толтырады. Зондпен тексергенде ұлғайған ұлпа ауырған мен қоймай қанағыш келеді.
- Ұлпаның өлі еттеніп, шіріп созылмалы қабынуы. Кейде тіс ауырмай, кейде ыстық тамақ ішкенде ауырады. Тіс сауытының ұл- пасын зондтап анықтағанда толық өлі еттенгені білінеді. Шіріген ұлпа тканьдерінен жағымсыз иіс шығады. Тіс түбірінің ұлпасын зонд арқылы тексергенде аздап тіршілік белгісі білінеді.
- Ұлпаның созылмалы қабынуының асқынуы. Пульпиттің барлық түрлерінің асқынуы мүмкін. Ауру тіс сырқырап тоқтаусыз қатты ауырады. Сырқат адам ауру тісті дәл көрсете алмайды. Жақ, шүйде, самай тұстары сырқырап ауырады. Тіске тіс тигенде ауру үдей түсуі мүмкін. Егер тіс қуысы ашық болса диагноз қою қиындық келтірмейді ал егер ұлпа беті жабық болса сырқат жайында жиналған мәліметтерді ескеріп клиникалық зерттеу жүргізу қажет.
8
Кариес
- Тіс кариесі - тістің қатты тіндерінің бұзылуынан тісте қуыстың пайда болуы, өте кең тараған ауру. Тіс кариесі тым ерте басталады, әсіресе, балаларда тұрақты азу тіс шыққаннан кейін байқалады.
9
Кариес
- Кариес тұрақты тітерді де , сүт тістерді де зақымдайды. Тіс кариесінің пайда болуына негізінен стрептококк бактериясы әсер етеді. Бактериялардың әр түрлі тәтті тағамдарды көп жегеннен қышқыл ферменттер бөліп шығаруынан тістің қатты тіндері жұмсарып, бұзыла бастайды. Сонымен қатар тіс кариесінің пайда болуына дұрыс тамақтанбау (тағамда көмірсудың көп болып, белок, дәрумен, кальций және фосфор тұздарының жетіспеуі), тісті дұрыс күтпеу өз әсерін тигізеді. Ауру тістің сыртында кішкене ақ дақтың пайда болуынан басталады. Дер кезінде дәрігерге көрінбесе, процесс тіс қуыстарының жұмсақ тіндеріне таралып, тістің эмалі босап, жұмсара бастайды. Тіс қышқыл немесе тәтті тағам жегенде ауырады
10
11
Терапиялық құралдар:
12
13
14
15
16
- Хирургиялық стоматология – әр түрлі қабыну процестерін, жақ, бет, тіс сүйектерін хирургиялық операция арқылы емдейді. Сондай-ақ емдеуге келмейтін тісті жұлады. Балалар стоматологиясы бала тістері мен ауыздың шырышты қабықтарын емдеуді жетілдіру және алдын алу шараларын қарастырады.
17
ТІС ЖҰЛУ ОПЕРАЦИЯСЫ
-
Адамзат арасында тіс жұлу операциясы ең көп жасалатын операция. Басқа операциялармен салыстырғанда тіс жұлу операциясының біраз ерекшелігі бар. Ол кейде оңай және тез болғанымен, кейде өте күрделі болып ұзаққа созылуы мүмкін. Онда дәрігерге көмекші, көптеген аспаптар қажет болады. Күрделі операция стационарда ұзаққа созылған анестезия арқылы жасалады.
Жалпы тіс жұлу ауыр операция болып есептеледі, себебі, тіс өз ұясынан күштеп жұлынып алынады. Тіс жұлынған кезде дөңгелек сіңір, периодонт, сүйек қабығы қан тамырлары мен нерв талшықтары үзіледі, тіс ұясы да жараланады, оған ауыздағы заттар түседі. Ауыз қуысының адам организмдегі микробқа ең бай жері екендігін, оны стерилді ету мүмкін еместігін еске алсақ, онда тіс ұясындағы жарақатқа инфекцияның енуі түрлі қабыну процестеріне жол ашу қаупін арттыра түседі.
18
Тіс жұлу аспаптары.
- Негізгі тіс жұлу аспаптары анатомиялық қысқыштар, элеваторлар. Қысқыштар ұш бөліктен тұрады: 1) Жақтары – тістердің анатомиялық құрылысын есепке алып ішін ойық етіп бедерлеп жасалған. Тіс сауытын, немесе түбірдің қалған бөлігін қоса ұстайды. 2) Саптары – дәрігер ұстайтын бөлігі. 3) Құлыбы – қысқаштың екі бөлігін бір-бірімен бекітеді (9, 9а, б –сурет).
-
9-сурет. Тіс жұлатын қысқыштардың құрылысы:
1-ұртты; 2-құлпы; 3- сабы; 4-өтпелі бөлігі.
19
- 9 а – сурет. Жоғарғы жақ тістерін жұлатын қысқыштар:
А) күрек, сүгір тістерді;
- б) кіші азу тістерді;
- в, г) үлкен азу тістерді;
- д) жоғарғы үшінші үлкен азу тіске.
