Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 10:20, реферат
Қазіргі өркениетті елдерде, ірі мемлекеттерде заманауи басты мәселелердің бірі – адам факторы. Өйткені адам — мемлекеттің баға жетпес байлығы. Сондықтан да адам денсаулығын сақтау қоғамның тұтастай макрожүйесінің басты, негізгі және жүйеқұраушы факторы болып табылады. Қоршаған орта мен өндіріске тәуелді болып отырған адам денсаулығының жағдайы туралы ақпараттың үнемі және жүйелі беріліп тұруы, қоғамдық макрожүйенің жұмыс тиімділігін арттыру мен еліміздің аймақтық әлеуметтік-экономикалық жоспарының басты қағидаларының бірі болуға тиіс.
Кәсіби аурулар мен уланулардың алдын алу |
Қазіргі өркениетті елдерде, ірі мемлекеттерде заманауи басты мәселелердің бірі – адам факторы. Өйткені адам — мемлекеттің баға жетпес байлығы. Сондықтан да адам денсаулығын сақтау қоғамның тұтастай макрожүйесінің басты, негізгі және жүйеқұраушы факторы болып табылады. Қоршаған орта мен өндіріске тәуелді болып отырған адам денсаулығының жағдайы туралы ақпараттың үнемі және жүйелі беріліп тұруы, қоғамдық макрожүйенің жұмыс тиімділігін арттыру мен еліміздің аймақтық әлеуметтік-экономикалық жоспарының басты қағидаларының бірі болуға тиіс. |
Қазіргі заманғы қызмет істеуші адамның денсаулық жағдайын және кәсіби қызметіне ықпалын жан-жақты талдау санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бүгінгі таңдағы басты бағыттарының бірі болып табылады. Еңбек ету шарттарының өз деңгейінде
орындал-мауынан қолайсыздықтың тууы,
қол күшімен атқарылатын ауыр
жұмыстар ауқымының ұлғаюы, еңбек
және демалыс тәртібінің бұзылуы, аурудың
алдын алу бойынша Соңғы жылдарда акционерлік қоғамдардың, қауымдастықтардың, концерндердің, өнеркәсіптерді басқарудың құрылымдық жүйелерінің өзгеруіне бай-ланысты кәсіби ауруларды есепке алу мен есептеу мәселелері қиындай түсіп отыр. Экономикалық тұрғыдан мүдделіктің болмауынан және жұмыс берушінің жұмысшылардың денсаулығы мен жұ-мысшы еңбегін қорғау шарттарын орындауға құ-лықсыздық танытуынан, жауапкершілік сезінбеуінен, аз уақыт ішінде тез пайда табуға мүдделігінен кәсіби, өндіріске байланысты аурулардың көбеюіне, тәуекел етуге көбірек жол беруінің салдарынан келеңсіздік жағдайларға душар болу фактілерінің көбеюі жол берілуде. Сондай-ақ, кәсіби қызметіне орай жұмысқа алу кезінде медициналық ұйғарымы түгілі, есепке алуды да өз міндеті санамау да бар. Себебі, жұмысшы ауырып қалып, жұмыстан босату кезінде келісім шартта көрсетілген әлеуметтік мәселелерге қатысты міндеттер-ді орындамау, қолданыстағы бекітілген заңдардағы кейбір заңнамалықтарды орындауға құлқының болмауы мүдделіліктің жоқтығынан көрінеді. Халықаралық Еңбек Ұйымының еңбек және денсаулық қауіпсіздігі жөніндегі №155/1981 және Еңбек медициналық қызмет жөніндегі №161/1985 Конвенциясына сәйкес зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында еңбек ететін жұмысшыларға медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша медициналық қызметтің еңбек ұйымы болуы шарт. Профпатология жоғарыда айтылған мәселелердің түп негізі болып табылады. ҚР Конституциясына сәйкес әркім өзі еңбек ететін жерінде қауіпсіздік және еңбек гигиенасы шарттарын талап етуге құқылы. Жұмысшылардың еңбек шарт-тарының орындалуы олардың кәсіби аурулары мен сол аурулар нәтижесінде мүгедек болу көрсеткіштерінде анық көрінеді. Өндірісте жұмыс істейтін адамдардың денсаулығын қорғау болып табылатын медициналық аспектілер: 1. Еңбек ету шарттарына санитарлы 2. Ірі өнеркәсіп орындарында жұмысшылардың ден-саулығына бақылау үшін мониторинг жүргізетін, бол-жам жасайтын, жұмысшыларға диспансерлік бақылау жүргізетін, кәсіби ауруларды дер кезінде анықтау, ауруға дифференциалды диагностика жасау және оны тиімді емдеу мақсатында профпатологиялық кабинеттерді ашу. 3. Денсаулық сақтау саласында, жұмыс істеу жағ-дайларына зиянды кәсіби факторлар әсер ететін медициналық және психологиялық тұрғыдан еңбекке бейімделу мәселелерін көтеретін әдістемелік оқу бағ-дарламаларды әзірлеу. |
Кәсіптік патология (проф.патология) – клиникалық пән, этиологиясын, патогенезін, клиникалық суретін, емін және кәсіптік ауруларды алдын алу сұрақтарын зерттейді. Профпатология басқада клиникалық пәндермен тығыз байланысты, сонымен қатар еңбек гигенасыменде.
