Әйел адамдардағы климактериялық кезең

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 18:50, реферат

Краткое описание

Нейроэндокринді синдромдарға ( НЭС) етеккіралды (ЕАС), климактериялық ( КС), кастрациядан кейінгі синдромдар( ККС) жатады, олар патогенезінің ( гипоталамо-гипофизарлы жүйенің бұзылуы), клиникалық симптомокомплекстерінің ( жүйке-психикалық , вегетативті, тамырлы және эндокринді – зат алмасу жүйелерінің) бұзылуының ұқсастығымен сипатталады.
Нейроэндокринді синдромдар кезінде жыныс жүйесінің функциональды жағдайының өзгерістері, орталық жүйке жүйесінің гипоталамо-гипофизарлы бөлігімен реттелетін жалпы организмнің басқа жүйелерінің өзгерістерімен бірігеді( жүрек –қан тамыр, тыныс алу , терморегуляция механизмдері).

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Әйелдердегі нейроэндокринді синдромдар
Әйелдердегі климактерияалық кезең және клиникалық белгілері
Әйелдердегі климактериялық кезеңнің диагностикасы мен емі
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДЖБ 1 кредит.pptx

— 2.40 Мб (Скачать документ)

Оңтүстік  Қазақстан  Мемлекеттік  Фармацевтика Академиясы

 

Презентация

 

Тақырыбы: Әйел адамдардағы климактериялық кезең.

 

МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ  ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН

 

Орындаған : Қалжан Н.С

Тобы: 302 "Б“МІК 

Қабылдаған:Ибрагимова Ұ.Б.

Жоспар

 

І Кіріспе

ІІ Негізгі  бөлім 

    • Әйелдердегі нейроэндокринді синдромдар
    • Әйелдердегі климактерияалық кезең және клиникалық белгілері
    • Әйелдердегі  климактериялық  кезеңнің диагностикасы мен емі
    • ІІІ Қорытынды
    • ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

 

       Нейроэндокринді   синдромдарға ( НЭС) етеккіралды  (ЕАС), климактериялық ( КС), кастрациядан  кейінгі синдромдар( ККС) жатады, олар  патогенезінің  ( гипоталамо-гипофизарлы  жүйенің бұзылуы), клиникалық симптомокомплекстерінің  ( жүйке-психикалық , вегетативті, тамырлы   және эндокринді – зат алмасу  жүйелерінің) бұзылуының ұқсастығымен  сипатталады.

        Нейроэндокринді  синдромдар кезінде жыныс жүйесінің  функциональды жағдайының өзгерістері,  орталық жүйке жүйесінің  гипоталамо-гипофизарлы  бөлігімен реттелетін жалпы организмнің  басқа жүйелерінің  өзгерістерімен  бірігеді( жүрек –қан тамыр, тыныс  алу , терморегуляция механизмдері).

   Әйелдердегі   климактериялық   кезең

 

     Климактериялық синдром  (КС)   “ Климактерий“,   “климакс“ – әйел организмінде болатын физиологиялық құбылыс, бұл кезде жасына байланысты организмнің инволюциясы болып, аналық безде гормон өндірілуі біртіндеп тоқтайды.

 

    

 

 

   Климактериялық синдром ( КС) – қалыпты климактериялық кезеңді асқындыратын симптомокомплекс . Оның үдемелі салмағы 26-48%. Өте жиі (70 % науқастарда) пременепауза кезінде кездеседі (кейде менопаузада 45-55 жас, сирек 40-57 жас арасында дамиды).

Пременопауза

 

Пременепауза- репродуктивті кезеінен кейін бірден басталаиын кезең; бұл кезде ерте фолликулинді фазада ФӨГ(фолликулин өндіруші гормон) аздаған  жоғарылауы байқалады, себебі қартайып жатқан аналық бездегі ингибин мөлшері азаяды, Е2 деңгейі қалыпты, фолликулинді фаза қысқарғанда  етеккірдің қан шығымы өзгермейді, етеккәр циклы қысқарады (22-25 күнге) немесе етеккір циклының екінші фазасы қысқа болса етеккірдің қан шығымы артады. Содан кейін, фолликулинді фазаның қысқаруы байқалады. Біртіндеп етеккір циклының фолликулинді фазасының қысқаруы лютеинді фазаның жетіспеушілігі ановуляциямен ауысып етеккірлер ретсіз, сирек болып перименопауза дамиды.

Постменопауза

 

       Етеккір 1 жыл ішінде болмаса  постменопауза деп аталады. Бұл  кезде эстрогендер азайып, фолликулин  өндіруші гормонда көтеріледі, мүшелерде  функционалды және анотомиялық  өзгерістер байқалады (жатырда,  сүт бездерінде, теріде, сүйектерде, жүректе, қан тамырларында). 

 Физиологиялық  климаксты 4 сатыға бөледі: гиполютеинді (1 саты),  гиперэстрогенді ( 2 саты), гипоэстрогенді немесе гипергонадотропты  (3 саты) және агормоналды (4 саты). Климактериялық синдром 2 сатының  соңында 3 сатының басында дамиды. Оның даму негізінде гипоталамо-гипофизарлы  бүйрекүсті безі жүйелерінің  функционалдық жетіспеушілігі жатыр,  биогенді аминдердің деңгейі  өзгереді, өтіп жатқан жасқа байланысты  инвалютивті процесстерге әйел  организмі бейадекватты жауап  береді. Биогенді аминдер орталық  жүйке жүйесінде нейротрансмиттерлі  қызмет атқарады. Климактериялық  синдром кезінде олардың деңгейінің  өзгеруі қартайып жатқан механизмдердің  адаптациясын бұзады. Басқа сөзбен  айтқанда бұл адаптация ауруы.