- 9 б – сурет. Төменгі жақ тістерін жұлатын қысқыштар.
А, б) күрек, сүйір, кіші азу тістерді;
- в) үлкен азу тістерді;
- г) төменгі үшінші азу тістерді;
- д) барлық төменгі тістердің түбірлеріне.
20
Қысқышты сыға ұстау.
- Қысқыш саптарының арасындағы саусақтарды шығарып, қолды саптардың ұшына таман жылжытып сыға ұстайды. Мұнда ескеретін жай: асқан ептілікпен қимылдау. Мысалы; қатты сыға ұстағанда тіс сынып, ұсатылып кетуі мүмкін. Бос ұстаса тіс сырғып шығып кетуі мүмкін. Сондықтан сыға ұстау кезінде тіс сырғып шығып кетуі мүмкін. Сондықтан сыға ұстау кезінде қол күшін мұқият сезімталдықпен реттеп отырған абзал.
21
Қысқышты салу.
- Қысқышты тіске (түбірге) салғанда, тіс оның екі жағының арасында болуы керек. Қызыл иекті қысып қалмайтындай етіп қысқыш жақтарының бірімен тісті ішкі (тіл, таңдай), екіншісімен сыртқы (ерін, ұрт) беттерінен ұстайды. Қысқыш жақтары мен тіс бір түзудің бойында орналасуы шарт – бұл негізгі ереже. Қысқыш тіс бойына дәл салынбай қисық түссе, онда тіс сынып кетуі мүмкін. (11 сурет).
22
11-сурет. Қысқыштардың
ұрттарын тіске салу тәсілі
А) дұрыс; б) дұрыс емес.
23
Хирургиялық құралдар:
24
25
Тіс жұлуға арналған қысқыштар:
26
27
Операциялық блоктың санитарлық-гигиеналық талаптары.
- Операциялық блоктың тиісті құжаттарға сәйкес болуы тиіс. Операциялық блок операция жасайтын, операция алдындағы, стерилизация жасайтын, наркоз аппараттары тұратын, құралдар сақталған, хирург және мейіркеш отыратын, материалдар тұратын, гипс салатын, душ қабылдайтын бөлмелерден тұрады.
Мүмкіндігіне қарай операция жасайтын екі бөлме болуы қажет. Бірі жақ-бет аймағында пластикалық операциялар, екіншісі ауыз қуысына және іріңді операциялар жасайтын бөлме. Олараға кіретін есіктер бөлек болуы қажет. Егер екі бөлме болмаған жағдайда, бірінші кезекте «таза» операция жасалынып, екінші кезекте іріңді операцияларды жасауға болады. Осыдан кейін бөлмені, ондағы жиһаздарды антисептикалық (хлоамин, лизол, сулема т.б.) ерітінділермен тазалап жуғаннан кейін, бактиоцидтік шаммен тазартады. Клиникадағы оперция бөлмесіне көп студенттер, курсанттар кірмеуі үшін, операцияны телевизор арқылы алыстан көрсететін бөлме дайындаған жөн немесе операциялық бөлменің төбесін жақсы көрінетін әйнекпен жабу керек.
Жақ-бет бөлімінде ауруларды таңатын екі бөлме қажет. Олардың бірінде «таза» операциядан, екіншісінде іріңді операциядан кейінгі науқастарға жәрдем көрсетіледі.
Бөлімде операциялық блоктан, таңу бөлмелерінен басқа, тіс және ауыз қуысын емдеу, дәрігер-протезист, ауыз қуысын тазалайтын бөлмелер болулары қажет. Осымен қатар шағын (1-2 орынға) тіс-техникалық лабораториясы болғаны жөн. Гере ауруханада кино-фото лабораториясы болса, оны жақ-бет хирургиялық бөлімі кеңінен пайдалануы қажет.
28
- Ортопедиялық стоматология – тісті шегендейді, тіс, жақ, таңдай және бет кемістігіне протез жасайды.
29
Протез
- Протез- тістің тіндерін қалпына келтіру, жетіспейтін тістер орнын толтырумен айналысатын стоматология бөлігі.
- Протездің бірнеше түрі бар:
- Алынатын протез
- Алынбайтын протез
- Микропротез
- Комбинирленген протез
30
Протез қызмет етуіне байланысты:
Протез санына байланысты:
- Микро протез және макропротез
Протезді дайындау бойынша:
- Металл
- Металлокерамика
- Таза керамика
- Цирконий оксидінен жасалған каркасқа жағылған керамика
- Асыл (алтын,платина)
- Жартылай асыл(титан)
- Қоспа (хром, кобальт, никель)
Жіктелуі:
31
32
Пломбылау
- Стоматологиядағы пломба- тістің механикалық жарақатуынан немесе тіс жегін тазалаудан кейін пайда болған тіс қуысын толтыратын зат.
- Пломба тістің сезімтал тіндерінизоляциялау үшін және тіс қуысына микроб түспеу үшін қажет.
33
Жіктелуі:
Пайданылатын уақытысына бвйланысты:
- Тұрақты
- Уақытша (уақытша пломбадан кейін орнатады)