Жұмыскерлердің денсаулығына жағымсыз әсер ететін өндірістік әсерлер әрқилы. Олардың әсерлерінен тек КА ғана емес, сонымен қатар кәсіптік жарақаттанулар да кездеседі. Соңғыларына өндірістің аумағында немесе тікелей жұмыс орнында тіндер мен ағзалардың механикалық, термиялық, химиялық және электрлік зақымдануларынан болған жіті аурулар жатады.
КА жіктелулері толық жасалмаған, себебі олардың клиникалық көріністері полиморфты болып келеді және көптеген ағзалар мен жүйелердің өзгерістерімен сипатталады. Алайда кейбір КА түрлерінде басым зақымданатын ағзалар мен жүйелері болады, мысалы тыныс, қан, жүйке, тірек-қимыл аппараты, есту мен көру ағзалары, т.б.Сондықтан қазіргі кезде этиологиялық себептерге сәйкес жалпылай топтастыру, яғни КА тудырған өндірістік фактордың сипатына байланысты жіктеледі.
КА этиологиялық себебіне сәйкес топтары:
КА диагнозын қою кезінде анамнезін, клиникалық және лабораторлық-диагностикалық көрсеткіштерін тыңғылықты талдау қажет.Осындай кезде еңбектік немесе кәсіптік анамнезі өте маңызды орын алады, себебі тек кәсіптік зияндылықпен қатынасы дәлелденген кезде ғана аурудың адамның жұмысымен байланысты екені анықталады.
Еңбектік анамнезінде КА дамуына мүмкіндік тудыратын шартты жағдайлар көрсетілуі тиіс. Оларға мыналар жатады: кәсібі, еңбек еткен барлық мерзім арасында өндірістік ортаның нақты жағымсыз факторымен қатынастағы еңбек жағдайының толық сипаттамасы; ұжымдық және жекебастық қорғандыру заттарын қолдануы; өндірістік ортаның зиянды әсерлерімен қатынастың ұзақтығы мен мерзімі.
Еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы санитарлық-эпидемиологиялық станцияның (СЭС) еңбек гигиенасы бөлімінің санитарлық дәрігері толтырады. Адам еңбек ететін кәсіпорынды қадағалайтын СЭС-на жіті немесе сүлелі КА диагнозын қойған дәрігер арнайы хабарлама (извещение) жіберуі тиіс.
Емдеу мекемелері анықтаған нақты диагноздардың негізінде КА-ға есеп жүргізіледі:
Өндірістік кәсіпорындардың, құрылыс ұйымдары мен транспорттың жұмысшыларына емдік-профилактикалық көмекті медициналық-санитарлық бөлімдердің немесе емханалардың дәрігерлері көрсетеді. Медициналық-санитарлық бөлімдердің құрамына денсаулық пунктері де енуі мүмкін.
Медициналық-санитарлық бөлімдердің негізгі міндеттері – денсаулық сақтау саласының жергілікті органдарымен және мекемелерімен, әкімшіліктермен және қоғамдық ұжымдармен бірге тиісті бекітілген жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек пен тұрмыс жағдайларын сауықтыруға, жалпы және кәісіптік аурулар мен жарақаттануларды азайтуға, мамандандырылған медициналық жәрдем көрсетуге және диспансерлік қадағалауды толассыз жүргізуге бағытталған шараларды жобалау мен өткізу.
Участкелік цехтік дәрігерлік аумақтың терапевт-дәрігер орнына ПП маманы бойынша дайындықтан өткен терапевт-дәрігер тағайындалады. Оның жұмысының негізгі түріне мыналар жатады:
Цех дәрігері алғашқы және периодтық медициналық тексерулерді өткізуде негізгі роль атқарады. Осындай тексерулердің басты мақсаты уақытында емдеуді бастау мен болашақтағы кәсіптік жарамдылығы мен профилактикалық шараларды шешу үшін КА ерте анықтау болып табылады.
КА диспаенсеризациясын участкелік цех дәрігері жүргізеді. Диспансерлік қадағалауға пневмокониоздар, сүлелі шаңды бронхиттер, тербеліс ауруы, сүлелі уланулар, т.б. секілді КА-дың сүлелі түрлері жатады. Осындай науқас адамдарды қадағалау өндірістік зиянды әсерден қатынасты үзгеннен соң да жүргізілуі тиіс.
Диспаенсерлік қадағалау
кезінде емдік-профилактикалық
КА-дағы дәрігерлік-еңбектік сараптау және сауықтыру мәселесі.
