Лазерное лечение

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2013 в 08:37, реферат

Краткое описание

Бүгінгі күні көз көруін түзетуге арналған қондырғы жасаушылардың арасында көшбасшы болып табылатын CarlZeiss (Германия) өңдірген MEL80 қондырғысы орнатылған. Қондырғының ерекшелігі ТМД елдерінің клиникаларының лазерлерінде жоқ жаңа LBV (Lazer Blended Vizion) функциясымен жабдықталған. LBV – қазіргі күнге дейін емдеу мүмкін болмаған жас ұлғаюына байланысты алыстан көрмеуді (преспиобияны) емдеуге мүмкіндік береді. Және де бұл лазердің моделі көз көруін лазермен түзету жүргізілген пациентке қайта операция жасауға мүмкіндік береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

көзді лазермен емдеу.docx

— 18.13 Кб (Скачать документ)

Қазіргі күні Астана қаласының Орталық жол ауруханасы көз микрохирургиясы бөлімшесінде көз көруін түзетуге арналған жаңа ең озық қондырғыны қолдана бастады.

Бүгінгі күні көз көруін түзетуге арналған қондырғы жасаушылардың  арасында көшбасшы болып табылатын CarlZeiss  (Германия) өңдірген  MEL80 қондырғысы орнатылған. Қондырғының ерекшелігі ТМД елдерінің клиникаларының лазерлерінде жоқ жаңа LBV (Lazer Blended Vizion) функциясымен жабдықталған. LBV – қазіргі күнге дейін емдеу мүмкін болмаған жас ұлғаюына байланысты алыстан көрмеуді (преспиобияны) емдеуге мүмкіндік береді. Және де бұл лазердің моделі көз көруін  лазермен түзету жүргізілген пациентке қайта операция жасауға мүмкіндік береді.

Бөлімшеде CRS-мастерінің (кератотопограф Аtlas 9000 және  WASCA толқынды фронттық  талдауышы) Сarl Zeiss (Германия) қолданылады. Бұл модель соңғы әзірлеме және өз классындағы ең озық болып табылады. Ол көздің оптикалық сипатын талдауға мүмкіндік береді. Аберрометрия және  топография сияқты екі қолайлы диагностикалық әдістердің қосылуы көз көруін түзету үшін маңызды, бір де бір тетік жіберілмеуіне сенім тудырады.

Moria Evolution 3 SBK (Франция) микрокератомы көмегімен мөлдірқабықтың қақпақшасын қалыптастыру операцияның бірінші деңгейі. Бұл құрал Moria микрокератомының соңғы үлгіс. Мөлдірқабықтың қақпақшасын қалыптастыру тез және тиімді жүргізіледі. Операциядан кейін маңызды болатыны мөлдірқабықтың жұқа кесілімі (90 микрон).

MEL80 эксимер лазері аурудың  оптикалық күшінің сәйкес келмеуі рефракция аномалиясын эксимерлі лазермен түзетуге одан әрі қауіпсіздендіреді,  операциямен байланысты жайсыздық және стрессті азайтады, сонымен жекешелендірген операция жасауға үлкен мүмкіндік туғызады. Қазіргі заманғы құрал жұмысының технологиялық ұстанымы операцияның  жоғары тиімділігімен,  рефракциялық қорытындылардың нақтылығымен, операциядан кейінгі көз көруін тез қалыптастыруымен  қамтамасыз етеді. Лазерді тез арада күйіне келтіру және лазер жұмысының жоғары жылдамдығы көп пациенттерге операция жасауға мүмкіндік береді. Операция пациент үшін жоғары технологиялы және  ыңғайлы, өйткені қысқа мерзімде (ауырмауы, қанның, тігістің болмауы жағдайында) көз көруін көзілдіріксіз немесе линзасыз  қалпына келтіре алады.

