Лейкоз ауруы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2014 в 14:52, реферат

Краткое описание

Лейкоз – қанның ісік сипатындағы ауруы. Мұндайда қан құрайтын органдар зақымданады.
Кәдімгі патологиялық лейкоздардан лейкоздың ерекшелік сипаты мынада: қан құрайтын органдар өзгереді, лейкоциттер саны едәуір, оның үстіне үдемелі, әрі тұрақты көбейеді, қанда лейкоциттердің жетілмеген формалары, мәселен, миеолоциттер, миелобласатар, лимфобластар т.б. пайда болады.
Лейкоз түрлері. Лейкозға гемобластоздар жатады.

Содержание

ІКіріспе
1.Мақсаты
2.Міндеті
ІІ Негізгі
1.Лейкоз ауруы
2. Лейкоз ауруының этиологиясы
3. Әр-түрлі жастағы балалардың қанының негізгі көрсеткіштері
4. Лейкозды емдеу
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Глоссарий

Прикрепленные файлы: 1 файл

Презентация Microsoft Office PowerPoint (3).pptx

— 1.36 Мб (Скачать документ)

Қазақ  Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  Лейкоз ауруы                                                                                               

 

                                            

 

 

 

 

 

                                              Орындаған: ПФИЯ 106 группа Ғани Адина

                                              Тексерген: Кенжебаева Ш.К.

 

 

Жоспар

ІКіріспе

1.Мақсаты

2.Міндеті

ІІ Негізгі

1.Лейкоз ауруы

2. Лейкоз ауруының этиологиясы

3. Әр-түрлі жастағы балалардың қанының негізгі көрсеткіштері

4. Лейкозды емдеу

ІІІ Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Глоссарий

Кіріспе

Лейкоз – қанның ісік сипатындағы ауруы. Мұндайда қан құрайтын органдар зақымданады.  
Кәдімгі патологиялық лейкоздардан лейкоздың ерекшелік сипаты мынада: қан құрайтын органдар өзгереді, лейкоциттер саны едәуір, оның үстіне үдемелі, әрі тұрақты көбейеді, қанда лейкоциттердің жетілмеген формалары, мәселен, миеолоциттер, миелобласатар, лимфобластар т.б. пайда болады. 
Лейкоз түрлері. Лейкозға гемобластоздар жатады. 
Гемобластоздар деп ісік ауруларын айтады, оның негізгі белгілері – қан құрайтын және лимфоидтық тканьдерде қатерлі ісіктің көбеюі, сонымен бір мезетте клеткалық жіктелудің бұзылуы (бластома-ісік). 

Тақырыптың өзектілігі: Лейкемия ауруы қан түзетін органдар жүйесінің қатерлі ісіктері. Ісік жілік майындағы клеткалардың тоқтаусыз өсуімен және сол жердегі қалыпты қан жасалу процесінің бұзылуымен сипатталады.  
Мақсаты: Лейкоз  ауруының неден және қалай пайда болатынын анықтау.

Міндеті: Лейкоз ауруының проблемаларын, емдеу тәсілдерін көрсету.

 

Лейкоз лейкемия (грек. leukos — ақ) — қан түзетін органдар жүйесінің қатерлі ісіктері. Ісік жілік майындағы клеткалардың тоқтаусыз өсуімен және сол жердегі қалыпты қан жасалу процесінің бұзылуымен сипатталады. Соның нәтижесінде қан түйіршіктерінің (эритроцит, тромбоцит) саны азайып, ал жетілмеген лейкоциттер саны көбейіп кетеді.

Лейкоз — сүйек миындағы қан түзетін клеткаларынан шығатын қатерлі қан ісіктерінің жалпы аты. Орта есеппен 100.000 балаға 1-ден 5 ауруға дейін келеді, көбінесе 2-4 жастар арасы. Лейкоз — балалардың ең жиі тараған қатерлі ісігі. 
Орта есеппен 100.000 балаға 15 ауруға дейін келеді. 
 
 

Рис. 1. Заболеваемость различными видами лейкемий в зависимости от возраста  
ОЛЛ – острая лимфобластная лейкемия;  
ХЛЛ – хроническая лимфоцитарная лейкемия;  
ОМЛ – острая миелобластная лейкемия;  
ХМЛ – хроническая миелоцитарная лейкемия. 