Техникалық және санитарлық-гииеналық шаралармен қатар дәрігерлік-еңбектік сараптау (ДЕС) КА мен кәсіптік емес үдемелі аурулардың айқын түрлерінің дамуларын тежеуде, сол секілді науқас адамдардыңеңбекке жарамдылығын сақтау мен қалпына келтіруде профилактикалық тұрғыдан өте маңызды орын алады.
КА клиникасында ДЕС-дың негізгі міндеттері:
КА науқас адамдар қосымша жеңілдіктер ала алады. Еңбекке уақытша жарамсыз кезінде сырқат қағазы жалақысының 100% көлемінде төленеді. КА-дың салдарынан мүгедектігіне байланысты пенсиялық жәрдем жалпы еңбектік стажы мен осы КА тудырған өндірістік ортаның жағымсыз әсерлерімен қатынастағы жұмыс стажына байланыссыз тағайындалады. Кәсіптік мүгедектік кезіндегі пенсияның көлемі жалпылай мүгедектіктегі пенсияның көлемінен көп. Сонымен қатар, КА науқас адамға қажет кезінде мамандандырылған санаторий бөлімдеріне ақысыз жолдамалар беріледі.
КА және кәсіптік улану бар кезде науқас адам, егер ауруы кәсіпорынның кесірінен дамыған болса, онда оның денсаулығына келген зияндық есесін қайтару үшін, пенсиядан басқа, осы кәсіпорыннан қосымша материалдық компенсация ала алады. Еңбекке жарамдылықтың жоғалту дәрежесін медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясы (МӘСК) анықтайды.
Еңбекке орналасу алдындағы
алғашқы медициналық
Периодтық медициналық тексерулердің мақсатына КА-дың алғашқы белгілерін анықтау және өндірістік ортаның жағымсыз әсері кезінде жұмыс істеуге қарсы көрсеткіштері бар кәсіптік емес аурулардың ерте дамитын түрлерін уақытында анықтау жатады.
Периодтық медициналық тексерулерді өткізу мерзымдері өндірістің түрі мен адамның кәсібіне байланысты болады.
Алғашқы және периодтық медициналық тексерулерді қамтамасыз ету жауапкершілігі денсаулық сақтау органдары мен ведомствалық медициналық-санитарлық қызмет орындарына жүктеледі. Медициналық тексерулердің тікелей өткізілуі өндірістік кәсіпорындардың емханалары немесе медициналық-санитарлық бөлімдерінің дәрігерлеріне, ал егер олар жоқ болса, онда — өндірістік кәсіпорын орналасқан аудандағы емдеу-профилактикалық мекемелердің манмандарына жүктеледі.
Аурудың кәсіптік екенін мойындауға аса қажетті жағдайға еңбек жағдайында зиянды әсерлерге байланысты жұмыс істеуінен осы аурудың басталуы жатады. Сондықтан МӘСК-ға науқас адамның еңбектік кітапшасының көшірмесі мен, еңбек гииенасы бөлімінің дәрігері толтыратын, еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы берілуі тиіс.КА-дағы еңбекке жарамдылық, кәсіптік емес аурулардағы секілді, толықтай немесе жартылай жоғалтылуы мүмкін.
Еңбекке уақытша жарамсыздық
мәселесі емдік-профилактикалық
және емдеуші дәрігер болады. ДКК-ның негізгі міндеттеріне еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптаудың күрделі және конфликттік сұрақтарын шешу, әдістемелік басқару мен еңбекке жарамсыздық сырқат қағаздарын дұрыс беруді қадағалау жатады. ДКК қажет кезінде әртүрлі мамандарды кеңес беруге шақыруы мүмкін.
Еңбекке тұрақты жарамсыздық мәселесін МӘСК шешеді және олар әлеуметтік қорғау саласы (социальная защита) органдарына жатады.
Мүгедектік дегеніміз аурудың салдарынан өзінің тиісті жұмысын істей алмайтын еңбекке жарамдылығының тұрақты бұзылуы немесе үнемі не ұзақ мерзімге еңбекке толықтай жарамсыздық.
МӘСК мүгедектікті немесе ДКК жолдамасы бойынша науқас адамның еңбекке жарамдылықты жоғалту деңгейін бекітеді.
Науқас адамның еңбекке жарамдылықты жоғалту дәрежесі ауру ағымының түріне және ауырлығына, функциялық бұзылыстардың айқындылығына, клиникалық және еңбектік болжамдарына байланысты болады. Сондықтан мүгедектіктің 3 тобы болады: 1,2,3.
1-ші топтағы мүгедектік функциялық бұзылыстардың өте айқындығына байланысты адам өзін-өзі күте алмаса және басқа адамның күтімін қажет етсе немесе масыл болса ғана беріледі.
Информация о работе Кәсіби аурулар мен уланулардың алдын алу