Қуатхан Валиханович  Манабаев,  медицина ғылымының кандидаты,  біліктілік санаты жоғары офтальмохирург. Көз көруін эксимерлазерлі түзету мамандығын Ресей (Санкт-Петербург қаласында), Германияда (Йена қаласында), Франция (Страсбург қаласында) өтті.

Эксимер-лазерлі  операция жасау көрсеткіштері:

Медициналық. Рефракцияның әр-түрлі ауытқулары (жақыннан көрмеушілік (миопия), гиперметропия, астигматизмнің әр түрі, пресбиопия) және көз көруін түзету барысында басқа  әдіспен емдеу кезінде тиімсіздік туған кезде олардың сәйкестігі.

Кәсіптік. Кәсіби қызметте көз көруін түзету әдістерін қолдану мүмкінсіздігі.

Әлеуметтік. Рефракцияның ауытқуында пациенттің көз көруін түзетуге  басқа әдістерді қолданудан бас тарту.

Эксимер-лазерлі операция жасаудың қарама-қайшылықтары:

Хирургия медицина аумағында  жоғары дәрежедегі тәуекел. Алайда хирургия ғана сізге көз көруін басқа әдістермен емдей алатын  әдістерге қарағанда дәлме дәл қамсыздандырады. Ықтимал асқынуларды түйіндеу  үшін операция алдында тексерілу қажет. Бас маманға қаралған кезде жүйелі ауруға шалдыққан болсаңыз  онымен кеңесуіңіз қажет.

Өзінің денсаулығына аса  көңіл бөлмейтін науқастар болады: дәрігердің нұсқаулығын орындамайтын, өзінің медициналық мәселелерін жасыратын, себебі дәл  қазір тез операция жасауын  қалайды.Бұндай тәртіп  адалсыз,себебі емделушінің медициналық мәселелері операциядан түпті бас тарту үшін  – бұл ақпарат хирург дәрігеріне емнің ең қауіпсіз әдісін таңдауға және ықтимал мәселелерді қоюға мүмкіндік береді. Хирургиялық операцияға баратын шешім қабылдаушы, хирургия мәселесіз және асқынусыз өтпейтіні жайлы түсінуі қажет. Операция ағымында, оның тынымдарына тек білікті хирургтің әсері ғана емес, және де  көздің жеке өзгешеліктері, техника шетінің бас тартулары, емделушінің  операция барысындағы тәртібі және сыртқы факторлардың көпшілігі әсерін тигізеді. Операциядан бас тартуға операция жасататын пациентте операция нәтижесіне түбегейлі кедергі келтіретін түрлі жүйелі аурулардың және зиянды әдеттердің болуы себеп бола алады. Оларға жататындар:

  • Көздің қасаң қабағының рецедивті асқынған және созылмалы ауруы
  • Қасаң қабақ пен көз бұршағының тума ауруы
  • Глаукома
  • Қант диабеті (инсулинге тәуелді түрі)
  • Психикалық аурулар, нашақорлық, алкоголизм.

Перспектива

Басты айқындамалардан көздің ауруға шалдығуы құрылымында витреоретинальді  патология  орын алады. Қазақстанда бұл мәселе өте көкейкесті, себебі  витреоретинальді  патологияны  хирургиялық емдеу  бастапқы кезеңінің дамуында. Бұл  қазіргі заманғы офтальмологиялық жабдықтың жеткіліксіздігімен, витреоретинальді  хирургтардың жеткіліксіздігімен байланысты.  Сол себептен біздің  азаматтарымыздың көпшілігі шұғыл емге кембағалдар, шетел  клиникаларына барады.

Көздің микрохирургиясыбөлімшесінде Constelation витреоретинальді жүйесін  иемденгендіктен- алғаш  рет Астанада витреоретинальді  патологиясы барнауқастарға офтальмологиялық  көмек көрсетілу мүмкіндігі болады.

Сонымен қатар, фемтосекундті  лазерді қолдануымен көз жітілігін  эксимерлазерлік әдіспен түзетуді дамытуды жоспарлап отырмыз.


Информация о работе Лазерное лечение