Лейкоз иондаушы сәулелердің (радиацияның), кейбір хим. заттардың (бензол, бензпирен, т.б.), вирустардың әсерінен дамиды. Жедел Лейкоздер кенеттен басталады. Науқастың дене қызуы көтеріліп, қызыл иектің қанап қабынуы, ауыз шырышты қабықтарының қанталауы, мойындағы, қолтық астындағы лимфа түйіндерінің шошынып ісінуі байқалады. Қандағы лейкоциттер саны 1 мкл қанда 10 мыңнан 100 мыңға дейін жетеді.

 

Жедел лейкоздар

 

жедел лимфобласттық лейкоз (ЖЛЛ) көбіне балалықшақта

 

жедел лимфобласттық емес (миелогендік) лейкоз (ЖМЛ). ересек жастағыларда кездеседі

Созылмалы Лейкозға көк бауырдың, бауырдағы лимфа түйіндерінің өте ұлғайып кетуі жатады. Көкбауырдың салм. 5 — 8 кг, бауыр — 3 кг-ға дейін жетеді.

 

Аурудың дене қызуы көтеріледі, тәбеті болмайды, қатты жүдеп әлсіздік пайда болады. Науқас тез шаршап, қатты тер басып, ентігеді, басы айналып, сүйектері сырқырайды. Қанда лейкоциттер саны ерекше көбейіп кетеді (1 мкл қанда 1 млн-ға дейін жетеді). Лейкоздың бұл түрі бірнеше жылдар бойы (кейде 5 — 8 жыл) дамиды. Егер ауру қатерлі ісік түріне ауысса, науқас 3 — 6 айдың ішінде өліп те кетеді.

Рисунок 3. Статистика заболевания лейкемией  детского населения по областям Казахстана (1997-2006 гг.)

Республикада жыл сайын қан қатерлі ісігіне шалдыққан 1500 адам жаңадан тіркелетін болса, 200 адам көз жұмады...  

Қорытынды

 

 

 Лейкоз – қанның ісік сипатындағы ауруы. Мұндайда қан құрайтын органдар зақымданады.  
Кәдімгі патологиялық лейкоздардан лейкоздың ерекшелік сипаты мынада: қан құрайтын органдар өзгереді, Лейкоциттер саны едәуір, оның үстіне үдемелі, әрі тұрақты көбейеді, қанда лейкоциттердің жетілмеген формалары, мәселен, миеолоциттер, миелобласатар, лимфобластар т.б. пайда болады. 
Гемобластоздар деп ісік ауруларын айтады, оның негізгі белгілері – қан құрайтын және лимфоидтық тканьдерде қатерлі ісіктің көбеюі, сонымен бір мезетте клеткалық жіктелудің бұзылуы (бластома-ісік).  
 

Глоссарий

Лейкоз лейкемия (грек. leukos — ақ) — қан түзетін органдар жүйесінің қатерлі ісіктері.

Эритроциттер ” (грек. erythros – қызыл және kytos – ыдыс) – адам мен жануарлар қанындағы қызыл түйіршіктер.

Тромбоцит (тромбоцит) ( грек, thrombos -тромбы, kytos - жасуша) — қанның ұюын қамтамасыз ететін қан жасушасы.

Анемия (гр. αναιμία, қан аздығы) ауырған адамның қаны «сұйылып» кетеді, бұл аурудың сипаты ағза қан деңгейін қалыпқа келтіріп үлгергенше қанның азайып немесе жойыла бастауымен байланысты айқындалады

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

М 18  Малдакасова Б.О. Балалар аурулары.–Оқу-әдістемелік құрал. Қарағанды 2009ж.-

Хабижанов Б.Х   Хамзин  С.Х  .Педиатрия  Оқулық –Алматы;

     Қазығурт  баспасы,  -2005

 Тульчинская  В, Н. Соколова, Н  Шеховцова 

      Сестринское  дело в педиатрии 

      Изд  6-е – Ростов   н/Д ;  Феникс  , 2005

 

 

 

 


Информация о работе Лейкоз ауруы