Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 17:24, реферат
Ол әрі ішкі (эндокриндік) әрі сыртқы (экзокриндік) сөлініс қызметін атқарады. Сыртқы секрецияық қызметіне ас қорыту ферментін өндіру жатады. Бұл процесті ациноздық клеткалар тобы атқарады.Ациноздық клеткалар басталатын сөл жинайтын ұсақ түтікшелер жинақтала келіп, бездің ұзына бойына орналасқан орталық сол жолына ашылады. Орталық сөл жолы он екі ішектің қабырғасына өт жолымен қатар ашылады. Ұйқы безінен пайда болған сөлдің (сілтілі реакция) асқорытуда маңызы зор. Сөлдің құрамындағы трипсиноген ферменті ішекте белсенді түрі, трипсинге айналады. Трипсиннің әсерінен белок қанға оңай сіңімді амин қышқылдарына айналды. Ұйқы безінің сөліндегі липаза ферменті майды глицерин мен май қышқылдарына, ал амилаза ферменті крахмалды дисахаридтерге, мальтаза ферменті дисахаридтерді моносахахридке, яғни глюкозаға айналдырады. Осы сөлдің құрамындағы лактаза ферменті сүттің қанты лактозаны моносахарид галактозаға ыдыратады.