 

Климактериялық  синдромның этиологиясы:

 

  •  Тұрмыс жағдайының ауыр болуы;
  • Неврологиялық аурулар мен стресстер;
  • Бас сауытының жарақаттары;
  • Пубертатты немесе ересек жаста репродуктивті қызметтің бұзылуы;
  • Семіздік;
  • Экстрагениталды аурулар ( гипертониялық ауру, атеросклероз, диабет)
  • Асқорыту жүйелерінің аурулары;
  • Генетикалық себептер;

 

 Клиникасы

 

Вегетативті –  тамырлық: басқа, бетке және кеуде қуысының жоғарғы бөлігіне құюлулар болады, терісі қызарады, гипергидроз, жүректің қатты қағуы , бастың айналуы және қатты ауруы, тахикардия, қан қысымының жоғарылауы (65,6%) байқалады.

Психоэмоционалды  симптомдарға: қозғыштықтың жоғарылауы, жылаңқылық, ұйқының және есінің бұзылуы, тез шаршағыштық жатады.

Эндокринді-зат  алмасуының симптомдарына: қалқанша безінің және бүйрек үсті безінің функционалды бұзылыстары, семіздік, біріншілік остеопороз , әр түрлі жерде орналасқан артриттер.

Жеңіл

 

 Орташа 

 

Ауыр

 

Жіктелуі

Жеңіл түрде құюлулардың  саны тәулігіне 10 рет болады, басқа  симптомдар болмайды . Орташа түрінде  құюлулардың саны 10-20 рет болады, сонымен қатар жүйке-психикалық симптомдар қосылып әйелдің жұмысқа  қабілеті төмендейді.  Ауыр түрінде  құюлулардың саны тәулігіне 20 реттен асып әйелдің жұмысқа қабілеті толығымен  жоғалады. Аурырудың ұзақтығына байланысты 2 сатысын ажыратады : бастапқы (лабильді) және  кешкі ( инертті). Бастапқы сатысы жеңіл өтеді, 6 айдан 2 жылға дейін  созылады, кешкі сатысы ауру басталғаннан кейін 2 – 3 жылдан кейін басталып, ұзақтығы 5-6 жылдан 10-15 жылға созылады.

 Соңғы жылдары қолданылатын  жіктеу бойыншаКС-ң 3 түрі бар:

  1. Ерте симптомдарға вазомоторлы ( құюлулуар, қалтырау, тершеңдік, бас ауру, гипотония, жүрек қағулар, эмоционалды- психикалық ( қозғыштық, ұйқышылдық, әлсіздік, депрессия, ұмытшақтық және т.б жатады)
  2. Орташа уақытты симптомдарға урогениталды (қынаптың кеуіп кетуі, диспареуния, цисталгия, зәрдің ұстамай қалуы, шаштардың түсіп қалуы)
  3. Кешкі бұзылыстар: жүрек-қантамыр аурулары, остеопороз, Альцгеймер  ауруы жатады

Диагностикасы

 

 Анамнездің ,клиниканың, жалпы,арнайы және қосымша зерттеу әдістерінің қосылған мәліметтерінен жүргізіледі : функционалды диагностика тестілері, краниография , ЭЭГ, ЭКГ, гормоналды зерттеулер.

Емі

 

 Емі комплексті, этапты, климактериялық  синдромның  симптомдарына және  климакстың фазасына байланысты  жүргізіледі. Емдегенде жалпы  күшейткіш заттар , физикалық әдістер,  нейролептиктер, гормоналды заттар  қолданылады.

  Емнің І этапында еңбек пен демалыс режимін сақтау , витаминге бай тамақтану, емдік гимнастика, физикалық әдістер

  Емнің ІІ этапында -гормоналды емес дәрілік терапия-тазепам,френолон, обзидан, стугерон. Егер бұл емдік әдістерден нәтиже болмаса емнің ІІІ этапына өтеді-гормоналды терапия- климактериялық кезеңнің фазасын және гормоналды статусты ескере отырып орынбасарлы гормоналды  терапия тағайындайды

Қорытынды

 

      Сонымен қорытындылай келе, нейроэндокринді синдромдар кезінде жыныс жүйесінің функциональды жағдайының өзгерістері, орталық жүйке жүйесінің  гипоталамо-гипофизарлы бөлігімен реттелетін жалпы организмнің басқа жүйелерінің  өзгерістерімен бірігеді( жүрек –қан тамыр, тыныс алу , терморегуляция механизмдері).  “ Климактерий“,   “климакс“  –  әйел организмінде болатын физиологиялық құбылыс, бұл кезде жасына байланысты организмнің инволюциясы болып, аналық безде гормон өндірілуі біртіндеп тоқтайды.  Климактериялық кезеңнің емі толығымен жазылғанша жүргізіледі.

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. А.Т. Раисова,  Р.Ғ. Нұрқасымова “ Акушерия және гинекология“ Алматы 2006 жыл.

 

2.    А.А. Новиков, Т.И. Иванова «Руководство по исследованию качества жизни в медицине» - М.: ЗАО «ОЛМА Медиа Групп» 2007 – 320с.

3.     Вайнер Э.Н. Валеология: Учебник для вузов. 2001. – М.: Флинта: Наука,

2001. – 416 с.

4.  Симонова Ольга Ивановна, к.б.н. Возрастная анатомия и физиология: учебно-методический комплекс  / Горно-Алтайск: РИО ГАГУ, 2008.- 91 с.

5  Давыдов Б.И., Анфиногенова О.Б., Рудаева Е.Г., Нейжмах З.Ф., Шмакова О.В., Маштакова Е.В. Интегральная оценка здоровья подростков: учебное пособие – Кемерово: КемГМА, 2007. – 76с.


Информация о работе Әйел адамдардағы климактериялық кезең